Казақстан республикасының сыртқы саясаты
Дипломная работа, 08 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Сонымен қатар, Қазақстан дипломатиясының мемлекеттік ұлттық мүдделерін білдіретін өзіндік бітім-сипаты бар екендігін айта кеткен жөн. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының, сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның мүшесі ретіндегі белсенді мемлекеттердің біріне айналуда. Бұл күндері біздің еліміздің Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастығы жөніндегі Кеңес, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық Кеңесі секілді форумдардағы үні анық естілуде.
Тақырыптың өзектілігі:
XX ғасырдың 90-шы жылдары әлем мемлекеттерінің халықаралық істердегі бұрынғы қатынастардың түбірімен қопарыла құлау кезеңі болды.
Бүгінде әлемдік саясат сахнасында жаңа дербес тәуелсіз мемлекеттер шықты. Солардың бірі Қазақстан Республикасы еді. Халықаралық істердегі, мемлекетаралық істерді шешуде Қазақ дипломатиясының шоқтығы биіктей түсуде.
Содержание работы
КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары
КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________
Файлы: 1 файл
дис раб.docx
— 203.46 Кб (Скачать файл)Біз барлық мемлекеттермен, соның ішінде, мұсылман мемлекеттерімен, Батыс мемлекеттерімен демократия принциптерінің негізінде тең құқылы әріптестер ретінде ынтымақтастық жасайтын боламыз», - деп атап көрсетті /32, 3-б/.
Экономикалық байланыстардың дамуында ерекше рөл атқарған маңызды фактор мұнай өнеркәсібі болды. Сол сапарында американдық Шеврон компаниясымен «Теңіз-Шевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы шартқа қол қойылды. 1993 жылы Теңіз кен орнын игеруге кіріскен американдық компанияның 1997 жылғы табысы 80 миллион доллардан асты. Нәтижесінде Қазақстанға «Мобил», «Амоко», «Экссон» сияқты американдық компаниялардың инвестиция ағымы келе бастады.
Елбасы Н. Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған 1994 жылғы 13-19 ақпандағы екінші сапары ерекше орын алды. Ақпанның 14-інде 1994 жылы АҚШ Президенті Билл Клинтон Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен кездесті. Келіссөз аяқталғаннан кейін, екі елдің басшылары «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қойды. Н. Назарбаев Б. Клинтонға Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа ядросыз мемлекет ретінде қосылатыны туралы бекіту грамотасын тапсырды.
Бұдан кейін болған баспасөз конференциясында Американ әкімшілігінің басшысы былай деп мәлімдеді: «Бұл менің Қазақстан Президентімен тұңғыш кездесуім еді, бірақ ол өте жақсы өтті. Екі ел ынтымақтастығының ең маңызды жақтарының бірі ядролық қарудың таратылуына жол бермеу жолында олар қолданып жатқан күш-жігер. Тәуелсіздіктің екі жылы ішінде Қазақстан қару-жараққа бақылау қою және «Қьірғи-қабақ соғыстың» ең қауіпті мұрасын жою жөнінде өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындауда өзінің жетекші рөлін көрсетіп берді».
АҚШ Президенті екі ел арасындағы серіктестікті нығайту және Қазақстанның жүргізіп жатқан реформаларына қолдау көрсету мақсатында Құрама Штаттар Қазақстанда 1993 жылғы 91 млн. доллармен салыстырғанда, 1994 жылы 311 млн. доллар беретінін жариялады. Бұдан басқа АҚШ 1994-95 жылдарда ядролық қару-жарақты бөлшектеуге көмектесу үшін Қазақстанға тағы да 85 млн. доллар беруге әзір. «Біз, сондай-ақ, екі ел арасындағы сауданы дамытуға және инвестицияларға жәрдемдесуге уағдаластық», - деп хабарлады Билл Клинтон.
Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде:
«Президент Б. Клинтон және Мен Қазақстан Америка қатынастарының
даму серпінін жоғары бағалаймыз. Біздің
мемлекеттерімізде әртүрлі салаларда өзара іс-қимылды одан
әрі кеңейтіп, тереңдету үшін жақсы келешек
бар деген бірауызды пікірде болдық.
Біз қол қойған Демократиялық серіктестік туралы хартия біздің қатынастарымызда сапалық тұрғыдан жаңа кезеңді білдіреді. Ол барынша ауқымды да ұзақ мерзімді сипатқа ие болуда. Бұл құжат саясат, экономика, әскери ынтымақтастық, ғылым мен техника, экология, денсаулық сақтау және басқа салалар сияқты бағыттарды қамтуда.
Хартияда айтылған АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдігі,
сондай-ақ, НАТО қабылдаған «Бейбітшілік
үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберінде
көпжақты ынтымақтастыққа қатысу Қазақстан
болашақта егеменді мемлекет болады деген
сенімімізді нығайта түседі» деді.
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы демократиялық серіктестік туралы ХАРТИЯ
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары, 1992 жылғы 19 мамырда Қазақстан Реслубликасының Президенті мен Америка Құрама Штаттарының Президенті қол қойған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасында қатынастар туралы декларациясының ережелерін бірлесіп дамыта отырып:
- өздерінің қатынастарын даму үстіндегі, тең құқықты және демократиялық серіктестік принциптерінде құру ниеттері туралы мәлімдеді.
I бап
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары егемен тәуелсіз Қазақстанның пайда болуымен ұзақ мерзімді және өзара пайдалы дәнекерлерді нығайту мүмкіндігін қолдайды.
Қазақстан Республикасы мен АҚШ түрлі бағыттарда бұдан да тығыз екіжақты қатынастарды дамытуға ұмтылуда. Осы мақсатпен екі ел саясатта, экономикада, мәдениетте, білімде, экологияда, ғылым мен технологияда, денсаулық сақтау және басқа салалардағы қарым-қатынастарды күшейтеді.
III бап
Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі,
тәуелсіздігі, егемендігі, аумақтық тұтастығы
мен демократиялық дамуы аса маңызды игіліктер
болып табылатынын мойындайды.
IV бап
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары, сонымен бірге, барлық халықтармен Біріккен Ұлттар Ұйымы меи Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің принциптеріне сәйкес, қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтудағы өздерінің мүдделілігін қуаттайды.
V бап
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары олардың қорғаныс ынтымақтастығын, оқытып үйрету, әскери қызметшілер алмасу, жоғары деңгейдегі әскери консультациялар және толық көлемдегі қорғаныс пен әскери байланыстар салаларында шоғырландыруды көздейді.
VI бап
Америка Құрама Штаттары егер Қазақстан Республикасы агрессияның немесе ядролық қару қолданылған агрессия қатерінің құрбаны болса, Қазақстан Республикасына дереу Біріккен Ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің әрекетін шақырудағы өзінің міндеттемесін қуаттайды.
Рефераты FreePapers.ru |
|
Главная / История
Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі даму бағыттары, экономикалық байланыстары
Дата добавления: 22 Февраля
2013 в 08:29
Автор работы: z***************@mail.ru
Тип работы: дипломная работа
Скачать (89.18 Кб)
Работа состоит из 1 файл
Скачать документ Открыть документ
Баданов.Бауыржан.Болатбекулы.Тх-41тобы..doc
— 355.00 Кб
Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының СШҚ
Туралы шартты және ЯҚТШ-ты орындауына
және топ энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Қазақстандағы
ядролық қоңдырғылар мен материалдарға
толық ауқымдағы кепілдіктерін орнатуда
жәрдем көрсетуге өзінің бел байлағандығын
қуаттайды.
VIII бап
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге зор маңыз береді. Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттар орналасқан ядролық қаруды экологиялық қауіпсіз және сенімді бөлшектеуде, сезімтал технологиялар мен материалдарды экспортқа шығаруға бақылау жасау қорғаныс конверсиясы саласында және басқа да өзара келісілген салаларда ынтымақтасуды жалғастыру ниеттерін қуаттайды.
IX бап
Қазақстаи Республикасы мен Америка Құрама
Штаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
ядролық оқтұмсықтардан алынатын жоғары
байытылған уранның бағасынан оның әділ
өтемақы алуға тиіс екендігін және осы
мақсатқа қол жеткізу үшін олардың бір-бірімен
және басқа да мүдделі жақтармен ынтымақтасатығын
қуаттайды.
X бап
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары олардың ғылыми және технологиялық қоғамдастықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.
XI бап
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы денсаулық сақтау мен экологияның әсіресе, Арал теңізінің аймағындағы шиеленіскен проблемаларын шешуде және суды реттеу жөніндегі аймақтық күш-жігерлерді нығайту ынтымақтастығын жалғастыруды көздейді. Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың кеңестік бағдарламасы келтірген зиянның ауқымын зерттеу жұмысын жүрізуде ынтымақтасады.
XII бап
Қазақстан Республикасы ауқымды жекешелендіру, нарықтық реформалар және макроэкономикалық тұрақтылық жолын ұстанады. Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының осы бағыттағы іс-әрекеттеріне өзінің екі жақты, сондай-ақ, көпжақты негізде қаржылық және басқа да қолдау көрсететін ниетін қуаттайды.
XIII бап
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары инвестицияларды, жаңа технологияларды және интеллектілік меншік құқығын қорғау сияқты мәселелерді назарға ала отырып, екі ел азаматтары мен компаниялары арасындағы ұзақ мерзімді сауда және инвестициялық байланыстардың дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында бірлесіп жұмыс істейді.
XIV бап
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары парламенттік халықаралық қылмыстық актілерге, атап айтқанда, есірткімен жасырын айналысу, терроризм және азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған іс қимылдарға қарсы күресте өздерінің тығыз ынтымақтастық жасау ниеттерін қуаттайды.