Қазақстан республикасындағы депозиттік нарықтың қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 10:20, реферат

Описание работы

Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен келесі факторға тәуелді болып келеді:
1. Халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
2. Олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
3. Салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
4. Елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.

Файлы: 1 файл

бд сро.docx

— 96.10 Кб (Скачать файл)

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

  Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

 Экономика , құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

 

 

 

        СӨЖ

 

Тақырыбы :   Қазақстан республикасындағы депозиттік нарықтың қазіргі жағдайы

 

    

 

 

                                                                    ОРЫНДАҒАН : Қасенова Ә.Е.

                                                                     ТОП :                 ФН-305

                                                                     ТЕКСЕРГЕН :  Акишева Д.М.

 

 

 

Семей қаласы

2015 жыл

 

 

Коммерциялық банктер басқада шаруашылық қатынастағы субъектілер сияқты өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатың немесе ақша ресурстарының белгілі бір соммасын иеленуі қажет. Қазіргі таңдағы экономиканың дамуында ресурстарды қалыптастыру мәселесі аса маңызды мәнге ие.

Коммерциялық банктердің тартылған ресурстарының негізгі бөлігін депозиттер құрайды, ол дегеніміз жеке және заңды тұлғалардың сонмен қатар кәсіпорындардың, серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың белгілі бір шотқа және оларға банктік заңнама мен шот тәртібіне сәйкес қолдануға болатын банк клиенттерінің салған ақшалай қаражаттары.

Қазақстан Республикасында клиенттердің  салымдары 01.12.2014ж. мәліметтер бойынша 11337млрд.  теңге  немесе жиынтық  міндеттемелердің 71,2%-ын құрап, 2014 жылдың басынан бері өсу –15,2% болды.  Заңды тұлғалардың салымдары 6950 млрд. теңге немесе клиенттер салымдарының 61,3%-ын құрап, 2014 жылдың басынан бері ұлғаю –17,9 % болды. Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдарының үлесі жылдың басындағы 32,7%-дан есепті күнгі 46,6%-ға дейін өсті. Жеке тұлғалардың салымдары 4388 млрд. теңге немесе клиенттер салымдарының 38,7%-ын құрап, 2014 жылдың басынан бері ұлғаю –11,1% болды. Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдарының үлесі жылдың басындағы 44,0%-дан есепті күнгі 60,5%-ға дейін өсті.

Қазақстан Республикасының депозиттік нарығы тиімді дамыту стратегиясында ел ішіндегі жұмылдырылған қаражатты әрі қарай арттыруға жақын арада жағдай туғызу мүмкін болатын қаржы нарығының серпінді сегменті болып табылады.

 

 

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны, банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне сенімділігінің артуынан байқалады. Екінші деңгейлі банктер үшін тартылған қаражаттар, өз меншікті қаражаттарына қарағанда орасан зор орын алады, себебі тартылған қаражаттар есебінен банктердің активті операцияларының басым көпшілігі жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы  17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Үкімет биыл экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге тиіс. Бұл орайда биылғы жыл қорытындысы бойынша, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмауға тиіс. Ұлттық банк пен Үкіметке 2014 жылғы 1 мамырға дейін инфляцияны орта мерзімді перспективада 3-4 пайызға дейін төмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, 2014 жылғы 1 маусымға дейін Қаржы нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын әзірлеуі қажет» - деп, елбасымыз, нақтылап Үкімет пен Ұлттық банктің алдына бірқатар міндеттер жүктеді

Осы орайда, қаржы тұрақтылығын сақтауда көптеген іс-шаралар, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Депозит нарығының дамуы қаржы нарығының дамуына тікелей әсерін тигізетінін атап өткен жөн. Өйткені,  депозиттік мекемелер, капиталдарды қайта бөлуде делдал бола отырып, өндірістік жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуына көмектеседі. Қазақстан Республикасының депозиттік қызметінің құрылуына да көп уақыт болмаса да, нарықта белгілі тұрақтылығымен сипатталуда.

Қазақстандық депозит нарығында жинақтаушы депозиттің мынадай түрлері ұсынылады:

  • Жедел жинақ салымы, ол бойынша не тіркелген мерзім, не салым ақша алынбайтын мерзім белгіленеді және ол бойынша басқа жинақ салымдарымен салыстырғанда ең аз жоғары пайыз есептеледі;
  • Қосымша жарнасы бар жедел депозит. Ол бойынша салым сақталатын мерзім ішінде қосымша жарна жүргізіледі, осылай ету арқылы оның мөлшері артады;
  • Қосымша жарнасы болатын жинақ салымы. Бұл шотқа кезең сайын келісімшартпен анықталған сома ұдайы енгізіліп отырады және белгілі бір сәтке сомадан болатын пайыз төленеді;
  • Ағымдағы жинақ салымы. Ол қаражаттың еркін түсімін және еркін алынуын ұйғарады. Әдетте олар пайызсыз болады және зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, материалдық көмек төлеу үшін пайдаланылады;
  • Ұтысты, ақшалай-заттай ұтысты депозит түрі. Бұл депозит бойынша сыйақының негізгі формасына ұдайы өткізілетін лотереядан түсетін ақша-тауар түріндіге сыйлықтар жатады;
  • Жастардың сыйлық салымы[2].

Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар екінші деңгейлі банктердің пассивтерінің негізі болып табылады. Коммерциялық банктерге халық сенімі артып отыр, соның нәтижесінде салымдардың мөлшері де артуда. Банктер депозиттерді әртүрлі шарттармен беруде. Бұлар балаларға арналған жинақ депозиттер, зейнеткерлерге арналған депозиттер тағы басқа.

Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.

Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен келесі факторға тәуелді болып келеді:

  1. Халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
  2. Олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
  3. Салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
  4. Елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.

Халықтың отандық қаржы жүйесіне сенімін арттыру міндетін жүзеге асыру және оның жинақталған ақшасын банк жүйесіне тарту мақсатында 1999 жылғы 15 қарашада “Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қоры” құрылды. Қордың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.

2014 жылдың 1 желтоқсанындағы  жағдайға сәйкес, Қордың кепілдік  берілген өтемді төлеуге арналған  арнайы резервінің көлемі 205,7 млрд. теңгені құраған. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкі Қордың жарғылық  капиталын жыл сайын 10 пайызға  арттырып отырады. Қордың өз жарғылық  капиталының 70 пайызын арнайы резервті  толтыруға бағыттауға құқығы  бар, ол қазір 124 млрд. теңгені құрап  отыр.

Елімізде 2007 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енген «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңы қабылданды.  2008 жылғы 23-ші қазанындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, бұл Заңда жеке тұлғалардың депозиттерінің кепілдендірілген өтем сомасын жеті жүз мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін көбейту қарастырылып, жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру сомасы 5 миллион теңгені құрады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметі пен Ұлттық Банкінің бірлескен мәлімдемесінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасын 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін арттыру қарастырылып отыр. Бұл дегеніміз, салымшылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға, отандық банк жүйесіне жұртшылықтың сенімін арттыру және банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. 

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 25.12.2014 ж. №6 шешімімен жеке тұлғалардың шетел валютасында жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері 4%-дан 3%-ға дейін төмендетілді, жеке тұлғалардың ұлттық валютада жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бұрынғы қалпында – 10 % мөлшерінде қалдырылды. Бұл шешім жеке тұлғалардың барлық депозиттері үшін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді [3].

Сонымен 01.12.2014ж. мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында клиенттердің  салымдары 11337млрд.  теңге  немесе жиынтық  міндеттемелердің 71,2%-ы  (2014 жылдың басында–9 845 млрд. теңге немесе жиынтық міндеттемелердің 73,6%-ы), 2014 жылдың басынан бері ұлғаю –15,2% болды. Оны келесі 1-кестеден көре аламыз.

 

1-кесте. Қазақстан Республикасы банк секторы клиенттерінің салымдары


 

Көрсеткіштің атауы

01.01.2014

01.12.2014

барлығы

оның ішінде шетел валютасында

үлесі, барлығына %-бен

барлығы

оның ішінде шетел валютасында

үлесі, барлығына %-бен

Клиенттер салым дарының барлығы, оның ішінде:

9 844,9

3 664,8

37,2

11 337,3

5 890,6

52,0

Заңды тұлғалардың салымдары

5 895,5

1 927,4

32,7

6 949,5

3 235,2

46,6

Жеке тұлғалардың салымдары

3 949,4

1 737,4

44,0

4 387,8

2 655,4

60,5

Дерек көзі: http://afn.kz/


 

1- кесте көрсеткіштері  бойынша заңды тұлғалардың салымдары 6950 млрд. теңге немесе клиенттер  салымдарының 61,3%-ы (2014 жылдың басында 5 895 млрд. теңге немесе клиенттер  салымдарының 59,9%-ы), 2014 жылдың басынан  бері өсу –17,9 % болды. Заңды тұлғалардың  шетел валютасындағы салымдарының  үлесі жылдың басындағы 32,7%-дан  есепті күнгі 46,6%-ға дейін ұлғайды.

Жеке тұлғалардың салымдары 4388 млрд. теңге немесе клиенттер салымдарының 38,7%-ы (2014 жылдың басында –3949 млрд. теңге немесе клиенттер салымдарының 40,1%-ы), 2014 жылдың басынан бері өсу –11,1% болды. Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдарының үлесі жылдың басындағы 44,0%-дан есепті күнгі 60,5%-ға дейін ұлғайды.

 Қазақстан Республикасы банк секторының шетел валютасындағы салымдарының динамикасы 1-суретте көрсетілген.

Сурет 1. Қазақстан Республикасы банк секторының шетел валютасындағы салымдарының динамикасы

 

Коммерциялық банктерге әр аймақ, әр ауданда халықтың салымдары әр түрлі көрсеткіште келіп түседі, осыған орай жеке және заңды тұлғалардың банкке салған салымдары 2-кестеде көрсетіліп отыр.

 

2-кесте. Заңды жəне жеке тұлғалардың банктердегi салымдары, аймақтар кесіндісінде, млн.теңге.

 

Атаулары

Салымдар барлығы

Заңды тұлғалардың салымдары

Жеке тұлғалардың салымдары

01.01.2013

01.01.2014

01.01.2013

01.01.2014

01.01.2013

01.01.2014

Республика бойынша, барлығы

Оның ішінде:

8830430

9147443

4945612

5241595

3884819

3905848

Астана қ-сы

2592811

2601527

2165751

2164884

427060

436643

Алматы қ-сы

3803454

3997119

1815516

2020891

1987938

1976227

Ақмола

77274

81802

18721

21518

58552

60284

Көкшетау қ-сы

69006

73628

16755

19807

52251

53821

Ақтөбе

222437

222655

95068

93175

127369

129481

Ақтөбе қ-сы

222437

222655

95068

93175

127369

129481

Алматы

90894

95070

23675

26449

67219

68621

Талдықорған қ-сы

54500

57853

12552

14685

41948

43168

Атырау

228350

252402

137502

160393

90848

92009

Атырау қ-сы

225620

249601

137495

160387

88125

89213

Шығыс Қазақстан

243301

245708

57817

56871

185485

188837

Өскемен қ-сы

177580

179229

43901

43308

133679

135921

Жамбыл

71138

77230

18155

23404

52983

53826

Тараз қ-сы

69340

74831

18007

23245

51333

51586

Батыс Қазақстан

116872

114692

36014

32431

80858

82262

Орал қ-сы

116872

114692

36014

32431

80858

82262

Қарағанды

312379

315018

82356

80380

230024

234638

Қарағанды қ-сы

248525

249251

65343

62133

183182

187118

Қостанай

155842

156485

34545

33328

121296

123157

Қостанай қ-сы

1372257

142433

25129

28662

112097

113771

Қызылорда

103265

138628

62372

97341

40893

41287

Қызылорда қ-сы

103265

138628

62372

97341

40893

41287

Маңғыстау

353459

378423

257425

280261

96034

98162

Ақтау қ-сы

307198

316642

212922

22298

94275

96344

Павлодар

203013

211161

80965

86589

122048

124572

Павлодар қ-сы

168891

177484

70404

77659

98487

99825

Солтүстік Қазақстан

81320

83689

14451

16036

66869

67653

Петропавл қ-сы

81320

83689

14451

16036

66869

67653

Оңтүстік Қазақстан

174622

175833

45279

47643

129343

128190

Шымкент қ-сы

174622

175833

45279

47643

129343

128190

Ескертпе: http://www.nationalbank.kz/

Информация о работе Қазақстан республикасындағы депозиттік нарықтың қазіргі жағдайы