Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 23:33, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі сезілді.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................................3

1. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі.........................4
1.1 26-ҚХЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары....................................................................................6
1.2 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері.......12

2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым................................................18
2.1 Еңбек ақыдан ұсталынатын міндетті төлемдер есебі............................19
2.2 Таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есеп және МЖЗҚ
«Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2010 жылға 1 қазандағы жағдайы бойынша бухгалтерлік балансы...........................................................................20
2.3 Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртудың теориялық
аспектілері және жүйе қызметіндегі инвестициялық процесті
ұйымдастыру......................................................................................................23


Қорытынды.............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................30

Файлы: 1 файл

aidana kurs.doc

— 296.50 Кб (Скачать файл)

 

 

МЖЗҚ «Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2010 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша бухгалтерлік балансы

Бап атауы

Есепті кезең соңында

Өткен жыл соңында

Активтер

Негізгі құрал-жабдықтар (құнсызданудан амортизация мен шығындарды шегеруімен)

141 488

116 857

Материалдық емес активтер (құнсызданудан амортизация мен шығындарды шегеруімен)

47 854

47 081

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

   

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

   

Басқа заңды тұлғаның капиталындағы инвестиция

   

Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз (мүмкіндікті шығындарға резервтерді шегерумен)

   

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (мүмкіндікті шығындардан резервтерді шегеруімен)

928 916

 

Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (мүмкіндікті шығындарға резервтерді шегерумен)

4 177 066

4 335 710

Мерзімі ұзартылған салық талаптары

18 580

18 580

Берілген аванстар

165 732

185 509

Басқа активтер

51 412

31 761

қорлар

   

Бюджеттегі салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке талап

29

125 949

Болашақ кезең шығындары

5 217

1 287

Өзге дебиторлық қарыз (мүмкіндікті шығындарға резервтерді шегерумен)

1 070

43

Комиссиялық сыйақы

657 623

400 887

соның ішінде:

зейнетақы актитерінен 

329 950

89 251

Зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс/шығындарда

327 673

311 636

"кері РЕПО" операциялары

   

Өндірістік қаржылық құралдар 

   

Сауда бағалы қағаздар (мүмкіндікті шығындарға резервтерді шегерумен)

   

Орналастырылған салымдар (мүмкіндікті шығындарға резервтерді шегерумен) 

1 018 649

802 303

Ақша және ақшалай баламалар 

45 498

61 919

соның ішінде:

қолда бар кассадағы ақшалар 

173

98

банк шоттарындағы ақшалар 

45 325

61 821

Активтер жиынтығы:

7 259 134

6 127 886

     

Капитал

   

Жарғылық капитал

1 012 771

1 012 771

Сыйақы(қосымша төленген капитал)

   

Алынған капитал

   

Резервтік капитал

841 473

841 473

Өзге резервтер

190

7 552

Таратылмаған пайда (жабылмаған шығын):

5 277 348

4 177 106

соның ішінде:

өткен жыл

4 177 106

2 740 846

Есептік кезең

1 100 242

1 436 260

Азшылық үлес

   

Капитал жиынтығы:

7 131 782

6 038 902

     

Міндеттемелер

   

Ұзақ мерзімді алынған заемдар

   

соның ішінде:

қаржылық жалдау

   

Ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз

   

Ұзақ мерзімді бағалы міндеттемелер

   

Мерзімі ұзартылған салық міндеттемелері

   

Алдағы кезең кірістері

   

Алынған аванстар

   

Акциялар бойынша акционерлермен есеп айырысу жөніндегі есептелген шығыстар

   

Қызметкерлермен есеп айырысу жөніндегі есептелген шығыстар

35 557

553

Бюджеттегі салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджет алдындағы міндеттемелер 

58 323

38 303

Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз 

11 400

531

Қысқа мерзімді бағалы міндеттемелер

   

Қысқа мерзімді алынған заемдар

   

"РЕПО" операциясы

   

Өндірістік қаржылық құралдар

   

Өзге міндеттемелер

22 072

49 597

Міндеттемелер жиынтығы:

127 352

88 984

Капитал және міндеттемелер жиынтығы

7 259 134

6 127 886


 

2.3 Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртудың теориялық аспектілері және жүйе қызметіндегі инвестициялық процесті   ұйымдастыру.  Жаңғырту процесін Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастыра отырып, соңғы 10 жылдықтағы жаңғырту теориясының эволюциясын сипаттау және оны қысқаша қарастыру біздің республикамыз үшін теориялық және практикалық қызығушылық танытады.

  Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық іс - әрекеттеріне талдау жүргізу мен олардың даму тенденциялары.

Қазақстандағы ЖЗҚ қызметтерін әрі қарай дамыту, зейнетақы жүйесіне жаңғырту жүргізу жетістікке жетуге мүмкіндік беретін бірқатар мәселелерді шешуді талап етеді.  Ең алдымен зейнетақы жүйесінің сенімді институционалды инфрақұрылымын құру қажет. Бұл міндеттің орындалуы, міндетті жинақтау қағидадаларына негізделген екінші деңгейдің жаңадан құрылуымен және үш деңгейлі зейнетақы жүйесіне көшуге байланысты қажетті болып табылады:

  1. ЖЗҚ табысты қызметі олардың потенциалды салымшылары болып табылатынтұрғындар мен кәсіпорындардың сенім артуына байланысты.
  2. Зейнетақы жүйесін жаңғырту міндеттерін ескере отырып, міндетті жинақтаушы жүйені қолданушы, екінші деңгейдегі мемлекеттік емес зейнатақы қорларының құрылуы жолдарын анықтау қажет.
  3. ЖЗҚ тиімді жұмыс істеу активтерді басқарудың ашық және сатылы саясатынсыз мүмкін емес. Активтерді басқару, ЖЗҚ зейнетақы активтерімен қатар өздерінің жеке меншік құралдарын инвестициялай алады ма деген сұраққа жауап іздейді.
  4. ЖЗҚ активтерін салуға болатын сенімді қаржы құралдарын нақты анықтау қажет.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің үлкен кемшіліктерінің бірі – ақпараттық қамсыздандырудың жеткіліксіздігі. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін сипаттайтын арнайы сандық көрсеткіштердің тапшылығы жаңа зейнетақы жүйесінің қатысушыларының сенімсіздігін тудырады.

     Инвестициялық  портфель жағдайы әлде де қатер  туғызуы мүмкін, өйткені ЖЗҚ портфеліндегі  мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 95,8% құрайды және азаюға деген төмен тенденцияға ие.

 

Зейнетақы жүйесінің жағымды және жағымсыз жақтары

ЗЖ

Жағымды жақтары

Жағымсыз жақтары

МЗЖ

Барлық жағын қамтиды

1. қамбат бағалы.

2. аз басқарылатындығы

3. тиімділігі жеткіліксіз

Мемлекеттік емес ЗЖ

1. Жоғары табыстылық

2. Экономикалық өсімді және жинақ ақша мөлшерін көтереді.

3. Инвестициялық  ресурстардың пайдалануын және  үлестірілуін жақсартады.

4. Салымшылар алдындағы  қаржылық есеп.

5. Жинақталған қаржыны  мұра ретінде беру.

6. капитал қорын  еркін таңдау.

1. Барлық тұрғындарды әлеументтік қорғауға толық кепілдік бермейді

2. Әлеументтік міндеттер  әрекет етуші қаржы базасына  сәйкес келмейді

3.Занның аяқталмағандығы

4.Табыстың ең  төменгі деңгейіне кепілдік бермейді

5. Төмен табыс  алатын адамдар үшін тартымсыздығы

6.Жеке институттарға деген сенімсіздік

Маманданған кәсіби ЗЖ

1. МЗҚ түсетін ауырлықты азайтады.

2. саланың мамандар  құрамы жөніндегі мәләметтік  база жасайды.

3. МЖЗ қатысушыларының  зейнетақы мөлшерін көбейтеді.

4. Жұмыскердің денсаулығын  жоғалтып алу қауіпіне бара-бар  компенсациямен қамтамасыз етеді

Коллектив аумағында әрекет етеді.


 

   Жоғарыда айтылғандарға  сүйене отырып, зейнетақы жүйесін  жаңғыртудың нақты кезеңінде, ең  алдымен қажет болып табылады.

  1. өтпелі кезең аясында зейнетақы жүйесінің әрекет етуінің заң механизмдерін жетілдіру;
  2. Зейнетақы жүйесінің тиімді әрекет етуінің экономикалық механизмін жасап шығару;
  3. зейнетақы төлемдеріне мемлекеттік кепілдік орнату;
  4. Жинақтау қағидасына сәйкес жасалған, МЗҚ еңбек етуіне байланысты немесе әлеументтік зейнетақының ең төменгі деңгейімен қамтамасыз ету.

 

 

Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары.

Қазақстанда зейнетақымен қамтамсыз ету жүйесін жаңғырту бұл салада мемлекеттік ролін арттыруды қарастырады. Өйткені, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі бақылаушы, реттеуші, басқарушы қаржылық және заң жауапкершіліктерінің негізгі ауыртпашылығын мемлекет көтереді.

   Қазіргі уақытта зейнетақы  қорларынығң инвестициялық табысы  бойынша нормативтік лимиттер  әрекет етпейді. Сонымен, қатар зейнетақы  қорлары шоттарға аударылатын  табыстылықтың минималды пайызын мемлекетпен бекіту орынды болар еді.

   Мемлекет ҚР Заңына сәйкес  ЖЗҚ – на аударылатын міндетті  зейнетақы жарналарының сақтауына  кепілдік береді. Мұнда мемлекет  тек қана алушыларға ЖЗҚ банкротқа  ұшыраған жағдайда міндетті зейнетақы  жарналарының номиналдық құнын қайтаруға беретін кепілдігін жаңалық деп қарастыруға болады. Осы жерде заң бойынша ЖЗҚ-мен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы жоқ қалған салымшылардың мәселесі туындайды. Мемлекет оларға да зейнетақы салымдарының қайтарылуны кепілдік беруі тиіс. Бірақ «қайтару» түсінігі тек қана шартты болуы мүмкін, өйткені салымшы ЖЗҚ банкротқа ұшыраған жағдайда өзінің зейнетақы салымдарын ала алмайды. Мұндай жағдайда мемлекет зейнетақы салымдарының сомасын компенсациясымен қоса салымшының қалауы бойынша басқа ЖЗҚ-да қайтаруы тиіс. Зейнетақымен қамтамасыз ету заңдарында «инфляция деңгейі» түсінігінің мәні ашылмаған. Қандайда бір актиілерін шығара отырып, банкротқа ұшырыған ЖЗҚ-мен зейнетақы төлемдерін алушыларға инфляциялық шығындарды төмендетуге механизімін жасау мүмкін болып табылады.

   Жоғарыда айтылғандарға  сүйене отырып, келесідей қорытынды  жасауға болады: біздің елде зейнетақы  салымдарының сақталуына берілетін  кепілдіктер жеткіліксіз, сондықтн  ЖЗҚ-ның инвестициялық ресурстарының  сенімді құрылуын қамтамасыз ету үшін кепілдіктің көп деңгейлі жүйесін құру қажет деп есепмін. Қазақстан үшін көп деңгейлі кепілдендіру жүйесін құруды енгізу ЖЗҚ-ның зейнетақымен қамтамасыз етуге жеткілікті ресурстарын құру қажеттігінен туындайды.

   Сонымен, қазіргі таңдағы ҚР ЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруды ұйымдастырудың негізгі мәселелері, ЖЗҚ ішкі институтционалды инвесторлардың инвестициялық потенциялының үнемі өсіп отыруынан туындайтын тартымды-инвестициялық құралдарының едәір тапшылығына байланысты болып отыр. Зейнетақы активтерін экономикаылың нақты секторындағы шаруашылық салаларын және зейнетақы саласын дамытудың басты бағыттарын қаржыландыру мақсатында пайдалану қажет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржы құралдарын нақты жобаларға тарту келесі құралдар негізінде құрылуы қажет: мемлекетпен кепілдік берілетін мемлекеттік емес бағалы қағаздар, банк құралдары, ипотекалық міндеттемелер, депозиттер.

 ҚР зейнетақымен қамтамасыз  ету жүйесін жаңғырту мәселелерін  зерттеу мен талдау нәтижелері  мынадай теориялық және тәжірибелік тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

1. Экономикалық жүйеде қаржы  делдалдарының бір түрі болып  табылатын зейнетақы қорлары  маңызды белсенділікті арттырушы  роль атқаруы тиіс, яғни капитал  салымдарын қажет ететін өнеркәсіп  компаниялары мен ұсақ инвесторлардың қызығушылықтарының балансын қамтамасыз ету керектілігін нақтылай отырып, қаржы институттары жүйеінде Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғартуға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қолларының келесі ерекшеліктері табылады:

  • Олар әлеументтік бағыты бар институттар болып табылады;
  • Бұл зейнетақы жарналарын қабылдаушы және мүмкіндіктердің өсуіне байланысты зейнетақы активтерін қауіптілігін төмен және сенімді жобаларға инвестициялайтын қаржы институттары;
  • Жинақтаушы зейнетақы қорларында төлемдердің басталуы мен жарналар түсімдерінің аяқталуы арасында бірнеше жылды құрайтын уақыт пайда болды.

2. Мемлекетпен  жүргізілген әлеументтік  саясат жаңғырту идеясымен сабақтас  болуы керек, яғни зейнетақыны  және уақытында төлеу, кейбір  әлеументтік жеңілдіктері алып тастау, атаулы әлеументтік қорғау сияқты мемлекеттік міндеттемелерді сақтау қажеттілігімен қатар. Әлеументтік саланы кешені жаңғырту бағдарламаларын өңдеп шығару үшін қажетті шарттар нақтыланды:

  • Экономиканы жаңғырту экономикалық өсудің қажетті қарқынын қамтамасыз ететін және тиімділікті көтерудің әдәсә ретінде;
  • Жаңғырту үшін инвестициялар тарту мақсатында инвестициялық климатты жақсарту;
  • Нарықтық өзгерістерді өзгерістерді қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және жаңғыртуды қолдауға бағытталған әлеументтік саясат.

Яғни, Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – экономикалық өсуді қамтамасыз ету, қаржылық тұрақты және әділ жүйені құру болып табылады. Зейнетақы жүйесін жаңа саяси және экономикалық жағдайларға бейімдей отырып, өтпелі кезеңде ескі жүйе зейнетақылық сақтандырудың жаңа мекемелерінің пайда болуы мен жұмыстарының басталуына дейін әрекет етуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Қорытындылай келе, зейнетақы жүйесі - 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші ҚР – ның «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру» туралы Заңы өз күшіне енді. Зейнетақымен қамсыздандыру екі жүйеден тұрады:

  • Ортақ жүйеден – зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру. Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеументтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген;
  • Жинақтаушы зейнетақы жүйесі – жинақтаущы зейнетақы қоры.  

26-ХБЕС Зейнетаќы жоспарлары бойынша есеп және есептілікте зейнетақы жоспарларының, әдетте, екі түрі қарастырылды:

а) белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары;

     б) белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары .

    Зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны ай сайын өсіп отырған. Латын Америка елдеріндегі, Шығыс Европа және Орта Азия елдіріндегі зейнетақы жүйесінің көрсеткіштері қарастырылды, оларды қорытындылай келе Латын Америкасының зейнетақы жүйесі мейлінше прогрессивті.

Таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есепбі, 2010 ж. активтер жиынтығы 205,358,400, 2009ж активтері 165,132,720. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Қазақстанның зейнетақы жүйесі жылдан – жылға қарқынды дамып, салымшылар саны мен зейнетақы активтері көрсеткіштері өсіп, халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында дұрыс өмір сүруінің кепілдік береді.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

    1. 26-ХБЕС «Зейнетаќы жоспарлары бойынша есеп және  есептілік».
    2. Бохаева А. «Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің және мен маңыздылығы».  Экономика негіздері: мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту. 2007ж №5-6 19-25 бет.
    3. Әлиева З.Н. « ҚР зейнетақы жүйесін жаңғырту» автореферат 2007ж.
    4. Тұрлыбекова А.Ж.  «ҚазҰУ Хабаршысы» Экономика сериясы, №3(67) 2008ж. 76-79 бет.
    5. Статистический ежегодник. Журнал 2009г. стр. 181-195.
    6. Кеуімжаева Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенова Н.А. Бухгалтерлік принциптері. Оқу құралы. – Алматы: Экономикс, 2003ж. 263-269бет.
    7. Алибекова Б.А. Бухгалтерлік есеп принциптері.
    8. www.minfin.kz

Информация о работе Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі