Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 12:15, контрольная работа

Описание работы

Социалистік елдер аясында бірінші рет міндетті зейнетақы жүйесін мемлекет тарапынан қатаң қадағалау жүргізілі бастады. Бұл өз алдына зейнетақы қорларын,зейнетақы ативтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (ЗАИБЖҰ) жұмысын бақылауға мүмкіндік берді. 1998 жылда Қазақстанда 8 ЗАИБЖҰ және 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 12 мемлекеттік емес қорлар, 5 кастодиан- банктер пайда болды. Бір жылдың ішінде бүкіл зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы құрылды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі -23,5 млрд. теңгені құрады. 1999 жылы қаржы құралдарының тізімі ұлғайды. Соның арқасында ЗАИБЖҰ-лар зейнетақы активтері арқылы шетелдік корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік алды.

Файлы: 1 файл

karjy kursovoi.doc

— 290.50 Кб (Скачать файл)

5, 22 пайыз кірістілігімен бірінші орынды - «Астана» ЖЗҚ сақтап қалуда. Екінші орынға, екі айдың ішінде кірістілігін 4 пайызға жуық арттырған «Қазақстанның Халық банкі» ЖЗҚ көтерілді - 4,70 пайыз. Үшінші орын бұрынғыша «МұнайГазДем» ЖЗҚ-ға тиесілі. Оның кірістілігі 4,63 пайызды құрайды. Төртінші орынды 4,52 пайыз нәтижесімен «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖЗҚ алды. «Грантум» ЖЗҚ 3,79 пайыз көрсеткішімен бесінші орынға сырғыды.

«Республика»  ЖЗҚ өзінің көрсеткіштерін жақсартуда - 3,56 пайыз. «Капитал» ЖЗҚ-ның кірістілігі 2,93 пайызды құрады, «ОТАН» ЖЗҚ кірістілігін 1,35 пайыз деңгейінде көрсетті. «Атамекен» ЖЗҚ-ның көрсеткіштері де байыппен артып келеді - 0,74 пайыз.

Ал «Индустриалды  Қазақстан» ЖЗҚ тағы да теріс нәтиже көрсетуде - 5,86 пайыз.

«Ұлар Үміт»  ЖЗҚ-ның кірістілігі туралы ақпаратты ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қадағалау комитеті (www.afn.kz) жарияламады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның  зейнетақы нарығы – жүйелік реформаға 10 жыл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ТУРАЛЫ 

 

2007-2008 жылдары  Қазақстаның жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің 10 жылдығы атап өтілді. «ГНПФ» Жинақтаушы Зейнетақы Қорымен ұйымдастырылған осы оқиға мен алғашқы мерейтой қорытындысында «Қазақстанның зейнетақы рыныгы – жүйелік реформаға 10 жыл» халықаралық конференциясын өткізу ұйғарылды.

КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Отандық және шетелдік сарапшылармен бірге 2007 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда өткен конференция еліміздің зейнетақы нарығы үшін атаулы оқиға болды. Оның қатысушылары әртүрлі қаржылық және мемлекеттік институттардың 150 астам өкілдіктері болды, соның ішінде: ҚР Ұлттық Банкі, Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі, жинақтаушы зейнетақы қорлары, ЗАИБҰ (зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаратын ұйымдар), Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстанның Қаржыгерлер Ассоциациясы, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, Бүкіләлемдік Банкі, сондай-ақ, басқа да ұйымдар. 

 

КОНФЕРЕНЦИЯ МАҚСАТЫ

Конференцияға қатысушылар алдына сан қырлы  мақсаттар қойылды: зейнетақы нарығының  даму белестерін талқылау, республикамыздың зейнетақы жүйесінің 10 жылдық жұмысының  қорытындысын шығару, жетістіктерді саралау, жүйенің бұдан әрі дамуына бағытталған жоспарлар мен ұсыныстарды әзірлеу. 

 

КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қойылған мақсатқа жетуге берілген баяндамалар мүмкіндік  туғызды және оларды кешенді ақпараттандыруда Конференция бағдарламасына мынадай тақырыптар бойынша баяндамалар енгізілді:

- «ҚР қаржы  жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы  қорының рөлі»/ Әнуар Сәйденов, ҚР Ұлттық Банкі

- «ҚР зейнетақы  жүйесінің ағымдағы жағдайы, ЖЗҚ  активтерін басқару жөніндегі  көкейкесті мәселелер»/Ғани Өзбеков,  ҚР ҚҚА

- «ҚР зейнетақы роформаларын іске асыру қорытындысы/ Нұржан Әлимұхамбетов, Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ

- «ҚР болашақ  зейнеткерлерінің қорғалуы мәселелері  – мемлекеттік қажетті шаралары  және нарық субъектілері/ Алмас  Құрманов, ҚР Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі

- «Халықаралық  зейнетақы нарығының даму үрдісі  және қазақстандық үлгінің бұдан  әрі даму жолдары»/ Джонатан Вуллет, Еуропаның Қайта құру және  Даму Банкі

- «Ресейдің  зейнетақы жүйесінің даму белестері» / Наталья Гришкевич, Ресейдің  зейнетақы қоры

- «Институциональдық  мүдделерге арналған ұлттық маңызды  жобалар/ Қайрат Келімбетов, «Қазына»  тұрақты даму қоры

- «ҚР жинақтаушы  зейнетақы жүйесіндегі оңтайландыру/ Алмас Құрманов, ҚР Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрі

- «ЖЗҚ инвестициялық мәселелері, қорлардың кірістілігін және тұрақтылығын сақтауға арналған құралдар/ Алғазы Секенов, «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры

Сұрақтар мен  жауаптар сессиясын қоса алғанда  конференция бағдарламасы зейнетақы  жүйесінің қызмет етуіне қатысты  өзге де бірқатар мәселелерді талқылауға мүмкіндік туғызды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЖЗЖ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

Қазақстанның  жүргізген зейнетақы жүйесінің  қалыптасу белестері алдын-ала  қорытынды шығару, болашағын және қазақстандық үлгіні бұдан әрі дамытудың  мүмкіндікті жолдарын анықтау үшін құқық пен негіздеме береді.

Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру  мәселелері әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда даулы  мәселелер мен талқылаулардың тақырыбына айналды. Осы құбылыстың себебінен  демографиялық, экономикалық және әлеуметтік сипат факторлар кешені орын алды. Осылардың бірқатары орта өмір сүру ұлғаюының фонында туылудың қысқару нәтижесіндегі халықтың қартаю үрдісінің жылдамдауымен байланысты болды. Факторлардың келесі тобы еңбек нарығындағы ілгері жылжушылықпен байланысты болды: жұмыссыздар санының өсуі, бейресми және толық емес жұмыспен қамтушылықтың таралуы, міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен халық бөлігінің шығуы. Бұл өз кезегінде көп елді тәжірибеде болғандай ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің қаржылық негізін құраған жарналары бар жұмыс істейтін халық санының кемуіне алып келді. Зейнеткерлер санының өсуі және қызметпен жасайтын сала жағдаятының өзгеруі ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің тұрақтылығына күмән келтірді, өйтені жұмыс істейтін халыққа зейнетақы жүктемесінің шамадан тыс күшеюі анықталды. Осы қиыншылықтардың бірқатарымен Қазақстанда кезігіп, ТМД елдері кеңістігінде өз жинақтаушы зейнетақы жүйесін құруды бірінші болып бастады.

Қазақстанның  заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі 1997 жылы еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын мақұлдаған сәттен бастап өз жұмысын бастады. Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот алады, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланады. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылардың зейнетақы жасына жеткеніне қарай олар зейнет төлемдерін салымшыларға қайтарады. Бір айта кететін жайт, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі чилилік жүйенің көшірмесін айнытпай көшіріп алды деп санауға болмайды: қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті ол бірегей жинақтаушы зейнетақы қоры болып саналады. 

 

ЖЗЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ГНПФ РӨЛІ

Қалыптасау  кезеңінде жаңа жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің дамуын ынталандыратын ерекше стратегиялық рөлі ҚР Үкіметі қаулысымен 1997 жылғы қыркүйекте арнайы құрылған – Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына берілді. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры еліміздегі зейнетақы реформасының өзіндік бастауыш алаңқайы болды: ол еліміздің алғашқы жинақтаушы қоры, алғашқы зейнетақы жарнасын қабылдады және зейнетақы қорлары арасында алғашқы болып зейнетақы активтерін дербес басқаруға құқық алды. Алғашқы он жылдық ішінде – 1998 жылдан бастап 2002 жылға дейін Қор ерекше «жанама қор» мәртебесін иеленді, ол салымшылардың ішіне барлық азаматтарды қосып алуға мүмкіндік берді және ол қандай да бір себептер бойынша зейнетақы қорын таңдау жөніндегі шешімді дербес қабылдай алмады. Сонымен қатар, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша қатыстыру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің салымшылар қорын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асырды. Бірақ басқа да мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы нарығының дұрыс және бәсекелес қатысушылары бола отырып, 2003 жылға дейін ГНПФ бұл мәртебені беріп қоймады. Сосын екі жыл өткесін 2005 жылы Қор өзінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ деген ресми атауын «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өзгертті, бас әріптері үшін бұрынғы мазмұнын сақтамайды. ГНПФ халық тарапынан жаңа зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін және бәсекелес ортаны құру жөнінде өзіне жүктелген тарихи миссияны орындап шықты.

Бүгінде ГНПФ – көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша көшбасшылық позициясы бар еліміздегі бірден-бір ірі зейнетақы қоры. 

 

 

 ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЖЗШ ПОЗИТИВТІ АСПЕКТІЛЕРІ

Зейнетақымен  қамсыздандыруды қалыптастырудың  қазақстандық тәжірибесі әлемдік деңгейде табысты танылғандардың бірі. Реформаның мәні жинақ ақша пайдасына ынтымақтастықты  кестеден ақырындап бас тарта  отырып жасалады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өту жоспарлы түрде жүзеге асырылады және 2038-2040 ж.ж. кезеңге дейін түбегейлі аяқталғанша жалғасады.

Қазіргі уақытта  мемлекетімізде зейнетақы жүйесінің  бірнеше дейгейлері ұсынылды немесе олар мынадай өзгеше пилларлармен де аталады:

Бірінші пиллар – ынтымақтастықты жүйе;

Екінші пиллар – міндетті жинақтаушы жүйе;

Үшінші пиллар – ерікті жинақтаушы жарналарына  негізделген жинақтаушы жүйе.

Зейнетақымен  қамсыздандырудың қызмет атқарып келе жатқан көп деңгейлі үлгісі Қазақстанның бүкіл халқына есептелген. Зейнетақы төлем көздері (мемлекеттік бюджет және/немесе зейнетақы жинақ ақшалары) анықтайтын санаттар бойынша халықтың бунақтары зейнетақы жүйесіне тартылған қазақстандықтардың жас ерекшеліктеріне негізделген.

Сонымен, еңбек  қызметтері жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгенге дейін басталған халықтың мүдделері республикалық бюджеттегі әлеуметтік салалар мен басқа да түсімдер есебінен жинақталуымен және зейнетақы төлемдерін болжаумен қатар қызмет ететін ынтымақтастық жүйеді есептеледі (бірінші пиллар).

Еңбек қызметтеріндегі  міндетті зейнетақы жарналарын есептеу  зейнетақы жүйесінің екінші пиллар талаптарымен жауап беріледі және зейнетке шыққаннан кейінгі өз кірісінің  деңгейі үшін дербес жауапкершілік  алуға жас ұрпақ міндеттенеді, өйткені зейнетақы төлемдерінің көздеріне олардың жеке зейнетақы шоттарында рәсімделген жинақ ақшалары болады.

Бұдан өзге, әрбір  азаматқа ерікті зейнетақы жарналары  есебінен өз жинақ ақшаларын ұлғайтатын және еңбек қызметтерін аяқтағаннан  кейін өзін неғұрлым жоғарғы табыспен қамтамасыз ететін мүмкіндіктер беріледі (үшінші пиллар).

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің он жылдық даму нәтижесімен атаулы сандар көрсеткіштерінің жеткіліктігін шығаруға болады: зейнетақы  қызмет нарығында 14 жинақтаушы зейнетақы  қоры белсенді қызмет етеді; зейнетақы активтерін басқаратын 11 ұйым жұмыс істейді; қор қызметтеріне 9 кастодион-банк қызмет етеді; зейнетақы жинақ ақшаларының көлемі 1,1 триллион теңге шамасын құрады, яғни, жүйенің қызмет етуінің алғашқы жылдарымен салыстырғанда 40 есеге өсті. Жүйеге тартылған халық екі есеге өсіп, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары экономикалық белсенді халықтың 9 млн. қамтыды. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына таратылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың «таза» инвестициялық кіріс сомасы 300 млрд. теңгені құрады.

Зейнетақы жинақ  ақшаның сенімді сақталуын және зейнетақы жүйесінің тұтастай қызмет етуін қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама базасы ерекше назарға тұрарлық. Сонымен мемлекет инфляция деңгейін есепке ала отырып, барлық зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақ ақшаларының сақталуына кепілдік беру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдады. Бұл кепілдік жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдарға арналып, заңды бекітілген талаптар мен шектеулерге негізделеді: олардың қызметтерін міндетті лицензиялау; олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін пруденциалды нормативтерді,нормалар мен лимиттерді белгілеу; аффилиировандық субъектілермен мәмілелер бойынша шек қою; меншікті және зейнетақы активтерінің дифференцировандық есебі; кастодион-банктегі зейнетақы активтерін міндетті сақтандыру. Қазақстанға арналған жаңа зейнетақы жүйесінің қызмет еткен он жылдық уақыт ішінде бірде-бір мемлекеттік кепілдік төлемінді қажеттілік пайда болмаған фактісі ескерілді.

Бұдан өзге, қазіргі  уақытта зейнетақы қорлары қазақстан  экономикасының дамуына айтарлықтай  ықпал ететін ірі институцоналдық  инвесторлар болып тұр. 

 

БҰДАН ӘРІ ДАМУДЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Бағдарламалық конференция өзінің ерекше назарын қазіргі уақыттағы қазақстанның өзіне тән зейнетақы жүйесіндегі кемшіліктерге бөлді. Сарапшылардың пікірі бойынша қартайған кезде зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейіне арналған олардың зейнетақы жинақ ақшалары жеткіліксіз болуы; жинақтаушы зейнетақы қор қызметтерімен халықтың жеткіліксіз қамтылуы; халықтың қаржылық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениетінің төмен деңгейлігі; ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі дамуының лайықсыз деңгейі; және осы уақытта сенімді және өтімді бағалы қағаздар және т.б. тапшылық жағдайында зейнетақы жинақ ақшаларын тиімді инвестициялау мәселелері.

Жоғарыда аталған  бірнеше мәселелерді шешу әдістерінің  бірі «мультипортфел» деп аталатын тәжірибеге енгізу, ол әрбір салымшыға  тәуекел мен кірісітіліктің ара  қатынасындағы меншікті артықшылықтарға негіздей отырып, өз зейнетақы жинақ ақшаларын басқаруға және көбейтуге инвестициялық шешім қабылдау мүмкіндігін береді. Бастау үшін консервативті, біркелкі және агрессиялық инвестициялық стратегияларға негізделген үш қоржынды енгізу ғана ұйғарылады. Алайда болашақта анықталған шарттар болған кезде мүмкін және активтерді инвестициялау стратегиясының көбірек санын тіркеудің өзге үлгісі. Сайып келгенде болашағы пайда болып, ол салымшыда тек құқық қана емес, өзінің зейнетақы активтерін басқаруға арналған жауапкершілік те қалыптасады. Сарапшылар қолайлы шара үш мәселелелі бағдар бойынша тиімді болады деп есептейді: халықтың қаржылық және инвестициялық сауаттылығының төменгі деңгейін жеңуге; зейнетақы жүйесінен тыс қалуды артық көретін барлық халықты оған қатыстыруға; және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру дамытуда. Айтпақшы, зейнетақы жинақ ақшасы сақталуының берік кепілдігін қамтамасыз етуімен қатар инвестициялық қоржын көптігін енгізу еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін бұдан әрі дамыту аясындағы мемлекет басшысының қойған басымдықты тапсырмалары болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуы