Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамту туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2015 в 22:35, реферат

Описание работы

Зейнеақы қорының мәні.
Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу.
Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы.
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкалары.

Файлы: 1 файл

ҚР зейнетақы қорлары.docx

— 107.15 Кб (Скачать файл)

 

 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамту туралы

Зейнеақы қорының мәні

  Зейнетақы– азаматтарға белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында  зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады.

  Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады.

  Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын (еңбекақы түрінде төленуге тиіс табысының 10%-ын) аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинайды. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемл. емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.

 

Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру 

  Орталықтан зейнетақы  төлемдерін алу құқығы бар  азаматтар:

- 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алатындары.

- Еңбек сіңірген жылдары  үшін зейнетақы төлемдерін алуға  құқығы бар, арнайы атақтар берілген  адамдар.

- Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда  оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бір жолғы төлем Орталықтан он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

- Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға  немесе заңды тұлғаға отыз бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде жерлеуге арналған бір жолғы төлем төленеді.

Орталықтан зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және төленіп отырады.

 

Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу 

 Міндетті зейнетақы  жарналарының салымшылары жинақтаушы  зейнетақы қорларына міндетті  зейнетақы жарналарын заңмен  белгіленген ставкалар бойынша  төлеуге тиіс. Міндетті зейнетақы  жаналарының салымшысы міндетті  зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен қатар міндеттізейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті.

   Міндетті зейнетақы  жарналары  ҚР-ның ұлттық валютасымен төленеді. Міндетті зейнетақы жарналарын толық уақытылы төленуін салық органдары жүзеге асырады.

 

Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы

  ЖЗҚ-на  төленуге тиістіміндетті зейнетақы жарналары қызметкердің ай сайынғы табысының он проценті мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үщін алынатын ай сайынғы кіріс ең төменгі айлық жалақының жетпіс  бес еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

  Мідетті зейнетақы  жарналарын есептеудің, стпа қалудың  және аударудың тәртібі мен мерзімдерін  ҚР-ның  Үкіметі белгілейді.

 

Ерікті зейнетақы жарналарының ставкалары

  Салымшы жеке жианқтаушы  қорына ерікті зейнетақы жарналарын  олармен ерікті зейнетақы жарналары  есебінен зейнетақымен қамсыздандыру  туралы шарт  жасасқан жағдайда  өз пайдасына өз табысы есеьенінен енгізеді. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы оларды төлеу тәртібі  сондай ақ  зейнетақы төлемдерін  төлеу тәртібі ерікті  зейнетақы жарналары  есебенен  зейнетақымен қамсыздандыру  туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.

Ерікті кәсіпқой зейнетақы жарналарының  ставкасы.

  Ерікті кәсіптік зейнетақы  жарналарын төлеуді кәсіптерінің  тізбесін  ҚР-сы Үкіметі  белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

  Ерікті кәсіптік  зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік  зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді,бірақ ол қызметтердің ай сайынғы  табысының 10 пайызынан жоғары болмауы керек.Жинақтаушы  зейнетақы қорларыне зейнетақы төлемдері  жеке зейнетақы шоттарында  жинақталған  зейнетақы қаражаттары  бар алушыларға  оның жеке куәлігі  болған жағдайда төленеді.

 

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері .

  Жинақтаушы зейнетақы  қорларының зейнетақы активтері, зейнетақы жарналары, инвестициялық  кіріс , өсімпұл және ЖЗҚ- ның комиссиялық  сыйақыларын шегеріп тастағандағы  залалдарды өтеу  ретінде түскен қаражаты есебінен қалыптасады.

  Салымшының, алушының  ЖЗҚ-ның , кастодиан банктің  және зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды ұйымдастыратын  ұйымдардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері  осы аталған субъектілер таратылғанда  немесе банкроттқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының  зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:

- тізбесін уәкілетті орган белгілейтін  қаржы құралдарына орналастыру.

- Зейнетақы төлемдерін ҚР-ның  заңдарына сәйкес  жүзеге асыруға.

-Зейнетақы жинақтарын  басқа  ЖЗҚ-на не зейнетақы аннуитеті бойынша ҚР-ның  заңдарында көзделген  тәртіппен  сақтандру ұйымдарына аударуға құқылы

-Қате есептелген зейнетақы  жарналарын  және өзге де қате  есептелген ақшаны қайтаруға

-ҚР- ның  заңдарына сәйкес  зейнетақы төлемдерін  төлеулі және  жинақталған қаражаттарды аударуды жүзеге асыруға байланысты  шығыстарды өтеуге.

Зейнетақы активтерін банк-кастодианда сақтау  және есепке алу тәртібі.

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының  түрлері

- Ашық

- корпоративтік болуы мүмкін.

2 Ашық жинақтаушы  зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін  және тұратын  жеріне қарамастан  салымшылардан  зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзегеасырады.

3. Корпоративтік  ЖЗҚ-ы сол ЖЗҚ-ның құрылтайшылары  жә»не акционерлері  болып табылатын  бір немесе  бірнеше ашыққ  тұлғалардың алушы –қызметкерлері үшін құрылады.

 

 

 

ЖЗҚ-ның  ұйымық-құқықтық нысаны.

Жинақтаушы зйенетақы қорлары акционерлік қоғам  нысанында құрылады.

ЖЗҚ-ы уәкілетті органмен белгілеген келісіим бойынна , ол белгілеген  тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер  ашуға құқылы.  

ЖЗҚ-ның құрылтайшылары болып, ҚР-ның резиденттері –заңды  және жеке тұлғалар , сондай ақ ҚР-ның Үкіметі ашық ЖЗҚ-ның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.

ЖЗҚ –н мемлекетік тіркеуді, сондай ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен тлықтырулар енгізуді уәклетті органның рұқсаты  болған жағдайда ҚР-ның заңдарына сәйкес әділеторгандары  жүзеге асырады.

Рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріен белгіленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының атауы

- ЖЗҚ-ның атауында «Жинақтаушы зейнетақы қоры» деген  сөздер болуы тиіс.

- ЖЗҚ-ның  өз атауында «ұлттық», «орталық», «үкіметтік», «сақтық», «сақтандырушы» деген сөздер қандай тілде болса да толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тиым салынады.

-Жрағылық капиталдың жүз проценті  ҚР-ның Үкіметіне тиесілі болған жағдайда  ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «мемлекеттік» деген сөз қолданыла алады.

 

 

 

 2.1. Қазақстан Республикасының  зейнетақы жүйесінің құрылуы 

  1997 жылдың 20 маусымында  «Қазақстан Республикасынды зейнетақымен  қамту» Заңы жарық көрді.Ол  өз күшіне 1998 жылдың 1 қаңтарынан  бастап енді. Заң екі бөліктен  тұрды:

1) Жинақтаушы;

2) Ұрпақтардың бірігіп  төлеуі (солидарлы).

  Социалистік елдер  аясында бірінші рет міндетті  зейнетақы жүйесін мемлекет тарапынан  қатаң қадағалау жүргізілі бастады. Бұл өз алдына зейнетақы қорларын,зейнетақы  ативтерін инвестициялық басқаруды  жүзеге асыратын ұйымдардың (ЗАИБЖҰ) жұмысын бақылауға мүмкіндік  берді. 1998 жылда қазақстанда 8 ЗАИБЖҰ  және 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнетақа қоры, 12 мемлекеттік емес қорлар, 5 кастодиан- банктер пайда болды. Бір жылдың ішінде бүкіл зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы құрылды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі -23,5 млрд. теңгені құрады. 1999 жылы қаржы құралдарының тізімі ұлғайды.   Соның арқасында ЗАИБЖҰ-лар зейнетақы активтері арқылы шетелдік корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік алды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі-64,5млрд. теңгені   құрады. Жиннақтаушы зейнетақы қорларының орта жылдық табысы 41,38%-ды құрады. Бұл жоғарғы көрсеткіш бағамдық айырмашылық негізінде  қол жеткізілді. Біз білетініміздей 2000 жыл «корпоративті бағалы қағаздар» жылы болды.Зейнетақы активтерін бұл салаға инвестициялау жүйенің табысты жұмыс жасауына әкелді. Бұл өзгерістермен қатар 2000 жылы зейнетақы жұйесінің нормативтік –құқықтық базасы жақсарды. 2000-2002 жылдардың арасында ЗАИБЖҰ-ның жалпы саны өзгермеді. Бұл олардың нарықтағы қажетсіздігімен, сонымен қатар мемлекет тарпынан қойылған қатаң талаптармен түсіндіріледі. 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап ЗАИБЖҰ-ның жарғылық капиталының көлемі 150 млн.  теңгені құрайтын болды. 2003 жылы «Қазақстан Республикасында зеәнетақамен қамту» туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер негізінде зейнетақы қорлары зейнетақа активтерін өздері басқаруға мүмкіншілік алды, бұл өз алдына шығындарды азйтуға мүмкіндік берді. Қазақстандық зейнетақы жүйесінің құрылуы және дамуы барысында халықтың оған деген  сенімі күшейе түсті және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының саны көбейе бастады.  Осының негізінде зейнетақы жарналарының көлемі (міндетті зейнетақы бойынша) 2005 жылдың 1 тамызында 7239818 млрд. теңгені құрады. Міндетті зейнетақы салымдары бойынша 5 қорлардың салымшыларының зейнетақы активтері ең көп болды. Олар: «Қазақстанның Халық Банкінің ЖЗҚ» 19,03%; «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры»-31,35%, «Ұлар-Үміт»-14,53%, «Валют-Транзид Фонд»-8,44%, « БТА Құрмет»-7,90% бұл қорлардың жалпы үлесі 81,25% -ды құрады.        

 

Ерікті зейнетақы салымдары бойынша ұздік қорлар мыналар: «Сенім» қоры-62,87%, «Ұлар-Үміт» -19,25%, «Капитал»-10,80%. Олардың жалпылық үлесі-92,92% -ды құрады.

Салымшылар шоттарының көлемі:

ҚР-дағы жинақтаушы зейнетақы қорлары:

 

 

Жинақтаушы зейнетақы  жүйесін мемлекеттік реттеу 

  Қазаіргі әлеуметтік және саяси құбылыстарды мемлекеттік реттеу бұл – күрделі механизм болып табылады. Зейнетақы қызметтерінің нарығы  мемлекеттік қадағалаудың стратегиялық объектісі болып табылады. Мемлекет аударылатын зейнетақы самлымдарының сақталуына кепілдік береді. Қазақстандық салымшылырдың зейнетақы салымдарын сақтудың 3 кезеңі бар:

1. Жинақтаушы зейнетақы  қорына қатаң қадағалау жасау  мемлекеттік қадағалаушы органдар  арқылы.

2.Жинақтаушы зейнетақы  жүйсін заңнамалық жағынан қадағалау.

3.Зейнетақы қорлары мен  КУПА-лар арсындағы  құқықтық айырмашылықты ашу.

Зейнетақы жүйесінің дамуы келесі негізгі сұрақтарды қамтиды:

-         Пруденциялдық нормативтер мен нормалардың нақтылы қаралуы.

-         Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде субъектілердің тәуекелін басқару жүйесін енгізу.

-         ЖЗҚ-дың инвестициялық партфельін әрі қарай диверсификациялау.

-         ЖЗЖ-нің қатысушы субъектілерінің жауапкершілігін жетілдіру.

-         Қаржы қадағалау агенствасы мен министерствасы шығарған ЖЗЖ-нің

2005-2007 жылдарғы даму бағдарламасы  мынадай бағыттарды қамтиды

-         Мемлекеттің қадағалауын жетілдіру.

-         Салымшылардың құқықтарын қорғау.

-         Зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін жоғарлату.

-         ЖЗЖ-нің субъектілерінің қызыметін қадағалу тиімділігін жоғарлату.

 

 

Қазақстан респупбликасының зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы

– 2011 жылдың 1 қаңтардан бастап зейнет ақыны көтеру

Елбасы Нұрсылтан Назарбаевпен “ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды, оған сәйкес 2011 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі зейнетақының көлемі – 24 047 теңгені, орташа зейнетақы – 35 950 теңгені, ең жоғарғы көлемі 52 226 теңгені құрайды. 

Сонымен қатар, әскери қызметкерлерден шыққан зейнеткерлер үшін 86 АЕК-тен 104 АЕК- ке дейін артады 

Еңбек министірлігінің мәліметтері бойынша бүгінгі күні еліміз бойынша 1 млн 640 мың зейнеткер бар, оның 500 мыңы ең төменгі зейнетақы алса, 90 мыңы ең жоғарғы зейнетақы алады. 

Информация о работе Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамту туралы