Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 07:58, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады."Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР заңы қабылданды.Осыған орай Қазақ КСР Конституциясы Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі алғаш рет айқындалған "Қазақ КСР Президенті" жаңа тарауымен толықтырылды.

Содержание работы

КІРІСПЕ ................................................................................................................................2-3
І. Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері.................4-5
1.1. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі..............................6-10
1.2. Қазақстан Республикасында Президенттің өкіметті жүзеге асырудың жолдары,
проблемалары және жетістіктері................................................................................ 11-18
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................................19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................................. 20

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 50.17 Кб (Скачать файл)

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ................................................................................................................................2-3

І. Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері.................4-5

1.1. Қазақстан Республикасы Президентінің  құқықтық мәртебесі..............................6-10

1.2. Қазақстан  Республикасында Президенттің өкіметті  жүзеге асырудың жолдары,

 проблемалары  және жетістіктері................................................................................ 11-18

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................................19

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................................. 20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады."Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР заңы қабылданды.Осыған орай Қазақ КСР Конституциясы Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі алғаш рет айқындалған "Қазақ КСР Президенті" жаңа тарауымен толықтырылды.Қабылданған Заңга сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР басшысы болып табылды. Қазақ КСР-інің отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін білетін азаматы Қазақ КСР Президенті болып сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады.Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР-інің азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлады. Қазақ КСР Президенті бір мезгілде [[Қазақ КСР немесе Халық депутаттары жергілікті кеңесінің халық депутаты бола алмады.

Қазақ КСР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды: республика аумағында түратын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақ КСР Конституциясы мен зандарының сақталуына кепіл болады; республиканың суверенитетін, қауіпсіздігін, аумақтық түтастығын қорғау жөнінде қажетті шаралар қолданады; одақтық шарттың сақталуын қамтамасыз етеді; елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының өкілі болып табылады; Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының КСРО Федерациясы Кеңесіндегі өкілі болып табылады; Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарын өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; республикадағы жағдай туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне жыл сайын баяндама жасайды және Қазақ КСР-інің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің неғұрлым маңызды мәселелері туралы дүркін-дүркін хабарлап отырады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы, Қазақ КСР Бас мемлекеттік арбитры қызметіне кандидатураларды үсынады; аталған лауазымды адамдарды, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасынан басқаларын міндеттерінен босату туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үсыныс енгізеді; Қазақ КСРМинистрлер Кеңесін орнынан түсіру туралы не оның орнынан түсуін қабылдау туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алдына мәселе қояды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының келісуі бойынша Қазақ КСР Үкіметінің мүшелерін қызметінен босатады және оларды тағайындайды, кейіннен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне үсынады;Қазақ КСР зандарына қол қояды; қайта талқылау және дауыс беру үшін өзінің қарсы пікірлерін жазып, занды екі апта мерзімнен кешіктірмей Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне қайтаруға қүқылы; Қазақ КСР-інің мүдделерін қозғайтын КСРО заңдарының КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясына сәйкестіғі туралы КСРО Конституциялық қадағалау комитетіне үсыныс енгізеді; КСРО Министрлер Кеңесінің ҚазақКСР-інің мүдделеріне қайшы келетін қаулылары мен жарлықтарының қолданылуын тоқтата түру туралы КСРО Президентіне өтініш жасайды; КСРО Министрлер Кеңесіне оған қарасты басқару органдарының Қазақ КСР-інің мүдделеріне қайшы келетін актілеріне наразылық білдіреді және наразылық білдірілген актілердің Қазақ КСР аумағында қолданылуын тоқтатады; Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулылары мен жарлықтары, Қазақ КСР министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің актілері Қазақ КСР Конституциясына және Қазақ КСР заңдарына сәйкес келмеген ретте олардың қолданылуын тоқтатады, келіссөздер жүргізеді және Қазақ КСР-інің халықаралық шарттарына қол қояды; өзінде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақыру грамоталарын қабылдайды; Қазақ КСР-інің шет мемлекеттердегі және халықаралық үйымдар жанындағы дипломатиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады; Қазақ КСР-інің қүрметті атақтарын береді және Қазақ КСР-інің мемлекеттік марапаттарымен марапаттсійды; Қазақ КСР-інің азаматтығына қабылдау, пана беру мәселелерін шешеді; Қазақ КСР соттары соттаған азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; Қазақ КСР азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай енгізіп, қабылданған шешімді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне дереу табыс етеді.

Қазақ КСР Президенті жанында Қазақ КСР Президентінің Кеңесі жұмыс істеді, оның міндеті Қазақ КСР-нің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылды. Презндент Кеңесінің мүшелерін [Қазақ КСР ПрезидентҚазақ КСР Президенті тағайындайды. Президент Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымы бойынша кіреді. Президент Кеңесінің мәжілістеріне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы қатысуға құқылы. Қазақ КСР Президентінің ешкім тимеу құқығы бар. Президент Қазақ КСР Конституциясын бұзған ретте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Конституциялық қадағалау комитетінің қорытындысын ескере отырып, Қазақ КСР халық депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі даусымен Қазақ КСР Президентіне сенімсіздік білдіреді және оны орнынан түсіру туралы халықтық дауыс беру (референдум) өткізу жөнінде мәселе қояды. Осы заңмен Қазақ КСР Президентінің Орынбасары Қазақ КСР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. Егер Қазақ КСР Президенті нендей бір себептермен өзінің міндеттерін одан әрі атқара алмайтын болса, Қазақ КСР-інің жаңа Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі Қазақ КСР Президентінің Орынбасарына, ал егер бұл мүмкін болмаса — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына ауысады. Бүл орайда Қазақ КСР-інің жаңа Президентін сайлау үш ай мерзім ішінде өткізілуге тиіс. Қазақ КСР-інің бірінші Президенті мен оның Орынбасарын [[Қазақ КСР]] Жоғарғы Кеңесі алты жыл мерзімге сайлайтындығы белгіленді.

Қазақстан Республикасы Конституциясында Президентке  оның мемлекет басшысы ретіндегі  жағдайымен байланысты кең ауқымды  өкілеттіктер шеңбері белгіленген.

     Қазақстан Республикасының Президенті  мемлекет басшысы ретінде Республиканың  ішкі және сыртқы саясатының  негізгі бағыттарын айқындайды. Осыған байланысты Президент  жыл сайын Қазақстан халқына  жолдау арнайды, онда елдегі жағжай  сипатталып, ішкі және сыртқы  саясаттың стратегиялық бағыттары  тұжырымдалады. Мұндай жолдау бағдарламалық  сипатқа ие және Парламенттің, Үкіметтің, мемлекеттік биліктің  және басқа орталық органдардың  қызметінде көрініс табады. Мемлекет  басшысы ретінде Президент Республиканың  мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді.

Республикалық референдум өткізу жөніндегі шешімді, Конституцияға сай, Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін. Республикалық референдумды ұйымдастырып, өткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші бар "Республикалық референдум туралы ” Жарлығы бойынша жүзеге асады. Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі. Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді. Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н.Ә.Назарбаев ұсынған Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты – көпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және оған қолдау көрсету. Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі – ерікті сайлау. Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.

Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр. Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады. Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. "Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған. Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді. Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды. Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады. Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады. Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы "Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан. Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланған.

Президентке елдің ішкі және сыртқы саясаттарын анықтау міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және олардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, атқарушы, сот жүйелерінің бәріне бірдей қатынаста болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік биліктің дұрыс жүргізілуіінің кепілі болып танылады. Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә.

 Еліміздегі  саяси тұрақтылық, орын алып отырған  үлкен қиындықтарға қарамастан  макроэкономикалық деңгейдегі ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыруға  шетел инвестицияларын көптеп  тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлықтарын экономиканы  аяққа тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын  шетелдермен оңды қатынастар  орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз  ету, еліміздің руханиятын, қорғанысын  дамытуға күш салу және басқа  сан-салалы қызметтерді құптауға  әбден тұрарлық.

Президент ел халқына "Қазақстан-2030” атты Жолдауын жариялады. Алда тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті. Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін Парламентті заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық сипатта дамуына конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды. Конституцияда Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері нақтылап көрсетілген. Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті жұмыс толық негіз бар.

Парламент Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. Соғыс және бітім мәселелелерін шешеді. Республиканың халықаралық шарттарын қадап бекітеді және олардың күшін жояды. Республика Үкіметі Конституция белгілеп берген өкілеттіліктерінің негізінде экономикалық-әлеуметтік дамудың барысына басшылық жасап, ұйымдастыруға, ең алдымен жауапты. Парламент депутаттары да атқарушы органға шексіз билік берілген деген пікірден құралақан емес. Шындығына келгенде, Үкімет те Конституцияда көрсетілген мөлшерде ғана өкілеттікке ие.Президенттің алдында есеп береді, оның үнемі бақылау-назарында болады. Бюджет жүйесі жөнінде Парламентке тікелей тәуелді. Жаңа Конституцияда биліктің үшінші тармағы – сот жүйесіне ерекше маңыз берілген. Елімізде құқықтық реформа жүзеге асырылуда. Бұл салада жаңа Конституцияға негізделіп қайта жасалған "Азаматтық кодекс” пен "Қылмысты істер кодексінің” қабылдануын ерекше атап өтуге болады. Мемлекеттің республика деңгейінде ғана емес, жергілікті жерлердегі басқаруы мен өзін-өзі басқару тәртіптері де Конституцияда айрықша дараланған. Облыс пен аудандарда, қала мен селода мемлекеттік басқаруды өкілді дегендер – мәслихаттар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

   Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі ең алдымен Қазақстан  Республикасының Конституциясымен, 1995 жылдың 25 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңмен, 1996 жылдың 06 мамырында енгізілген өзгертулерімен толықтыруларымен, «Қазақстан Республикасының Президентінің қызметін қамтамасыз ету туралы» жарлығымен реттеледі. Республика Конституциясының ІІІ бөлімі Президенттің құқықтық мәртебесін бекітеді. Президент ең алдымен мемлекет басшысы және оныі ең жоғары лауазымды тұлғасы. Мемлекет басшысы ретінде Президент ішкі және сыртқы саясаттың негізігі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымыд тұлға болып табылады. Конституцияға сәйкес Президеттің абыройы мен ар-намысына қол сұғылмайды.

  Қазақстан  Республикасының  Президенті мемлекеттік  биліктің нышаны, халық пен мемлекеттің  бірлігінің Конституциялық мызғымастығының, адам және азамат құқықтарымен  бостандықтарының кепілі.Қазақстан Республикасы Президентінің міндетіне Конституция  мемлекеттік биліктің барлық үш тармағының келісіп жұмыс істеуін және қкімет органдарының халық алдындағы жуапкершілігін қамтамасыз етуді енгізеді. Конституциялық заңдылықтармен Президент билігін шектеуші кепілдіктер  жүйесі елгіленеді. Біріншіден, Қазақстан  Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең  және төте сайлау құқығы негізінде  Республиканың кәмілетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды (41-б, 1-т). Екіншіден, бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Прзиденті болып сайлана алмайды (42-б, 5-т). Үшіншіден, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда Президентті қызметінен кетірудің конституциялық механизмі қарастырылған (47-б, 2-т). Төртіншіден, Президенттің нормативтік құқықтық актілерін Конституцияға сәйкес келмейді деп танудың конституциялық механизмі қарастырылған.    Президенттікке кандидатқа Конституция белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен тумысынан Республика азаматы болып табылатын әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл тұратын Республика азаматы ғана Президент болып сайлана алады.  Президен үшін жас шамасы цензасы белгіленген – ол қырық жасқа толған болуы керек. Сонымен қатар ол мемлекеттік тілді еркін меңгерген болуға тиіс (41-б, 2-т).Президенттің кезекті  сайлауы заңға сәйкес желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі.Қазақстан Республикасы Президентінің тұрғылықты орны, оның резиденциясы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы болып табылады. Сонымен бірге Президенттің Алматы қаласында да резиденциясы бар. Президент ресми тұратын ғимараттың үстін Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтеріледі. Президенттік биліктің рәміздеріне, айырым белгілеріне – Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгісі мен байрағы болып табылады. Сонымен бірге Республика Президенті лауазымы бойынша «Алтын қыран» орденінің иесі болады. Конституцияда Президенттің қызмет өкілдігі мерзіміне байланысты бірқатар шектеулер көзделген. 43-бапқа сәйкес Президенттің өкілді органның депутаты блуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады.  Президенттің өкілеттігі мынадай жағдайларда тоқтатылады

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері