Қазақстан Республикасында банктердің қаржылық жағдайының қалыптасу ерекшеліктері және банктің қаржылық есеп беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:46, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының негізгі мақсаты–теориялық білімнің негізінде банктің құжаттары мен мәліметтерін пайдалана отырып, оның банк жүйесінің орындалу жүйесіне баға бере отырып, банк жүйесінің ары қарай даму жүйесін жетілдіруге байланысты әр түрлі іс-шараларды қарастыру және нақты ұсыныстар ұсыну болып отыр. Атап айтқанда, диплом жұмысының тақырыбына сәйкес банктің өтімділігін жақсартуға байланысты және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болып отыр.
Осы мақсатқа жету үшін келесі басты міндеттерді шешу қажет:
- банктің жалпы даму тарихымен танысу;
- банктің ұйымдастыру және басқару құрылымымен танысу;
- экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын анықтау;
- берілген мәліметтерді өңдеу;
- дұрыс, әрі тиімді теориялық және тәжірбиелік қорытындылар жасау;
- рационалды басқару шешімдерін таңдау, банктің даму перспективаларын көрсету;

Файлы: 1 файл

86--www.1Referat.kz.doc

— 642.50 Кб (Скачать файл)

- бөлшек бизнеске бағытталған, нарықтың сегментін анализдейді және мақсатты топтарды таңдайды; 

- облыстың территориясындағы өнімдерді  сату, мерзімдік сату бойынша  бизнес жоспарды өңдейді;

 

        

1-сурет. «БТА Банкі» ЖФ АҚ-ның ұйымдастырылу құрылымы

 

 

- халықты   несиелендіру   бойынша   жаңа   жағдайларды   енгізеді,   бөлшек   несиелендіру бойынша ссудалық  портфельге мониторинг жүргізеді;

- Интернет-Банктың дамуын  бақылайды;

- Банктың ЕАБ-де қолма-қол  ақшаларды, құнды банктер және  басқа құндылықтарға ревизия  жүргізеді;

-банктің барлық құрылымдық  бөлімшелері, басқарудың компетенциясына кіретіндер, инструкциялар, методикалық пособиялар             Ережені міндетті қолдануымен өңдейді;

- қауіпсіздік     қызметімен     бірге     кассалық     бөлімшелерге     бекітілген     Ережелермен  қауіпсіздендіру  норма  әрекеті  жағдайымен   қоса  және   Банктің ішкі  құжаттарын бұзбауына бақылау жасайды.

    Несиелік операциялар басқармасы, банктің барлық несиені беру бойынша жұмыстарымен айналысады, сондай-ақ несиелік операцияларды бақылап отырады. Құнды қағаздармен басқару, бұл басқарма банктің жалпы құнды қағаздар бойынша операцияларын орындайды және қадағалайды. Ішкі аудит бөлімі, ол банктің нарық жағдайына байланысты кез-келген уақытта ішкі аудиторлық тексеруді жүзеге асырады. Ол ең алдымен банктік операциялардың дұрыстығын және олардың құжаттарда дұрыс және өз уақытында көрсетілуін, сондай-ақ операциялардың сәйкестігін тексерумен айналысады. Кадрлар бөлімі, ол банк персоналдарын қабылдау, қызметінен босату немесе қайта оқытып кадрларды қайта дайындау жұмыстарын ұйымдастырады.

    Басты банктің ұйымдастыру құрылымын қарастыра отырып, оның атқаратын функцияларын да айта кеткен жөн болады. Сонымен басты банктың негізгі функцияларына мыналар жатады:

- банктың даму стратегиясын  анықтайды;

- негізгі   шешімдерді   қабылдайды   және   филиалдар   үшін   нормативті   құжаттар   мен жұмыстың методологиясын дайындайды;

- филиалдар байланысының  масштабын анықтайды;

- даму жоспарына сәйкес  филиалдардың жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін қадағалайды;

- басты банктың ұйымдастыру құрылымын анықтайды;

- облыстың филиалдық мәртебесі  мен мүмкіндігін анықтайды;

    Жоғарыда аталған басқармалар мен бөлімшелер өзара тығыз байланыста болады және барлығының бірдей ортақ мақсаттары бар. Сонымен бірге банк филиалдарының ұйымдастыру құрылымынан бірқатар айырмашылықтары аңғарылады.

    Ұйымдастырылу құрылымының келесі сатысына коммерциялық бөлімдер кіреді, яғни операционды бөлім. Ол банктың клинттерімен тікелей  жұмыс атқарады, яғни шот ашу, салымдарды қабылдау және тағы сол сияқты операцияларды орындайды.

    Несиелік бөлім, банктегі барлық несиелік операциялармен байланысты жұмыстарды жүзеге асырады. Сондай-ақ қарыз алушының несие қабілеттілігі мен төлем қабілеттілігіне баға беру және несиелік портфельдің құрылымын талдау жұмыстарын орындайды.

    Құнды қағаздармен операциялар бөлімі — ол банктің құнды қағаздарын сату, сатып алу және орналастыру, сондай-ақ құнды қағаздар бойынша әртүрлі операцияларды іске асырады.

   Ақпараттық технология бөлімі — ол қызметінің автоматизациялануын және басқа банктермен ақпараттық алмасуын қамтамасыз етеді.

    Валюталық бөлім, валютаны қабылдау, айырбастау және тағы сол сияқты валюталық операцияларды жүзеге асырады.

    Қауіпсіздік қызмет, ол жалпы банктың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және соған жауапты.

    "БТА Банк"АҚ-ның негізгі операциялары:

- корпоративтік несиелендірудің  барлық түрлері;

- тұрғындарды және корпорациялардың  жұмысшыларын жеке несиелендіру;

- кіші және орта бизнесті  несиелендіру;

- қаржылық консалтинг  және жобалык, талдау;

- сақтандыру бойынша операциялар;

- әр түрлі қызмет көрсету  операциялары;

- клиенттермен салымдарды  теңгемен және шетел валютасымен  қабылдау;

- валюталық, құнды қағаздар  және депозиттермен операциялар:

        - инвестициялық    және    зейнетақы    активтер,

    Банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады. Тараз қаласындағы БТА Банкінің Жамбыл филиалында келесі негізгі бөлімдер қызмет атқарады:  шағын және орта бизнесті қаржыландыру басқармасы, құрылымдық қаржыландыру басқармасы, аймақтық қаржыландыру басқармасы, корпоративтік банкинг басқармасы, қазыналық операцияларды есепке алу бөлімі, несиелік операцияларды есепке алу бөлімі, құжаттау операциялау бөлімі, корршот және төлемдер бөлімі, кастодиандық операциялар бөлімі, қаржылық талдау басқармасы, сыртық талдау және маркетинг бөлімі, ішкі талдау бөлімі,  қаржылық жоспарлау бөлімі, филиалдар бюджет бөлімі, заң департаменті, заемдық операцияларды құқықтық сараптау бөлімі, келісім-шарттарды және банктік шоттарды құқықтық сараптау бөлімі, ішкі аудит басқармасы, жарнама бөлімі, несиелік тәуекелдер басқармасы, ақпараттық технологиялар бөлімі, банктік жүйе бөлімі, телекоммуникация бөлімі, проблемалық несиелер бөлімі, операциялық бөлім, бухгалтерия және тағы басқалары.

    Несиені беруді, оларды есепке алуды, бакылауды, несие мәселелерін реттеу бойынша шараларды банктің несие бөлімі жүзеге асырады. Сонымен бірге несие бөлімі заңды және жеке тұлғаларға несие беру жұмысын аткарады. Сондай-ақ, несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелердің қайтарымдылығы айыпақымен, кепілмен, кепілдемемен және зандармен немесе шартпен көзделген баска әдістермен қамтамасыз етілуі мүмкін. Клиенттің несиені кайтаруға жоғары кабілеттілігі мен сенімділігі болған жағдайда банк несиені камтамасыз етусіз-ақ (банктік  несие) беру туралы шешім кабылдауға қуқылы. Банктің несие саясатының мақсаты - банктің несие қызметіндегі алғы шарттарды, банктің несие мен тәуекелділікті баскару стандарттарын, нормативтерін және принциптерін  анықтау болып табылады.Операциялық бөлімде бақылаушы кассирлер жұмыс аткарады.

    Олардың міндеті банктегі барлық есеп айырысуды, тұрғындарға еңбек акы, зейнет акы, жәрдем ақы беруді жузеге асырады. Сондай-ақ, олардан салымдар қабылдау, ақшаларын аудару, коммуналдық қызмет үшін төлем қабылдауды жүргізеді. 

    Заңға сәйкес банктің ішкі ережелері банк бөлімшелерінің, ішкі аудит кызметінің, несие комитеті мен баска да органдар кызметінің кұрылымын, міндеттерін, кызметі мен өкілеттігін; кұрылымдық бөлімшелер басшыларынын құқықтары мен міндеттерін; банктін атынан мәміле жасаган кездегі лауазымды адамдар мен банк кызметкерлерінің өкілеттігін белгілеуге тиіс.

    Жалпы «БТА Банкі» Акционерлік қоғамы Жамбыл филиалының банк операцияларына мыналар жатады: заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау; ұйымдардың корреспонденттік есеп шоттарын ашу және жүргізу; кассалық, аудару, есептеу, заем, сенім, клиринг, сейфтік, ломбард операциялары; жеке және заңды тұлгалардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; төлем карточкаларын шығару; шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру; чек кітапшаларын шығару; бағалы кағаздар нарығындағы клирингтік кызмет; банк кепілдіктерін беру; аккредитивті ашу мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау; ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру; үшінші тұлгалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру. Жоғарыда аталған операцияларды жүргізу үшін банктерге лицензияны Ұлттық Банк ғана бере алатындығы белгілі.

 

 

 2.2 Банктің активті және пассивті операцияларын бағалау және талдау

       Банк активтері — пайда табу максатында банктік ресурстарды әp түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.

       Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды.                                              

       Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

       Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады:

         1) касса және оған теңесстін акшалай қаражаттар;

         2) несиелер;

         3) бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;

4) банктің ғимараты мен жабдыктары ;

        Тап осы бағытта «Тұран Әлем Банкі» әр түрлі несие бағдарламасын ұсынады, шағын орта бизнес кәсіпкерлігінің барлық субьект категорияларына есептеп арналған.ЕБРР- дің шағын орта бизнеске арналған несиелерінің әр бір төртінші несиесі біздің банк арқылы берілген болатын.

       Қазақстан Республикасының Ұлттық банк Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы №465 қаулысымен бекітілген «Активтердің шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру туралы» ережесіне сәйкес, банктер Ұлттық банкке ай сайын айлық баланспен бірге Ұлттық банктің Банктерді қадағалау департаментіне активтері мен шартты міндеттемелердің жіктелуі жәнс олар бойынша провизиялар құру туралы мәліметтер береді.

       Мұндағы активтерге заңды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ак, баска банктерге байланысты банктің талаптары жатады.

       Аталған ережеге сәйкес активтер стандартты және жіктелінген болып бөлінеді.

      Жіктелінген активтерге жатпайтын активтер стандартты болып есептеледі.

Жіктелінген активтер күмәнді және үмітсіз болып бөлінеді.

      Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозитттер, бағалы қағаздар, дебиторлық қарыздары жатады.     

      Банк пассивін екі топқа бөлуге болады:

        1) жеке капитал, ол қорлардың өсу немесе қалыптастыруына  алып баратын коммерциялық банктің  құнды қағаздар эмиссиясынан  пайда болады.

       2)банктің депозиттік операцияларынан және басқа заңды тұлғалардың несиелерінен  алынатын тартылған және қарыз қаражаттар.

      Пассивті операциялардың құрылымын үйрену үшін шығарылған жеке және тартылған қаражаттардан, сонымен қатар баланстың жалпы соммасын қалыптастыруда олардың бөлігін анықтаудан бастау керек.

      Банктің жеке капиталы – бұл банк ісін ұйымдастыру үшін негізгі нүкте болып табылады. Тартылған қаражаттар клиенттердің депозиттерінен, тартылған арнайы қорлардан, есеп айрысу операциялар бойынша уақытша босатылған қаражаттардан және клиенттердің несиелік қарыздарынан тұрады.  

      Осы топтамаларды пайдалана отырып банктің активті операцияларының құрылымын келесі кестеде қарастырайық..

    Банктің пассивті операциялары банк капиталымен қарастырылған қаржылардан тұратын банк ресурстары пайда болады.Банк құруының бастапқы кезінде меншікті қаржылар бірінші кезекте жұмсалып,шығындардан қалыптасады.Банктің пассивтерінің негізгі операциясы болып депозиттер саналады.Депозиттік операциялар дегеніміз – қайтарылымдылық және сыйақылық төлеу жағдайында заңды және жеке тұлғалардан ақша қаражаттарын тарту арқылы жүзеге асырылатын банктік операция.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте «БТА Банкі» АҚ-ның бухгалтерлік балансы

 

Активтер

01.01.2008 жыл

01.01.2009 жыл

Ауытқуы

Сомасы, мың тг

Үлес салмағы, %

Сомасы, мың тг

Үлес салмағы,%

Абсолютті

Салыс

тырмалы, %

1

2

3

4

5

6

7

Қаржы және қаржы эквиваленттері

107452945

4,1

96515129

3,3

-10937816

-10,2

Міндетті резервтер

121883310

4,6

23394528

0,8

-98488782

-420

Бағалы металдар

33

0,0

9

0,0

-24

-266,6

Сатуға арналған бағалы қағаздар

85459408

3,2

97016021

3,3

11556613

13,5

Кері РЕПО келісімі бойынша бағалы қағаздар

16998058

0,6

13452809

0,4

-3545249

-20,8

Туынды қаржы құралдары

12166905

0,4

50654535

1,7

38487630

316,3

Басқа банктердегі салымдар мен корр. Счеттар

15040474

0,5

19701846

0,6

4661372

30,9

Басқа банктерге берілген заимдар

74179293

2,8

73328550

2,5

-850743

-1,1

Клиенттерге берілген заимдар

2026289173

76,5

2231080141

76,5

204790968

10,1

Бағалы қағаздарға салымдар

3696734

0,1

35401804

1,2

31705070

857,6

Капиталға инвестиция

152666126

5,7

213304913

7,3

60638787

39,7

Негізгі құралдар

10255141

0,4

10612924

0,4

357783

3,5

Материалды емес активтер

392255

0,01

1044410

0,03

652155

166,2

Дебиторлық қарыздар

6880819

0,2

20469775

0,7

13588956

197,5

Басқа да активтер

15242492

0,6

29133343

0,9

13890851

91,1

Информация о работе Қазақстан Республикасында банктердің қаржылық жағдайының қалыптасу ерекшеліктері және банктің қаржылық есеп беру жүйесі