Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 15:10, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Курстық жумыстың мақсаты қаржылық бақылау теориясымен танысу, практикасы және шетелдік тәжірибесін қарастыру. Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттер қарастырылды:
қаржылық бақылаудың мәнін анықтау;
Қазақстан республикасындағы қаржылық бақылаудың ерекшеліктерімен қарастыру;
Қаржылық бақылаудың шетелдің тәжірибесін зерттеу.

Файлы: 1 файл

курсач.docx

— 103.37 Кб (Скачать файл)

Рынок жағдайларында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезеңдерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінің шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибесі көрсетіп отыр.

Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі, кешенді бақылауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндетті туып отыр. Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары өаржылыө бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді. Қойылып  отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:

    • мемлекеттік бақылауды нығайту;
    • тәуелсіз аудиторлық органдар мен мамандарының еңбегін комьютерлендіру;
    • бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.

 

II тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1 Қаржылық бақылау саласындағы  мемлекеттік органдардың өкілеттілігі

 

Қаржылық бақылау функциялары халықтың экономикалық шаруашылық қызметінің барлық саласына таралады.

Қазақстан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру түрлеріне байланысты: жалпымемлекеттік, муниципалдық (жергілікті), ведомствалық, қоғамдық, тәуелсіз (аудиторлық) және меншіік иесінің бақылауы болып бөлінеді (қосымша А).

Жалпымемлекттік бақылауды мемлекттік органдар мен биліктегі органдар атқарады, олар:

  1. Президент, Президенттің қарамағындағы Есеп комитеті, Президент аппараты;

ә) Екі палаталы (Сенат және Мәжіліс) Парламент және оның комиссиясы;

б)  Үкімет және оның орталық органдары;

в) Жергілікті (өкілеттік) органдар (маслихаттар);

г)  Жергілікті әкімшілік органдар (әкімшіліктер).

1. Қазақстан Республикасының Президенті қаржы жүйесі басқаруда өте үлкен құқыққа ие және оның бақылау функциялары оның аппараты арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Президентінің нұсқауларын, қаулыларын және бұйрықтарын іске асыруды бақылау үшін, арттыру үшін Президент аппаратында ұйымдастырушы – бақылау бөлімі бар. Жалпы президент органдардың қызметіне бақылау жасайды.

2.  Президент қасындағы негізгі мемлекеттік органдардың бірі – Есеп комитеті. Оның төрағасын Президент тағайындайды. Бұл комитет бюджет орындалуының мониторингісін және аудитін қамтамасыз етеді. Есеп комитеті тура Қазақстан Республикасының Президентіне бағынады және оған есеп береді. Ресей, Белоруссия, Украина және басқа да ТМД елдерінде бюджет-қаржы бақылауы есеп палаталарына, мемлекеттік салық ведомсваларына, қазынашыларға, бақылау-есептеу, жоспарлық және бюджеттік қаржы полицияларына, орталық халық банкілерінің қаржылық бақылауына, мемлекеттік мүліктік қорларға, статистикалық және антиммонополиялық агенттіктерге жүктелген.

 3. Қазақстан Республикасының Сенат және Мәжілістен тұратын екі палаталы Парламенті Үкімет құраған заң актілерінің жобаларын талқылайды, оларға өзгерістер енгізеді және бюджетті бекітеді. Бақылау жүйесінде үлкен құқықтары бар Парламенттің жұмыс органдары Сенат және Мәжілістің тұрақты Комитеттері, оның ішінде экономика және қаржылық бюджет комитеттері, бұларда мемлекттік маңызы бар нормативтік-құқықтық актілердің жобалары өте қатаң қаралады.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің қаржы органдары арқылы экономикалық аса маңызды жергілікті атқару органдарының міндеттілігіне кіретін, әкімшілік-территориялық және шаруашалық құрылымдардың бақылауын жүргізеді. (Президент, Парламент қабылдаған және өздерінің қаулылары мен тапсырмаларын) Үкімет органдары олардың заңдарды, үкімдерді және басқа да құқықтық-нормативтік актілердегі жүйесіне бақылау жасайды. Үкімет талдау, қарау және индикативті жоспарларды бекіту, әр түрлі сфералар мен салаларындағы, аймақтардағы экономиканың және басқарудың алдын ала және өткен салаларына бақылау жүргізеді.

5. Үкіметтің мемлекеттік қаржы бақылауын орындайтын орталық органдары: Қаржы Министрлігі, Қаржы полициясының Агенттігі, Халық Банкі, Экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігі, Қазынашылық, қаржы бақылау комитеттері, Салық комитеттері және басқа республикалық ведомсволар. Олар шаруашылық, мәдениет және әлеуметтік-экономикалық салалардағы субъектілердің қызметін тексеруге өздеріне бекітілген құқықтары бар. Бұл органдар жоспар, смета және қаржы тәртібін сақтау, дұрыс есептелу, толық және уақытында салық төлемдерінің бюджетке түсуін, мемлекеттік қаржының дұрыс және заңды түрде жұмсалуын, бухгалтерлік есептің, статистикалық және салықтық есептің, қаржы есебінің дұрыс толтырылуын және де басқалардың дұрыстығын бақылайды.

6. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің орталық аппаратына Бюджет департаментін, Салық саясаты департаментін, Қазынашылық, Қаржы бақылау комитетін, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментін, бухгалтерлік есеп пен аудит әдісеамалық басқармасы кіреді.

6.1. Бюджет департаменті мемлекеттік бюджеттің жобасын жасауды ұйымдастырады, бюджеттік қаржыландыруға талдау жасайды, бюджетке есеп жүргізеді.

6.2. Салық саясаты департаменті салық турады заң жобаларын дайындауды, дұрыс есептеу, толық және уақытында бюджетке барлық төлемдердің түсуіне бақылау жасайды.

6.3. Қазынашылық бюджеттің кассалық орындалуын бақылайды.

6.4. Мемлекттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік мүлікке ие болады және ол мүліктің басқа мүлік түрлеріне ауысуын орындайды.

6.5. Әдіснамалық бухгалтерлік есеп пен аудит басқармасы Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен аудитті қарайды.

7. Мекемелерді қайта ұйымдастыру және тарату Агенттігі төлемсіз және банкроттықты болдырмау туралы мемлекеттік саясатты жүргізеді, сол сияқты шаруашылық субъектілерін басқаша құру және төлеуге шамасыкелмейтіндерді тарату процестерін, олардың қаржылық жағдайын және төлей алмайтын мүмкіншіліктерін бағалайды, банкроттыққа байланысты нормативтік және методологиялық базаларын жасау жұмыстарын ұйымдастырады.

8. Кедендік бақылау Агентігі Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін шет экономикалық қызметі барысында қорғайды, кеден саясатын жүргізуде мемлекеттің қаржы ресурсының ауқымды бөлігі болатын кедендік салымдар жинау қызметін атқарады.

9. Президенттің №536 2001 жылдың 22 қаңтарындағы Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметін жетілдіру шаралары туралы жарлығына сәйкес Үкімет құрамына кірмейтін, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы Агенттігі құрылды. Бұл Агенттікке таратылған салық полициясы Комитеті мен Салық полициясы Академиясының функциялары мен құқықтары беріледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы Агенттігінің алдына экономика және қаржы қызметі саласындағы қылмыстарды болдырмау, анықтау және табу міндеті қойылды.

10. Мемлекеттік қаржыны басқару және бақылау саласында шетелдік инвестиция Агенттігі, инвестиция бойынша Комиссия, бағалы қағаздар бойынша Комиссия, бәсекелестік қорғау және монополияны реттеу туралы Агенттік, Қазақстан Республикасының Халық Банкі және басқалар да елеулі қызмет атқарады.

11. Аранйы бақылау органдары:

- Заттардың сапасын стандарттау, метрология және сертификаттау мемлекеттік комитеті.

    • Мемлекеттік санитарлық инспекциясы.
    • Жол полициясы Департаменті.
    • Мемлекеттік өрттен сақтау инспекциясы.
    • Төтенше жағдай Агенттігі.

12. Муниципалды бақылауды жүргізетін әкімшіліктер, мәслихаттар және басқа да тиісті билік органдарының барлық тібектері және олардың қызметтері, олар қаржы бақылауын бюджетті қарағанда және оны бекіткенде, олардың орындалуы туралы есепті қарағанда, ревизия және инспекторлық тексерулер жүргізгенде өздеріне берілген құқықтарға байланысты жүргізеді.

13. Ешкімге бағынышсыз бақылауды санаттық куәліктері мен лицензиялары бар аудиторлық фирмалар және жеке аудиторлар жүргізеді.

14. Меншік иесінің бақылауы – ол өз ішіндегі, корпоративтік, жеке, ішкі шаруашылық бақылауы және қаржы қорытындысының аудиті, бухгалтерлік есеп пен есептің жағдайы, маркетинг, менеджмент заңдылықтарының сақталуы, қаржыны, еңбек және материалдық ресурстарды басқарудың дұрыс шешімі мен оның тиімділігі.

Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасында қалыптасқан нарықтық қатынастардағы қаржылық бақылау жүйесінің даму кезеңіне мыналар қажет:

  • Бақылаушылық-ревизиялық жұмыстардың әдіснамалық орталықтары негізінде Есептік комитет пен Қаржы Министрлігінің ролін күшейту. Осы органдардың бақылау қызметінің негізгі назарын тексеру кезіңде әдіснамалық басшылықтың, өндірістердің бюджеттен бөлінген қаражаттандырудың және басқалардың дұрыс қолдануын, әдіснамалық басшылықты күшейту.
  • Жалпымемлекеттік ведомстволық және тәуелсіз аудиторлық жалпы қаржы бақылауының экономикалық бақылау органдарының принциптерін енгізетін, ол бақылау келісімшарт негізінде, ақылы және қарым-қатынас арқылы тексерушілер, аудиторлар және тексерілетін өндірістер арасындағы қатынастар арқылы желі құру.
  • Ведомствалық бақылаудың кемшіліктеріне қарамастан оны сақтау керек, өйткені, ведомствалық бақылау бір басқару саласының бөлігі болып табылады, ол салада өте тәжірибелі, өз технологиясы және саласын терең меңгерген жоғары санатты мамандар қызмет атқарады.
  • Қаржы органдарының қызметін жиі және уақытында мемлекеттік бюджеттің жасалуын және орындалуын, облыстық, аудандық, селолық және ауылдық  әкімшіліктің бюджеттерін, сол сияқты барлық саладағы аса қиын бақылау ревизиялық ведомсвалық  тексеру жүргізетін, сол сияқты шетелдік, бірлескен және мемлекеттер арасындағы корпоративтік қатынастарды тексеретін Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Комитетінің бақылау саласын кеңейтіп және қосымша құқықтар беру қажет.[6]

Қаржы органдарының бақылау-ревизиялық аппараттары мен ведомствалық бақылаудың арнайы бақылау қызметін Салық комитеті және кеден бақылауы да біршама қосымша атқарады. Бұл жоғарыда көрсетілген органдардың арасында олардың қызметтерінің нақ бөлінбегенін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының “Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындаоуына бақылау жасау”, “Шаруышылық субъектілер туралы”, “Мемлекеттік кәсіпорын”, “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңдарға және басқа сәйкес бақылауды ұйымдастыру меншік иесі ретінде мемлекетке, меншік иелері мен акционерлерге жүктелген. Сол сияқты әрбір адамның және адамдар топтарының меншік иесі, төлеушілер қоғам мүддесі жалпы бюджеттің шығыс және кірісі мемлекеттің қаржылық бақылауды сақтауды және оны нығайтуды талап етеді.Нарықтық қатынастардың өсуіне байланысты тәуелсіз аудиттің де өсуі және оны қолдану көбейеді, ол мемлекеттік және ведомствалық бақылаудың қысқаруына әкеледі.

Аудиторлық тексерулерді сапалы жүргізу жалпы әртүрлі тексерулер мен оларды жүргізетін Экономика Министрлігі, Қаржы Миинистрлігі, Статистикалық Агенттік, Монополияны шектеу және бәсекелестікті қорғауды реттеу Агенттігі мамандарының қысқаруына әкеледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің кеңейтілген коллегияларында тоқсан сайын Қаржы бақылау комитетінің жұмысы қаралады, жалпы мемлекет бойынша және аймақтарға қаржы жағдайы туралы баға беріледі. Бюджеттің кіріс бөлігінің өсу траекториясы Қазақстандағы жағдайдың шет елдің минералды ресурстар мен жағармай бағасының жақсы көрсеткіштеріне ғана емес, сол сияқты Халық Банкісімен біріккен орта көрсеткіштегі бюджет саясатын жоспарлау, бюджеттік-қаржылық бақылауды халықтың экономиканы басқаруда күшейтуде болып отыр.

Бюджетті орта және тез жоспарлау тек  мемлекет деңгейінде емес, аймақтық деңгейде де қолданылуы керек. Ол шығыс сметасының жоғарылуына жол бермейді, қарыз міндеттемелерінің уақытын қысқартады, бюджеттің және басқалардың тура жұмсалуына бақылауды күшейтеді.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мәліметіне сай, мемлекеттегі қаржы-экономикалық жағдай 3-ші мыңжылдықтың басында қолайлы болып тұр. 2000-2003жж. шығыс пен кредит бекітілген бюджетке сәйкес қауіпсіздікке, Отан қорғау, білім, мәдениет, спорт, қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту, жаңалық жүйелерін дамыту, зейнетақы төлеу және басқалары толық орындалған.

Сол сияқты кемшіліктер де бар, ол мемлекеттік қызметтің келісімшарт талаптарын жылдық сметаны тағайындаудан және Қазынашылық органдарда тағайындалмай тіркеуге тұру, акциздік бензин және жағармай жинау, импорттық баж салығы және басқалары туралы жоспарды толық орындамау.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінде бюджеттік құрылымдарды мақсатсыз жұмсау өте бір ерекше мәселе ретінде ылғи да қаралады. Осы жағдайлардаға байланысты Қазынашылық Комитеттің республика территориясындағы барлыұ өндірістер туралы мәліметтерді толық және нақтылы жинауды талап ететін қазынашылық сметаны жетілдіру жүргізеді. Жаңалықтарды бір сметаға келтіру мемлекетке сол уақытында және нақты мемлекет территориясындағы әрбір тұлғаның қаржы жағдайын және ақша айналымын анық біліп отыруға жеткізеді. Қаржы бақылау Клмитеті жалпы жағдай туралы мониторингтік бақылау жүргізеді.

Мысалы, 2000-2003 жж. қаржылық бақылау қызметкерлері 17,8 млрд. теңге қаржы тобын бұзушылықты анықтап отырған. Бақылау-ревизиялық шараларды жүргізу барысында республикалық бюджетке 2,4 млрд. теңге қайтарылды.

Қазақстан Республикасының “Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын бақылау” туралы Заңының қабылдануына сәйкес бақылаудың принципі өзгерді, өйткені ркспубликалық бақылау органдары тек қана тексерілетін мекемелердегі кемшіліктерді анықтаумен ғана емес, көп жағдайларда оны болдырмауға күш жұмсайды.

Информация о работе Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары