Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 15:10, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Курстық жумыстың мақсаты қаржылық бақылау теориясымен танысу, практикасы және шетелдік тәжірибесін қарастыру. Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттер қарастырылды:
қаржылық бақылаудың мәнін анықтау;
Қазақстан республикасындағы қаржылық бақылаудың ерекшеліктерімен қарастыру;
Қаржылық бақылаудың шетелдің тәжірибесін зерттеу.

Файлы: 1 файл

курсач.docx

— 103.37 Кб (Скачать файл)

Осыған сәйкес мемлекеттік қаржы бақылауы сметасында, бюджеттік басқару саласындағы кемшіліктер мен қылмыстарды бюджетті мемлекеттік және басқа қаржы экономикалық мемлекеттің ресурстарын пайдалану саласындағы кемшіліктер мен қылмыстарды болдырмау үшін үлкен алдын алу жұмыс жүргізу қажет.[1]

 

2.2 Жалпы мемлекеттік және  жергілікті органдардың қаржылық  бақылау құзіреті

Қаржы бақылауының тиімділігі, көбінесе, оны дұрыс ұйымдастырумен анықталады: бақылаудың субъектілерін нақтылы анықтау, олардың құқықтары мен міндеттері, қаржы бақылауын жүргізудегі олардың формалары мен әдістерінің үйлесуі.

Жалпымемлекеттік қаржы бақылауының мемлекеттік билік өкілдері: Президент, Президент аппараты, Парламент, Үкімет, жергілікті өкімет органдары, жергілікті әкімшілік органдары.

Республикалық бюджеттің орындалуын сырттай бақылайтын мемлекеттік орган – Есеп комитеті, ал жергілікті бюджетті сырттай бақылайтын орган – мәслихаттың ревизиялық органдары.

Құқықтық мемлекет құру концепциясына сай қаржы бақылауын жүргізу үшін заң қабылдайтын органдардың ролі күшейеді. Сондықтан бақылаудың субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының Парламентінің қызметі ерекше және бақылау түрі – Парламенттік (депутаттық) бақылау болады.

Бақылаудың объектісі ретінде мемлекеттің шығыны болатындар:

  • Мемлекеттік бюджеттен шығын шығаратын әр түрлі әрекеттерді бекіткенде;
  • Бюджетте берілген шығыстың қабылданған заңдарға сәйкестігін тексергенде;
  • Бюджеттің құрылуын тексеріп, ревизия жүргізгенде.[9]

Парламенттік алдын ала бақылаудың мақсаты көрсетілген шығынның сол кездегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларға ортақтығы болады. Бюджеттің құрылуына ревизия жүргізгенде сметаға қосылған сандардың дұрыстығы болуы тиіс. Сол сияқты Парламент өтпелі бақылау жасауы керек және одан кейінгі тексерулер республикалық бюджет заңына сәйкес қаржыландыру бөлетіндердің есебін тексеру негізінде жүру керек. Парламенттік басқарудың негізгі түрі алдын ала бақылау болуы қажет.

Қазақстан Республикасының Парламенттінде арнайы жұмыс екі палатада, Сенат пен Мәжілісте экономика, қаржы және бюджет комитеттері болады. Бұл органдар заң талқылау кезінде, алдын ала қарау және өздеріне сай палаталардың құзіретіне жататын сұрақтарды дайындауды, қаржы және бюджет саласында мемлекеттік бюджеттің жұмсалуын қадағалап, бақылауы жасайды.

Парламенттің қаржылық-бюджеттік сұрақтар бойынша эксперттік бағалар мен қорытындыларына шешім қабылдау үшін арнайы орындарға және Қазақстан Республикасы үкіметіне жібереді.

Республика Президентінің қаулылары, жарлықтары мен үкімдерін орындауды ұйымдастыратын бақылауды, бекітілген актілерде тұлғалардың талаптарды орындау жауапкершілігін күшейтуде Президент Аппаратында бақылаудың ұйымдық бөлімі бар. Жалпы Президент Аппараты министрліктер, ведомсвалар, жергілікті әкімшіліктер мен басқа да мемлекеттік басқару органдарының қызметтерін бақылауды жүзеге асырады. Аппарат анықталған кемшіліктер мен қылмыстарды жоюда қабылданған шаралар туралы Президентке ақпарат береді, тұлғаларды Президент актілерін бұзғаны үшін жауапқа тарту туралы ұсыныстар жасайды, анықталған қылмыстар мен олардың себептері және Президент актілерін орындамау жағдайларын Үкіметке, әкімшілік төрағаларына және басқа да мемлекеттік басқару органдарына қарастыруға кіргізеді. Өз қызметтерін орындау барысында Президент Аппараты қажетті ақпараттарды тексеретін органдардың басшылары мен қызметкерлерінен алуға құзыры бар.

Қазақстан Рсепубликасы Президентіне бағынышты республикалық бюджет бақылауын орындайтын елеулі мемлекеттік орган – Есеп Комитеті болып табылады. Егер комитетінің құқықтық жағдайы Конституциямен “Республикалық және жергілікті бюджеттердің бақылауын орындау туралы” заңмен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен анықталады.

Есеп комитетінің функциялары мыналар:

  1. Қазақстан Республикасының заңдарының және республиканың бюджет туралы нормативтік актілердің орындалуын бақылау.
  2. Республиканың бюджетін орындауымен байланысты мемлекет басшысының талаптарын орындау.
  3. Республикалық бюджетке қаражаттардың түсуін және олардың заңды жұмсалуын бақылау.
  4. Мемлекеттік бағдарламаларды орындау және мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыру үшін бөлінген республиканың бюджет қаражаттарының дұрыс жұмсалуын бақылау.
  5. Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджнттің орындалуы туралы есепті қарастыруға ұсыну.[13]

Қазақстан Республикасы Үкіметі бақылау аясында кең ауқымды құқықтарға ие. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқара отырып, министрліктер, ведомствалар, әкімшілік – территориялық атқарушы органдардың құзіретіне кіретін барлық сұрақтар шеңберінде басшылар мен олардың қызметтерін бақылауда жүзеге асырады, Президент актілері мен заңдардың және де өз қаулылары мен үкімдерінің орындалуын бақылайды. Үкімет Республиканы дамытуда индикативті жоспарларды құру мен қарастыру процестерінде экономика, салалар, аймақтар, инвестициялық қызметтердің басты бағыттарының секторлары мен сфералардың даму бағдарламаларына алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Осы жағдайларды орындау барысында Үкімет олардың толықтығы мен қаржыландырудың көлемі, мерзімі, орындаушысы және оның жүзеге асырылуына ағымдық бақылау жүргізеді. Барлық деңгейдегі жергілікті өкілетті органдар (депутаттар жиналысы - маслихаттар) бюджеттің және оның есебінің орындалуын қарастыру мен бекіту процестерінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Бақылау екі формада жүзеге асырылады: алдын ала және кезекті. Ағымдық бақылау олардың қызметтерінде негізгі емес, бірақ оның өз орны бар. Бақылаудың ең негізгі әдісі тексеру болып табылады. Оның объектісі ретінде ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорлары болады.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мен Халық Банкі жалпы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға жатады.

Қаржы Министрлігі, жергілікті қаржылық және салық органдары әлеуметтік – экономикалық және шаруашылық сфералардың барлық салаларында тексерулер жүргізеді. Олар тәртіптің жоспарлы, сметалық және қаржылық сақталуын, түскен табыстардың дұрыс есептелуінің толықтығы мен уақыттылығын, мемлекеттік қаражаттарды жұмсаудың заңдылығы мен мақсаттылығын, бухгалтерлік және салық салу есебінің дұрыстығын бақылайды.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қаржы Министрлігі алдында құрылған қаржылық бақылау Комитеті қызмет атқарып жатыр. Мемлекеттік қаржы ресурстардың рационалды жұмсалуын бақылайтын қаржылық бақылау Комитеті кең ауқымды құқықтарға ие. Аймақтық басқару комитеттері министрліктер, ведомствалар, басқа да басқарушылық органдар, құқықтық тәртіпті күшейту, мемлекеттік кәсіпорындардың өндірістерін, құрылыстар, ауыл шаруашылықтары, кәсіпорындар мен ұйымдардың қорғанысы, дайындау ұйымдарына ревизия жүргізеді. Әлеуметтік сферада халықты қорғау ұйымдары мен мекемелерде ревизияны басқару білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және спорт құрылымдарына сәйкес қызметтерін бақылайды. Комитет қызметті кәсіпорындар мен ұйымдардың тұрмыстық шаруашылықтарын, транспорт, коммуникация, сервистік қызмет көрсетулер жұмыстарын тексереді. Комитеттің маңызды қызметі біріккен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорттық – импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табылады. Комитет құрылымында кредиттік ресурстар мен ұйымдастырушылық және аналитикалық жұмыстарды мақсатты пайдалануды бақылау бөлімдері бар.

Мемлекеттік бақылау өзінің өкілеттіліктері шеңберінде Қазынашылық органдарын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылығы, бұл органның негізгі міндеті республикалық бюджеттің кассалық орындалуын ұйымдастыру, жүзеге асыру мен бақылауды бекіткен. Негізгі міндеттер мен бюджеттік тәртіпті күшейту мақсаттарын орындау барысында Қазынашылық органдар Үкіметтің қаржы ресурстарын пайдалану, қабылдау және есептеумен байланысты министрліктерде, кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде ақшалай құжаттардың тексерілуін жүргізу құқықтарына ие.

Салық салу және қаржылық органдар өздерінің негізгі жұмыстары – мемлекетттің кірістері мен шығыстарын басқарумен қатар бақылауды жүзеге асырады. Сондықтан да қаржылық басқарулардың бақылауы атқарушылық – қызметтермен қатар жүргізіледі. Қаржы Министрлігі мен оның органдарына кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қаржылық тәртібін сақтау, бюджеттік және меншік қаражаттардың дұрыс және заңды жұмсалуы, республика және жергілікті басқару органдарының бюджет құқықтары заңдарын орындауға сәйкес бақылауды жүргізу жүктелген. Бұл органдар бюджеттік мекемелердің қаржылық қызметтерін тексеру мен ревизия жүргізу және бекітілген тәртіп бойынша шаруашылық – есептік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық – шаруашылық қызметтерін тексеруді жүзеге асырады. Қаржылық органдармен жүргізілетін бақылау барлық формаларда жүзеге асырылады, олардың негізгілері алдын ала және ағымдық бақылау болып табылады. Бақылаудың негізгі әдісі – есепті тексеру. Салалық басқарулардың мамандары ревизиялық бригадалар құрамында ревизияға бағындырылады.

Қаржылық бақылау органдарының объектісі білім беру мен ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорларының дұрыс орындалуы сияқты сұрақтар болып табылады.[19]

Шаруашылық суюъектілердің табыстарын бақылауды Қазақстан Республикасысның Қаржы Министрлігінің Салық салу комитеті мен жергілікті басқарулар және облыстық, қалалық және аймақтық бөлімдер жүзеге асырады. Салық органдары бағалар тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар мен айыппұлдар қолдануға құқығы бар. Заңсыз түрде түскен табыс, шаруашылық субъектінің меншік формасына қарамастан белгіленген тәртіп бойынша бюджетке аударылады. Заңды түрде белгілі бір мөлшерде бұзушыдан айыппұл алынады. Дөрекі бұзушылықтар орын алса, материалдар қылмыс органдарына жіберіледі.

Қоғамдық бақылау органдарына әкімшілік қызметтерді кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде және ведомстваларда жүзеге асыратын кәсіподақтық ұйымдардың бақылаулары кіреді. Бұл органдардың қызметтерінде қаржылық бақылау негізгі емес болып табылады.

Әртүрлі қоғамдық ұйымдар, (оның ішінде саяси партиялар, шығармашылық одақтар, мәдениет орталықтары, ғылыми, техникалық, табиғат қорғау және спорттық қауымдастықтар, еңбек және соғыс ардагерлері кеңестері, қайырымдылық қорлар және т.б.) қаржылық бақылауды өз күшімен жүргізеді, сонымен қатар, аудиторлық фирмаларды да тартуы мүмкін. Сонымен, бақылау объектісі – қарастырылатын ұйымдардың жарғылық міндеттеріне сәйкес түскен табыстардың көздері мен шығындарды, олардың жұмсалуы бойынша бағыттау болуы мүмкін.

 

2.3 Ведомстволық және ішкі  бақылаудың ерекшеліктері

 

Ведомствалық қаржылық бақылау республиканың министрліктері мен ведомствалары, жергілікті әкімшілік басқарулардың қатынасында оларға бағынышты кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жүзеге асырылады. Ведомствалық қаржылық бақылау үш формада жүзеге асырылады: алдын ала, ағымдағы және кезекті бақылаулар. Бақылаудың негізгі әдістері қаржылық жоспарлар, ревизия және тексерулердің жобаларын қарастыру болып табылады. Ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары баұылаудың объектісі.

Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің құрылымдық бөлімшелеріне ішкішаруашылық бақылау жүргізеді. Қаржы саласында бақылау қызметтерін басшылар, бухгалтерия мен қаржылық қызмет жүзеге асырады. Ішкішарушалық бақылауға қатысты барлық формалар жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістері – тексеру мен ревизия. Коммерциялық құрылымдарда ішкішаруашылық бақылауды құрылтайшы немесе меншік иесі, сонымен қатар оның тапсырыс бойынша аудиторлық фирмалар жүзеге асырылады.

Мысалы, 1999 жылы мемлекеттік қызметкерлермен 2818 жемқорлық қылмыстар жасалған, 316 бастық ақшалай пара алған, 786 өз қызмет жағдайларын теріс пайдаланған, 574 алдау мақсатымен іс жасаған. 2000 жылы 4235 мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды. 2001 жылы 5,5 млн, ал 2002 жылы 4,8 млн заңды және жеке тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. Осындай статистика, мемлекеттік, жекленген заңды және жеке тұлғалардың өкілдерін жағымсыз бейнеде мінездейді. Бірақ та, жауапқа тартылған адамдардардың саны көбейсе де, ол жемқорлыққа қарсы жұмыстың белсенділігін арттыра алмады. Азаматтардың кінәлілігін сот бекітеді, бірақ та бұл жерде мемлекеттің жауапкершілігін шектеуге болмайды, себебі жемқорлық қылмыстардың көбісі транспаренттік болмаған жерде, заңдардың кейбір жағдайларында қызметкерлерге бұл сұрақтарды өз еркімен шешуге мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлердің қызметкерлерді кейбір сұрақтарды шешу үшін оларды сатып алуға, кейбір жағдайларда өз адамдарын мемлекеттік аппаратқа кіргізуіне әкеледі. Осының бәрі жемқорлық, құқық бұзушылыққа әкеліп соқтырады.[15]

Әрине, тарихта бірде – бір қоғам жемқорлықтан қаша алған жоқ. Адамдар заңнамаларда әртүрлі жолдар арқылы одан табыс алуға жол табады. Іс жүзінде экономикалық және саяси өмірде оның үлесін азайту біздің қолымызда, оған кейбір мемлекеттердің тәжірибесі дәлел.

Біріншіден, бізге заңнамаларды жүзеге асыру үшін мына шешімдерді қабылдау қажет: заң күшіндегі актілердің санын қысқарту және ведомствалық норма істерін азайту. Заңдар тікелей әрекетке және бір – біріне қарсы болмауы керек. Сондықтан мемлекеттік органдардың қызметтері мен өкілеттіліктерді азайту және әкімшілік процедуралар туралы заң қабылдау қажет.

Екіншіден, дайындалған ережелердің дамуымен Типтік кодексті, келесі мемлекеттік органдардың, оның ішінде сот және мемлекеттік басшылардың бөлек кодекстерін қабылдауды құрастыру қажет. Бұл жағдайда нақты сыйлық қабылдау және қонақжайлылық көрсету ережелерін құрастыру үшін сәйкес қорды құру қажет. Бұл қор сыйлықтарды қабылдауға, егер бекітілген формалардан олардың бағалары жоғарыласа, онда осы қорға өткізілуі керек.

Үшіншіден, Грузия мемлекеттінің тәжірибесі бойынша, мемлекеттік қызметкерлердің декларацияны қабылдауы бойынша орган құруға болады. Барлық мүдделі азаматтарға ақпараттарды осы банк мәліметтерінен алуға құқықтар беру керек.

Жалпы қызметкерлердің декларацияларын тексеруде олардың өмір сүру жағдайы, кіріс пен шығысына назар қойып қарау қажет. Егер де мемлекеттік қызметкер жақсы жалақы ала отырып, қымбат көлік айдап, Майамида демалатын болса, оған құзырлы органдардың назар аудару керек.

Бұл декларацияларды терең тексерумен ешкім айналыспайды. Баспа беттерінде бұл фактілер бойынша ешқандай жариялылықтар болған жоқ. Бұл мемлекет қызметкерлерін жауапқа тарту бойынша тәртіпті орнату мақсатында жасалынған шығар. Егер де олар өздерінің табыстарының қайдан келгенін дәлелдей алмаса, онда оларды мемлекеттік қызмет жұмыстарынан босату қажет. Бұл жағдай барлық депутаттар, сот басшылары, құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері үшін таралуы қажет.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларын көтеру сұрағы көкейтесі. Оған қарсы көп аргументтер айтылып жатыр. Бірінші: зейнетақы және өтемақыларды төлеу қаражаттары болмаса. Екінші: мемлекет қызметкерлеріне қанша төлесе де, ол ұрлауға барады. Әрине, ұрлыққа барған болса, ол онымен айналыса береді. Бірақ та, жоғары ақшалай қамтамасыз етулер мемлекеттік қызметке адал адамдарды алуға көп мүмкіндік береді. Егер де қылмыстарға жасалған әрекеттерді күшейтуге байланысты шешімдер қабылдаса, онда оның тиімділігі жоғары болады.

Ресейдің жоғары экономика мектебінің ректоры Кузминов мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларын 15-20 мың рубльге көбейткен жағдайда, онда ол бюджетке 400 млн. Доллардың болуын қажет ететінін есептеп шығарды.

Информация о работе Қаржылық бақылаудың ұғымы, міндеттері және функциялары