Қаржылық есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 10:33, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық есеп беру заңдар мен принциптер негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.
Және де бұл тақырыпқа сай мынадай бөлімдер қарастырылады:
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау
ІV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................2

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы............................................................................................................3
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы....................................................................................................................6
1.1. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары.........................................................................................9
2.1. Объектілерді түгендеу жұмыстары
2.2. Қателерді түзету


ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау.....................................................................16
3.1. Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
3.2. Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері
3.3. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
3.4. Қаржылық есеп беру элементтері
3.5. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру
3.6. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
3.7. Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба.
ІV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау......................................................................................................................27
4.1. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидалынған есеп беруі
4.2. Негізгі және тәуелді заңды тұлғалардың консолидалынған қаржылық есеп беруі
4.3. Бірлескен қызмет бойынша қатысулық үлесті қаржылық есеп беруде көрсетудің ерекшеліктері
4.4. Байланысқан тараптар туралы ақпараттарды ашу

Қорытынды................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................40

Файлы: 1 файл

123.docx

— 115.34 Кб (Скачать файл)

 Бұрмаланған  есеп бергені үшін кәсіпорынның  басшысы мен бас бухгалтері  ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына  сәйкес жауап береді.

  1.1. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

  Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады.

  Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

 Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

 Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

  Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

 Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

 Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.

 Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

 Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

 Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

 Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

 Есеп  беруге қойылатын ең басты  талап тазалығы (ашықтығы) болып  табылады, яғни акционерлер мен  инвесторларға есеп берудің мәліметі  түсінікті болуы тиіс. Есеп беру  берілген мәліметтердің мерзімінде  жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп  беруі бухгалтерлік, статистикалық  және жедел болып бөлінеді.

 Жедел-статистикалық  есеп беру кәсіпорынның өндірістік  және қаржылық қызметінің жекелеген  жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық  есепке алудың деректері бойынша  жасалады.

 Бухгалтерлік  есеп беру кәсіпорынның өндірістік  және қаржылық қызметін бастапқы  құжаттармен және есепке алу  жазбаларымен расталып, жинақталған  деректерден жасалады. Қандай кезең  үшін берілгендігіне қарай есеп  шұғыл және почта арқылы берілетіндер  болып бөлінеді.

 Балансты  және басқа да берілетін есептерді  уақытында, әрі сапалы жасау  үшін бухгалтерия өндірістік  бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің  құжатталуын, белгіленген материалдық  және басқа есептерін толық  көлемде берілуін қамтамасыз  ету керек.

 Бухгалтерлік  есептің ақпараттары балансқа  дейін қажет өңдеулерден өтеді.  Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен  тұрады:

  Бірінші кезең. Әртүрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады).

  Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі ( есеп регистрлерінде, ведомость, Бас кітап).

 Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі ( баланс, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру).

 Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.

  Есеп  беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз  ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің  міндеттерін өзара дұрыс бөлудің  және есеп жұмыстарының кестесін  белгілеудің мақызы зор. Берілетін  есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген  көлемдерде есептік тізімдемесінде  жинақталады. Аталған деректердің  негізінде талдау жасалады.

 Жасалған  баланстық және басқа берілетін  есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін  қамтамасыз ету үшін арифметикалық  және логикалық тұрғыдан мұқият  тексеру керек. Баланстың сабақтастығын  есепті кезеңнің басындағы баланс  баптарының деректерін ағымдағы  кезеңнің осы баптағы деректерімен  салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің  әрбір жолы анықталады. Қаржы  есебін беру тәртібі бухгалтерлік  есептің стандарттарымен реттеледі.

 №2 «Бухгалтерлік  баланс және қаржылық есептің  негізгі көрсеткіштерін ашып  көрсету» (2 БЕС); «Қаржылық-шаруашылық  қызметінің нәтижесі туралы есеп  беру» (3 БЕС) және «Ақша қаражатының  қозғалысы туралы есеп беру»  (4 БЕС) арқылы жүзеге асырылады.

 Жылдық  есептің меншік иелерінде немесе  құрылтай құжаттарында көрсетілген  мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына; жергілікті  қаржы органына, мемлекеттік статистика  органдарына есеп береді.

 Тараптары  бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік  есептерін берумен қатар, жалпы  белгіленген тәртіпте жиынтық  есебін береді.

 Кәсіпорындар, егер ҚР-ның заңдарында басқадай  ерекшеліктері ескерілмеген болса,  онда жылдық бухгалтерлік есепті  есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты  күнін көрсетілген мерзімдердің  шегінде салық органдарының келісімдері  бойынша кәсіпорынның иелері  белгілейді.

 Берілген  бухгалтерлік есепке кәсіпорын  басшысы мен бас бухгалтері  қол қояды, олар оның уақытында  берілуіне жауап береді.

 Кәсіпорындардың  шаруашылық қызметінің нәтижелері, мүлік пен қаржы жағдайы туралы  жылдық бухгалтерлік есептерін  мүдделі пайдаланушылар үшін  жариялауға жол ашық.

  Бухгалтерлік  есепте жазбаларға өзгеріс енгізу  жағдайы туындаса, осы жылға және  өткен жылға қатысты берілген  есептер мен баланс деректерінің  барлығын түзетуді қажет деп  тапса, онда ол есепті айдан  кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс  табады. Өткен жыл үшін берілген  жылдық бухгалтерлік есептер  мен баланстар бекітілгенге дейін  жасалады. Мұндайда өткен жылғы  желтоқсан айында есепке алынған  деректерге қажетті түзетулер  енгізілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша  түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары.

 Бухгалтерлік  есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта іріктелудің нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілеген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.

 Ал бұл  жыл сайын нақты қолда бар  құндылықтардың мәліметін есеп  мәліметтерімен салыстырып отыруды  қажет етеді және ол есеп  айырысуды анықтау үшін қажет.  Тексерудің мұндай түрін түгендеу  деп айтамыз.

 Түгендеу – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, ТМҚ-ның, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және оладың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне, қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара.

 Толық түгендеу – жылына бәр рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін.

 Ішінара түгендеу – тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға, кәсіпорынның кассадағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны.

 Түгендеу  өз сипатына қарап жоспарлы  және кезектен тыс жүргізілуі  мүмкін:

  • Жоспарлы – алдын ала белгіленген мерзімді қойған мақсатына және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі.
  •   Кезектен тыс – бұл кәсіпорынның басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі.

Ол БЕС 24 «Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. қағидалар қарастырылады.

 Кәсіпорын  басшысы түгендеу жұмыстарын  жүргізі тәртібін белгілейді, оның  ішінде түгендеу комиссиясының  құрамы, есепті жылдағы түгендеу  санын, олардың күнін белгілейді.

 Түгендеу  жұмыстарын жүргізу үшін әрбір  кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп  тұратын комиссия болады және  оның құрамын кәсіпорын басшысы  белгілейді.

 Түгендеу  комиссиясының істейтін жұмыстары  сақтау органдарындағы және өндірістегі  мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі  барлық міндеттемелерді тексеру;  кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен  бірге түгендеу нәтижелерін анықтауға  және қайта сұрыптауға арналады: сондай-ақ кем шыққандарды табиғи  кему нормаларының шегінде есептен  шығаруға; ТМҚ-ны қабылдауды, сақтауды  және босатуды реттеуге, есепке  алуды жақсарту және олардың  сақталуын бақылау мәселелері  жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын  мүлікті сату туралы ұсыныстар  әзірлеуге; мүліктің сақталуын  қамтамасыз ету жөніндегі шараларды  жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы  сақтау және қайта өңдеу орындарындағы  ТМҚ-ны түгендеуге, іріктеп түгендеудің  әдістемесі бойынша да бақылау  жұмыстарын жүргізуге бағытталады.

 Түгендеу  комиссяларының мүшелері кем  шыққандарды және талан-таражға  түскендерді бүркемелеу мақсатымен  мүліктің нақты қалдығы туралы  немесе артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да  құндылықтар туралы жазбаға біле  тұра дұрыс емес деректерді  енгізбегені үшін ҚР-ның заңдарында  белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілкке  тартылады. 

 Мүліктің  нақты қолда барын тексеруді  бастағанға дейін түгендеу комиссиясы  кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу  кезіндегі соңғы тізімдерін немесе  материалдық құндылықтары мен  ақшалай қаражаттарын есепке  алады.

 Түгендеу  комиссисының нәтижесі де тексеріледі,  ол үшін ішінара бақылау жұмыстары  жүргізіледі, сол бақылау барысында  комиссияның мүшелері де қатыса  алады және ол да актімен  хатталады.

 Екі түгендеу  аралығындағы кезеңде құндылықтардың  номенклатурасы бойынша үлкен  кәсіпорындағы сақтау және қайта  өңдеу жұмыстары іріктеу әдісімен  тексеріледі.

 Түгендеу  нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі  жасалынады, сосын оның деректері  бухгалтерлік есептегі деректермен  салыстырылып, олардың арасындағы  айырмашылықтары көрсетіледі. Түгендеу  нәтижелерін көрсету үшін ҚР-ның  Мемлекеттік статистика комитеті  бекіткен бірінші реттегі толтырылатын  есеп құжаттарының мынадай үлгілері  қолданылады.

 Негізгі  құралдардың түгендеу жазбасы  жалға алынған және күнделікті  жалға бергендерді қоса есептегендегі  негізгі қорлардың нақты қолда  барын көрсету үшін қолданылады.

 Түгендеу  қағазы өндірісті ұйымдастыру  ережелері бойынша материалдық  құндылықтарды бірден санап, жазбаға  жазуға мүмкін болмаған жағдайларды  қолданылады. Бұл түгендеу қағазы  саналған құндылықтармен бірге  солардың тұрған орындарында  сақталады.

 Түгендеу  кезінде және басқа да тексерістердің  көмегімен анықталған мүліктің  нақты қолда бары мен бухгалтерлік  есепті деректердің арасындағы  алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша  реттеледі. Сортталу нәтижесінде  анықталған кем шыққандар немесе артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшілік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның жұмысын бағалау үшін және ТМҚ-ның сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандығы жөнінде материалды жауапты адамдар түгендеу комиссиясына түсініктеме береді. Сортталудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссясының қарауына беріледі жне оны кәсіпорын басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалды зерттегеннен кейін есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданады. Сортталуы бойынша олардың артық не кем шығуын есепке алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатады. Егер де сортталу кезінде жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыққан мүліктер ертінде қаралады да, ксіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған құн айырмашылықтары материалды жауапты адамның кінәсінен болмаса, ол түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айрмашылықтар жауапты адамның мойнына қойылмау себептерін ашып көрсетеді. Есеп айырысудың барлық түрлерінің түгендеулерінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен, сатып алушымен, есеп беретін адамдармен, қызметкерлермен, дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды есептелген сомалрдың мұқият негізделгеніне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін барлық сатып алушылардың және дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттарды көшірмелері жазылады.

Информация о работе Қаржылық есеп беру