Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 13:21, дипломная работа

Описание работы

Канттың :“Таза зердеге сын”[3] еңбегінің трансцендентальды эстетика деп аталатын бөлімі сезімнің формалары туралы ілім. Сезімнің априорлы формалары – уақыт пен кеңістік, математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен, олардың дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы, ал уақыт болса – сезімділіктің ішкі формасы.

Файлы: 1 файл

Канттың.docx

— 21.63 Кб (Скачать файл)

Канттың “Таза  зердеге сын” еңбегі

Канттың :“Таза зердеге сын”[3] еңбегінің трансцендентальды эстетика деп аталатын бөлімі сезімнің формалары туралы ілім. Сезімнің априорлы формалары – уақыт пен кеңістік, математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен, олардың дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы, ал уақыт болса – сезімділіктің ішкі формасы. Міне, осы анықтамасы арқылы ол өзіне дейінгі философтардың сезімділіктің формалары – кеңістік пен уақытты тек онтологиялық түрде, яғни оларды заттардың өмір сүруінің формалары ретінде қарастыруына қарсы шықты. Сөйтіп, Кант уақыт пен кеңістік жаратылыстану саласындағы ұғымдар ғана емес, олар дүниетанудың сезімдік формалары екендігін философия тарихында алғаш рет айқындап берді. Мұндай көзқарас уақыт пен кеңістікті метафизикалық тұрғыдан пайымдап келген жаратылыстану саласының өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ, осы формаларды философиялық танымдық негізде түсіне алмаған ойшылдарға да қарсы бағытталған. Өйткені, әрбір ғалым, әсіресе, жаратылыстану саласымен айналысатындар белгілі бір нысанды уақыт пен кеңістік арқылы зерттеп тани алады. Канттың айтуынша, сыртқы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер ете отырып, көптеген түйсіктер жинақтаған материалдар мен фактілердің пайда болуына жол ашады. Бірақ, олар тек құбылыстарды, заттарды бейнелейді. Олар әлі де білімге әкелмейді. Ал бұл құбылыстарды білу – адамның ойлау қызметінің жемісі. Ендеше, таным туралы ғылым, ол ең алдымен ойлау туралы ғылым – логика. Канттың “Таза зердеге сын” еңбегінің негізгі бөлігі “трансцендентальды логика” (латынша трансцендентальды – аттап өту) білім категорияларының пайда болуын қарастырды. Философияда білім, ұғым, сана, идея тәжірибе арқылы пайда болмайды, оны аттап өтеді. Ал тәжірибе білімдердің жиынтығынан пайда болады. Сезімділік формалары жинақталған материалдар мен фактілер белгілі бір ұғымдар арқылы анықталуға тиісті. Осы заттар мен құбылыстар пайымдау категорияларын тудырады. Категориялар, Канттың айтуынша, тәжірибе заттарындағы объективті, жалпы және қажетті байланыстардың пайымдық синтезінің формалары. Кант зерденің кемшілігін таным теориясынан аңғарып қана қоймай, оның практикалық өмірдегі мәнін анықтауға да ұмтылды. Бұл жағынан алғанда оның зерде туралы ілімі екінші бір қырынан көрінеді. “Мен нені білуім мүмкін?” деп сұрақ қойған

[өңдеу] Канттың “Практикалық зердеге сын” еңбегі

Кант оған :“Практикалық зердеге сын”[3] деген шығармасында жауап беруге тырысты. Бұл шығарма негізінен этика мәселелерін, яғни адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін және оларды шешуді қамтиды. Сөйтіп, Кант теориялық зердеден, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан – практикалық зердеге қарай өтті. Кант адамның еркі, бостандығы туралы мәселелерде, негізінен алғанда, француз ағартушылығының, әсіресе, оның көрнекті өкілі Ж.-Ж.Руссоның ықпалында болғандығы байқалады. Сондықтан Кант тірі жандардың ішінде ең саналысы – адам деп санады. Осы мәселелерді өзінің “Практикалық зердеге сын” деген шығармасында жан-жақты талдады. Атап айтқанда, философ еркіндіктегі себептілік идеясы арқылы жаңа заман ойшылдарының біразына сын айтты. Ол, әсіресе, Спинозаның жалпыға тән себептілікті қамтамасыз ету ілімін барынша сынады. Канттың ойынша, адамның адамдығын айқындайтын нәрсе – парасат пен адамгершілік. Ендеше, адамгершіліктің өзі адамның еркіндікте екендігін көрсетеді. Сонымен бірге адамгершілік, парасат адам баласының бақытқа қарай ұмтылуымен тығыз байланысты. Бірақ бақыт деген ұғымның өзі эмпирикалық, оның өзгеруі мен дамуы белгілі бір дәуірдің жағдайымен байланысты. Ендеше, адамгершілік деген не? Біз адамгершілікке ие болған адамды қалай қалыптастырамыз? Шындығында, ондай адамды қалыптастыру үшін материя керек. Ендеше, бұл мүмкіндіктің жүзеге асуы үшін, ол адамгершілік болуы үшін форма қажет. Мұндай категориялы форма, Канттың ойынша, парыз деп аталады. Егер адам белгілі бір іс-әрекетте парызға сәйкес іс атқарса, ондай адамда адамгершілік бар, ол парасатты. Алайда, адамның іс-қимылында әлі де адамгершілік, парасаттылық жоқ. Қайырымдылық өзінен-өзі адамгершілік не парасат бола кетпейді. Өйткені қайырымдылық міндетті түрде белгілі бір парызға сәйкес келуі керек. Бірақ бір мәселенің шешілмей тұрған жайы бар. “Мен мұның адамгершілік, әлде адамгершілік емес екендігін қайдан білемін?”. Бұған жауап ретінде Кант барлық адам баласына ортақ болып есептелетін тұжырымды императив ұсынады. Бұл адамгершіліктің заңы. Ендеше, адамгершілікті адамгершілік сақталмайтын кездегіден айыру үшін адамның өзін мақсат деп білу міндет. Сен өзіңнің іс-әрекетіңде басқаға, барлық адамға мақсат ретінде қарауың қажет. Кімге болмасын, сен оған тек құрал ретінде қарама. Сондықтан, Кант мақсат – оған жету жолындағы құралдарды ақтайды деген теріс принципке жан-тәнімен қарсы шықты. Сөйтіп, ол философия тарихында алғашқылардың бірі болып гуманистік, адамгершілік рухтағы этиканың негізін қалады. Канттың ойынша, адамгершілік заңын жай ғана қағазға жазып, іліп қоюға болмайды. Адамға, ең алдымен, құдайдың болмысын және мәңгі өшпейтін, өлмейтін идеяны беру керек. Бұл адамгершіліктің мақсатына жатады. Сондықтан ұлы философ бұл шығармасында зердеге қарсы шығып, сенімге қарай жол ашады. Оның айтуынша, Құдайдың болмысын ғылыми түрде дәлелдеу мүмкін емес, бірақ Құдайға сену адамгершілікке бастайды. Канттың осы идеясы, зерделі ойы кейінгі ойшылдар мен ақын-жазушыларға ерекше әсер етті. Канттың философиясына талдау жасай отырып, қысқаша мынадай қорытындыға келуге болады. Ол өзінің зерделі философиясы арқылы өткен заман ойшылдары тап болған қайшылықтарды шешуге тырысты. Ең алдымен ол 17 – 18 ғасырлардағы философияда өріс алып, кейін келе өзара сыйыспай, бір-бірінен алшақ кеткен эмпиризм мен рационализмнің басын біріктірмекші болады. Бұл жағынан алғанда, Кант үлкен жетістіктерге жетті. Ол таным теориясында адам танымының қабілеттілігін сезімділік пен пайым деп бөле отырып, олардың бірлігін көрсетті. Канттың ойынша, сезімділік пен пайымның айырмашылығы, танымның бірі – мазмұны, екіншісі – формасы болғандығында. “Сезімділіксіз бірде бір зат бізге берілмес еді, ал пайымсыз олардың бірде бірін ойдан өткізу мүмкін емес. Ойда мазмұн болмаса, ол бос нәрсе, ал аңдаушылық ұғымдарсыз соқыр...”. Бұл екі қабілеттіліксіз таным процесі болмайды. Міне, өзінің осындай ілімі арқылы Кант ұзақ жылдар бойы айтыс-тартыстың қайнар көзі болған эмпиризм мен рационализмді бірлікте деп қарап, проблеманың шешімін тапты.

[өңдеу]

 

 

 

 

 

 

 

 

Локк Джон

Локк Джон (29.8.1632, Рингтон — 28.10.1704, Отс) — ағылшын философы. Локк философия тарихында танымның эмпирик. (тәжирибелік) теориясы мен либерализмнің идеялық-саяси негізін жасады. Локктың көзқарастарына П. Гассендидің, Р. Бойль мен И. Ньютонның идеялары ықпал етті. Оның “Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы” (1690) деген еңбегінде философия тарихында алғаш рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Локк философиясында адамның ақылы, зердесі зерттеудің негізгі нысанасына алынды, ақылдың мүмкіндігі, қабілеті қарастырылып, оны пайдалану қажеттілігі айтылды. Р. Декарттың білім “туа пайда болады” деген идеясын сынай отырып, “сезімде жоқ нәрсе ақылда болуы мүмкін емес” деп, эмпирик. таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Сыртқы дүние сезім мүшелері арқылы бізге әсер етіп, білім береді деп санады. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр деген Локк көзқарасы Бэкон философиясынан басталатын эмпирик. бағыттың сара жолы еді. Локк философиясы зердені тек ақылдың деңгейінде, яғни алған білімдерді жинақтайтын қызмет түрінде ғана бейнелейді. Оның ойынша зерде (оны Локк ақыл дейді) — жан қабілетінің ең жоғарғы сатысы. Оның әрбір қадамы білімге әкеліп, белгілі бір жаңалықтар ашып отырады. Мұндай ойлау процесінің қабілеті ақиқатты тауып зерттеуге бағытталады. Локк зерде мен әдістің өзара байланысын ашпақшы болып, олардың өзара ұқсастығын (білім мен пікірдің байланысын) көз алдына елестетеді. Егер ақыл ойлау қабілетінің сатысы ретінде білім алуға жол ашса, әдіс ақыл арқылы идеяларға ие болуға мүмкіндік береді. Локк сыртқы дүние бізге түйсіктер арқылы беріледі деген таным теориясында жаңа, тың пікір айтты. Ол түйсіктерді сыртқы және ішкі деп екіге бөледі. Сыртқы дүние адамның сезім мүшелеріне әсер ететін түйсіктердің сапаларын, ал оның ішкі дүниесіне әсер ететін түйсіктер эмоциясын, сезімін тудырады. Локк түйсіктер идеясын әрі қарай дамытып, солар арқылы келетін сапаларды жан-жақты зерттеп, терең талдайды. Локктың сапаларды бір-бірінен айырып, оның объективті және субъективті жақтарын қарама-қарсы қоюы философия тарихында жаңа ағымның — субъективті философияның пайда болуына әкелді. Локктың пайымға сүйенген философиясы зерделік ойда жіберген қателіктерді айқын көре білді.

Білімнің көзі — тәжірибеде деген эмпирик. көзқарасты дамыта отырып, Локк ешқандай да туа пайда болатын білімдердің болмайтынын анықтады. Ол өзінің шығармаларында адамның қабілеті туа пайда болады деген көзқарасты да негізсіз деп тапты. Локктың әлеуметтік-саяси қөзқарастары философия тарихында өшпес із қалдырды. Мемлекет, билік және құқық туралы ілімдерінде мемлекетті басқару реформаларын жүргізу идеясын ұсынды. Мемлекеттің міндеті, Локк бойынша, еңбек арқылы алынған бостандық пен меншікті сақтау. Оның пікірі бойынша, билік заң шығарушы, атқарушы және одақтық, федерация болып бөлінеді. Локктың әлеуметтік-саяси қөзқарастары француз ойшылдарына, жалпы саяси ой-пікірлердің дамуына зор әсер етті.

[өңдеу]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру