Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 22:17, курсовая работа

Описание работы

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 221.00 Кб (Скачать файл)

    Жай диспозицияда бір  жағдай болғанда құқықтық норманың жай диспозициясы бір ғана, нақтылы зардаптардың болуын бекітеді. Мысалы Қазақстан Республикасының, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 27-бабы уақытша тұрғындар жалдау шарты тоқтатылған жағдайда басқа тұрғын үй-жай берілместен шығарылатынын жай диспозиция мағынасымен бекіткен.

    Суреттемелік  диспозиция - субъектілердің мінез-құлықтарының  негізгі нышандарын    ерекшелеу  сипатымен  айқынды бастапқылықпен  баяндайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 175-бабы (нормасы) ұрлықты «бөтен мүлікті жасырын ұрлау» деген суреттемесін диспозициямен сипаттау арқылы ұрлықтың мәнін көрсеткен. Азаматтардың мүліктері жасырын түрде ұрланса, ол ұрлық болып саналады.

Немесе, 179-бап қарақшылықты «бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау» деген суреттемелік диспозициямен берген.

    Сілтемелік  диспозиция - норматиитік кесімнің баска  баптарына, немесе нақтылы норманың баяндалған тармақтарына сілтеу жасайды. Негізінде құқық теориясында мұндай тәсіл көпсөзділікті шектеу және қайталауды тежеу мақсатында пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 227-бабында сілтемелік диспозиция мына мағынада берілген: «Тексеру, куәландыру, эксгумация жүргізу туралы тергеуші осы Кодекстің 203-бабының талаптарын сақтай отырып хаттама жасайды». Қылмыстық кодекстің көптеген нормалары сілтемелік диспозициядан қалыптасқан. «Нақ сол әрекеттер» деген сөзбен баптың алдыңғы тармақтарына сілтеме жасалынған.

    Бланкттік диспозиция - құқық нормасы өзінің диспозициясында  субъектілердің мінез-құлықтарын  жалпылама бекітіп, басқа нормативтік-құқықтық  кесімдерге сілтеме жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 8-тармағы «Республиканың заң және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен Парламент пен оның Палаталарының регламенттерімен реттеледі» деп басқа заңға бланкеттік диспозиция арқылы сілтеме беріп тұр.

    Құрылымы  бойынша диспозия  жай, күрделі және балама (альтернативтік) болып қаралады.

    Жай диспозицияда мінез-құлық  нақтылы мағынада, оның арнайы  ерекшеліктері мен мазмұндық  мағыналары айқындалып көрсетілмейді. Мысалы, «Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы» заңының 24-бабының 2-тармағында «Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп табылуы мүмкін»

    Күрделі диспозицияда - субъектілердің мінез-құлықтарының  ерекшеліктерін, мазмұндық мағыналарын  толық және жан-жақты дәрежеде ашып көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 129-бабында: «Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көріну жалған мәліметтер тарату» деген мағынамен жала жабудың барлық нышандары мен сипатын күрделі диспозициямен айқындап түр.

Альтернативтік  диспозицияда — құқық субъектісі құқықтық қатынастарға түскен жағдайда мінез-құлықты өз тарапынан таңдап алуға мүмкіндігі болады. Мысалы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 15-нормасы «жер учаскелерінің мемлекеттік қажеттері үшін алынуына (сатып алуына) байланысты тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үйдің нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төленеді». Бұл норма құқық субъектісіне таңдап алу құқын беріп тұр.

    Сонымен қатар теорияда  диспозиция өзінің формалық әлпеті  бойынша тыйым салатын, міндеттейтін  және құқық беретін түрлерге  бөлінеді.

    Тыйым салатын диспозиция  құқық субъектісіне арнайы бір  әрекетті немесе әрекетсіздікті  жасауға қатаң тыйым салады, оны құқық бұзушылық санатына жатқызады. Мысалы, «Неке және отбасы туралы» заңының 11-бабының диспозициясы некеге тұруға мынандай жағдайларда тыйым салады: «1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың);

асырап алушылар мен асырап алынғандардың;

біреуін болса да психикалық ауруынын немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді». Немесе Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының З-тармағында:» Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады» — деген тыйым салатын норманың диспозициясы бекітілген.

    Міндеттейтін  диспозиция  — құқық субъектілеріне арнайы  міндеттерді жүктейді және қажетті  мінез-құлықты істеуді жа-риялайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы  Конституциясының 34-нормасының диспозициясы: «І.Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сактауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар намысын құрметтеуге міндетті».

 

    Құқық беретін диспозицияда  субъектілерге құқық нормалары шеңберінде арнайы бір әрекеттерді іс жүзіне асыруға, әрекет жасауға құқық береді.Мысалы,Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 18-бабында: «Әркімнің жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге де хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар» деген құқық беретін диегюзицияны бекіткен.                                                                                     

    Санкция — мемлекет  тарапынан құқық нормасын субъектілерге қолданылатын жаза, заңды жауапкершіліктің түрлері. Мемлекет және құқық теориясында санкциялар құқық салалары бойынша, нақтылы дәрежесі бойынша және көлемі бойынша болып бөлінеді. Құқық салалары бойынша конституциялық,әкімшілік,қылмыстық, экологиялық, қаржылық және т.б. құқық салаларын қамтиды.

    Нақтылы дәрежесі бойынша  санкция абсолюттік кесімді, салыстырмалы  кесімді және альтернативтік  болып бөлінеді. Абсолюттік кесімді  санкция Кеңес үкіметі орнаған  кезеңнің алғашқы жылдарында  кеңінен пайдаланылды, жаза қолдану нақтылы сипаттан ада болды, тіпті «заңның барлық қатаңдығын пайдаланып жазаға тарту» деген абсолюттік кесімді ұғымдар бассыздыққа, репрессияға тікелей жол ашты. Қазіргі кезеңде абсолюттік кесімді санкциялар Қазақстаннның құқықтық жүйесінде жиі кездеспейді. Себебі, жазаның істеген әрекетіне қарай даралануына кедергі келтіреді.

    Салыстырмалы  кесімді  санкцияда жазаның төменгі және  жо-ғарғы шеңбері нақтылы көрсетіледі. