Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 14:05, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуда. Төлем жүйесін реформалау қолма-қолсыз есеп айырысуларды тиімді, қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕCІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................5
1.2 Төлем жүйеcінің түрлері мен қатысушылары...................................................8
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы...........................11
2 ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі……………………….16
2.2 ҚР төлем жүйесінің қызметін талдау…………………………………………19
2.3 Банктің электрондық қызметін оңтайландыру………………………………27
3 ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту…………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………........34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………36

Файлы: 1 файл

Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары.doc

— 365.50 Кб (Скачать файл)

Ақшалай-депозиттік ұйымдар  секторына ҚР екінші деңгейдегі банктері және шетел банктері кіреді.

Төлемнің тағайындалу  коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады:

0 – Зейнет ақы және  жәрдем ақы;

1 - Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар); 

2 – Шетел валютасы  және бағалы металдармен операциялар;

3 – Депозиттер;

4 – Займдар;

5 –  Қазақстан  Республикасының  бейрезиденттерінің    шығарған     бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары, және шетел капиталына инвестициялар;

6 - Қазақстан Республикасының  резиденттерінің шығарған бағалы  қағаздары және вексельдері және  Қазақстан капиталына инвестициялар;

7 – Тауарлар мен  материалдық емес активтер;

8 – Көрсетілетін қызметтер  мен трансферттер;

9 – Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.

Төлемдердің тағайындалуының  бірыңғай классификаторы толтырылатындарға  мынадай төлем құжаттары жатады:

  • төлем тапсырмасы;
  • төлем талабы-тапсырмасы;
  • салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі;
  • шетел валютасын аударуға берген өтініш;

 

 

2.2 ҚР төлем жүйесінің қызметін талдау

 

Төлем жүйесі ұғымы нарықтық қатынастар жағдайында қолданылатын, яғни қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің  орнына келген жаңа ұғым болып табылады.

Төлем жүйесінің мақсаты  тауар мен қызметтерді жабдықтаушы мен сатып алушылар арасындағы ақшалай аударымдар мен төлемдерді уақтылы  заңға, ережеге және стандарттарға сай жүзеге асырып, оларды міндеттемелерінің өз уақытында орындалуын қаматамасыз ету.

Қазіргі кездегі ҚР Ұлттық банкінің ұйымдастыратын төлем жүйесінің қатысшыларына мыналар кіреді:

  • ҚР Ұлттық банкі.
  • Орталық клирнгтік палаты
  • Екінші деңгейдегі банктер және олардың филиалдары.
  • Қаржы министрлігінің қазынашылық департаменті.
  • Орталық депозитарий.
  • Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.
  • Қазақстан қор биржасы.
  • Қазпошта РМК.

Төлем құралдарын таңдау мынадай екі факторға тәуелді:

1.  Жалпы негізде (жалпы есеп айрырысу жүйесі);

           Жалпы негізде есеп айырысуда әр төлем құжаты жеке-жеке өңделіп ақша аударымы сол төлем құжаты негізінде жүзеге асыралады.

  1. Клиринг негізінде (таза ұстанымын есептеу арқылы ұйымдастырылатын есеп айрысу жүйесі). Клиринг негізінде клирингтің қатысушы банктерінің қарама-қарсы міндеттемелерін өзара есепке алу арқылы іске асады. Мұнда әр қатысушының таза ұстанымы (барлық түскен және шыққан қаражаттар сомаларының арасындағы айырма) анықталып, соған сәйкес аударым жасалады. Клирнг екі жақты және көп жақты болып келеді. Екі жақты клирингте өзара есепке алу тек екі банк арасында жүргізіледі.

Төлем жүйесін ұйымдастыру  мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • төлемдерді жүзеге асырудың құқықтық режимі;
  • банктік шот бойынша төлемдерді жасау;
  • есеп айырысу формаларын таңдаудағы шарушылық субъектілерінің экономикалық дербестігі;
  • төлемдерді акцептеудің болуы;
  • төлемді шот қалдығы көлемінде жасау;
  • төлеушінің шотынан шегергеннен кейін қаражатта алушының шотыныа есептеу;
  • төлемдердің мерзімділігі;
  • төлем жүйесін жасалатын бақылаудың болуы;
  • төлем жүйесіне қатысушылардың материалдық жауапкершілігінің болуы.

1990 жылға дейінгі Қазақстандағы  төлем жүйесі бір орталықтан экономиканы басқару жүйесіне негізделді. 1991 жылдан бастап, ҚР өзінің тәуелсіздігін алып, басқа елдермен экономикалық байланыстар орнату барысында төлем жүйесін ұйымдастыру технологиясы түбегейлі өзгерістерге ұшырады.

ҚР-ғы төлем жүйесінің  қалыптасуы 1994 жылдан басталады. Бірінші кезеңде төлем жүйесін ұйымдастырудың құқықтық базасын жасау жүзеге асты. 1994 жылы қарашада ҚР банктік клиринг туралы ҚР Ұлттық банкінің уақытша ережесіне сәйкес Қазақстан клирингтік палатасы құрылыды.

Клирингтік палатаның  негізгі қызметіне мыналар жатады:

  • клирингке қатысушы банктердің өкілдері арасында үздіксіз чектердің айырбасын қамтамасыз ету;
  • өзара талаптарды ескеру арқылы қатысушы банктердің таза (нетто) ұстанымын анықтау;
  • банк мекемелерінің корреспонденттік шоттары бойынша ақырғы таза ұстанымды көрсету мақсатында клирингтің нәтижелері туралы ҚР Ұлттық банке ақпараттар беру.

Осы кезеңде Қазақстан  аумағында вексель, чек және төлем  карточкаларын пайдалану тәртібін реттеуге арналған нормативтік актілер  жасалып бекітілді.

1995 жылы Ұлттық банкі  базасында Алматы клирингтік палатасы құрылып, ол көпжақты өзара есепке алу әдісі бойынша жұмыс жасады. Ақырғы есеп айырысулар операциялық күн соңына қарай әрбір қатысушының таза ұстанымына байланысты 1 рет жасалды.

Таза ұстаным -  клирингтің бір қатысушысына қатысты клирингтің барлық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері бойынша төлем құжаттарының сомасы мен аталған қатысушының басқа қатысушыларға қатысты ақшалай міндеттемелері сомасындағы айырманы білдіреді.

Егер айырма мәні теріс  болсы, онда клирингке қатысушылардың дебеттік таза ұстанымы, ал оң болса онда кредиттік таза ұстанымы анықталады.

Клирингке қатысушылар ретінде  клиринг ұйымымен өзaра келісімшарт жасасқан кәсіпкерлікпен айналысатын кез келген заңды және жеке тұлға бола алады.

Ірі төлемдер жүйесінің  басты кемшілігіне төлем жүйелерінің қатысушы-банктер арасында ақшалай аударымдар мен төлемдердің қағаз жүзінде жүзеге асуы жатады. Бұл негізінен электронды тәсілмен іске асатын электронды төлем тапсырмаларының болмауын тікелей байланысты.

Сөйтіп, ҚР төлем жүйесін дамыту және жетілдіру мақсатында ҚР Ұлттық банкінің облыстық филаиалдарында аймақтық клирингтік палаталар құрылды және олар аймақ ішіндегі төлемдерді банкаралық клиринг арқылы жүзеге асырды.

Банкаралық клиринг - талаптар мен міндеттемелерді өзара  есепке алуға негізделген, тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қолсыз есеп айырысулардың жүесін білдіреді.

Банкараралық клиринг  екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттары көмегімен іске асады. Банкаралық клирингтің объектілеріне мыналар  кіреді:

  • төлем тапсырмалары,
  • ақшалай аударымдар,
  • чектер,
  • вексельдер,
  • бағалы қағаздар,
  • аккредитивтер,
  • займдар.

Сол уақытта Қазақстанда 19 клирингтік палаталар қызмет етті. 1995 жылы 30 желтоқсанда Клирингтік палата қайта түрлендіріліп, нәтижесінде  Қазақстан банкаралық есеп айрысу орталығы (ҚБЕО) құрылды.

Екінші деңгейдегі банктер  арасында корроспонденттік қатынас  орнатулар 2000 жылы 25 қарашада ҚР Ұлттық банкінің N 428 қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктердің арасында және банктік операциялардың жекелеген  түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін” басшылыққа алады.

Корреспонденттік шот  – бұл коммерциялық банктердің өзара  есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде  және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.

Корреспонденттік шотты  ашу үшін Респондент банк Корреспондент  банкке мынадай құжаттарды тапсырады:

  • Корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш;
  • Банктік    операцияларды      жүргізуге    рұқсат    беретін лицензияның

көшірмесі.

           Ұсақ төлемдер нарығын дамыту және осы салада қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 1999 жылдың 1 тамызынан бастап, ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалдарындағы клирингтік палаталар жабылды.

Қазіргі кезде бұл  клирингтік палаталар Қазақстан  банкаралық есеп айрысу орталығы қызметін жүзеге асырады.

Қазіргі ҚР-ғы төлем жүйесі үш ішкі жүйеден тұрады:

1) Банктік хабарламаларды  өңдеу жүйесі (БХӨЖ).

2) Банкаралық ақшалай  аударымдар жүйесі (БААЖ).

3) Ұсақ төлемдер жүйесі (ҰТЖ).

Ішкі жүйелер бір-бірімен  тәуелсіз қызмет етеді және хабарлама механизмдері арқылы байланысты қолдайды. Жүйенің барлық субъектілері ортақ хабарлама нысаны мен ортақ мәліметтер алмасуға негізделеді.

Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі мынадай қызметтерді  атқарады:

1) төлем жүйесінің  субъектілерінен хабарламаны қабылдау.

2) хабарламаның толық  түсуіне бақылау жасау.

3) келіп түскен хабарламаны  өңдеу.

4) хабарламалар ағымын  тарату.

 



 


 




 

 

 


 

 

 

Cурет 2 Хабарламаны алмасу

 

Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі хабарламaлармен алмасу жүйесінің ортасында отырып, хабарламаны жіберушілерден барлық хабарламаларды қабылдап, оларды қателері болмаған жағдайда қатысушыларға өзгеріссіз жібереді.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі – нақты уақыт режиміндегі жұмыс жасайтын қолма-қолсыз ақшалардың электрондық аударым жүйесі болып табылады.

Банкаралық ақшалай  аударымдар жүйесі пайдаланушыларға мыналар  жатады:

  • ҚР Ұлттық банкі.
  • ҚР Ұлттық банкісінің монетарлық операциялар департаменті.
  • ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығы.
  • Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.
  • Екінші деңгейдегі банктер.
  • Облыстық клирингтік палаталар.
  • Қор биржасы.
  • Орталық депозитарий.
  • Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің пайдаланушысы болып ҚБЕО-мен осы жүйеде қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасасқан банк немесе банкілік емес қаржы ұйымы табылады. Жүйенің әрбір қатысушысының Ұлттық Банкте корреспонденттік шоты болуы тиіс.

2011 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесіне қатысушыларының саны 71 болып, соның ішінде: 37 екінші деңгейлі банктер;  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казнашылық Комитеті және оның 16 аумақтық басқармалары;  15 банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;  ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Банк-Кастодианы (ҚРҰБ монетарлық операциялар департаменті).



 

 



 

 

 


 


 


 

 

 

 

Cурет 3 БААЖ пайдаланушыларының электрондық хабарлар алмасу

 

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің (БААЖ) қызметі төмендегідей түрде жүзеге асады:

1) Тапсырма берушінің  банк - А банкі   ақшалай   аударымдар туралы   төлем тапсырмасын банкаралық ақшалай аударымдар жүйесіне береді.

2) Ақшалай аударымды  жасаған жағдайда БААЖ тапсырма беруші банктің, яғни А банкінің шотын дебеттегені туралы және Бенефицар банктің, яғни В банкісінің шотын кредиттегені туралы немесе  ақшалай аударымдарды жасағаны туралы хабарлайды.

  1. БААЖ төлемді аударғандығын куәландыратын төлем тапсырмасын Бенефицар банкке береді.
  2. Тапсырма беруші банк хабарламаны алғаннан кейін, төлеушінің шо<span class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d_043e_0439_0020_0442_043

Информация о работе Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысулар