Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 23:33, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі сезілді.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................................3

1. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі.........................4
1.1 26-ҚХЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары....................................................................................6
1.2 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері.......12

2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым................................................18
2.1 Еңбек ақыдан ұсталынатын міндетті төлемдер есебі............................19
2.2 Таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есеп және МЖЗҚ
«Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2010 жылға 1 қазандағы жағдайы бойынша бухгалтерлік балансы...........................................................................20
2.3 Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртудың теориялық
аспектілері және жүйе қызметіндегі инвестициялық процесті
ұйымдастыру......................................................................................................23


Қорытынды.............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................30

Файлы: 1 файл

aidana kurs.doc

— 296.50 Кб (Скачать файл)

2) жалақының көбеюімен байланысты зейнетақының көбеюі жалақының көбею сәтінде зейнетақы жоспарының міндеттемелері болып табылады; және

3) жалақының ағымдағы  деңгейлерін пайдаланатын тиесілі  зейнетақы төлемдерінің актуарийлі  келтірілген құнының сомасы, негізінен  жоспар тоқтаған немесе жойылған жағдайда төлеуге жататын сомамен неғұрлым тығыз байланысты.

 Жалақының  болжамды деңгейі бойынша тәсілдеме  қабылдау үшін негіздемелер:

1) қаржылық ақпарат жасалуы  тиіс жол берулер мен есептерге  қарамастан, компания қызметінің  үздіксіздігі негізінде әзірленуі тиіс;

2) соңғы жалақының принципін  пайдаланатын жоспарлар үшін  зейнетақы мөлшері зейнетке жұмыстан  кету сәтіндегі немесе жұмыстан  кету алдындағы кейбір кезең  ішіндегі жалақыға қатысты анықталады; сондықтан жалақы мөлшері, салымдар деңгейі және табыстылық ставкалары жоспарлануы тиіс; және

3) қорландырудың көп бөлігі  жалақы бойынша жоспарларға негізделгендіктен  жалақы бойынша жоспарларды біріктіру  қабілетсіздігі жоспарда артылып  қалу болмаса да есептілікте  қорланудың артылуы сияқты көрініске немесе жоспар қорлану жетімсіздігік танытса да есептілік қорланудың жеткілікті деңгейін көрсететін болады.

  • Ағымдағы жалақыға негізделген тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны есептілік жасау күніндегі жағдай бойынша еңбекпен табылған зейнетақы бойынша міндеттемелерді көрсету мақсатында зейнетақы жоспары бойынша есептілікте ашылады.
  • Болжамды жалақыға негізделген тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны қызметтің үздіксіздігі принципі негізінде ықтимал (болашақ) міндеттемені көрсету мақсатында ашылады, олар, әдетте, зейнетақы қорына ауадрулардың негізі болып табылады. Тиесілі зейнетақының актуарийлік келтірілген құнын ашудан басқа, осы құн қабылдануы тиіс контексті нақты көрсету үшін ашық түсіндірме талап етілуі мүмкін. Мұндай түсіндірменің зейнетақы қорына жоспарланып отырған болашақ аударулардың жеткіліктілігі туралы және жалақы мөлшерінің болжамдарында негізделген қорды қаржыландыру саясаты туралы ақпараттар нысаны болуы мүмкін. Мұның барлығы қаржылық ақпаратқа немесе актуарий есебіне қосылуы мүмкін.

 

Мысалы, тиесілі зейнетақының келтірілген құнын анықтау кезінде актуарий 2004 жылы өзінің есептерінде мынадай жол берулерді пайдаланды

2005 жыл     2006 жыл     2007 ж

Міндеттемелерді дисконттау ставкасы

7.0%

8.5%

7.0%

Жалақы мөлшерін көбейту ставкасы

5.0%

5.5%

5.0%

Зейнетақы жоспары активтерінің күтілетін ұзақ мерзімді табыстылығы

8.5%

8.5%

8.5%


 

 

Есептілік мазмұны

 Белгіленген төлемдері  бар зейнетақы жоспарлары бойынша  есептілік ақпаратты мынадай  форматтардың бірінде көрсетуі тиіс:

1) зейнетақы төлеу үшін  қолда бар зейнетақы жоспарының  таза активтері, тиесілі зейнетақы  төлемдерінің актуарийлік келтірілген  құны және қорытынды асып түсу  немесе тапшылық. Зейнетақы жоспары  бойынша есептілік зейнетақы  төлеу үшін қолда бар зейнетақы жоспарының таза активтеріндегі өзгерістер және тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнындағы өзгерістер туралы ақпаратты да қамтиды. Есептілік тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнын растайтын актуарийдің жеке есебін өзіне қамтуы мүмкін;

2) зейнетақы жоспарының  таза активтері туралы және  ондағы өзгерістер туралы ақпаратты  өзіне қамтитын есептілік. Тиесілі  зейнетақылардың актуарийлі келтірілген  құны есептілікке ескертуде ашылады. Есептілік тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлі келтірілген құнын растайтын актуарий есебін өзіне қамтуы мүмкін;

және

3) актуарийдің жеке есебінде  қамтылған тиесілі зейнетақы  төлемдерінің актуарийлі келтірілген  құнымен бірге зейнетақы төлеу  үшін қолда бар зейнетақы жоспарының таза активтері туралы және ондағы өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын есептілік.

 

    1. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері.

 

Зейнетақымен қамсыздандырудың қазақстандық моделі ашық және түсінікті болуы үшін, оны басқа елдердегі жүйелермен салыстыру қажет, себебі әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі бірегей болып табылады.

  Зейнетақымен қамсыздандырудың  деңгейі мен сапасы – бұл  ел халқының экономикалық және  әлеументтік жағдайының маңызды  құрамдас бөлігі болып табылады. әр мемлекет өзінде қалыптасқан экономикалық, саяси, моральдық, діни сенімдік және тағы басқа да қоғамның даму ерекшеліктеріне байланысты өз азаматтарын әлеументтік қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды. Мұндай тәсілдер мен әдістер әр түрлі себептерге байланысты әр мемлекетте өзгеше болғанымен, бірақ жалпы бір мақсатты көздейді - өз азаматтарын барынша әәлеументтік қорғау мен өмір сүру деңгейінің лайықты болыун қамтамасыз ету.

Дамыған мемлекеттердің көбінеде әлеументтік және зейнентақмен қамсыздандырудың негізгі үш қайнар көзі бар:

 

  1. Мемлекеттік зейнетақы жүйесі (әлеументтік сақтандыру шеңберінде);
  2. Зейнетақы қорлары;
  3. Сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары.

Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерін реформалау тек жамушы елдерге ғана емес, тіпті жоғарғы дамыған елдерге де қажет. өндірісі дамыған елдерде зейнетақмен қамтамасыздандырудағы мемлекеттік шығын айтарлықтай үлкен қаржыны қажет етеді, мемлекеттік бағдарламалар жалақы деңгейіне байланысты әлеументтік сақтандыруға бөлінетін ішкі өнімнің жалпы төлемінен қаржыландырылады. Яғни:

 

Зейнетақы төдеміне бөлінетін ЖІӨ үлесі, 2007 жыл   1 кесте

Елдер

 ЖІӨ үлесі,%

1.

Австралия

15,0

2.

Бельгия

9,7

3.

Дания

8,1

4.

Италия

15,8

5.

Жаңа Зеландия

6,7

6.

Испания

7,9

7.

Ұлыбритания

10,3

8.

АҚШ

5,8

9.

Жапония

5,0


 

Дамыған елдердегі зейнетақы төлеміне бөлінетін қаржының мөлшерін орта есеппен алғанда жалпы ішкі өнім үлесі 10 пайызын құрайды.

   Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген реформалар Латвияда, Польшада, Венгрияда, Ресейде (ерікті түрі), Испанияда және Латын Америкасының 16 мемлекеттінде бірі және мінездемелі болғандықтан Латын Америкасының тәжірибесіне кеңінен тоқталайық.

Латын Америкасының ескі зейнетақы жүйеелерінің мынадый ортақ сипаттамалары болған:

    • Зейнетақы бағдарламалары тарату режимінде қызмет етеді;
    • Жүйелердің принципті әмбебаптығына қарамастан, зейнетақы бағдарламалары географиялық орналасуы мен халықтың деңгейіне байланысты бірдей болмады;
    • 80 ж. экономикалық дағдарыс нәтижесінде жұмыссыздық пен ресми емес еңбек нарығының өсуі;
    • Активі және пассиві еңбек етішілердің қатынасының күрт азаюы;
    • Салық түсімдері азайып, үкіметтің әлеументтік міндеттемелері көбейді;

Осы және басқа да факторлардың нәтижесінде Латын Америкасының көп елдерінде әлеументтік жүйе мен зейнетақы жүйесінде дефицит өсті. Латын Америка елдеріндегі зейнетақы қорларының жалпы капиталы 134 млрд. АҚШЩ долларынқұрайды. Негізгі үлесі Бразия мен Чилиге келеді:

 

Бразилия – 60,29%  Чили – 23,26%

Латын Америкасы елдеріндегі зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштері

 2 кесте

Көрсеткіштері

Чили

Перу

Колумбия

Аргенти-

на

Боли-

вия

Мексика

Сальва-

дор

Зейнетақы қорларының саны

9

5

8

15

2

14

5

Салымшылардың саны (млн.адам)

5,97

1,98

2,91

7,07

0,47

13,83

0,57

Қорлардың жалпы капиталы, млрд. USD

31,14

1,74

2,11

11,53

0,33

5,80

0,57

Қорлар рентабельділігі(%) ЖҰӨ (%)

11,3

40

5,14

5,52

-

1,61

121,30

3,5

-

0,01

5,62

1,53

-

-

Қызмет еті мерзімі (жыл)

22

10

9

9

6

6

5


 

 

Зейнетақы активтері / ЖҰӨ %       3 кесте

Ел

1997 ж

2000 ж

2015 ж

Аргентина

2,8

6,0

26,1

Боливия

39,8

43,8

32,0

Бразилия

10,0

11,5

24,4

Колумбия

1,5

3,6

26,3

Мексика

0,2

6,2

28,5

Перу

2,3

4,1

18,5

Уругвай

0,7

2,3

7,8

Чили

41,8

44,3

52,9


 

Зейнетақы реформасы барлық елдерде бір уақытта басталған жоқ. Бұл елдер бірінің тәжірибиесін бірі ескере отырып, жаңа жүйеге күдікпен қарады. Алғашқы болып, 1981 жылы Чили бастаса, қалған елдер 90-шы жылдары жаппай зейнетақы жүйесін реформалауға бет бұрды. Сондықтан да, олар ерекше сипатталарға ие, мемлекеттің қатысуы да әр түрлі және көрсеткіштері де өзгеше (2 кесте).

  Зейнеттақы қорларының  қызметін сипаттайтын негізгі  көрсеткіштердің бірі елдің барлық  қорларының зейнетақы активтерінің  сомасының жалпы ұлттық өнімге  қатынасы болып табылады. Келесі  кестеде бұл көрсеткіштің өзгеру  динамикасы мен 2015 жылға дейінгі перспективасы берілген (3 кесте).

    Европалық экономикалық  одақтың кейбір елдеріндегі 65 жастан  үлкендердің 15 жастан 64 жасқа дейінгі  халықтың үлесі мен мемлекеттің  зейнетақымен қамсыздандыруға жұмсайтын  шығынының ЖӨІ-дегі үлесі келесі  кестеде көрсетілген (4 кесте).

Европалық экономикалық одақтың кейбір елдеріндегі    4 кесте

Информация о работе Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі