Құқық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2014 в 21:55, реферат

Описание работы

Құқық негіздері – қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым.
Сонымен қатар құқық – қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Құқықтың пайда болуы, ұғымдары мен санаттары
1. Құқықтың пайда болуы мен дамуы
2. Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері
3. Құқық жүйесі мен нысандары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Құқық негіздері реферат.DOC

— 87.50 Кб (Скачать файл)

АҚ  Медицина Академиясы

 

 

 

 

Сот медицина  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Құқық негіздері

 

 

 

 

 

 

                                                                   Орындаған:       

                 Тексерген:       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2012 ж.


 

 

 

 

ЖОСПАР

 

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

Құқықтың пайда болуы, ұғымдары мен санаттары

1. Құқықтың пайда болуы мен  дамуы

2. Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері

3. Құқық жүйесі мен нысандары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Құқық негіздері – қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым.

Сонымен қатар құқық – қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі.

Құқық негіздеріне мемлекеттің басты негізгі заңы – Конституциясы, салалық заңдары және басқа құқық нормалары тұжырымдалған мемлекеттік нормативті актілер жатады. Құқықтың мазмұны құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады. Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып оны нығайтудың заңдық шарттарын белгілейді.

Құқық - адамдардың өмір сүруі үшін қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, күштеу шараларын қолдану үшін ғана қажет емес. Құқық азаматтардың өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар тарапынан құқық нормаларының талаптарын бұзғандарға шара қолданылғанда ғана нақты іс жүзіне асқан болып табылады.

Ал құқық пәнінің ең басты мақсаты – қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтау болып табылады.

Құқық негіздері – мемлекетімізде күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселе және құқықты қоғамды ұйымдастырып, татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардың барлық топтарының еркі болып келеді.

 

Негізгі бөлім

Құқықтың пайда болуы, ұғымдары мен санаттары

  1. Құқықтың пайда болуы мен дамуы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалык, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі объективтік заңдардың – қосымша өнімінің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге құқық келді.

Құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына тоқталсақ:

Теологиялық теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.

Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.

 Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды.

Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді кесімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық екі жолмен дамыды:

  1. Мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моральдық – діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы.

2) Жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастағы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «әдет» заңына бағынып келген.

1465 жылы тарихта тұңғыш дербес қазақ хандығының негізі қаланып, Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында көркейіп, қуатты мемлекетке айналды. Қасым хан қазақтың құқықтық әдеттерін жүйелеп «Қасым салған қасқа жолды» тұжырымдап берді. Ол бес тараудан тұратын:

1) Мүлік заңдары (мал, мүлік, жер дауы мәселелері).

2) Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел  шабу, мал талау, ұрлық мәселелері).

3) Әскери заңдар (қосын, аламан, әскери  міндет, тұлпар ат, қара қазан  мәселелері).

4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, сыпайылық, әдептілік).

5) Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл  және т.б.).

Өз заманында Тәуке хан (1680-1718 жж.) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атпен белгілі. Жеті жарғыда бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді.

Бұл тарихи құжатта мемлекеттік, әскери іс, шаруашылық, қылмыс, діни, жұртшылық, отбасы және неке мәселелері қамтылды.

 

  1. Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері

Құқық дегеніміз мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің жиынтығы.

Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

  • қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
  • қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
  • қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік, бағытын дамытып, нығайту;
  • мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара-қатынасын реттеп, басқару;
  • халықаралық қатынастардыреттеп, басқару.

«Құқықты кім жасайды және ол кімге қызмет етеді?» деген сұраққа жауап беруге талпынудан құқықтың мәні білінеді. Құқықтың мәнін түсіндірудің екі жолы қалыптасқан: таптық және жалпыәлеуметтік. Құқықтың таптық мәні – құқықты қоғамдағы экономикалық жағынан басым, үстем болып отырған таптың еркі деп түсіну. Құқықтың жалпыәлеуметтік мәні – құқықты қоғамды ұйымдастырып, татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардың барлық топтарының еркі деп түсіндіру.

Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың қоғамда қалыптасқан екі түрі бар: әлеуметтік  және техникалық нормалар. Қоғамда көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың, қатынастардың құралына айналды.

Техникалық нормалар адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас, байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор.

Құқықтық нормалардың белгілері:

1. Норма мемлекеттік органның  қабылдаған, бекіткен актісі, оның  заңды күші бар. Мұндай нормалар  қоғамдағы тәртіптің үлгісіне  айналады, өйткені ол нормаларды  халықтың басым көпшілігі дұрыс  орындайды.

2. Нормада субъектілердің құқығы мн міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі.

3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр болады.

4. Құқықтық нормалардың жүзеге  асырылуын, орындалуын мемлекет  қамтамасыз етеді.

5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам  тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

Құқық функциясы деп- қоғамдақ қатынастарға құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары. Құқық функциялары ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси, экономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік, Сыртқыларға мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтық қорғаушылық функциялврф аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға, сақтауға бағытталған.

Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары – оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін негізгі бастаулар. Негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады.

Құқықтық реттеу заңдық жүйе арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастарға нәтижелі түрде құқықтық ықпал етуді білдіреді. Құқықтық реттеу әдістері біріңғай сапалы қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын амал-тәсілдер ретінде ерекшеленеді. Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:

- императивтік (авторитарлық, өзара  қатынасты берік ұстау, билік  пен бағыныштылық), мұны пайдаланған  кезде бір тараптан билік жүргізуші  субъект ретінде мемлекет, екінші  тараптан – оның ерік-жігерін  орындауға міндетті құқықтың басқа субъектілері әрекет етеді;

- диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік, тепе-теңдік), мұны пайдаланған кезде  өзара келісім негізінде субъектілер  өз қалаулары бойынша құқықтар  мен міндеттерді белгілейді, өзгертеді және тоқтатады.

Құқықтық қатынас дегеніміз қажет болғанда мемлекеттік-биліктік сипаттағы мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілетін, субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері бар, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынасқа қатынасушылардың арасындағы тұрақты заңды байланыс. Кез-келген құқықтық қатынастар қоғамдақ қатынастарғы жатады, керісінше кез-келген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар бола алмайды. Құқықтық қатынастың субъектілері өзара субъективті құқықтар және заңды міндеттермен тығыз байланысты. Осындай субъективті құқықтар мен заңды міндеттерді атқарушы жақтар құқықтық қатынастың субъектілеріне жатады. Құқықтық қатынастың субъектілері: жеке, заңды тұлғалар,мемлекет органдары, әкімшілік бөлімдер жатады.

  1. Құқық жүйесі мен нысандары

Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және біріңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі – нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді.

Құқық бөлшектерінің ұйымдастырылуы және өзара байланысу тәртібін көрсететін ішкі құрылымын құқықтың жүйесі деп атаймыз. Құқық жүйесі төмендегідей бөлшектерден тұрады:

  1. құқық саласы –бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін біріңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы, (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, экологиялық, іс жүргізу т.б.);
  2. құқық институты – біріңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы, (сайлау институты, меншік институты, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату институты);
  3. құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида. Құқықтық норманың құрылымы: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция –тікелей мінез-құлық ережелері.

Гипотеза - аталған норма әрекетке түсетін мән-жайлар.

Санкция – нақтылы диспозицияны орындағаны немесе орындамағаны үшін қолданылатын жазалау немесе көтермелеу шараларының түрі.

Құқықтық реттеу әдістері солардың көмегі арқылы негізделген қоғамдық қатынастарды реттеу жүзеге асырылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Ол тікелей қоғамдық қатынастарды, құқықтық және ұйымдық  қатынастарды реттейтінпроцессуалдық нормаларды қамтитын құқықтық материалдық салаларын білдіреді. Қазіргі кезеңдегі құқықтың негізгі материалдық салаларына: конституциялық құқық, қылмыстық құқық, еңбек құқығы, отбасылық құқық, жер құқығы, экологиялық құқық, кедендік құқық жатады. Процессуалдық салаларға: азаматтық - процессуалдық, қылмыстық -процессуалдық, әкімшілік - процессуалдық құқық жатады. Бұл аталған барлық нормалар сол немесе басқа мемлекеттің ұлттық жүйесін құрайды. Құқықтың ерекше саласы ретінде халықаралық құқық айқындалады, өйткені оның негізгі субъектілері мемлекет пен халықаралық ұйымдар болып табылатындықтан, ол ұлттық жүйесіне енбейді. Қазіргі заманғы халықаралық құқық нормалары шарттық және императивтік сипатқа ие және халықаралық келісім-шарттарда, халықаралық әдет-ғұрыптарды және халықаралық ұйымдардың резолюцияларында айшықталады.

Информация о работе Құқық негіздері