Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 22:17, курсовая работа

Описание работы

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 221.00 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.

2) Құқық әлеуметтік және философиялық  тұрғыдан алғанда, өте ауқымды  түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.

3) Құқық – қай қоғамның болмасын  мүшелерінің ара-қатынастарының  бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген  қатынас моральдық және заңды  тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.

Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.

Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.

Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің дипломдық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2 бөлімді қамтиды. “Құқық туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.

Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады.

Міне, осындайлық құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.

“Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны” – бөлімінде нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратындығы, олар әлеутеммік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды.

1.Құқықтық нормалардың  ұғымы же түрлері:

Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.

Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.

Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.

Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.

Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) – құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады

Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса ондай гипотезаны күрделі гипотеза дейді.

Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса, оны балама гипотеза дейді.

Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық бөлшегі. Диспозиция – құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция – мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса;           б) бейнеленген диспозиция – мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері

анықталса; в) сілтемелі диспозиция – егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса.

Құқықтық норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.                                                                                                     

Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті – анық,            б) баламалы, в) салыстырмалы.

Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) – нормативтік акт болып саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір, бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабына бір норма болса, бап пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, қазақстан Республикасының Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:

  1. Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.
  2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.

Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік актінің бір бабында кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен болады. Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер санкцияларды білдіруге маманданған болыпкеледі.

Егерде құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің қайсыбіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды. Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасау жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс.

Құқық нормасы құқықтың басқалай көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмамдалады. Жеке-дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиға ғана жалғыз бір жолғы әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана орналады. Басқа жағынан алып қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері норматвитік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.

Қандай бір норма болмасын оның қайсы түрге жататынын айқындап, анықтап алуға қызмет ететіндер құқықты жақсылап түсінуі, толығынан алғанда не үшін қажет болатынын анықтау, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде екендіктерін біліп алу болып табылады. Заң нормаларын жіктеуге оларды реттеуші және қорғаушы (сақтаушы) деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі, әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ықпал ете отырып, оның мінезін, жүріс-тұрыстарын реттейді. Соның өзімен олардың мінездерін, жүріс-тұрыстары тікелей реттелетін тәрізді. Қорғау нормалары заң алдындағы жауаптылықтың және субъективті құқықтарды қорғаудан басқалай да мәжбүрлеу шараларын белгілейді. Оларды қолданудың тәртіптік реттері мен жөн-жосықтарын анықтайды. Мұнда адамдардың мінездерінің, жүріс-тұрыстарының реттелуін жанамалай түрде жүргізілетін іспетті болады. Сонымен алдын-ала қарастырылған санкцияның сипаты мен оның қай салаға жататындығына байланысты құқық қорғау нормалары, азаматтық құқық қорғау нормалары, әкімшілік құқық қорғау нормалары деп, қылмыстық құқық қорғау нормалары деп сараланады. Нақ осы аталған сараларының нормалары негізінен алғанда қоғамдық қатынастарды сақтап, қорғауға маманданған болып келеді.

Құқық нормасы құқықтың басқалай көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын жеке-дара ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді және бір рет қана орындаумен тәмамдалады. Жеке-дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиға ғана жалғыз бір жолғы әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана орналады. Басқа жағынан алып қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері норматвитік сипатта болса да, дегенмен өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, гипотеза мен санкцияға тікелей шықпайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.

Реттеу нормалары міндеттеу, тыйым салу және құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Жалпы алғанда осы бөлініп көрсетілген нормалардың қайсысы болса да осы көрсетілгендердің сипатына жасалып құрылуы мүмкін. Ал кейбір нормалар табиғи түрде өздері әртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда, қылмыстық іс қозғау, тергеушінің әрі құқығы, әрі міндеті болып табылады. Сонымен бірге, кейбір нормаларда алдындағы қатарға жеке адамның міндеті ғана шығады. Ал басқа нормаларда олардың құқығы, үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс-тұрыстарға тыйым салуға ерекше назар аударылады.

Міндеттеу және тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша өктемдік болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалатын сипатта болады. Белгілеу (құқықты белгілеу) нормалары жиі түрде диспозитивтік санаттағы нормаға жатады, былайша айтқанда норманың күші бағытталған адамның мінез, жүріс-тұрысы оның серіктесінің (әріптесінің) келісімімен өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді. Осы тәрізді негіздерге сүйеніп факультативтік нормалар да бөлектеп көрсетіледі. Ол белгілі бір жағдайларда мінез, жүріс-тұрыстың басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп бұл жағдайда негізгі емес, яғни қосалқы нұсқаны таңдап алуға мүмкіндік береді. Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-тұрыс нұсқаларынан біреуін ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді. Егер де норма ережені қалыптастыруда оның әрекет етуі мен санкциясын мейілінше толық түрде жасап, әрі қарайғы қолданыстарға түсуге жол берілмейтіндей етілген болса, онда ол абсолюттік айқын норма делінеді. Керісінше, айқындылығы салыстырмалы нормаларда нұсқаулар болмайды және нақты жағдайларға байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз кезегінде ситуациялық және баламалық деп жіктеледі. Бұлардың алғашқылары норма адресатының (арналған тағайынының) қалауын өзінің білімінше істеуді немесе істемеуді жағдайға қарап шешуіне мүмкіндік береді. Ал екіншілері – нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіншілік жасайды. Нормалардың негізгі және туынды; тұрақты және уақытша деген түрлері де болады. Ерекше топқа мадақ нормалары жатады. Бұл нормалар адамдардың мінез, жүріс-тұрыстарын мадақтау шараларымен (санкцияларымен) дем беріп, ынталандырады. Мұндайларды тіпті, қылмыстық құқықтан да табуға болады.

Реттеу мен қорғау (сақтау) нормаларының арасынан мамандырылғандарын бөліп арнайы қарастыруға болады. Бұларға:                 1) анықтамалық-пайымдылық яғни дифинитивтік нормалар жатады. Мұнда мемлекеттік құқықтық институттардың белгі-нышандары мен анықтамалары келтіріледі. 2) қағидаттық (принципті білдіретін) нормалар, оперативтік (жеделдікті білдіретін) нормалар актілердің күшін жоюға бағытталған. Олардың күшін жанама болған қатынастарға таратуға бағытталған және тағы сол сияқты Коллизиялық нормалар – нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабында былай делінген:

  1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
  2. Констигуцияның ең жоғары заңдық күші бар және Респубпиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.

Информация о работе Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері