Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 12:15, контрольная работа

Описание работы

Социалистік елдер аясында бірінші рет міндетті зейнетақы жүйесін мемлекет тарапынан қатаң қадағалау жүргізілі бастады. Бұл өз алдына зейнетақы қорларын,зейнетақы ативтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (ЗАИБЖҰ) жұмысын бақылауға мүмкіндік берді. 1998 жылда Қазақстанда 8 ЗАИБЖҰ және 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 12 мемлекеттік емес қорлар, 5 кастодиан- банктер пайда болды. Бір жылдың ішінде бүкіл зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы құрылды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі -23,5 млрд. теңгені құрады. 1999 жылы қаржы құралдарының тізімі ұлғайды. Соның арқасында ЗАИБЖҰ-лар зейнетақы активтері арқылы шетелдік корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік алды.

Файлы: 1 файл

karjy kursovoi.doc

— 290.50 Кб (Скачать файл)

Жинақтаушы  зейнетақы жүйесі мынадай бірқатар проблемаларды шешуі тиіс болатын: әлеуметтік шиеленісті жұмсарту, бюджетті зейнетақы төлемдерінің ауыртпалығынан біртіндеп босату, азаматтарда көбірек әрі заңды ақша табу қызығушылығының пайда болуына ықпал ету. Еліміздегі зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесі жас ұрпақтың мүддесін көздеп қана қоймай, халықтың ортақ жүйеден зейнетақы алуға құқылы бөлігінің де мүддесін қорғайды.

Бұл ретте егер адамның еңбек еткен жылдарында тұрақты кірісі болмаса не міндетті зейнетақы жарналарын аударудан  жалтарса («конверттегі» жалақы), онда зейнеткерлік жаста ол ең төменгі мөлшердегі зейнетақыны ғана ала алады. Мәселен, қолданылып жүрген жүйе еңбек өтілінің болу-болмауына қарамастан базалық зейнетақының болуын көздейді.

– Демек, менің түсінуімше, Ұлттық Банк жинақтаушы және ортақ екі жүйеніқоса пайдалануды оң тәжірибе деп түсініп, мұндай симбиозды сақтауқажет деп санай ма?

– Иә. Бүкіл әлемде әр елдің  қаржылық мүмкіндігіне қарай аралас модельдер пайдаланылады. Біз қолданыстағы гибрид жүйені, яғни ортақ және жинақтаушы жүйелердің комбинациясын сақтау қажет  деп санаймыз. Әрине, жетілдіру үшін бірқатар шаралар қажет, бірақ түбегейлі өзгерістердің қажеті жоқ. Ортақ жүйе бүкіл халық үшін ең төменгі кепілдік берілген кірісті қамтамасыз ету үшін қалуы қажет. Бірақ бар жауапкершілікті болашақ ұрпаққа артпай, болашақтағы зейнетақымыздың негізгі бөлігін зейнетақы жинақтары есебінен өз еңбегімізбен, өзімізге өзіміз қамтамасыз етуіміз керек.

Жақсы демографияның басқа жағы

– Жиі талқыланатын тақырып: қалыптасқан зейнетақы жүйесін одан әріреформалау қажеттігі. Мемлекет басшысы Ұлттық Банк төрағасынаосындай тапсырма бергені белгілі. Қандай аспектілерге, олқылықтарғакөңіл аудару қажет?

– Біздің зейнетақымен қамсыздандыру екі жүйеден тұратындықтан, олардың әрқайсысының осал тұстарына тоқталып өтейін. Біздің елдегі, сол сияқты әлемнің көптеген елдерінде ортақ жүйенің негізгі проблемасы – демографиялық ахуалдың өзгеруі және халықтың қартаю үрдісімен байланысты ортақ зейнетақыны төлеуге мемлекеттік шығыстың айтарлықтай өсуі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (ЖЗЖ) негізгі проблемасы – міндетті зейнетақы жарналарының тұрақты әрі толық көлемде аударылмауы, ол салымшы зейнеткерлікке шыққан кезде зейнетақы жинақтарының төмен болуымен көрінері сөзсіз. Бүгінгі күні жүйе бойынша салымшылар жинақтарының орташа сомасы шамамен 390 мың теңгені құрайды. Алайда, егер міндетті зейнетақы жарналары жинақтаушы зейнетақы қорына (ЖЗҚ-ға) тұрақты түрде аударылса (орташа жылдық ай сайынғы жалақы мөлшерін есептегенде), онда салымшылардың шоттарындағы жинақтарының орташа мөлшері 900 мың теңгеден асқан болар еді. Демек, барлық салымшылар жинақтарының сомасы міндетті зейнетақы жарналары тұрақты аударылған кезде қазіргі деңгейден 2,5 есе дерлік артық болар еді.

Халықты қамтуды  кеңейту мәселесі – түбегейлі  және кез келген зейнетақы жүйесінің  сәтті жұмыс істеуінің талабы болып табылады. Бірақ ел экономикасының бейресми бөлігін тарылту жөніндегі міндетті шешпей оны шешу мүмкін емес. Түсіндіріп өтейін: зейнетақы жарналары салымшының ресми табысынан аударылады, алайда мемлекеттік органдарды қоспағанда, көптеген секторларда жалақы ЖЗҚ-ға қандай да болсын аударымдарсыз «конвертке салынып» қолға беріледі. Жұмыспен өзін өзі қамтамасыз еткен халықты қамтуды кеңейту, салықтық басқару және ерікті зейнетақы жарналарын аударуға ынталандыруды жақсарту жөнінде әкімшілік шаралар қабылдау қажет.

Сондықтан, осы  проблеманы шешу үшін жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы жауапкершілігін арттыратын бірқатар заң жобаларын қайта қарау қажет. Бұл бірінші кезеңде мамандығы денсаулық үшін ерекше тәуекелдермен байланысты адамдар үшін міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Кейіннен осы норманы барлық жұмыс берушілерге қолдануға болады.  

Абсолюттік және салыстырмалы кірістер

– ЖЗЖ-ның басқа да проблемасы жалпы белгілі – активтердіинвестициялау бойынша мүмкіндіктің шектелуі, кірістіліктің төмен болуы,бұл әлеуетті зейнеткерлерді аса қанағаттандырмайды. Тым болмағанда,олардың белсенді түрде – жеке кабинеттері арқылы өзінің зейнетақышоты жай-күйінің мониторингін жүргізетін бөлігін… 

– Мәселені жақсы  түсіну үшін нақты деректерді келтіремін: ағымдағы жылдың 1 қазанында инвестицияланған зейнетақы активтерінің көлемі 2012 жылдың басынан бастап 452,8 млрд. теңгеге ұлғая отырып, 2 998,9 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, мәселе одан әрі жүзеге асырыла береді: зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісінің инфляция деңгейімен салыстырғандағы ағымдағы төмен деңгейі – ЖЗЖ проблемаларының бірі. Сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін инвестициялық кірістің төмендеуі бүкіл кезең бойы емес, соңғы 5 жылда байқалып отырғаны анық. Оған объективтік экономикалық түсіндірме бар: қаржы нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс әсері. Бұл әлемдік нарықтардағы кірістіліктің төмендеуімен және сол сияқты отандық қор нарығы өтімділігінің төмен болуымен, сауда-саттықтарға белсенді қатысатын инвесторлар санының аз болуымен және кіріс жобаларының, оның ішінде зейнетақы активтері инвестициялана алатын мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберіндегі кірісті жобалардың болмауымен байланысты.  Сондай-ақ ұзақ мерзімді кезеңде нақты кірістілікті қамтамасыз ете алуы мүмкін сапалы қаржы құралдарының тапшылығы проблемасын бөлек атап өту керек. Осыған байланысты ішкі қор нарығын дамыту қажеттілігі басым міндет болып қалуда. Осы проблеманы шешу үшін отандық қор нарығын жандандыру жүргізілуде, оның ішінде:

1) ҚР резиденттері шет мемлекеттің аумағында бағалы қағаздарды орналастырған жағдайда;

2) ҚР эмитенті  бағалы қағаздардың шығарылымын, егер осы бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде оларды ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында орналастыру көзделген жағдайда;

3) 2012 жылдың  аяғына дейін ЖЗҚ акцияларын  шығарған, тіркеген және шығарылымдарын кейіннен орналастырған жағдайда, Қазақстан қор биржасында листингті жүзеге асыру жөніндегі бірқатар талаптарды белгілеу арқылы.

Сонымен бірге, бағалы қағаздар нарығын дамыту мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы әзірленді.

Тағы да бір  проблема – бұл салымшылардың ЖЗҚ таңдау кезіндегі қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігі. Бұрынғыша, салымшы ЖЗҚ таңдау кезінде оның қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты емес, сыйлық немесе ол зейнетақы шартын жасау шартымен қандай да болсын қызметтер алу мүмкіндігі сияқты факторларды басшылыққа алу жағдайлары орын алып отыр. Осы проблеманы шешу үшін заңнамаға өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес ЖЗҚ тоқсан сайынғы негізде өзінің инвестициялық портфельдерін жария етуі, өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуі тиіс. Оның ішінде ЖЗҚ қызметінің нәтижелерін бағалау үшін қажетті ақпаратты жария етуі тиіс.

Сондай-ақ, зейнетақы  қорлары тап болатын, оның ішінде қаражатты инвестициялау қағидалары бойынша барлық проблеманың арнайы құрылған жұмыс тобы шеңберінде талқыланып жатқанын атап өтемін.  Бірақ, ЖЗЖ барлық проблемасының шешілетінін және осы бағытта уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты жұмысы жүргізіліп жатқанын баса айтамын.

– Көптеген әлеуетті зейнеткерлер қазір олардың барлық жинақталғанқаражатын инфляция «жеп қояды» деп алаңдауда.

– «Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 6-бабына сәйкес мемлекет алушыларға ЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының алушының зейнетақы төлемдерiн алу құқығы кезiндегi инфляция деңгейiн ecкepe отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

– Зейнетақыларды индекстеудің мемлекеттік тетігі көзделген бе?

– Иә. Зейнетақы  төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуді  жүзеге асыру әдiстемесiне сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен  кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң  жылдық сомасы мынадай шамадан:

1) тиiстi қаржы  жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен;

2) екі жүз  елу мың теңгеден;

3) зейнетақы  жинақтары сомасының алушының тиiстi жасындағы ағымдағы құн коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген шамадан неғұрлым жоғары мөлшерде есептеледi.

Осыған байланысты, зейнетақы төлемдерінің мөлшері бойынша өзгерістер тұтынушылық бағалар индексінің өсуі ескеріле отырып тұрақты негізде енгізіледі. 

Зейнеткерлік құқық теңдігі және реформаның  басқа бағыттары туралы

– Зейнетақы жүйесін реформалау үшін Ұлттық Банк не ұсынады? 

– Біздің ұсыныстарымыздың ішінде – міндетті кәсіби жарналарды енгізу қажеттілігі; халықты тарту  деңгейінің төмен болуы проблемасын  шешу; пруденциялық реттеуді жетілдіру, инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру, комиссиялық сыйақы алу жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені бар.

– …сондай-ақ, әйелдер үшін зейнеткерлік жасты ұлғайту?

– Бұл ұсыныс бұрын да бірнеше рет айтылды  және Ұлттық Банк демографиялық ахуал жөніндегі статистикалық деректерді басшылыққа ала отырып, осы идеяны қолдады. Шешім қабылданған жағдайда, әйелдердің зейнеткерлік жасын 63 жасқа дейін ұлғайту барысы демографиялық ахуалдың жақсаруына, өмір ұзақтығының өсуіне, сондай-ақ жинақтаушы жүйенің зейнетақымен қамсыздандырудағы үлесі мен рөлінің ұлғаюына қарай ұзақ кезең (10 жыл) бойы біртіндеп жүреді. Бұл ниетіміз демографиялық үрдістерге де, өркениетті қоғамдағы феминистік ұйымдардың айтқанынан гөрі едәуір кең мағынаға ие бола бастаған гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыруға да сәйкес келеді.

Әлемнің көптеген елінде зейнеткерлікке шығудың орташа жасы ерлер мен әйелдер үшін 65 жасты құрайды. Бұл өмір сапасының  жақсаруына және өмір ұзақтығына байланысты. Атап айтқанда, Қазақстанда 2011 жылы өмірдің күтілетін ұзақтығы ерлер үшін 64 жасты және әйелдер үшін 74 жасты құрады. Осы көрсеткіш адам туған кездегі өмір ұзақтығының орташа мәні ретінде есептеледі. Яғни, барлық жастағы жалпы өлім, оның ішінде көрсеткіші Қазақстанда соңғы уақытқа дейін үнемі өте жоғары болған сәбилер өлімі есептеледі. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен кезде күтіліп отырған өмір ұзақтығы енді тиісінше 13,0 және 20,8 жылды құрайды. Яғни, статистика бойынша ерлер мен әйелдер зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін қанша жыл өмір сүретіні есептеледі. Қазіргі уақытта жалпы белгіленген зейнеткерлік жастың ерлер үшін 63 жасты және әйелдер үшін 58 жасты құрайтынын еске саламын. Осылайша, зейнеткерлікке шыққаннан кейін неғұрлым ұзақ өмір сүру келешегі болған кезінде әйелдердің қаражат жинау мерзімі аз болады (58 жасқа дейін). Және де зейнеткерлік жастың өсуімен бірге болашақта неғұрлым лайықты зейнетақы жинақтауды және есептеуді жалғастыра отырып, жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болады. Бұл ретте әйелдер мен ерлер көптеген елдердегі сияқты зейнеткерлікке мерзімінен бұрын шығу құқығымен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ Ұлттық Банк денсаулыққа зиянды және қауіпті  еңбек жағдайларымен байланысты қызмет түрлері бойынша кәсіби жарналардың міндеттілігін және осындай қызметкерлер үшін зейнеткерлікке шығудың шекті жасын төмендетуді қолдайды. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын енгізудің қызметкерлердің осы санаты үшін зейнеткерлікке неғұрлым ерте шығу үшін жеткілікті қаражат жинақтау мүмкіндігін береді деп санаймыз.

Осылайша, жасты  ұлғайту үшін бірқатар қомақты себептер бар, атап айтқанда:

– өмір сүру ұзақтығының  ұлғаюы және халықтың қартаюы.

– зейнеткерлікке шыққан кезде салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатының төлем мөлшері бойынша (орнын басу коэффициентінің төмен болуы) және сол сияқты зейнетақы төлемдерін алу ұзақтығы бойынша жетіспеуі.

Барлық осы  ұсыныстар арнайы құрылған ведомствоаралық  комиссия шеңберінде талқыланады, комиссия ҚР ҰБ-ның, ЖЗҚ-ның және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсыныстарын қарап, пысықтайды. Комиссияның құрамына Ұлттық Банктің мамандарымен қатар Экономикалық даму және сауда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы министрліктерінің, Статистика агенттігінің, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның өкілдері кіреді.

Жалпы алғанда, біз зейнетақымен қамсыздандырудың қолданыстағы жүйесінен түбегейлі бас тартудың қажеттілігі және қандай да болсын орындылығы жоқ деп санаймыз.

Сондай-ақ, зейнетақы  жүйесін реформалау жөніндегі ортақ ұсынысты Үкімет әзірлейтінін, бірақ түпкілікті шешімді Парламент қабылдайтынын қоса айтамын.

– Барлық ЖЗҚ-ны мемлекеттің басқаруындағы бірыңғай қорға біріктіру туралы ұсыныс талқыланып жатыр ма?

– Ұлттық Банк осындай ұсынысқа қарсылық білдірді.

Қорларды шоғырландыру жинақтаушы зейнетақы жүйесінің проблемаларын шешпейді, тек тәуекелдердің артуына және шоғырлануына мүмкіндік жасайды. Зейнетақы активтерінің бірыңғай басқарушысы тіпті бағалы қағаздардың әртараптандырылған портфелі және жекелеген ЖЗҚ-дан немесе компанияны басқарушылардан бөлек басқа қаржы құралдары болған кезде де көп дәрежеде жүйелік тәуекелге ұшырайды. Бұл біріктіруге жол берілмейтін жалғыз себеп емес. Ұлттық Банктің дәлелдерінің ішінде – біріктірілген жағдайда активтерді басқару тиімділігін әділ бағалау мүмкін болмайды, бірақ бұл ретте ұзақ мерзімді зейнетақы активтерін мемлекеттің ағымдағы шығыстарын жабу үшін пайдалану мүмкіндігі туындайды. Ал бұған жол берілмейді.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен  Алевтина ДОНСКИХ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның Жинақтаушы зейнетақы қорларының 2012 жылғы 1 қарашадағы рейтингі

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 1 қарашасындағы  жағдай бойынша, бірде-бір қазақстандық жинақтаушы зейнетақы қоры 12 айдың  ішінде К2 кірістілік көрсеткіші бойынша инфляция деңгейінен аса алмады.

Дегенмен, өлшенген орташа кірістілік нарық бойынша  соңғы бірнеше айдың ішінде 2 есеге  өсті. Бұл жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) кірістілігін арттыруға бағытталған  және ҚР Ұлттық банкі өткізіп отырған зейнетақы жүйесін реформалаумен байланысты. Егер оң қарқын сақталып қалатын болса, бірнеше айдан кейін көптеген ЖЗҚ-ның кірістілігі инфляция деңгейіне анағұрлым жақындай түседі, тіпті, асып түсуі де мүмкін деген болжамдар жасалуда.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуы