Инновациялық жобаларды бизнес жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 17:44, реферат

Описание работы

Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................3 бет
1. Жоспарлаудың түсінігі мен қажеттілігі. Жоспарлау типтері......................4 бет
2. Жоспарлаудың экономикалық түрлері...........................................................8 бет
3. Жоспарлаудың торлы моделі.........................................................................10 бет
Қорытынды......................................................................................................13 бет

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 53.00 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны:

 

Кіріспе................................................................................................................3 бет

  1. Жоспарлаудың түсінігі мен қажеттілігі. Жоспарлау типтері......................4 бет
  2. Жоспарлаудың экономикалық түрлері...........................................................8 бет
  3. Жоспарлаудың торлы моделі.........................................................................10 бет

Қорытынды......................................................................................................13 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау. Микроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау өңдіріс ішілік, фирма ішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады. Макроэкономикалық жоспарлау белгілі бір кезеңде елдің экономика және әлеуметтік даму жоспарын жасауды, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру мен орындалуын бақылауды қамтиды.

Макроэкономикалық жоспарлау  директивалық (нұсқаулық) жоспарлау  және индикативтік жоспарлау болып  бөлінеді. Директивалық (нұсқаулық) жоспарлау – тоталитарлық қоғамдағы халық шаруашылығын мемлекет басқарудың орталық буыны болып табылды. КСРО-дағы, т.б. елдердегі директивалық, яғни бір орталықтандырылған жоспарлауды жүзеге асыру тәжірибесіндегі мемлекет тапсырыстардың, разнарядкалардың, ресурстарды жинақтаудың, т.б. қатаң белгіленген жүйесі өнім өндірушіні еркіндіктен, дамуға деген ынталылықтан айырып, экономика өсу қарқынының баяулауына, сөйтіп, халық шаруашылығындағы дағдарысқа әкеліп соқты.

  Жоспарлаудың бұл түрінің зиянды салдарлары Қазақстанда да анық байқалды (қ. Бесжылдықтар, Жоспарлы экономика). Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналып, нарықтық экономикаға көше бастаған кезден бастап (1991), елдегі экономика және әлеуметтік өзгерістерді индикативтік жоспарлау үлгісі қолданылды. Индикативтік жоспарлау немесе экономикалық бағдарламалау – ел экономикасын мемлекеттік реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол – елдегі қоғамдық өндірістің дамуы мен әлеуметтік-экономика саясаттың стратегиялық тұжырымдамаларының ең оңтайлы нұсқасы таңдап алынған кешенді жалпы экономика бағдарламалар негізінде экономиканы реттеп отыру жүйесі саналады және индикативтік, яғни ұсыныстық сипатқа ие.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН  ҚАЖЕТТІЛІГІ . ЖОСПАРЛАУ ТИПТЕРІ

 

Жоспарлау бір жағынан  мақсаттар мен қажеттіліктер, екінші жағынан мүмкіндіктер мен потенциал  арасындағы ымыралыққа қол жеткізуге  бағытталады. Қол жеткізілген ымыралық негізінде ұйым туралы және оның даму бағыттары туралы түсінік қалыптасады. Барлық туындаған міндеттер мен  проблемаларды олардың барлық –  уақытша, кеңістікті, ресурстық, логикалық  өзара байланыстарының жиынтығында  қарастырған жөн. Бұндай жиынтықты  қарастыру сәйкессіздікті болдырмауға  және келісімді интеграциядан жоспар жасауға мүмкіндік береді.

Шешілетін міндеттердің типі бойынша жоспар: 1) стратегиялық; 2) тактикалық; 3) жедел болып бөлінеді.

Стратегиялық жоспар –  кәсіпорынның әлеуетін дамыту жоспары.

Тактикалық жоспар – тактикалық шешімдерді жүзеге асыру жоспары.

Оперативтік жоспар – тактикалық шешімдерді жүзеге асыру жоспары.

Потенциал - кез-келген әрекетті немесе кез-келген мақсатқа қол жеткізу  мүмкіндігі.

Стратегия анықтайды: даму бағытын; бәсекелес стратегиясын; жүзеге асыру құралдарын.

Стратегиялық жоспар: ұйымның миссиясын түсіндіреді; өнім мен нарықты таңдауды анықтайды; мақсатты анықтайды: сапалық; сандық; стратегияны ретке келтіреді (негізгі, бәсекелестік, атқарымдық, саясатты анықтау).

Тактикалық жоспар: әрекет етеді ұйымдық құрылымды, ресурстарды басқару, анықтайды ұйымның құрылымы, басқару жүйесі, ақпараттық, жоспарылық, - бақылау,  конпенсация жүйесі және мәжбүрлеу, мотивациялау, кадрларды таңдау, басқару стилі.

  Жедел жоспар: ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді; нақтылайды - әрекет бағдарламаларын нақтылайды; жоспарларды; анықтайды - функционалдық саясатты,  процедураларды; нормаларды; салымдарды анықтайды; барлық бюджетті нақтылайды - - фукциялардың; қызмет түрлерін; іс-шараларды.

Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың  ішінде - жоспарлау  мен  болжау, ұйымдастыру,  реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.:

Бұл - бөлімде  жоспарлау басқару қызметінің маңызды-бір-саласы ретінде   қарастырылады,   әрі   басқарушылық   бақылау процесінің бір бөлігі  болып  табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі - бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі - бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.

Жоспарлау кәсіпорынға  белгілі бір кезеңде кол жеткізуге  міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі қызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады.

Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:

  • оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге жасалады;
  • тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;
  • стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге арналған.

Кәсіпорынға жоспарлау  жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:

  • кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;
  • тұтас  кәсіпорын  мен  оның жекелеген  бөлімшелерінің мүдделерін   ұштастыру   және   қызметтерді   үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • шаруашылық кызметтің әр түрлі нұсқаларына болжам жасау, талдау, бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін арттыру;
  • қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту.

Жоспар былайша  жіктелуі мүмкін:

Оперативті жоспар - ұйымның  өз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға болады.

Оперативті-күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру максаты мен тактикалық жоспардын, көрсеткіштерін нақтылай түседі. Ол өндірістің техникалык әзірлігін, оның материалдық-техникалық камтамасыз етілуін, аса қажетті материалдық ресурстардың қорын құруды және қолдауды, өнім өткізуді және т.б. осылардың бәрін қосып, біртұтас өндіріс организміндегі ұйымның барлық элементтерін бір-біріне байланыстырады.

Әкімшілік (тактикалық) жоспары - ұйымдык құрылымды дамытудың және қолдаудың тактикалык жоспары. Оның мақсаты - орындаудың қалаулы деңгейіне жететін ұйым құру. Ол жыл сайын қарастырылатын орта мерзімді жоспарлар болып табылады.

Бірқатар кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау жеңілдетілген түрмен біріктіріледі. Бұл жағдайда бірінші жылы оперативті жоспар деңгейіне дейін нақтыланатын сырғымалы деп аталатын үш жылдық жоспар жасалады.

Стратегиялык  жоспар - бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың ұзақ мерзімді құрылымдык жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек кажет болған жағдайда ғана қарастырылады. Мысалы, жаңа технология енгізілгенде, тұтынушылардың талғамы өзгергенде, жаңа бәсекелес пайда болғанда, міне осындай жағдайларда қарастырылады. Ол үш жылдан да ұзак мерзімге (үш жылдық, бес жылдық және он жылдық жоспарлар) әзірленеді, ал кен өндіру және электр энергиясы өнеркәсіптерінде жоспар 20 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа жасалады.

Стратегиялық  жоспарлау арқылы бизнес саласындағы қызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындауы керектігін, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серіктестікпен жүргізуді анықтайды. Стратегиялык жоспарлаудың нәтижесінде  кәсіпорын алдағы  кезеңнің мақсаттарын айқындап, оларға қол жеткізетін құралды жасайды.

Оперативті, әкімшілік және стратегиялық жоспарлар кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың, қызметкерлер санын ынталандырудың (мотивирования), нәтижелерді бақылаудың және олардың шаруашылық тұрғысынан да, қаржылық тұрғысынан да бағалаудың негіздері болып табылады.

Жоспарлау - ресурстарды  пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы. Бүгінгі таңда кәсіпорын қызметін жоспарлау мыналарға байланысты күрделі мәселе күйінде қалып отыр:

  • жоспар және қаражат бұрынғыдай "жоғарыдан" түспейді, кәсіпорын нарық жағдайына өздігінен бағдарлануы (бейімделуі) керек;
  • жоспарлау процесі уақытты созатындықтан (яғни оның жасалуына уақыт кететіндіктен) ол оперативті басқарушылық шешім қабылдауға жарамсыз болады;
  • көптеген кәсіпорындарда нарық конъюктурасы туралы, ағымдағы ресурстарға қажеттілікпен оны қаржыландыратын көздер туралы шындыққа жанасымды және уақтылы ақпараттар жоқ;
  • жоспарлау барысында баға белгілеудің шығын механизі тән;  бағалар  нарықтық жағдайларды  ескермей, толық өзіндік құндар мен пайдалылық нормативімен қалыптасады;
  • экономикалық жоспарлау жоспарлы құжаттарды дәстүрлі жолмен әзірлейтіндіктен олардың көбісі кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдауда жарамсыз.

Жоспарлау дегеніміздің өзі - кәсіпорынның проблемаларын алдын ала болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлау шешім қабылдаудың ерекше түрі ретінде барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтиды. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорыннын өндірістік-қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

                                    

Экономикалық  жоспарлау түрлеріне тоқталып кетсек.

Стратегиялық жоспар. ҚР-да ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жыл аралығына жасалынады. Бұл  жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың 1-ші кезекті даму қажетті бағыттары, олардың іске асырылу кезеңдері және мемлекеттің  әлеуметтік – экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді.

Микроэкономикалық жоспарлау  деп жеке кәсіпорын мен оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің шаралары мен көрсеткіштері  жүйесінің жоспарын жасауды айтады. Мұнда ең алдымен техникалық-экономика  есептер жасалады, жалпы кәсіпорын  бойынша да, оның құрылымдық бөлімшелері  бойынша да қажетті нормалар мен  көрсеткіштер әзірленіп негізделеді, сондай-ақ шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуына басшылық жасалып, бақылау  орнатылады, ішкі өндірістік резервтер  анықталып пайдаланылады. Кәсіпорын  нарық жағдайында ойдағыдай жұмыс  істеуі үшін бірқатар мән-жайлар ескерілуге тиіс. Олар: сұраныс пен ұсыныс, өз өнімінің икемділігі, өндірістің ағымдағы шығыны, шекті пайда мен тиімділік (табыстылық), бәсеке, негізгі құрал-жабдықтың  бағасы, шикізат пен материалдар, т.б. Сонымен, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне тек микроэкономикалық  орта ғана емес, елдегі макроэкономикалық  саясат та ықпал жасайды. Кәсіпорынның жоспарлары рыноктың, бәсекенің талаптарын ескеруге, оның тұрлаулы экономика  және әлеуметтік дамуын көздеуге, жоғары табыс алуға жәрдемдесуге тиіс. Микроэкономикалық  жоспарлау ағымдағы жоспарлау және оралымды жоспарлау түрлеріне бөлінеді. Ал оралымды жоспарлау өз кезегінде  күнтізбелік жоспарлау және маркетингілік  жоспарлау болып бөлінеді.

Күнтізбелік жоспарлау –  жалпы кәсіпорын және оның жеке құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер, бригадалар, жұмыс орындары) үшін қысқа мерзімге (айға, тәулікке, ауысымға, сағатқа) арналған нақты өндірістік тапсырмаларды әзірлеуді қамтитын оралымды-өндірістік жоспарлаудың бір бөлігі. Жоспарлы тапсырмалар нормалар мен нормативтердің, шарттық міндеттемелер мен мемлекет тапсырыстардың негізінде әзірленеді, мұнда сондай-ақ оларды іске асырудың сол сәтте қалыптасқан нақты жағдайлары ескеріледі. Күнтізбелік Жоспарлау, әдетте, үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде көлемді Жоспарлау орындалады, яғни тапсырмалар тәптіштеліп, цехтарға бөлінеді. Әрбір цехқа (телімге) берілетін тапсырма заттай, еңбек және құндық өлшемдермен белгіленеді. Екінші кезең – өндірістің күнтізбелік жоспарларын әрбір цех үшін мерзім мен нысандар бойынша жасау және күнтізбелік нормативтерді әзірлеу. Үшінші кезең – жоспарлы тапсырмаларды әрбір жұмыс орнына жеткізуді қамтиды. Осы мақсатпен күнтізбелік жоспарлар орындаушылар арасындағы жеке тапсырмаларға бөлінеді, сөйтіп, ауысымдағы әрбір жұмысшыға берілетін жеке тапсырмалар көрсетілетін жоспар жасалады.

Информация о работе Инновациялық жобаларды бизнес жоспарлау