Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 12:15, контрольная работа

Описание работы

Социалистік елдер аясында бірінші рет міндетті зейнетақы жүйесін мемлекет тарапынан қатаң қадағалау жүргізілі бастады. Бұл өз алдына зейнетақы қорларын,зейнетақы ативтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (ЗАИБЖҰ) жұмысын бақылауға мүмкіндік берді. 1998 жылда Қазақстанда 8 ЗАИБЖҰ және 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 12 мемлекеттік емес қорлар, 5 кастодиан- банктер пайда болды. Бір жылдың ішінде бүкіл зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы құрылды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі -23,5 млрд. теңгені құрады. 1999 жылы қаржы құралдарының тізімі ұлғайды. Соның арқасында ЗАИБЖҰ-лар зейнетақы активтері арқылы шетелдік корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік алды.

Файлы: 1 файл

karjy kursovoi.doc

— 290.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің құрылуы.

1997 жылдың 20 маусымында  «Қазақстан Республикасынды зейнетақымен  қамту» Заңы жарық көрді.Ол  өз күшіне 1998 жылдың 1 қаңтарынан  бастап енді. Заң екі бөліктен  тұрды:  
1) Жинақтаушы;  
2) Ұрпақтардың бірігіп төлеуі (солидарлы). 
Социалистік елдер аясында бірінші рет міндетті зейнетақы жүйесін мемлекет тарапынан қатаң қадағалау жүргізілі бастады. Бұл өз алдына зейнетақы қорларын,зейнетақы ативтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (ЗАИБЖҰ) жұмысын бақылауға мүмкіндік берді. 1998 жылда Қазақстанда 8 ЗАИБЖҰ  және 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 12 мемлекеттік емес қорлар, 5 кастодиан- банктер пайда болды. Бір жылдың ішінде бүкіл зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы құрылды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі -23,5 млрд. теңгені құрады. 1999 жылы қаржы құралдарының тізімі ұлғайды.   Соның арқасында ЗАИБЖҰ-лар зейнетақы активтері арқылы шетелдік корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік алды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі - 64,5млрд. теңгені   құрады. Жиннақтаушы зейнетақы қорларының орта жылдық табысы 41,38%-ды құрады. Бұл жоғарғы көрсеткіш бағамдық айырмашылық негізінде  қол жеткізілді. Біз білетініміздей 2000 жыл «корпоративті бағалы қағаздар» жылы болды.Зейнетақы активтерін бұл салаға инвестициялау жүйенің табысты жұмыс жасауына әкелді. Бұл өзгерістермен қатар 2000 жылы зейнетақы жұйесінің нормативтік –құқықтық базасы жақсарды. 2000-2002 жылдардың арасында ЗАИБЖҰ-ның жалпы саны өзгермеді. Бұл олардың нарықтағы қажетсіздігімен, сонымен қатар мемлекет тарпынан қойылған қатаң талаптармен түсіндіріледі. 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап ЗАИБЖҰ-ның жарғылық капиталының көлемі 150 млн.  теңгені құрайтын болды. 2003 жылы «Қазақстан Республикасында зейнетақамен қамту» туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер негізінде зейнетақы қорлары зейнетақа активтерін өздері басқаруға мүмкіншілік алды, бұл өз алдына шығындарды азйтуға мүмкіндік берді. Қазақстандық зейнетақы жүйесінің құрылуы және дамуы барысында халықтың оған деген  сенімі күшейе түсті және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының саны көбейе бастады.  Осының негізінде зейнетақы жарналарының көлемі (міндетті зейнетақы бойынша) 2005 жылдың 1 тамызында 7239818 млрд. теңгені құрады.  
Жинақтаушы зейнетақы қорлары: 
-    Ашық 
-    корпоративтік болуы мүмкін. 
1 . Ашық жинақтаушы  зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін  және тұратын  жеріне қарамастан  салымшылардан  зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.  
2. Корпоративтік  ЖЗҚ-ы сол ЖЗҚ-ның құрылтайшылары  және акционерлері  болып табылатын  бір немесе  бірнеше ашық  тұлғалардың алушы –қызметкерлері үшін құрылады. 
Жинақтаушы зйенетақы қорлары акционерлік қоғам  нысанында құрылады. ЖЗҚ-ы уәкілетті органмен белгілеген келісім бойынша , ол белгілеген  тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер  ашуға құқылы. 
 ЖЗҚ-ның құрылтайшылары болып, ҚР-ның резиденттері –заңды  және жеке тұлғалар, сондай-ақ ҚР-ның Үкіметі ашық ЖЗҚ-ның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. 
ЖЗҚ–н мемлекеттік тіркеуді, сондай ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен тлықтырулар енгізуді уәклетті органның рұқсаты  болған жағдайда ҚР-ның заңдарына сәйкес әділет органдары  жүзеге асырады.  
Рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік - құқықтық актілерімен белгіленеді. 
 ЖЗҚ-ның атауында «Жинақтаушы зейнетақы қоры» деген  сөздер болуы тиіс. ЖЗҚ-ның  өз атауында «ұлттық», «орталық», «үкіметтік», «сақтық», «сақтандырушы» деген сөздер қандай тілде болса да толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тиым салынады. Жағылық капиталдың жүз проценті  ҚР-ның Үкіметіне тиесілі болған жағдайда  ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «мемлекеттік» деген сөз қолданыла алады. 
Зейнетақы жарналарын тарту  және зейнетақы төлемдерін  жүзеге асыру жөніндегі  қызметті лицезиялауды ҚР-ынң заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган  лицензиялайды. 
ЖЗҚ-ның жарғылық капиталынның ең төменгі мөлшерін , оны қалыптастырудың тәртібі  мен құрамын уәкілетті орган белгілейді. 
ЖЗҚ-ның жрғылық капиталы ақшамен төленеді. Құрылтайшылар өз капиталы шегінде  жарғылық капиталға ақша салады, ЖЗҚ-ның акцияларын төлейді. 
ЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақалары:  
 1. Инвестициялық табыстың 15 процентінен; 
 2. Айына зейнетақы  активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгіленеді.   
Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда аудиторлық ұйым жүргізеді. жыл қорытындысы бойынша аудиторлық есеп жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есептілігігнің ажырамасбөлігі болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы  туралы ауиторлық ұйымның аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. Жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

