Қаржылық есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 10:33, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық есеп беру заңдар мен принциптер негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.
Және де бұл тақырыпқа сай мынадай бөлімдер қарастырылады:
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау
ІV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................2

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы............................................................................................................3
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы....................................................................................................................6
1.1. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары.........................................................................................9
2.1. Объектілерді түгендеу жұмыстары
2.2. Қателерді түзету


ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау.....................................................................16
3.1. Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
3.2. Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері
3.3. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
3.4. Қаржылық есеп беру элементтері
3.5. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру
3.6. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
3.7. Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба.
ІV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау......................................................................................................................27
4.1. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидалынған есеп беруі
4.2. Негізгі және тәуелді заңды тұлғалардың консолидалынған қаржылық есеп беруі
4.3. Бірлескен қызмет бойынша қатысулық үлесті қаржылық есеп беруде көрсетудің ерекшеліктері
4.4. Байланысқан тараптар туралы ақпараттарды ашу

Қорытынды................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................40

Файлы: 1 файл

123.docx

— 115.34 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Қорытынды.

 

Қорыта келе айтсақ,қаржылық есеп беру дегеніміз  кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық шаруашылық қызметін кешенді түрде  сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін  айтамыз. Қаржылық есеп берудің мақсаты  өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді  және пайдалы ақпараттарды беру болып  табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып  алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.

 Қаржылық  есеп беру басқарушы органдардың  жұмысын және субъектінің ресурстарын,  міндеттемелерін және ақша қаражаттарының  болашақтағы ағындарын бағалауға,  несие беру бойынша шешімдерге  және инвестициялық қызметтерді  қабылдауға пайдалы ақпараттарды  береді.

 Есеп  беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін  анық және объективті көрсету,  барлық көрсеткіштерді бір-бірімен  қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік  пен жедел-статистикалық есеп  берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік  және басқа да ережелерді сақтау  болып табылады.

 Бұрмаланған  есеп бергені үшін кәсіпорынның  басшысы мен бас бухгалтері  ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына  сәйкес жауап береді. Қаржылық  есеп беруді жасау түгендеу  жұмыстарынан басталады екен. Түгендеу – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, ТМҚ-ның, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және оладың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне, қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара. Сондай-ақ қаржылық есеп беруді тек бір тұлға ғана емес, бірнеше тұлға жасай алады екен оны консолидалынған есеп беру деп атайды.

 Осының  барлыған ескере келе кәсіпорындар  қай кезде болмасын өздерінің  есеп берулерін әділ де шынайы  жасауы ол әр кәсіпорынның  да Қазақстан деген мемлекетіміздің  де экономикалық және қаржылық  беделін көтереді, мемлекетіміздегі  тұрақтылықты қалыптастырады деген  ойыммен,өз курстық жұмысымдағы  материалдарды ескере отырып, қаржылық  есеп берудің қағидаларын сақтай  отырып болашақта адал экономист  немесе бухгалтер ретінде үлкен  компанияның қаржылық есеп беруі  менің қолымнан немесе өзімнің  үлесімді қосу арқылы жасалады  деген ойдамын!

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

    1. Қазақстан Республикасының «Қаржылық және бухгалтерлік есеп беру туралы» заңы 28 ақпан 2007ж.
    2. «Кәсіорындағы Бухгалтерлік есеп» В.В.Радостовец. В.И.Радостовец О.Шмидт.
    3. «Шаруашылық субъектідегі бухгалтерлік есеп» В.Л.Назарова.
    4. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп принциптері» Ә. Әбдіманапов.
    5. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Кеулімжаев, Құдайбергенов.
    6. «Шоттар жоспарын бекіту» 23.05.2007ж.

 




Информация о работе Қаржылық есеп беру