Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік циклі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 17:49, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбы «Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік цикілі». Жұмыста негізінен инвестициялық жоба, оның түсінігі, құрылымы сонымен қатар өмірлік циклі және инвестициялық жобаның Қазақстандағы және Ресейдегі жағдайы қарастырылып және инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады.
Еліміздегі болып жатқан глобальді өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық тараптарына әсерін тигізеді. Осындай өзгерістер аясында біз өз тәжірибемізге әлемдік бизнестің қолдағы бар шектеулі ресурстарын пайдалы және тиімді пайдалану, жоғары кірістер алу, капиталды құнсызданудан сақтау сияқты т.б. жұмыс істеу тәсілдерін күннен күнге тереңдете енгізіп келеміз.

Файлы: 1 файл

КІРІСПЕ (Восстановлен).docx

— 66.49 Кб (Скачать файл)

                                          КІРІСПЕ

       Курстық жұмыстың тақырыбы «Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік цикілі». Жұмыста негізінен инвестициялық жоба, оның түсінігі, құрылымы сонымен қатар өмірлік циклі және инвестициялық жобаның Қазақстандағы және Ресейдегі жағдайы қарастырылып және инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады.

      Еліміздегі болып жатқан глобальді өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық тараптарына әсерін тигізеді. Осындай өзгерістер аясында біз өз тәжірибемізге әлемдік бизнестің қолдағы бар шектеулі ресурстарын пайдалы және тиімді пайдалану, жоғары кірістер алу, капиталды құнсызданудан сақтау сияқты т.б. жұмыс істеу тәсілдерін күннен күнге тереңдете енгізіп келеміз.

        Жаңа экономикалық бірліктердің көпшілігі, капиталды орналастыру бойынша шешім қабылдаудан бұрын, оларды пайдаланудың альтернативті тәсілдеріне бағалау жүргізеді, яғни, біздің әрекетімізде үнемділік қасиеттері пайда бола бастайды.

       Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда.

      Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде сондықтан еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.

     Жоба - қоғамның өмір сүру жағдайын жақсартуы мен ұлттық экономиканыың тез дамуына алып келетін кез келген шараны айтуға болады, яғни қоғамның әлеуметтік мақсаттары мен шектеулерін есепке ала отырып, жүргізілетін іс шаралар жиынтығы.

        Инвестициялық жобаның мақсаты – белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендеут үшін тозған қондырғаларды ауыстырту.

      Кәсіпорынның табысты қызметі үшін тиімді инвестициялық жоба таптырмас көмек болып табылады. Сонымен бұл курстық жұмыстың өзектілігі – неғұрлым жобаның дұрыс жолға қойылуы компания үшін де тиімділігін арттырады, өндіріске ықпал жасайды.

       Ал курстық жұмыстың мақсаты – инвестициялық жобаға түсініктеме бере отырып, кәсіпорында олардың атқаратын рөлін көрсету.

      Курстық жұмыстың құрылымы , кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

      Бірінші бөлімде, инвестициялық жобаның түсінігі, құрылымы мен өмірлік цикілі жайлы жазылған.

      Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы инвестициялық жобалар қарастырылды.

       Үшінші бөлімде, инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары жазылды.

      Курстық жұмыстың теориялық негіздерін отандық ғалымдардың еңбектері құрады, әдістемелік мәліметтер ғаламтор ақпараттарынан алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА  ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ӨМІРЛІК ЦИКІЛІ

1.1.Инвестициялық жоба түсінігі және оның құрылымы

     Кез-келген инвестициялық қызметтің түрі, оған капитал жұмсау немесе инвестициялау барысында арнайы инвестициялық жобаның болуын талап етеді. [1,160б]

      Тар мағынада  жоба дегеніміз – ресурстарды  пайдалану арқылы белгілі бір  табыс табуға бағытталған адамзат  қызметінің немесе қызмет жиынтығының  түрі. Жобаларға: бағалы қағаздарды сатып алу, банкке бос ақша қаражаттарын салумен байланысты адамның мақсатты қызметін жатқызуға болады. Жаңа объектілерді салу немесе ағымдағы объектілерді жөндеу, тіпті сауда-делдал қызметін де жатқызуға болады. [2,297б]

      Жоба - бұл  мүліктік объектілерді және техникалық  үдерістерді жүзеге асыруға қажетті  материалдық-қаржылай еңбекпен және  инвестициялық мақсаттарға жету  бойынша жұмыс жүргізу үшін  қажетті ұйымдастырушылық –техникалық  құжаттардың пакетін, сондай-ақ  олардың орындалуымен байланысты  басқару шешімдерін және шараларын  қамтитын, көздеген мақсатқа немесе  нәтижеге жетуге бағытталған  жүйе болып табылады. [1,160б]

     Кейбір әдебиеттерде  инвестициялық жоба – шектеулі  ресурстар мен шектеулі уақыт  мерзімінде нақты бір мақсатқа  қол жеткізуге бағытталған өзара  байланысты ұйымдық, техникалық  және инвестициялық шаралар жиынтығын  үйлестіру деп те беріледі. [2,297б]

       Оның түсініктірек анықтамасы келесідей, инвестициялық жоба -  қаржылық нәтижесі пайда алу, материалдық- мүліктік нәтижесі жаңа өндірісті құру немесе стратегиялық мақсаттарға жету мақсатныда жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңарту, қалпына келтіру, өндірісті кеңейтуге қаражат салу, қаржы құралдары мен материалдық емес активтерді сатып алу және пайдалануға бағытталған жүйелі түрдегі шаралар жиынтығын білдіреді.

      Инвестициялық жобаларға тұрғын үй, құрылыс, үй объектілерін салу жобасы, инвестициялық портфельді қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеу жобалары, жаңа техника мен озық технологияларды игеру жобасы, кәсіпорындарды қайта құру және кеңейту жобалары, кинофильмдерді шығару жобалары, аймақты қамту және т.б. жатады.

      Инвестициялық жобаның мақсаты – белгілі бір уақыт аралығында қалаған нәтижеге қол жеткізу болып табылады. [1,161б]

      Жиі «мақсаттар тізімі» құрылып, олардың ішінде әр мақсаттың деңгейі анықталады. Жобаны іске асыру процесін негізгі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін, төменгі деңгейдегі мақсаттан жоғары деңгейдегі мақсаттарға қозғалысы деп қарауға болады. Кейде әр-түрлі жұмыстар бір уақытта атқарылып, әр түрлі деңгейдегі мақсаттар бірге іске асырылуы мүмкін. [2,298б]

   Кез келген жобаны қаржыландыру мен несиелеуге инвестиция жұмсау жекелеген тәуекел түрлерімен анықталады. Сондықтан инвестицияны жұмсамас бұрын жоба жүргізу қажет. Жобалық жұмыс маңызды болып табылады, себебі инвестицияны тиімді пайдалану оған тікелей байланысты.

   Барлық инвестициялық  жобаларды төрт түрге бөлуге  болады:

  • Тәуелсіз;
  • Өзара шектеуші;
  • Өзара толықтырушы;
  • Өзара ықпал етуші.

      Инвестициялық жобалар басқалардың жүзеге асуы әсер етпеген жағдайда ол тәуелсіз болып табылады.

     Өзара шектеуші – бұл жоба кезінде басқа бір жоба әсерінен басқалардың жүзеге асырылу мүмкіншілігі болмайтын жобалар.

     Инвестициялық жобалар бір уақытта қабылданса, немесе кері қайтарылса – олар өзара толықтырушы болып табылады.

     Өзара ықпал етуші – бұл жоспарланған жобаның жүзеге асырылу әсерінен қосымша тиімділік әкелетін жобалар.

     Инвестициялық жобаның объектілері жаңа құрылған өндіріс, сонымен бірге қалпына келтіру, кеңеюі өндірісі болып табылады.

    Инвестициялық жобаның ерекшеліктеріне байланысты келесідей типтерге бөлуге болады:

  • Шағын жобалар;
  • Ірі жобалар;
  • Мультижобалар;
  • Халықаралық жобалар.

      Шағын жобалар – бұл өзінің ерекшелігіне байланысты өте аз шығынды қажет ететін, мақсаты - пайда табу болып табылатын шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін сипаттайды.

    Ірі жобалар – бұл белгілі бір ортақ мақсатқа арналған көптеген жобалардан тұратын мақсатты бағдарламаны білдіреді. Бұл бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық, салааралық және аралас бодып келеді. Бұл инвестициялық жоба құндылығымен немесе капитал сыйымдылығы 1 млрд доллардан асатын қаражатты қажет ететін, іске асырылу мерзімінің ұзақтығымен, сондай-ақ инфрақұрылымдарға кететін шығындарымен және әлеуметтік-экономикалық ортаға негізделген ықпалымен байланысты басқа жобалардан өзара ерекшеленеді. Жобаларды іске асыру мерзімі ұзақ мерзімді болып келеді.

     Мультижобалар – бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру, жаңғырту және жаңадан құру мақсатындағы бағдарламаларды білдіреді. Бұл жобаларды іске асыру – қысқа және орта мерзімді сипатта болады.

      Халықаралық жобалар – экономикада біршама күрделі және құндылығымен, сонымен қатар атқаратын рөліне байланысты басқалардан ерекше. Бұл жобаның басты ерекшелігі – оны іске асыру барысында нарықтан қажетті құрылыстық жобалар мен материалдар алынып пайдаланылады. Сондай-ақ, ортақ мақсаты бар және бірлескен түрде қаржыландыруды қажет ететін бағдарламаны сипаттайды. Халықаралық инвестциялық жоба оған қатысушы мемлекеттер немесе қаржылық ұйымдар арасында алдын ала жасалынған келісімшарттар негізінде жүргізіледі. [1,161-162б]

   Инвестициялық жобалар сыртқы ортаға байланысты жүзеге асырылады, ол экономиканың нақты шарттарымен, құқық саласымен, әлеуметтік және демографиялық ортамен, қаржылық нарықтың дамуымен анықталады. Жобаларды сыртқы жағдайды ескеріле отырып, қарастырылады және жоспарланады.

        Инвестициялау процесі әрдайым  белгілі бір нәтиже алуды көздейді. Оларға: атыс алу, нақты бір әлеуметтік мәселені шешу немесе нарықта өз орнын табу және тағы басқа. Басқа сөзбен айтқанда, бір де бір ресурс белгіленген мақсатсыз артық жұмсалмауы қажет.

    Әрбір жобаның өзінше ерекшелігі бар, бұған жобаның іске асырылатын ортасы әсер етеді, яғни қызметкерлердің мамандық дайындығы, табиғи жағдайлар, инфляция деңгейі, сатып алынатын құралдар бағасы және т.б. [2,298б]

 

 

1.2.Инвестициялық жобаның  өмірлік циклі

 

 

      Инвестициялық жобаның өмірлік циклі – жобаны жүзеге асырудан бастап аяқталуға дейінгі уақыт аралығы. [1,163б]

   Инвестициялық жобаның  өмірлік циклі келесі сатылардан  тұрады:

  1. Жоба алдындағы бағалау немесе инвестиция алдындағы кезең;
  2. Жобаны іске асыру немесе инвестициялық кезең;
  3. Жүзеге асырылған жобаны бағалау кезеңі.

     Өз кезегінде әр кезең өзінің ерекшеліктеріне қарай бірнеше сатыдан тұруы мүмкін.

     Бірінші кезең жобаға кететін жалпы шығынның он бес пайызын қамтиды. Бұл шығын қажетті құжаттар пакетін дайындауға, жүзеге асырылайын деп отырған жобаны жан-жақты зерттеуге қажет. Бірінші кезең мына қадамдардан тұрады:

  1. Жаңа идеяны анықтау, жобаға деген сұранысты талдау, нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтап, олардың қоғам мүддесіне сай келуін бағалау;
  2. Жобалық талдау- бұл кезде жобаға қажет мәліметтерді реттеу және талдау, соның негізінде ең қолайлы шешім қабылдау;
  3. Жобаны дайындау кезеңінде – мерзімі көрсетілген жобаны іске асыру әдістерін анықтау, сонымен бірге бұл кезеңде жоба жүзеге асырылып жатқан ел аймағының әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

     Екінші кезеңде жоба циклі құрылыстың салына басталуы мен салынып бітуімен және оны пайдалануға беру кезеңін қамтиды. Бұл кезде мемлекеттің бақылау органдары тарапынан жобамен байланысты барлық қызмет түріне бақылау жүргізіледі.

      Үшінші сатысы жобаның пайдалануға беруінен басталып, өмірлік циклдің аяқталуымен бітеді. Бұл сатыда жүзеге асырылған жобаның қоғамға әсері тиді ме, алға қойған мақсатқа қол жеткізілді ме деген сұрақтарды анықтап, онымен қоса келесі жобаларды дайындауға тәжірибе жинақталады.

      Жалпы инвестициялық жобаның өмірлік циклін үш сатыға бөлмей, кезекпен жүргізілетін іс-әрекет ретінде қарастырсақ, онда оны алты фазаға бөлуге болады:

  1. Жоба мақсатын анықтау;
  2. Жобаны дайындау;
  3. Жобаны сараптау;
  4. Жоба бойынша келіссөз жүргізу;
  5. Жобаны іске асыру;
  6. Жобаны қорытынды бағалау.

       Бірінші фаза екі сатыны қамтиды. 1-сатыда экономиканың нақты секторында бірінші кезекте шешілуге тиіс мәселелер қарастырылады, содан барып жобаның негізгі идеясы анықталады. Негізгі жаңа идея әр түрлі жолдармен іске асырылуы мүмкін. Сол себепті бұл сатыда зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, ол жұмыстар мыналарды қамтиды:

  1. Жобаны тұжырымдау;
  2. Жобаның институционалды ортасын зерттеу;
  3. Әлеуметтік ортаны зерттеу;
  4. Жобаның сыртқы ортаға тигізетін әсерін зерттеу;
  5. Жобаны жүзеге асыруға қажет өнім, ресурс пен шикізат нарығын зерттеу;
  6. Жобаның басталу мен аяқталу мерзімін алдын ала бағалау;
  7. Инвестиция көлемін болжамдау;
  8. Жобаны қаржыландыру көзі мен шарттарын бағалау;
  9. Жобаның тиімділігіне алдын ала баға беру.

        2-сатыда жоба түрін таңдау және оған алдын ала баға беру жұмыстары жүргізіледі. Бұның мақсаты табыс алып келмейтін жоба идеяларын анықтап, олардан бас тарту болып табылады. Сонымен қоса баламалы жобаларды іздестіріп, солардың ішінен ең тиімдісін таңдау жұмыстары жатады.

       Екінші «жобаны дайындау» фазасында максималды деңгейде жоба идеясының дрыстығы немесе қателігі нақты анықталады.

       Бұл фазада міндет екі сатыда тақарылады. Бірінші сатыда жобаның техникалық-экономикалық негізі дайындалады. Мұнда негізгі аспектілердің (институционалды, қаржылық, экологиялық, коммерциялық, әлеуметтік, техникалық және экономикалық) барлығы трең зерттеледі. Бұндай зерттеу нақты бір үлгі ретінде, яғни ешбір аспектінің қарастырылып қалмайтындай етіп жүргізіледі. Және де жоба бірнеше тұлғалардың мүдделерін (жалпы қоғамды, халықаралық ұйымдар, ұлттық экономика, жобаны жүзеге асыратын фирманың, аймақтың экономика секторын және т.б.) ескере отырып бағаланады.

Информация о работе Инвестициялық жоба, құрылымы мен өмірлік циклі