Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 14:05, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуда. Төлем жүйесін реформалау қолма-қолсыз есеп айырысуларды тиімді, қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕCІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................5
1.2 Төлем жүйеcінің түрлері мен қатысушылары...................................................8
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы...........................11
2 ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі……………………….16
2.2 ҚР төлем жүйесінің қызметін талдау…………………………………………19
2.3 Банктің электрондық қызметін оңтайландыру………………………………27
3 ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту…………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………........34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………36

Файлы: 1 файл

Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары.doc

— 365.50 Кб (Скачать файл)

 

Карталық жүйедегі дебеттік аудару кезінде төлеушінің акцепті  бар төлем құжатының нұсқасы  алушы-банкіде қалады. Төлемші–банк төлем жүйесінің талаптарын негізге ала отырып, өз клиентінің есепшотындағы ақшаны есептен шығарады. Егер төлеуші өз тарапынан бұл есепппен келіспейтіндігін білдірсе, онда бұл жағдайды реттеу ұзақ уақытқа созылатын болады.

Клиенттер төлем шығындарын  азайтуды талап ете алады: төлем  жүргізуді біршама жылдамдату, тәуекелді төмендету.

Төлем шығындарының азаюы  төмендегідей төлем жүйелерінің  үндестігін сипаттайды. Көтерме (қауіпсіз), жалпы (жедел төлем мен тәуекелдің төмендігін қамтамасыз етуші), төлемді  уақытында төлеу (жедел), дебеттік ақша аудару (ең қарапайым және шығыны аз).

Көбінесе, бұл тенденция  орталық банкілердің жалпы төлем  жүйесінде байқалады.

Төлем жүйесі күрделенген  механизм, сондықтан ол нақты қағидаларға  негізделуі қажет. Төлем жүйелерін  жасауға көп көңіл бөлінеді, соған  сәйкес ол міндетті түрде заң шығару мен түрлі төлем жүйелерінде есепке алынады. Халықаралық төлем банкінің төлем және есеп айырысу жүйелерінің комитеті осы қағидаларға баса назар аударады.

Отандық экономистер  де осы қағидаларға қатты көңіл  бөліп отыр. Алайда, олардың қалыптасуы жағынан айырмашылық өте көп, ол уақыт және зерттеумен түсіндіріледі. 1990 жылдан бастап отандық экономистер қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қатысты ұстанымдарды өзекті ендіре түсті. Сол кезден бастап төлем жүйелерін ұйымдастыру мен технологиялары, ұстанымдарды қалыптастыруға көмегін тигізген құрылғылар да өзгере бастады.

 

 

    1. Төлем жүйесінің түрлері және қатысушылары

 

Төлем жүйесінің негізгі сипаттамасы мен олардың өзгеру тенденциясы, бәсекелестік қабілетінің оңтайлы дамуы мен тиімділігіне талдау жасау келесі қорытындыларды шығаруға мүмкіндік береді.

Көтерме жүйеге орталық  және коммерциялық банкілердің төлем  жүйелерін жатқызамыз.

Бөлшек төлем жүйелеріне карточка жүйесін, есепшот ашпай  ақша аударуды, электронды ақша жүйесін  жатқызуға болады. Олардың арасындағы өзгешелік төлемнің тәуекелі мен ұсталымдарының байланысын анықтағандағы төлемнің тиімді сомасына жинақталады. Клиринг негізіндегі төлем жүйесі төлемдерді есептік сальдо түріндегі корреспонденттік шот бойынша жүргізеді. Ал жалпы төлем жүйесінде төлемді әркім  жүзеге асыра алады.

Кредиттік аудару дебеттік аударуға қарағанда қарапайымдау әрі  өте жылдам, сондай-ақ ол төлем шығындарының аз болуын қамтамасыз етеді. Дебеттік аударымдар қабылдаушының үлкен  кепіліне қарамастан жеңіліс табады, тіпті жеке тұлғалардың төлем сараланымдары да саудалаушы ұйымдардың пайдасына шешіледі.

Осылайша төлем жүйесіндегі  әр түрлі сипаттамаларға сын көзбен қарап қолдану тәжірибесі–көтерме жүйесінің нақты уақыт пен  кредиттік аудару режимінде төлем  жүргізу әдісінің перспективасын тағы бір рет анықтап береді.

Төлем жүйесінің теориясында  келесі қағидалар ерекшеленеді: құқықтық, режимдік, мағыналық, тәуекелді азайту, барлық субъектілер жағынан бақылау  мен басқару, қауіпсіздік пен  сенімділік төлем жүргізудің жылдамдығын  таңдау мүмкіндігі, акцепт, мүліктік жауапкершілік пен қатысу критерийі.

Үш субъект (клиент, қатысушы-банк, орталық банк) қатысатын қолма-қол  ақшасыз есеп айырысу жүйесімен  салыстырғанда төлем жүйесінде  субъектілер саны өседі. Орталық  банк қызметінің бір бөлігін қамтитын есеп айырысу банкі мен жүйе операторы пайда болады. Ережелер мен тәсілдерді қайта қарастыруды, олардың орындалуын қадағалауды, келіспеушіліктерді шешуді ауттрейд өткізіп, программистердің мамандандырылған компаниясын бағдарламамен қамтамасыз етуді жүйе операторы жүзеге асырады.

Қызметті жаңаша бөлу мамандандыруды күшейтіп субъектілер  арасындағы келіспеушіліктерді жояды, бәсекелестіктерді жоғарылатып, технологияның  дамуына үлкен әсер береді.

Егер бір  коммерциялық банкіде бір оператор мен бірнеше жүйеге қатысушысы болса, онда төлем жүйелерінің арасында бәсекелестік туындайды. Сондықтан программистер арасында бәсекелестік жоғарылайды, себебі әр жүйе мен қатысушыға олар бірнешеуден келеді.

Төлем жүйесіне қатысушылар  – көбіне коммерциялық банкілер. Жүйе операторлары қызмет көрсетулерді өз бетінше дамытулары керек. Бөлшек төлем жүйелері клиенттерді өздеріне коммерциялық банкілер сияқты тарта алмайды. Оларда төлем қызметтерінің жалпы қамтылымы ыңғайлы емес және клиенттердің талаптарына сай келмейді. Көптеген қатысушы-банкілер клиенттерге қызмет көрсету жағынан бәсекелесе отырып. Бірнеше төлем жүйелеріне қатыса алады.

Бірнеше оператор бірнеше  төлем жүйесіне қатыса алады.Мұндай жүйені жүзеге асырушы банк ретінде  Ресей банкі, Visa немесе Eurоpay ассоциацияларын келтіруге болады, ал екінші жағынан Ресейдің коммерциялық банкілерін айтуға болады.

Электронды ақшалар  жүйесінің сәтсіздігі – коммерциялық банкілердің делдалдығының жоқтығы  мен консенсустың болмауынан.

Банкілік шотқа қол  жеткізу мен төлем жүйесінің  негізін электронды технология құрайды. Қағаз құжаттар қолдану мен оларды қайта қарауда банкілер төлем жүргізу процесін өз беттерінше анықтайды. Электрондық жүйеде технологияның қиындығы сонда, банкілердің басшылары төлем жүргізу технологиясын құру үшін арнайы мамандандырылған программистерді жалдауға мәжбүр болады. Сондықтан да төлем жүйесінің субъектілері ретінде программистер қатысады, олар қатысушы-банкілер мен есеп айырысу институтының жүйе операторы қызметін атқарады.

Субъектілердің басты  қызметтері 2 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 2

Төлемдер жүйесінің субьектілері және олардың қызметтері

Субъектілер

Қызметтері

Жаңа субъектілерді  бөлудегі  ерекшеліктер

Дәстүрлі төлеуші банк

Қатысушы-банкілердің  шоты бойынша есеп айырысу

 

Қатысушы-банкілер

Клиенттерге төлем қызметін сату: офистерге қолдау көрсету; клиенттермен жұмыс, клиент талабын талқылау; өткізілген төлем бойынша клиентке есеп беру

Тиімділіктің жоғарылауы, мамандандырылудағы ұстанымдардың  төмендеуі

Клиент

Төлем қызметін пайдалану  және қатысушы-банкімен өзара әрекет

 

Жаңалар

Оператор

Біріңғай стандарттарды  жасау және бақылау, қатысушыға рұқсат беру, келіспеушіліктерді шешу

Ағымдағы операциялық  жұмыс пен банкінің есеп айырысу  тәуекелінен босауы

Зерттеуші

Бағдарламамен қамтамасыз ету, енгізу және қызмет көрсету

Төлем жүйесі технологиясының  дамуы мен бәсекелестігі


 

Зерттеушілер мен операторлардың қызметін бөлу бәсекелестіктің пайда  болуына әкеледі, себебі зерттеушілердің  саны көп те, осыған сәйкес олардың  қабылдайтын шешімдері де әр түрлі. Төлем жүйесі жалғыз болуы да мүмкін және өзінің монополиялық жағдайына байланысты бәсекелестік күреске қатысып отырмаса дамуға деген стимулы болмауы мүмкін. Сонда бәсекелестік электронды технологияларды жасаушылардың сараланымына айналады.

 

          

1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы

 

Қазақстанның қолма-қол  ақшасыз төлем жүйесі орталықтандырылған жоспарлы экономика жүйесі мен Кеңес  Одағының мемлекеттік банкі қолдаған жүйеге негіз болғанымен, нарықтық экономиканың жаңа шарттарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты 1991 жылы Ұлттық банк төлем жүйесі реформасын жүзеге асыра бастады. Қазақстан Республикасы төлем жүйесі реформасының негізгі мақсаты – банк пен оның клиенттері арасында төлем жүргізуді жылдамдату (1990 жылдың басында бірінші төлем мерзімі 3-12 күндік уақытты алған), сонымен қатар әр түрлі құралдарын айналымға енгізу болып табылады. Төлем жүйесін реформалаудың алғашқы бастамасы 1991 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі филиалдарында ашылған коммерциялық банкілердің МФО шоттарын жауып, банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыруды және коммерциялық банкілердің (Кредсобанк, Өнеркәсіп-құрылыс банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Жинақ банкі) кассалық қызметінің орындалуын қамтамасыз етті. 1992 жылы КСРО құлағаннан кейін, ТМД мемлекеттерінің Ұлттық банкілерінде сауда-экономикалық есеп айырысуды жүзеге асыру мақсатында корреспонденттік шот ашылды. 1993 жылы Ұлттық банк мемлекет ішіндегі және мемлекеттен тыс шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қарызды есепке алуды жүзеге асырды. Осы жыл ішінде Қазақстанның облыстары арасында жалған авизоны қолдануды алдын алу мен төлемдерді жылдамдату мақсатында барлық дайын техниалық құралдардың күшімен электрондық есеп айырысуды енгізу басталды.

1994 жылы мемлекеттік бағалы қағаздардың орталық депозитарийі құрылды. Қазіргі уақытта орталық депозитарийде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың электрондық жүйесі енгізілген. Бұл делдалға нақты уақыт ішінде өз офистерінде, биржадан тыс нарықта бекітілген мәмлелер бойынша есеп айырысуға мүмкіндік береді. Төлемдер мен банк арасында құжаттар айналымын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында, 1995 жылы Қазақстанда алғашқы клирингілік палата (Алматы клирингілік палатасы) ашылды және ол көп жақты өзара есепке алу әдісі бойынша қызмет атқарады. Банкілер соңғы есеп айырысуларды әрбір қатысушының позициясы бойынша операциялық күннің соңында бір рет қана жүзеге асырады. 1995 жылы Ұлттық банкідегі шоттарды мұқият тексеру мен рубль зонасындағы мемлекеттердің тарапынан Ұлттық банкілердің корреспонденттік шоттарын қайта реттеу жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы төлем жүйесін дамыту мен жетілдіру мақсатында, 1996 жылы Ұлттық банкінің облыстық филиалдары тарапынан аймақтық-клирингілік палаталар құрылды, олар ішкі аймақтық төлемдердің банкаралық клирингін жүзеге асырады.

Осы жылы нормативті түрде  «электронды төлем тапсырмасы»  ұғымы бекітілді. SWIFT жүйесіне бағытталған  төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы төлем бойынша ақпаратпен айырбас  үшін электронды қатынас форматы  дайындалып енгізілді. Бұл жүйе өз кезегінде филиалдар арасындағы есеп айырысуды талап етпейді.

1996 жылы алматы клирингілік палатасы банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы болып қайта құрылды.Бұл төлем жүйесінің тиімді тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін әлемдік тәжірибедегі соңғы жетістіктерді ескере отырып, ақпараттық технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтарды қолданады. Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы мынадай негізгі функцияларды атқарады: МСПД, банкаралық клиринг, SWIFT, VISA, KAZNNSS, СОБС, ФАСТИ.

Төлем жүйесін дамытуға әсер еткен маңызды шаралардың бірі – 1998 жылдың қазаны мен қараша айлары арасында Ұлттық банкінің орталық ақпаратында екінші деңгейлі банкілердің корреспонденттік шотын орталықтандыру болып табылады. Корреспонденттік шотты орталықтандыру негізінде Ұлттық банк есеп айырысу мен банкілік қызметті тез жүзеге асыруға, төлем жүйесінің бақылау функциясын және жалпы банкілік жүйе тиімділігін көтеруге мүмкіншілік берді.

Соңғы жылдарда тиімді әрі  қауіпсіз банкілік және қаржылық секторлардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, Ұлттық банк тарапынан дамыған шетелдік мемлекеттерде қызмет ететін жалпы  есеп айырысу жүйесіндегі ірі төлемдер жүйесін жетілдіру мен жақындастыру бойынша көп жұмыстар атқарылды. Сонымен 2000 жылы Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығының  жүйесі халықаралық қаржы ұйымдар тарапынан берілген барлық негізгі талаптарға жауап беріп, RTGS нақты уақыт режимінде есеп айырысуды жүзеге асыратын МСПД-ға қайта ұйымдастырды. МСПД-ның маңызды принциптері-төлемнің нақты уақыт режимінде аяқталуы, есеп айырысудың түпкіліктілігі мен қайтарылып алынбайтындығында.

Қазақстан Республикасындағы  ақшалар ағымында банкілік жүйе жағдайын, төлем балансын, сыртқы қарызын, ақша-кредит саясаты мен валюталық саясаттың параметрлерін бақылайтын, жоспарлайтын және тез арада талдау жасайтын көрсеткіштер жүйесі қалыптасты. Осыған байланысты 2001 жылы кодтау жүйесі енгізіліп, Қазақстан Республикасының территориясында төлем құжаты қолданатын төлемдерді бекітудің біріңғай топтастырушысы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік топтастырушысының жұмыс тәртібі анықталды. Зейнетақы реформасын жүзеге асыру үшін МТ 102 форматындағы электрондық жиынтық төлем тапсырмасы енгізілді. Сонымен қатар, зейнетақы салымы бойынша төлемдерді жүзеге асыру тәртібі банкімен бірлесіп дайындалды. Өтпелі кезеңде экономиканы реформалаудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде бір жағынан төлем кризисі мен оның салдары, ал екінші жағынан жаңа банкілік жүйенің негізіндегі есеп айырысудағы өзгерістер саналады. Қазіргі уақытта республикадағы банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығында ірі көтерме төлем жүйесі мен бөлшек төлем жүйесі қызмет етуде.

Республикалық төлем жүйесін дамытудың негізгі кезеңі RTGS нақты уақытта есеп айырысуды жүзеге асыратын Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы базасындағы ірі төлемдер жүйесін құру болып табылады. RTGS жүйесін құру үшін кез келген мемлекеттің қаржы саласындағы артықшылығы басым болу керек. Бұл жүйенің болуы мемлекеттегі банкілік жүйенің тұрақты қызмет етуін сипаттайды. Бүкіл әлемде осындай жүйелерді құру үшін жалпы қабылданған стандарттар әрекет ету қажет.

Қолданушылар электронды төлем құжатының нақтылығы мен дұрыс толтырылуына  мұқият болуы керек.

Қазақстанда Ұлттық клирингті  енгізу KAZNNSS 1999 жылдың бірінші жарты  жылдығына жоспарланған. Ол үшін KAZNNSS мәліметі бойынша, соңғы есеп айырысуды  жүргізген Есеп Агентінің қызметін өз жауапкершілігіне алатын ұйымды таңдау керек. Қазіргі уақытта жеті Қазақстан банкі - Тұран Әлем банкі, Халық банкі, Қазақстан Ситибанкі, ABN AMRC Bank, Казкоммерцбанк, Альфа-банк, Алматы Сауда-Қаржы банкі  KAZNNSS-тің қатысушылары болып табылады. Бұл факт Қазақстан нарығындағы жекелеген банкілік қызметтерде карточкалық бизнестің белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді. Мұның өзі өз кезегінде Қазақстандағы Ұлттық клирингілік Visa International жүйесін енгізудегі тиімділік пен дер кезділікті сипаттайды.

Барлық Visa карточкаларын  қолдануға трансакциялар екі Visa орталықтарының біреуіне - біріншісі Бейсингсток, Ұлыбританияға және екіншісі Мак-Дине, Вирджиния, АҚШ-қа есеп айырысу, авторландыру қызметі бойынша бағытталады. Барлық осы ақпараттар ағымдар Visa Net арқылы арнайы шлюзбен VAP компьютерлік интерфейске бағытталады. 1997 жылдың қарашасына дейін Қазақстанда тек бір ретті қолданылатын VAP - Тұран Әлем банкіне орналастырылды. VAP арқылы ақпарат желісін көбейтуге Visa жүйесіне қатысушы-банкілердің карточкалық бағдарламасының дамуы айтарлықтай дау тудырды. 1997 жылы Visа International Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы өз құрамына VAP жаңа нұсқасын енгізуге ұсыныс жасады. Келісім шарт пен дайындық жұмыстары біткеннен кейін, 1997 жылы қарашада Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығында Express Connect, Service Visa Net, Point Visa Net желілерімен бірден 6 банк жұмыс істей алатын шлюзді бағдарламалық-техникалық кешен орнатылды. Бұл VAP Х 25 желісі сенімсіз телекоммуникацияларды пайдалану үшін арнайы дайындалған. Х 25 көпшілік желісі ретінде Banknet дамыған желісі бар банкаралық қаржылық телекоммуникациялар орталығы таңдалынып алынды.

Информация о работе Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысулар