Қазақстан республикасындағы депозиттік нарықтың қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 10:20, реферат

Описание работы

Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен келесі факторға тәуелді болып келеді:
1. Халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
2. Олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
3. Салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
4. Елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.

Файлы: 1 файл

бд сро.docx

— 96.10 Кб (Скачать файл)

 

2-кесте мәліметтерін талдап  өтетін болсақ, салымдарды тарту  көлемі бойынша Республикада  Астана қаласы мен Алматы қаласы  көшбасшы болып келеді. Астана  қаласында, 2014 жылдың қаңтар айында 2,6 трлн.теңгеден асып түсті, ал  өткен 2013 жылы 2,5 трлн.теңгені құраған  болатын. Яғни, бір жыл ішінде  салым көлемі өзгеріссіз қалды  деп бағалауға болады.

Жылдан жылға берілетін Ұлттық Банкінің статистикалық мәліметтері бойынша – Қазақстан Халық Банкі АҚ, Казкоммерцбанк АҚ, Kaspi Bank АҚ –  екінші деңгейлі банктер арасындағы жылдық есептік қорытынды бойынша алдынғы қатарды бермей келеді. Осы көрсеткіштерді төмендегі 2-суреттен көруге болады.

 Сурет 2. Қазақстан Республикасы  бойынша халықтың сақтандыру  жүйесіне кіретін ЕДБ-дегі салымдары (%),

 

2 – суретте 01.01.2014 ж. мәліметтер  бойынша Қазақстан Республикасының  жалпы жеке және заңды тұлғаларының  екінші деңгейлі банктердегі  салымдарының 70 пайызға жуығы Қазақстан  Республикасының 6 екінші деңгейлі  банкінде шоғырланғандығын байқаймыз.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, депозиттердің жалпы көлемінің көбеюі заңды тұлғалардың банктік шоттарының толтырылуымен, сонымен қатар жеке тұлғалардың шоттарына қосымша қаражаттардың келіп түсуімен байланысты екендігі айқындалды.

Кез келген мемлекеттің депозит нарығының даму деңгейі, біздің ойымызша, сол елдің нарықтық экономикада қаншалықты тұрақтап тұра алатынын көрсетеді. Елдің депозит нарығы қаншалықты дамыған деңгейде болса, сол ел соншалықты сенімділікпен нарықтық экономиканың соқпақтарына, үлкен дағдарыс кезеңдеріне төтеп бере отырып, сол нарықта өмір сүре алады.

Қазіргі кезде банктердің алдында тұрған көптеген проблемаларының ішіндегі ең өзектісі клиенттердің ақша қаражаттарын тарту механизмін жетілдіру проблемасы болып табылады. Олар бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін жоғарлату есебінен депозиттік салымдардың тартымдылығын көтеруге болады. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қызметін тұрақтандыру, олардың сенімділігін, өтімділігін және төлем қабілеттілігін жоғарлату арқылы клиенттердің сенімін жаулап алу керек.

Депозиттік нарықты кеңейту мақсатында, жинақ сертификаты деген құралға мән берген жөн болады. Бұл тек әлеуетті клиентке ғана емес, сонымен қатар банкке де тиімді. Сертификаттар жай депозиттік келісімдерімен рәсімделген мерзімді салымдар алдында біршама артықшылыққа ие. Жинақ сертификаттарын шығару банк үшін бірнеше тиімді жақтарды иеленеді:

  • сертификаттарды шығару кезінде, шаруашылық субьектілерді несиелендіруге бағытталатын міндетті резервтер қорына ақша қаражаты аударылмайды;
  • мүмкін болатын қаржылық делдалдардың үлкен көлемінен сертификаттардың айналымы және таратылуы кезінде әлеуетті инвесторлардың шеңберінің ұлғаю мүмкіндігі зор.

Сонымен қатар, сертификат иесіне де біршама тиімді жақтары бар. Мысалы, сертификат иелері салық салу кзінде табыс көлемінің аз мөлшерін жоғалтады, өйткені сертификат бойынша салық салу бағалы қағаздар бойынша табысқа салынатын салықпен тең. Бағалы қағаздардың екінші ретті нарығында сертификат иесінен өзге тұлғаға сақтаған мерзімі бойынша біршама табыс көлемін алумен және банк ресурсының бұл жағдайдағы өзгеруінсіз сертификатын сатуына болады, сол жағдайда мерзімді салымын алатын салым иесіне бұл жағдай табысының белгілі мөлшерін жоғалтуымен және банк үшін ресурсының белгілі көлемін жоғалтуға алып келеді.

Осы келтірілген жағдай шеңберінде, банктің ресурстық базасын тұрақтандыру мақсатында банктің қаржылық жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін болатын тұрғындардың күтілмеген жағдайда салымдарын алуын минимизациялау шараларын қабылдау қажет.

Осы жағдайды қарастырып отырған банк үшін салымшылардың күтілмеген уақытта өз салымдарын алдын-ала алу қаупі болмайды және банк осы қаражаттарды экономикаға қажеттілігі үлкен ұзақ және ортамерзімді несиелендіруге жұмсай алады. Ал, өз салымдарын мерзімінен бұрын ала алмау жағдайына жеңілдік ретінде екінші деңгейлі банктерге клиенттер үшін салымды алудағы шектеулі мерзімі үшін неғұрлым үлкен пайыздар беруі керек.

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, екінші деңгейлі банктердің депозиттік операцияларын жетілдірілуі үшін мемлекеттің тарапынан да іс-шаралар жүргізіліп жатқаны мәлім. Өйткені екінші деңгейлі банктердің депозиттік операцияларының дамуы,  елімізге орасан зор әсері тиіп жатқандығы анық. Осыған орай екінші деңгейлі банктер халыққа оңтайлы қызмет түрлерін ұсыну арқылы, депозиттік операцияларды дамыту жолында екендігін байқадық.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражатын банк жүйесіне депозит түрінде тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Олар өз тәжірибелерімен бірге шетелдік банктердің озық тәжірибелерін де енгізуде.

Олар әртүрлі шарттармен, мазмұнымен, мерзімімен жаңа депозиттік салымдар түрлерін ашу, пластикалық карточкалар арқылы төлемдер төлеу, электронды есеп айырысулар жүргізу, сейфтік сақтау қызметтері, интернет-банкинг қызметтерін көрсету және т.б. тәжірибелерде енгізілуде.

Бұл қызметтердің барлығы да банктерге депозиттік салымдарды көптеп тартуға әсерін тигізіп отыр.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері қазіргі экономикада депозиттік салымдарды кепілдендіру, банктің қызметіне деген халықтың сенімін сақтау, осы арқылы бос ақша қаражаттарын тарту маңызды мәселе болып табылатыны анық.

Қазақстандық депозиттік нарық – нарықтық экономиканың өте маңызды және ажырамас бөлігі. Депозиттік мекемелер, капиталдарды қайта бөлуде делдал бола отырып, өндірістік жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуына көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауы. 17 қаңтар 2014 жыл.
  2. Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. «Қаржы нарығы және делдалдары». Оқу құралы,А.:2008.
  3. http://kdif.kz/kz/news
  4. http://afn.kz/
  5. http://www.nationalbank.kz/ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайты.

 


Информация о работе Қазақстан республикасындағы депозиттік нарықтың қазіргі жағдайы