 

 

Зейнетақы жүйесін жетілдіру – маңызды  міндет

Зейнетақымен қамсыздандыру  кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтары Конституцияда бекітілген. 
Қазақстан  қоғамдық қатынастар  өзгерістерге ұшырап жатқан қиын жағдайларда әлеуметтік қамсыздандыру моделін таңдауды жүзеге асырды.  Әлеуметтік кепілдік берудің патерналистік схемасын адам дамуының қажеттіліктеріне, саяси реформалар мен экономиканы ұйымдастырудың жаңа нарықтық қағидаттарына қарай қайта өзгерту қажеттігі туындады. Таңдау әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру және халықаралық институттардың ұсынымдарын есепке ала отырып жасалды. 
Чили тәжірибесіне негізделген қазақстандық модель сипаты бойынша түрлі заманауи модельдердің белгілерін қамтиды. Мемлекеттің белсенді қатысуы мен жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлу скандинавиялық (Швеция, Дания, Норвегия) модельге үйлеседі. Сақтандырудың болуы және тікелей мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасында әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігінің теңдей бөлінуі  консервативтік-корпоративтік (Германия, Франция, Италия) және либералды (АҚШ, Канада, Ұлыбритания) модельдерге сәйкес келеді. Әлеуметтік саясаттың экономикалық өсуге тәуелді болуы Шығыс Азия моделінің (80 жж.-ға дейінгі Жапония, Оңтүстік Корея) үлгісінде жүзеге асырылады. 
Қазақстандағы қазіргі зейнетақы жүйесі Үкімет елімізде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасын мақұлдаған және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданған кезден, яғни 1997 жылдан бастау алады. 
Зейнетақы реформасы капитал рыногын жекешелендіру және дамытудан тұратын үш бірдей экономикалық даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде жоспарланған болатын. Экономикалық дамуды ескеретін қаржылық тұрақты, дербестендірілген зейнетақы жарналар арқылы еңбек үлесімен өлшенетін әділ жүйе құру қайта құрудың басты мақсаты болып табылды. 
Реформаның ұзақ мерзімді мақсаты төлемдері белгілі ынтымақты зейнетақы жүйесінен аударымдары нақты жинақтаушы жүйеге өтуден  тұрады. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін дамыту жөніндегі зерттеу жұмыстарының шеңберінде жүргізілген Дүниежүзілік банктің актуарлық есептеулері бойынша аталған транзит 2043 жылға қарай аяқталады деп болжануда. Сол уақытта зейнеткерлер зейнетақыны толықтай капитал рыногында инвестицияланатын міндетті дербес жинақтау шоттарындағы жинақтардың есебінен алуға тиіс. 
Еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалаудың 14 жылы ішінде толыққанды көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға арналған тұжырымды және нормативтік құқықтық база қалыптастырылды, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы жасалып, дамытылуда, зейнетақы жүйесін басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды. Бұл қолданыстағы жүйеге қажетті талдау жүргізуге және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік берді. 
Қазіргі таңда зейнетақы қызметі рыногында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. Салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының саны 8,2 млн. бірлікті құрайды. Бұл ретте қорларға міндетті зейнетақы жарнасын белсенді төлеушілердің саны 5,6 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылған адамдардың 67 %-ын құрайды (1999 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп). Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2011 жылдың басынан бері 393,2 млрд. теңгеге немесе 17,4 %-ға көбейіп, 2 триллион 651 млрд. теңгені құрады. 
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 млрд. теңгеден астам сомаға инвестицияланды, бұл барлық зейнетақы жинақтары сомасының 96 %-ы. Реформаның алғашқы жылдары қорлардың инвестициялық портфелінде мемлекеттік құнды қағаздар басым болған болса, қазіргі кезде мемлекеттік құнды қағаздарда инвестициялардың үлесі төмендеген, бұл орайда корпоративтік құнды қағаздарға және екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салынған зейнетақы жинақтарының көлемі өсуде. 
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығына қарамастан, зейнет жасына жеткеннен кейін сақтандырылған адамға аннуитеттер төлеуді көздейтін зейнетақымен сақтандыру жүйесі де белсенді енгізілуде. 2007-2011 жылдар аралығында зейнетақы аннуитеті шартын жасаған салымшылардың саны 300 есеге (29 шарттан 6,5 мың шартқа дейін), зейнетақы аннуитеттер бойынша сыйақылар жинағы 500 есеге (32 млн. теңгеден 15,8 млрд. теңгеге дейін) өсті. 
2008 жылы басталған әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына едәуір әсерін тигізді. Дағдарыс ықпалын ескерген Қазақстан қаржы жүйесін сауықтыру жөніндегі кешенді шаралармен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз санатының өмір сүру деңгейін төмендетіп алмау үшін алдын алу шараларын қарастырды.  Осындай дағдарысқа қарсы шаралардың бірі зейнетақы төлеміне құқық туындаған сәтте, яғни зейнетке шығар кездегі инфляция деңгейіне қарай міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдіктермен қамтамасыз ету болды. 
Сондай-ақ, мемлекет зейнетақы алу құқықтары реформаға дейін туындаған 1 млн. 735 мың зейнеткер үшін ынтымақты зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауда. Зейнетақы жүйесін реформалаудың алғашқы жылдарында табысты орташа зейнетақымен ауыстыру ставкасы кеңес кезіндегіден (1991 жылы – 42,8%, 2001 жылы – 34,2 %) төмен болған болса, 2005 жылы базалық зейнетақы төлемінің енгізілуін, сондай-ақ соңғы үш жылғы жыл сайынғы 25-30%-дық өсірулерді ескеретін болсақ, ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлердің ауыстыру ставкасы 2011 жылы 46,1 %-ды құрады, бұл Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымына сай келеді. 
Мұндай шаралар зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерін 24047 теңгеге, орташа мөлшерін  35829 теңгеге, ең жоғары мөлшерін  52226 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 
Дамудың оң үрдістеріне қарамастан, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде шешімі табылмаған оның қаржылық тұрақтылығы, сенімділігі,  шынайылығына (зейнетақы төлемдерінің сәйкестігі) және әлеуметтік тиімділігіне қатысты бірқатар жүйелі проблемалар бар. Қазіргі таңда Экономикалық даму және сауда министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп қолданыстағы зейнетақы жүйесінің жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіруге жағдай жасау  үшін әдістемелерді айқындау жұмыстары басталды. Сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде актуарлық есептер жүргізу және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін Дүниежүзілік банк сарапшылары тартылған. 
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында  Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер» екенін атап өтіп, Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. 
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген.  Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ететін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр. Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зейнетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60%-на жеткізіледі, ал ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай міндетті түрде өсіріліп тұрады. 
Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен қамтуды кеңейту, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін және олардағы зейнетақы төлемдері тетігін жетілдіру, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдірудің  басты бағыты болып табылады. 
Қазақстан  Үкіметі 2011 жылдың наурызында бекіткен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту жоспарланып отыр. Аталмыш бағдарлама өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар мен табысы аз қазақстандықтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесуге ғана емес, өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға да бағытталған. Жұмыспен қамту бағдарламасының нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысатындардың саны 2016 жылға қарай шамамен 1,0 млн. адамды құрайтын болады. Бұл ретте бағдарламамен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысушы адамның 60 %-ы жалдамалы қызметкер мәртебесіне ие болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жалақысын төлеуге жұмсалатын субсидия сомасынан   10 % мөлшерінде міндетті зейнетақы жарна аударылатын болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың екінші бөлігі (40 %) өз пайдасына 22,2 млрд. теңге сомасында міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Сонымен бір уақытта өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу есебі мен мониторингін жетілдіру шаралары қабылданады. 
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық проблемаларын шешу құнды қағаздар рыногының жай-күйімен тікелей байланысты, себебі салынған зейнетақы активтерінен инвестициялық табыс алу портфельдік инвестициялар шеңберінде ғана мүмкін және орынды болады. Биылғы жылдан бастап, жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржылық құралдар құрылымы бойынша және инвестициялық қатерлер деңгейі бойынша ерекшеленетін бірнеше инвестициялық портфельдерді (консервативтік, біркелкі) қалыптастыратын болады. Бұл орайда жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысына (алушысына) зейнетақы жинақтарын көбейту мақсатында инвестициялық портфельді өз бетінше таңдау құқығы беріледі. 
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері тетіктерін жетілдіру және келешекте зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту  аяқталғаннан кейін аннуитеттерді одан әрі кеңінен қолдану, бірлескен аннуитеттердің түрлерін енгізу жоспарлануда, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібіне де бірқатар өзгерістер енгізілетін болады. 
Қорыта келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабельдігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың  негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да беретінін атап өткім келеді. 
Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

Қоғамның  зейнетақы жүйесіне ден қоюы –  оны реформалаудың оңтайлы негізі

Ұлттық банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

Өзінің 15 жылдығын Қазақстанныңжинақтаушы зейнетақы жүйесі көңілқуантарлық көрсеткіштермен  қарсыалуда: онда 3 триллион теңгеден асажинақталған – салымшыларшоттарының саны 8 миллионнан асадыжәне оны одан әрі дамытуға қатыстыпікірталас та қыза түсуде.

Екінші жағдай айтарлықтай терісфактор емес. Ол теріс фактордан гөрі,адамдардың жинақтаушы зейнетақықорларын қаражаттың қолма-қол ақшағаайналдырылмай, дәлме-дәлдербестендіріліп, яғни әрбір нақты салымшыға тиесілі етіпжинақталатын маңызды қаржы институты екендігін түсінгендігінбілдіретін оң фактор. Зейнеткердің материалдық игілігі мемлекеттікбюджеттің жағдайына емес, аударылған сомаға, тұтастай алғанда бүкілжүйенің тетіктері мен кепілдіктерінің қаншалықты сенімді болуынабайланысты. Жүйе жұмыс істей бастаған алғашқы жылдардағысенімсіздік пен жоққа шығарушылық көзқарастың қоғамның жүйегеосыншама ынта қойып, назар аударуына ауысуы өте жақсы да болар. Алпікірталастың барлық кезде фактілерге құрылмайтыны қынжылтады:көбіне ол эмоцияға, қателесуге, дәйексіз немесе бұрмаланған ақпаратқанегізделеді. Жиі айтылатын мәселелер, ең даулы растаулар менүрейлерді жинақтап, оларға түсініктеме беру үшін ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Дина ҒАЛИЕВАҒАөтініш жасадық.

Жинақтаушы жүйемен бірлескен

– Дина Төлеубекқызы, маңызды мәселеден бастасақ: жинақтаушы жүйеөзін-өзі ақтай алмағандықтан, ортақ жүйеге қайта оралуға шақыратын«үгіттеушілер» пайда болды. Ұлттық Банктің бұлай ойламайтыны түсінікті,фактілерге сүйенген қандай айғақтарды келтірер едіңіз?  

– Қазіргі уақытта  Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыруы үш деңгейлі жүйеден тұрады. Бірінші деңгей – ортақ жүйе, онда мемлекеттік бюджет зейнетақы төлемдерінің көзі болып табылады. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша алты айдан кем емес еңбек өтілі бар, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар мөлшері 17 491 теңге – 47 327 теңге аралығында ай сайынғы ортақ зейнетақыны алады. Оған қосымша, базалық мемлекеттік (демогрант) немесе «Президенттік» деп аталатын күнкөріс деңгейінің ½ көлеміндегі зейнетақының мөлшері – 8 720 теңге, оны еліміздің барлық зейнеткерлері алады.

Екінші деңгей – барлық жұмыс істеушілердің ай сайынғы кірісінен аударылатын есептеулердің белгіленген 10 пайыздық мөлшерімен міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі. 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың 8 360 641 жеке зейнетақы шоттарында 3 036,2 млрд. теңге зейнетақы активі жинақталған. 11 жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) жұмыс істейді, олардың республика өңірлерінде 120 филиалы және 33 өкілдігі бар. Статистикаға сәйкес, салымшылардың зейнетақы жинақтарының жыл сайынғы өсімі 20-25% құрайды. Біздің жинақтаушы зейнетақы жүйеміздің тарихында активтерді инвестициялаудан түскен кірістілік нақты көрсетуде оң болып отыр, яғни инфляцияның жинақталған деңгейінен асады. Мәселен, кірістіліктің жинақталған деңгейі 348,22%-ды, ал инфляцияның жинақталған мәні 211,86%-ды құрады. Кірістілік пен инфляцияның орташа жылдық мәні тиісінше 12,02% және 8,69% құрады.

Үшінші деңгей – ерікті жарналар. 2012 жылғы 1 қазандағы  жағдай бойынша 37 943 зейнетақы шотында 1,27 млрд. теңге және ерікті кәсіби зейнетақы жарнасы жинақталған. 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4 119 зейнетақы шотында 125,9 млн. теңге жинақталған. Өкінішке орай, бұл деңгей әлі дами қойған жоқ, бірақ оның әлеуеті зор.

Осылайша, бүгінгі  күні зейнеткерлердің көпшілігі аралас зейнетақы: ортақ және базалық зейнетақыны – мемлекеттік бюджет есебінен және ЖЗҚ-дан не сақтандыру компаниясынан – жеке жинақ қаражатының есебінен. Ашық дерек көздерінің мәліметтерін негізге ала отырып, орташа зейнетақының шамамен есебін шығаруға болады. 2011 жылы мемлекеттік зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны есептегенде 27 388 теңгені құрады. Зейнетақы қорларынан 1 алушыға төленетін жыл сайынғы төлемдердің орташа мөлшері шамамен 44 000 теңгені құрайды.

Әрине, «Жинақтаушы  зейнетақы жүйесі өзін-өзі ақтады ма?» деген сұраққа жауап беру үшін біздің 14 жылымыздан да көп уақыт өтуі тиіс. Кез келген зейнетақы жүйесін талдау үшін ұзақ уақыт қажет – оның ерекшелігі де сонда. Зейнетақы жинақтары – ұзақ мерзімді актив және тиісінше, оны инвестициялаудан түскен кірістілік ұзақ кезең үшін бағаланады. Алайда 14 жылдың қорытындысы бойынша аралық нәтижелерді бағалауға болады. Олардың бірі: зейнетақы активтерін инвестициялаудан нақты көрсетуде түсетін оң кірістілікті мысалға келтіріп кеттім.

Басқа көрсеткіш  – дағдарысқа қарсы тұра білу. Жүйе іске қосылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі ауыртпалықты да, қарқындап өсуді де бастан кешірді. Әдетте, бұл Қазақстан бастан кешірген экономикалық циклдермен байланысты болды. Біздің зейнетақы жүйеміз 2 ірі әлемдік қаржы дағдарысын бастан кешірді. Біріншісі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (ЖЗЖ-ның) бастапқы қалыптасқан кезі – ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының соңына сәйкес келді. Екінші қаржы дағдарысы – бүкіл әлемдік экономика үшін маңыздылығы мен көлемі бойынша соңғы 80 жылдағы ең күштісі – айтарлықтай теріс әсер етті. 2007 және 2008 жылдары Қазақстанда инфляция жоғары (18,8% және 9,5%) болды. Бүгінгі күні елдегі экономикалық ахуалдың біртіндеп қалыпқа келе бастағанын және инфляция деңгейінің айтарлықтай төмендегенін көріп отырмыз.

ЖЗЖ-ның орын алған проблемаларын шешуге болады және бұл бағытта уәкілетті мемлекеттік органдар тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Зейнетақымен қамсыздандырудың қолданыстағы жүйесінен бас тартудың қажеттілігі және қандай да бір орындылығы жоқ, себебі бұл болашақта мемлекеттік бюджетке теріс әсер етеді, қор нарығының одан әрі дамуына және экономиканың нақты секторын қаржыландыру мүмкіндігіне ықпал етеді. Сондай-ақ әрбір адамның өз қарттығын қамтамасыз етудегі қызығушылығын азайтады.

Адамдардың  проблемаларын шешіп, олардың қартайған шағында лайықты өмір сүруіне мүмкіндік беру үшін бүкіл халықтың көзқарасын өзгерту: зейнетақы жинақтарын ынталандыру, жалақының қалтарыстан шығуы үшін жағдай жасау, салық аударымдарының мөлшерлері мен болашақтағы зейнетақы мөлшерінің арасындағы байланысты нығайту қажет. Ең бастысы, болашақ зейнеткер философиясын қалыптастыру қажет.

Тәуекелдер мен артықшылықтарды саралау

– Әңгіменің мәнін жақсы түсіну үшін оқырмандарға жинақтаушызейнетақы жүйесінің ортақ жүйеден маңызды айырмашылықтарын айтакеткеніміз жөн болар? 

– Ортақ жүйе: зейнетақы жұмысқа қабілетті  халықтың ағымдағы салық түсімдері  есебінен мемлекеттік бюджеттен  төленеді және ол зейнеткердің жалпы  өтіліне байланысты. Тәуекелді мемлекет көтереді.

Жинақтау жүйесі: зейнетақы салымшының жеке зейнетақы  шотына аударған аударымдары есебінен төленеді және оның кірісінің мөлшеріне және зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижелеріне байланысты.

1998 жылы зейнетақы  реформасын жүргізуге мыналар негізгі себеп болғанын еске сала кетейін:

1) халықтың экономикалық  тұрғыдан белсенділерінің саны (жұмыс істейтіндері) мен зейнеткерлердің арасындағы тепе-теңдіктің болмағаны. 1998 жылғы реформаны өткізген сәтте ол арақатынас 1-ге 1,8 болды және демографиялық үрдістер салдарынан ол әлі де төмен (қазір 1-ге 2,1);

2) дербес есепке  алудың болмауы, ол қарттықты қамтамасыз етуге әркімнің жеке мүддесінің болмауына әкеп соқты. Бюджеттен тыс қорларға жоғары мөлшерде міндетті аударымдардың есептелуі (32% сомасында) және төлемдермен байланыстың болмауы төлемдерді ұдайы төлемеуге және төлеуден жалтаруға әкеп соқты. Барлық меншік нысандары кәсіпорындарының жалпы берешегі 1998 жылы өзінің шыңына – 40 млрд. теңгеге жетті. Зейнетақы алымдарының деңгейі үздіксіз төмендеді;

3) бюджеттен  тыс қорлар қаражатының бақылаусыз  пайдаланылуы;

4) өзін өзі  қамтыған халықтың бақыланбауы, тиісінше, олардан түскен алымның өте аз болуы;

5) зейнетақы  төлемдері бойынша берешектің көп болуы.

Нәтижесінде: жоғарыда аталған факторлар 1997 жылы Қазақстанда зейнетақы жүйесі дағдарысының негізгі белгілері: берешектің ондаған миллиард теңгеге жетіп, 5-6 ай бойы зейнеткерлерге зейнетақының ұдайы, көптеп төленбеуіне әкеп соқты. Сондықтан да 1998 жылғы зейнетақы реформасының негізгі мақсаты зейнеткерлердің кірісін қорғау және онымен қатар жеке секторды тартуды және елде капитал нарықтарын дамытуды жылжыту болып табылды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуы