Казақстан республикасының сыртқы саясаты
Дипломная работа, 08 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Сонымен қатар, Қазақстан дипломатиясының мемлекеттік ұлттық мүдделерін білдіретін өзіндік бітім-сипаты бар екендігін айта кеткен жөн. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының, сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның мүшесі ретіндегі белсенді мемлекеттердің біріне айналуда. Бұл күндері біздің еліміздің Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастығы жөніндегі Кеңес, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық Кеңесі секілді форумдардағы үні анық естілуде.
Тақырыптың өзектілігі:
XX ғасырдың 90-шы жылдары әлем мемлекеттерінің халықаралық істердегі бұрынғы қатынастардың түбірімен қопарыла құлау кезеңі болды.
Бүгінде әлемдік саясат сахнасында жаңа дербес тәуелсіз мемлекеттер шықты. Солардың бірі Қазақстан Республикасы еді. Халықаралық істердегі, мемлекетаралық істерді шешуде Қазақ дипломатиясының шоқтығы биіктей түсуде.
Содержание работы
КІРІСПЕ _____________________________________________________ 3-
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ _________________________________________
І.1. Қазақстан дипломатиясының кезеңдері (сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері)
І.2. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________
ІІ.1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен ынтымақтастығы (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы)
ІІ.2. Қазақстан Республикасының Еуропа Одағы елдерімен байланыстары (Германия, Ұлыбритания, Франция, Түркия т.б.)
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ЖӘНЕ АҚШ-мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ______________________________________
ІІІ.1. Онтүстік Корея Республикасы
ІІІ.2. Қытай Халық Республикасы
ІІІ.3.Жапония, Сингапур және Филиппины
ІІІ.4. Америка Құрама Штаттары
КОРЫТЫНДЫ ________________________________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ______________________________
Файлы: 1 файл
дис раб.docx
— 203.46 Кб (Скачать файл)Корей Республикасының экономикалық реформаларының нәтижелері айқын. Реформалық процестердің болашағы көптеген факторларға байланысты, оның ішінде өндірісті жаңғырту мен экономикалық саясаттың заң негіздерін жетілдіру де бар. Ол сондай – ақ саяси жүйе мен мемлекеттік саясатқа да, мемлекеттік институттардың, ең алдымен, өкіметтердің болып жатқан өзгерістерді қаншалықты сергектікпен сезінуіне және дамудағы немесе баяулаудағы белгілі беталыстарды болжай алатынына байланысты.
Сеул Астанамен дипломатиялық қатынастар орнатып алған соң, екі жақты кеңейтілген қатынастарға кірісуден бұрын жас мемлекеттің ішкі саяси жағдайының күйіне абайлап көз салды. Ол респбуликада сыртқы қарым – қатынастарды дербес жүргізуді тәжірибенің жоқтығын ескере отырып, онда жүріп жатқан процесстердің барлығын зейін қойып зерттеуде. Ол тұрақтылық қамтамасыз етілмеген жерге өз қаражатын салуға асықпауда.
Сеулдің қор көңіл бөліп отырған объектісі Қазақстандағы
экономкалық реформаға барынша қолдау
жалаң болып табылуда. Корея Республикасы
бұл елде тұрақтылықты нығайтуда гуманитарлық
байланыстар үлкен рол атқаруда. Корея
Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті
де және көрсетіп келуде. Ол көмек екі
ел арасындағы дипломатиялық қаытнастардың
ресми ықпалымен басталуда. Мәселен, Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Жолдауына жауап ретінде, Корея Республикасының
Президенті Ким Дэ Чжун Аралды құтқаруға
50 мың АҚШ долларын бөлу жөнінде жарлық
берді. Соңғы жылдары Сеулдің Астанаға
гуманитарлық көмегі қарқынды өсуде, егер
1996 жылы Қазақстан үшін 814,4 мың доллар
бөлінсе, 1999 жылы бірінші жарты жылдығында
оның көлемі 2 млн. АҚШ доллары болды /25,
42-б./.
Сеул Қазақстан бастан кешіріп отырған экономика саласындағы
қиыншылықтарға түсіністікпен қарайды.
Кореяның ресми басшылығы Қазақстан Республикасының
Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекетті нығайту
және реформаларды жүргізу жөніндегі
батыл іс - әрекеттерін қызығушылықпен
және мақұлдаумен қабылдауда.
Онда үрдістер екі ел арасындағы сауда айналымының ұдайы өсуінен көрінеді, оның көлемі он жыл ішінде 500 миллион АҚШ доллары деңгейіне дейін көтерілді. Екі жақты Қазақстан – Корея ынтымақтастығында әлі де көптеген пайдаланылмай жатқан резервтердің бар екенін көріп, оларды іске қосуға мән беруде.
Екі мемлекет тарихында әр түрлі кезеңдер болды, соның ішінде қарсы тұрған шақтар да болды. Бүгінде барлық қатынастарда жаңа көзқарас орнықты.
Бұл істе екі достас елде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың рөлі үлкен. Соңғы жылдары Қазақстан мен Корея Республикасы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту, бейбіт өмір сүруді нығайту, сондай – ақ халықтар арасындағы достықты күшейту үшін нақты қадамдар жасауда. Сеул мен Астана өзара тиімді екі жақты қатынастар арқылы халықаралық бұлжымас құқық жүйесінің идеясына іс жүзіндегі адалдық, Азия аймағындағы гүлдену мен қауіпсіздік бекиді деп сендіруде.
Екі мемлекеттің басшылары Н.Ә.Назарбаев пен Ким Ен
Сам 1995 жылғы Сеулдегі кездесуінде қатынастардың
әлеуметтік негізін нығайту Қазақстан
мен Корея халықаралық мүддесіне сай келеді
деп көрсетті. Бұл істе гуманитралық байланыстар,
білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау
салаларындағы достық алмасуларды кеңейту,
адамдар арасындағы байланыстар, Қазақстан
– Корея достық, бейбітшілік және даму
комитетінің қызметі маңызды рөл атқарды.
Қазіргі кезде стратегиялық әріптестік жүзеге асырылып отырған саланың бірі Қазақстан мен Кореяның халықаралық істердегі әріптестігі болып отыр. Ол оның шындығына айналып, құр сөз жүзінде емес, түбегейлі ұлттық мүдделердің сай келуіне тірелуде. Астана мен Сеулдің қазіргі заманғы әлемдік мәселелердің көбіне көзқарастарының жақын болып келуінің себебі осында. Бұл туралы екі елдің басшылары Сеулде жасаған бірлескен мәлімдемеде айтылды және сонда қол қойылған бірнеше келісімдерде көрсетілді.
Қазақстан дипломатиясы Солтүстік және Оңтүстік Кореяның арасындағы көпке созылған жанжал Азия құрлығындағы қауіпсіздікке нақты қауіп төндіруде, Қазақстан мүддесіне де тікелей қатысы бар деген болатын. Астана өзінің БҰҰ – на мүшелік статусын пайдалана отырып, Азия аймағындағы жағдайды қалыпқа келтіруге белсенді бағыт ұстауға ниеттенуде. Корей түбегін ол Азия – Тынық мұхит аймағындағы (АТА) байланыстырушы түйін ретінде қарайды, оны бейбішілік, тұрақтылық аумағына айналдыруға мүдделі, ал оған халықаралық терроризм де, ұлттық сепаратизм мен діни экстремизм де, есірткінің таралу қаупі де, ұйымдасқан қылмыс та кедергі болуда. Осындай күрделі мәселелерге жауапты Қазақстан мен Кореяның бірлесіп іздестіретіні қуантуда.
ХХ ғасырдың 90 жылдарының аяғындағы Оңтүстік Кореяны жанап өткен Шығыс Азиядағы қаржылық дағдарысқа қарамастан, біздің еліміз әріптестік қатынастарды қолдауға тырысуда. Осыған байланысты, 1998 жылы Қазақстан экономикасына салған инвестицияның көлемі жағынан Корея Республикасы екінші орында болғандығын айтудың өзі – ақ жеткілікті.
2000 жылдың ортасына қарай инвестиция 4,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Оңтүстік Кореяның өзі авиакомпаниясы Азиана Эйрлайнздың Сеул – Алматы – Сеул әуе рейсін ашуы бұл елдің бизнесмендерінің Қазақстан Республикасына үлкен қызығушылық танытатындығына дәлел.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2003 жылы Оңтүстік Кореяға ресми сапары және Корея Республикасының Президенті Но Му Хеннің 2004 жылғы Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары біздің елдеріміздің арасындағы екі жақты байланыстың дамуына ерекше қарқын беруде. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда, инвестиция, мәдени, ғылым, білім салаларындағы қатынастардың жандана түсуі өзара тиімді әріптестіктің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауда. Достас қалалар – Сеул мен Астана қызметтің әр түрлі салаларындағы Қазақстан – Оңтүстік Корея ынтымақтастығын, ондағы Оңтүстік Кореялық компаниялардың белсенді жұмыс істеп жатқандығын атап көрсетудің өзі – ақ жеткілікті. Қазақстан Оңтүстік Кореямен кең көлемде экономикалық байланыстар жасауда. Әрбір қазақстандық отбасында «Самсунг», «LG Электроникс» маркалы тоңазытқыштар, музыка орталықтары, тұрмыстық құралдар бар.
Қазақстандықтарға «Дайву» жеңіл автокөлігінде атап өтуге болады. Астана мен Қазақстанда «Хайвил Қазақстанның» тамаша тұрғын үй құрылыс жобалары жүзеге асырылуда. Астанада 2005 жылдан бастап қаланың орталығында 20 га жерге «Хайвил Астана» тұрғын үй кешені қанат жаюда, онда құрылыстың жаңа технологиялары қолданылуда. Оңтүстік Кореялық «CALAMAT ART» фирмасы Алматыда тұрғын үйлер салуды жоспарлауда. Жобаны жасаушылар оны «APPLE TOWN» (Алматы қала) деп атауды жөн көрді. Бұл қалашықтың құрамында 14-тен 25-қабатқа дейінгі қазіргі заманғы ғимараттар, сондай – ақ 1800 оқушыға есептелген керемет мектеп, 2500 балаға есептелген 5 балабақша салынатын болды /26, 26-б./.
2006 жылы қыркүйекте Қазақстанға ресми сапармен келген
Корея Республикасының Премьер – министрі
Хан Мен Сунг ханым құрылыс алаңындағы
жол ағаштар отырғызудың салтанатты рәсіміне
қатысты. Бұл Корея Республикасы үкіметінің
Қазақстанда Оңтүстік Корея фирмалары
іске асырып жатқан инвестициялық жобалауға
байыппен қарайтындығының айғағы.
Корея Республикасы Қазақстан мен ең соңғы ғылыми жетістіктерінің тәжірибесін де бөлісуде. Соған сәйкес, 2006 жылы 23 қыркүйекте Алматыда болып өткен ақпараттық – коммуникациялық технологиялар бойынша бизнес форумды айтудың өзі – ақ жеткілікті. Оның барысында істеп жатқан Кореяның ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық Агенттігі форумға қатысушыларды Оңтүстік Кореяның мемлекеттік саясатымен және ақпараттық технологиялардың дамуының ағымдағы сатыларымен және де осы саладағы елдің халықаралық ынтымақтастығының перспективаларымен таныстырылуында. Сонымен қатар, мұнда «мобильдік» сандық үлгіде телехабарлар жүргізудің технологиялары және Интернет желісіне сымсыз кең жолды қосудың технологиялары көрсетіледі.
Қазақстанда Оңтүстік Кореялық капиталдың қатысуымен 110 компания, соның ішінде 78 бірлескен кәсіпорын және 62 өнімдік жұмыс істеуде.
Орта және шағын бизнес екі елде де екі жақты ынтымақтастық орнатуға ұмтылыс жасауда. Соған байланысты бірнеше ондаған бірлескен кәсіпорындар құрылды, оның тұрмыстық техника, фармакология, киім тігу өндірісімен айналысуда. Оңтүстік Кореяның біраз орта және шағын фирмалары 1998 жылы қазанда Алматыда өткен «АСПАТ – 98» көрмесіне қатысты.
Біздің екі жақты қарым – қатынастарымыз халықаралық ұйымдар мен форумдардың жұмысына бірлесе қатысу жолымен де дамуда. Мәселен, Оңтүстік Корея өкілдері Қазақстан Республикасы ұйымдастырылған әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшыларының ІІ – съезінде болды. Және мұндай форумдар бүкіл әлемдегі дінаралық және этноаралық дау – жанжалдарды жеңуге мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті. Корея Республикасы Қазақстан ұсынған Азиядағы өзара әрекет сенім шаралары жөніндегі Кеңес шеңберінде біздің ортақ азияттық құрлықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы идеяға түсіністікпен қарауда. Мұндай ілтипат пен ықыластың айғағы Корея Республикасы өкілдерінің СВМДА – ның Арнайы жұмыс тобының ісіне қатысуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Азияттық – Тынық Мұхит экономикалық ынтымақтастығы ұйымына (АТЭС) мүше болғысы келеді. Оңтүстік Корея бұл мәселеде өзінің жәрдемдесуге дайын екендігін білдіруде Женевадағы қарусыздану жөніндегі Конференцияның құрамын кеңейту жөніндегі мәселені қарастыру барысында Сеул Қазақстанға қолдау көрсетті. ЭСКАТО Атқарушы Комитетіндегі сайлау процесінде Қазақстан Корея Республикасының кандидатурасын қолдады. Корея Республикасының басшылығы Қазақстанның БСҰ – на кіруіне көмек көрсететін және Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ – на төрағалық етуі мәселесіне қолдау көрсететіндігіне сендірді.
Екі елдің өзара мәдени байланыстары біздің халықтарымызға бірін – бірі жақсы түсінуге көмегін тигізуге, адамдар мен халықтар арасындағы достық қарым – қатынастың нығаюына мүмкіндік беруде. Корея Республикасында Айман Мұсаходжаеваның, «Елімай» балалар Қорының концерті болып өтті. Қазақстан Республикасында «Ариран» ансамблінің концерті болып өтті, Корей тауарларының көрмесі, Корей әндерінің фестивалі болды.
Тек қана энергетика емес, минералдық ресурстар да біздің елдеріміздің өзара экономикалық қарым – қатынастарында басты назарда болды. Бізге жаңа технологияларды енгізу ісіне, мұнай – химия кешенін дамыту ісінде, білім мен мамандар даярлау саласында өзара бірлесіп әрекет етуде.
Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның екі жақты қарым – қатынастарын тек мұнай скважиналарын бірлесіп игеру ісінде ғана емес, сондай – ақ қызметтің химия – мұнай және телекоммуникациялық салаларында, атом энергетикасы, құрылыс пен көлік салаларында да лайықты байланыс орнатуда.