Бронх демікпесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2015 в 18:51, реферат

Описание работы

Бронх демікпесі. Қазір бұл сырқат жақсы емделеді.Демікпе белгілері: тұншығу, химиялық құралдарға қарсы әсерлік. Тұрмыстық құралдар демікпені қоздыра түседі. Бронх пен кеңірдек тарылады. Сілекей тым көп бөлінетіндіктен дем алу қиындайды.Демікпенің басты белгілері:дем алудың қиындауы және жөтел. Тыныстың тарылуы үнемі болып тұрмайды, тек дене қимылы кезінде ғана. Бронхтардың тарылуы ауа кернеуге (эмфиземаға) апарып соғады.

Файлы: 1 файл

Бронх демікпесі-реферат.docx

— 154.47 Кб (Скачать файл)

Бронх демікпесі


 
         Бронх демікпесі. Қазір бұл сырқат жақсы емделеді.Демікпе белгілері: тұншығу, химиялық құралдарға қарсы әсерлік. Тұрмыстық құралдар демікпені қоздыра түседі. Бронх пен кеңірдек тарылады. Сілекей тым көп бөлінетіндіктен дем алу қиындайды.Демікпенің басты белгілері:дем алудың қиындауы және жөтел. Тыныстың тарылуы үнемі болып тұрмайды, тек дене қимылы кезінде ғана. Бронхтардың тарылуы ауа кернеуге (эмфиземаға) апарып соғады. Бұл – бронхтардың ісінуі.Ағзадағы газ алмасу бұзылады. Бронхтардың серпімділігі өзгереді, қосалқы инфекциялар түріндегі асқынулар пайда болады.Бұл сырқатты қалай емдеу керек? Әуелі оның себебін анықтап алу керек. Деммен қабылдайтын гормоналдық дәрі-дәрмектер қабылдау. Небулайзер қажетті заттарды бүркеді, олар бронхтарға өтеді. Қабынуды кетіретін дәрілер қабылдау керек. Қазіргі кезде демікпе өте жақсы емделеді.Небула́йзер (лат. nebula — тұман, бұлт) – дәрілік заттарды өте аз мөлшерде бүрке отырып, деммен қабылдата емдеуге арналған құрылғы. Бронх демікпесін және басқа да тыныс жолдары сырқаттарын емдеу кезінде қолданылады.Небулайзерлердің ЕПМ-лерінде жұмыс істеуге арналған орнатылмалы және бронх демікпесі ұстамасын кетіру үшін демікпесі бар адамдардың өздері алып жүруге арналған шағын түрі болады.Бүрку тәсіліне қарай компрессионды және ультрадыбысты небулайзерлер болып бөлінеді.

    Бронхты демікпе.Созылмалы бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуымен байланысты экспираторлы тыныс алу жетіспеушілігімен сипатталады. Мезгіл-мезгіл аурудың қозуымен өтеді.

Этиологиясы. Аурудың негізінде көбінесе аллергиялық факторлар-тағамдық және дәрілік аллергендер, өсімдік тозаңдары, жануарлар жүні, вирустар, саңырауқұлақтар т.б

Айқындалуы: 4 кезеңмен сипатталадаы:

Басталу кезеңі-науқаста бірнеше минут немесе күндер бұрын тынымсыздық, ашуланшақтық, психикалық депрессия, ұйқысының бұзылуы, түшкіру, көздің, терінің қышуы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, басының ауыруы болады.

Тұншығу кезеңі-науқаста ауа жетіспеушілік сезімі, кеуденің қысылу сезімі, экспираторлы  тұншығу, алыстан естілетін ысқсрсқ тәрізді сырыл болады. Жағдайы-тәуелді-шынтағымен тізесін тіреп еңкейіп отырады. Бет терісі боз, кейде көгілдір, дымқыл. Кеуде клеткасы демалу жағдайында-қабырғааралық бұлшықеттері тартылған, мойын тамырлары кеңейген. Жөтелгенде қою қақырык бөлінеді. Перкуторлы дыбысы қысқарған. Аускультацияда-қатқыл тыныс пен әр-түрлі құрғақ сырылда және крепитация. Жүрек тондары әлсіз, тахикардия.

Ұстамадан кейінгі кезеңде және

Ұстама аралық кезеңде науқастың жағдайы жақсы, бірнеше күнге дейін ашық түсті қақырықты жөтел сақталады. Сырылдар естілуі мүмкін.

Аурудың жеңіл түрінде ұстама жылына1-2 рет, тез қалпына келеді. Орташа түрінде айына 1 рет. Ауыр түрінде ұстама жиі, ұзақ, астматикалық жағдайға ауысады, 6-8 сағатқа созылады       ЖҚА-де-эозинофилия.

 

 

2.2 Бронх демікпесінің ұстамасы 
 
  Клиникасы-бұл жедел демігу ұстамасы. Бала ыңғайлы жағдай іздейді-алдыға қарай еңкейіп отырады, шынтағымен тізелерін тірейді, аузымен ауаны аулайды.Беті бозарған, көгілдір тартқан, суық тер басады. Демалысы ысқырық тәріздес,сырылы алыстан естіледі. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қосылады. Демшығару қиындалады-экспираторлы ентігу. Қақырық қиын бөлінеді, созылмалы, қою. Аускультация: құрғақ ысқырық тәріздес сырылдар көпмөлшерде. 
 
     Жедел көмек алгоритмі:

  1.  
    Баланы ыңғайлы жағдайда отырғызу.

  1.  
    Қысқан киімнен босату.

  1.  
    Таза ауа жеткізу, оттегі беру.

  1.  
    Тыныштық жағдай жасау.

  1.  
    Алдандыру шараларын өткізу-қолдарына, аяқтарына ыстық ванналар жасау 40-420С.

  1.  
    Ингаляция түрінде: сальбутамол (1-2 дем алу) немесе беротек, астомопент, алупент т.б. тәулігіне 3-4 рет.

  1.  
    Тиімді болмаса: тері астына 0,1%-адреналин, 15 минуттан кейін 5%-эфедрин ерітінділері (жасына сәйкес дозада).

  1.  
    Тиімді болмаса: көк тамырға- 2,4%-әуфиллин-тамшылатып-1 мл/жасына 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде.

  1.  
    ауыр жағдайда-преднизолон 1-2 мг/кг тәулігіне.

  1.  
    Антигистаминдер-тавегил, супрастин т.б.

 
11.Муколитиктер-ацетилсистеин, бромгексин т.б.

 

              Қорытынды

   Өткен жылдары елiмiзде демiкпемен ауыратындардың саны 4,5 миллион адамға жеткен. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерiне сүйенсек, соңғы сегiз жылда әлемде 150 миллионнан астам адам демiкпеге тап болыпты. Олардың 30 пайызы дәрi-дәрмектiң жетiспеуiнен ауруын асқындырса, экологияның бұзылуы да көп әсер ететіндігі анықталып отыр. Соның салдарынан демікпеге шалдыққандар арасында ерте көз жұматындар да баршылық.Демiкпе гректің «asthma»  сөзінен аударғанда «тұншығу» деген мағынаны  бiлдiредi. Науқас адам көп жағдайда жүректiң қысылуынан болатын тұншығудан зардап шегеді. Демiкпе ауыр жұмыс iстеп, жүгiргенде, қорыққанда, қуанғанда қалыпты физиологиялық процесс ретiнде байқалады да, көп кешiкпей басылып, тыныс алу қызметi алғашқы қалпына келедi. Демiкпе ауруының себептерi мен патогенезiне қарай өкпе демiкпесi және жүрек демiкпесi болып бөлінеді.  Өкпе демiкпесінiң созылмалы түрi бронхит, бронхоэнтаза, өкпенiң қабынуынан немесе ағзаға суық тигеннен болатын ауру салдарынан (гайморит, фронтит) жиi кездеседi. Демiкпе қыс пен көктемде, желдi күнi, ауа райы күрт өзгергенде асқынады. Ауру адамға, көбiнесе, түнге қарай ауа жетiспейдi, демi қысылып, қақырығы түспейдi, кеудесi сырылдап, тыныс алу жолдары мен тамағы iсiнiп, тарылады.Үй iшiндегi темекі түтінінің 90 пайызы балалар демікпесіне ықпал етеді.Демiкпенi емдеу үшiн алдымен оның себебiн анықтап, ауру түрiне байланысты дәрiгердiң кеңесiмен ғана ем қолданған дұрыс. Демiкпе шұғыл медициналық жәрдем талап етiлетiн ауруға да жатады. Бронх демiкпесiн емдеудегi негiзгi жол —  базистi терапия. Бұл — қабынуға қарсы ем. Оны арнайы дәрi-дәрмек қабылдау, ингаляция, иммунотерапия жасау арқылы емдейді.

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бронх демікпесі