Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 14:05, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуда. Төлем жүйесін реформалау қолма-қолсыз есеп айырысуларды тиімді, қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕCІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................5
1.2 Төлем жүйеcінің түрлері мен қатысушылары...................................................8
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы...........................11
2 ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі……………………….16
2.2 ҚР төлем жүйесінің қызметін талдау…………………………………………19
2.3 Банктің электрондық қызметін оңтайландыру………………………………27
3 ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту…………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………........34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………36

Файлы: 1 файл

Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары.doc

— 365.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар»  жоғарғы мектебі

«Есеп және қаржы» кафедрасы

 

 

 

 

 

Жұманалы Абай Иманалыұлы

Төлем жүйесі және банкаралық есеп айырылысулар

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    

  Ғылыми жетекшісі:

                                                           Қарсыбаева Қ.А. ______

аға оқытушы

 

 

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Астана,  2013ж.

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3

 

1  ТӨЛЕМ ЖҮЙЕCІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  Төлем жүйесінің  түсінігі мен құрылымы ..................................................5

1.2  Төлем жүйеcінің  түрлері мен қатысушылары...................................................8

1.3  Қазақстан Республикасында  төлем жүйесінің қалыптасуы...........................11

 

2 ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ  («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)

2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі……………………….16

2.2 ҚР төлем жүйесінің қызметін талдау…………………………………………19

2.3 Банктің электрондық қызметін  оңтайландыру………………………………27

 

3 ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту…………………….30

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………........34

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуда. Төлем жүйесін реформалау қолма-қолсыз есеп айырысуларды тиімді, қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.

 Кеңестік дәуірде негізі қалыптасқан қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесінің бүгінгі нарықтың талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Бұл төлем жүйесі сенімді және тиімді емес болатын. Орталықтан жоспарлау жүйесі тұсында төлемдерге мемлекет тарапынан кепілдік берілсе, нарықтық қатынастар жағдайында ең басты мәселе уақтылы төлемдерді жүзеге асыруға келіп тірейді.

 Қазақстан ұлттық валютасын енгізген күннен бастап өзінің төлем жүйесін құруды қолға алды. Бұл жолда ҚР Ұлттық банкі тарапынан күрделі реформалау жүзеге асты.

 Төлем жүйесі кез келген мемлекеттің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйедеге жүргізілген реформаларға басты себеп 90-жылдың басындағы жаппай төлем дағдарысы ықпал еткен болатын.

 Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйесі Еуропалық Одақтың стандартына жақын болып келеді.

Қолма-қолсыз есеп айырысу  – бұл банктік айналым ақшаларының  қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының  шот бойынша  жазба түріндегі  аударымдары.

Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдануына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді, қолма-қолсыз есеп айырысу «зат алмасуда» халық шаруашылық байланыстарда  делдал болады және олардың нақтылығымен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады. 

Қолма-қолсыз есеп айырысулардың  мәні мынада, олар шаруашылық органдардың  қорларының айналымына және шаруашылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі.

Курстық жұмыстың өзектілігі – жаңа төлем құралдарын тәжірибемізге енгізу және банктің есеп айырысумен байланысты жаңа қызметтерін дамыту  сұрақтары әлі де болса толық шешілген емес. Сондықтан да таңдап алынған зерттеу жұмысының тақырыбы өте өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты – төлем жүйесінің қалыптасу мен іске асырылуының теориялық және әдістемелік аспектілерін оқып біле отырып, қолма-қолсыз есеп айырысуды одан әрі дамыту жолдарын зерттеу.

 Курстық жұмыстың негізі міндеттері: 

  • есеп айырысу ұғымын және оның жіктелуін қарастыру;
  • қолма-қолсыз есеп айырысудың мазмұны мен оны ұйымдастыру     

принциптерін айқындау;

  • Қолма-қолсыз есеп айырысудың қазіргі формалары мен құралдарын

нақтылау;

  • ҚР-ғы төлем жүйесінің қызмет етуін талдау;
  • Қолма-қолсыз есеп айырысуларды жетілдіру жолдарын қарастыру.

 Зерттеу объектісіне ҚР қолма-қолсыз есеп айырысулар немесе төлем жүйесі жатады.

 Зерттеу жұмысының теориялық негізін төлем жүйесі, соның ішінде қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесіне қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен ісін ұйымдастыруға қатысты заңнамалар мен өзге нормативтік актілер, шетел тәжірибелері, статистикалық мәліметтер, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің есептік материалдары құрайды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кiрiспеден және үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде “Төлем жүйеcінің теориялық негіздері” деп аталады, онда төлем жүйесінің ұғымы, бағыттары, нарықтық экономикадағы рөлі мен шетелдік тәжірибесі қарастырылады. Екінші бөлімде “ҚР қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыруды талдау” деп аталады, онда Ұлттық банк мысал ретінде қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі және оны талдау жүргізіледі.Үшінші бөлімде “Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары”  қарастырылады. Курстық жұмыс, сонымен қатар қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

 

 

1  ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы

 

Нарықта төлем жүйелерінің  көптеген түрлері қызмет көрсетеді. Солардың ішіндегі ең кең тарағандарын атап шықсам.Олар:Орталық банкінің төлем жүйесі, отандық және шетелдік ірі коммерциялық банкілер жүйесі,Cheeps және Free Wine жүйелері,SWIFT жүйесі, Visa және  Europay жүйелері, жинақ картасы,Uniоn-card, Алтын карона, Western Uniоn,  Mоney Gran, Ресей Жинақ банкісінің коммуналдық төлемдер қабылдайтын жүйелері, Webmoney, PayCash, Gyber Plat, Assist жүйелері.

Төлем жүйелері қолданысы  жағынан банкаралық, карталық, есепшот  ашпай ақша аудару, электронды ақша болып бөлінеді.Мұнда қорытушы фактор болмағандықтан, мұндай бөліністің түрлерін сараптай алмаймыз. Бірінші жүйе –  төлем жүйелерінің бір субъектісімен анықталса, екіншісі – төлеуші акцептісін жеңілдету арқылы, үшіншісі – технология арқылы, төртіншісі – ақшаның материалдық тұтыну формасы арқылы анықталады.

Жалпы алғанда, бір фактор бойынша бір ғана топтастыру жасау  төлем жүйелерінің көп түрлілігі  мен күрделілігін бере алмайды.

Әдетте, төлем жүйелері төмендегідей болып сипатталады: көтерме, бөлшек, жалпы, клирингілік, күнбе-күн, рейстік,оn-line режиміндегі, кредиттік және дебеттік аударма.

Федералдық қор жүйесінің  статистикасы бойынша 1000 доллар төлемінің 5 %-ын ғана құрайды, ал осы төлемдердің құны барлық төлем айналымының 88 %-ын құрайды.

Ұлттық банк пен Халықаралық  есеп айырысу банкісінің ресми құжаттарында көтерме және бөлшек төлем жүйесінің  анықтамасы болмайды. Ұлттық орталық, ірі отандық және халықаралық банкілердің банкаралық есеп айырысу жүйелері көтерме жүйе болып есептеледі. Ал пластикалық карта, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша негізінде құрылған жүйе – бөлшек жүйеге жатады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық – соманы тиімді төлеу факторы.

Ұсақ төлемдерге қарағанда  ірі төлемдерде жүйенің барлық амал-тәсілдерінің нақты әрі дұрыс болғаны өте маңызды. Сонымен бірге, клиенттерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің жылдам түріне қызығушылық танытады. Жүйенің жоғары талаптары үлкен тарифтер мен шығындарды анықтайтын болғандықтан, клиенттердің түсінігі бойынша тек ірі төлемдерді жүргізу тиімді болып көрінеді.

Келісім жасаушылар төлемді  жүргізуге кепілдік алып, оның басталуын күтпей-ақ қойса да болады. Бөлшек жүйелер банкаралық есеп айырысуды көтерме жүйе арқылы жүзеге асырады, бұл оның бөлшек жүйеге тәуелді екенін көрсетеді. Бөлшек жүйелер өзіндік зерттеу жүргізбейді және клиенттердің төлем жүргізуін жылдамдатады. Олар шығынды аз жұмсап, клиенттерден делдалдық қызметі үшін аз молшерде комиссия ұстайды.

Көтерме төлем жүйесін  тек орталық банкілер қалыптастырып, өздері бақылайды, яғни мемлекеттік  заңдарға сүйеніп реттейді.Себебі банкаралық есеп айырысудағы ақаулықтар елдің  экономикасына соққы болып тиіп,оның экономикалық қауіпсіздігін бұзуы  мүмкін. Көтерме төлем жүйелері тек кейбір жағдайда, мысалы, SWIFT және Target жүйелерін қолданған жағдайда ғана ұлттық шегарадан аса алады. Германиядан басқа көптеген елдерде тек бір ғана көтерме төлем жүйесі қалыптасқан. Мысалы, Германияда оның саны – екеу ал АҚШ-та үшеу. Сондықтан бұл елдердің жүйелері бір-бірімен бәсеке жасамайды.

Нақты мерзімдегі жалпы  есеп айырысу жүйесінің жалпы  есеп айырысу жүйесі төлем жүйесіндегідей анықталады. Онда зерттеу мен есеп айырысу ешқандай шығынсыз, қазіргі  уақыт режимінде және бірінен кейін бірі жүзеге асады.

Жалпы есеп айырысу АҚШ-тың  Федералдық резервтік жүйесі, Германияның  Бундес банкі мен Украинаның Ұлттық бані сияқты Ұлттық көтерме төлем  жүйелеріне тән. SWIFT банкаралық коммуникация жүйесі жалпылама негізде төлем  құжаттарын жүзеге асырады. Ресейдің ірі банкілерінің ішкі банкілік есеп айырысуы да жалпы негізде құрылған.

Төлемдерді жинақтаудың  клирингілік тиімділігіне біріңғай есеп айырысу орталығы мен уақыт  қажет.Төлемдердің жинақталуы неғұрлым жоғары болса, әрбір банк үшін кіріс төлемдері шығыс төлемдеріне тең болады және осы төлемді аяқтау үшін шамалы қаржы қажет.

Мәселен, SWIFT жүйесі өзінің дамыған технологиясына қарамастан төлемдерді 30 минуттың ішінде жүргізуге  кепілдік береді: әр түрлі аймақтағы  банкілердің арасында төлем 10 минут ішінде жүреді, қатысушы банкінің төлемдер жүргізуіне де осындай уақыт қажет.

Ресей банкінің көп рейстік  жүйесінде бір күнде төлем  жүйесінің 5 сеансы жүргізіледі. Егер клиенттер  бір аймақтың банк ісіне жатса, онда төлем бір күнде төрт кәсіпорынның шаруашылық байланысы арқылы өтеді.

Ресей банкінің көп рейстік  жүйесі төлем технологияларының  даму кезеңдері болып табылады.

Күнбе-күн төлемдер 1990 жылдың басында құрылған аймақаралық  және халықаралық төлем жүйесі арқылы жүргізіледі. Бірнеше күн төлем жүргізу кәсіпорындарға тән емес және олар тәжірибе жүзінде сақталмаған. Көтерме жүйеге қарағанда бөлшек жүйеде төлемдерді жүргізудің жылдамдығы төмен. Карталық төлем жүйесі қазіргі кезде автоматтандыруды жүргізуде, ал төлемнің өзі бірнеше күннің аралығында төлеуші мен алушының есебі арқылы жүзеге асады .

Күнбе-күн төлемдерді банк есебінің өтімділігімен басқару  оңай, сондықтан төлемдердің тобы клирингілік негізде өзіне қарсы  кірістердің есебінде олардың өтуін  қамтамасыз етеді. Нақты уақыт аралығында есеп айырысуда корреспонденттік шот алмасып, өтімділік арқылы банкаралық тәсілдер күрделене түседі.

Күнбе-күн жүргізілетін есеп айырысулар банк шотындағы тұрақты  қалдықтардың қалуын және сол қалдықтарды  несиеге тарату арқылы ақша табудың  мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Нақты уақыт аралығында есеп айырысуға көшкенде, тұрақты қалдықтар мен кредиттеудің табысы төмендейді.

Кредиттік және дебеттік ақша аударулардың арасындағы айырмашылық  – төлеуші төлем нұсқасымен бірге  банкіге барып төлем жүргізеді.

Карталық жүйелердегі төлеушілер негізінен – халық, ал алушылар – сауда мекемелері болып табылады. Сатып алу үшін төлемді ресімдеген кезде, дүкеннің дұрыс қызмет етуіне сатып алушы күмән тудырмауы керек. Сондықтан, дүкен сатып алушыдан тек төлемнің талаптарын ғана қабылдамайды, сонымен бірге қатысушы банкілердің өзіне де талап қояды. Банк үшін мыңдаған адамдардың төлем нұсқауларын орындағаннан гөрі, жүздеген дүкендердің төлем талабын орындаған артық. Төлемдерді зерттеуге қажет техникалық құралдарды адамдарға таратқаннан гөрі, дүкендерге орнатқан арзанырақ.

 

Кесте 1

Төлем жүйелерінің негізгі сипаттамасы         

Жіктеудің факторы

Жіктеу

Ерекшелігі

Кемшілігі

Ақша аударуға қолайлы  сомма

Көтерме

 

 

 

 

Бөлшек

Технология мен қауіпсіздік  жағдайы мықты, тәуекелі аз

 

Шығыны аз

Коммиссиялық ақшалар мен шығынның көпшілігі

 

 

Қауіпсіз, төлемнің тәуекелі жоғары

Ақша аударудың тәсілдері

Клирингілік

 

 

 

 

 

Жалпы

Корреспонденттік шоттағы  ақшаның аздығы, өтімділікпен реттеген оңай, шығын аз

Жедел төлем мен жүйелік  тәуекелдің мүмкіндігі

Жедел төлем мен жүйелік тәуекелдің мүмкін еместігі

 

 

 

 

Коррепонденттік шоттағы  ақшаның көптігі, өтімділікпен басқару  қиын және үлкен шығындар

Ақша аударуға кететін  уақыт

Белгілі уақыт режимі

 

 

Бірнеше сағат

Күнбе-күн

Бірнеше түн

Клиенттерге құрмет көрсету

 

 

Шығыны аз

Технологияларға қойылатын  жоғарғы талаптар мен үлкен шығындар

Клиенттерге қойылатын  талаптардың аздығы

Төлем нұсқауларын банкіге  беру тәсілі

Кредиттік аудару

 

 

 

Дебеттік аудару

Құжаттандырудың қарапайымдылығы  мен шығынның аздығы

 

Ақша алушығы берілетін кепілдік бар

Ақша алушыға берілетін  кепілдік жоқ

 

 

Құжаттандырудың күрделілігі  мен үлкен шығындар

Информация о работе Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысулар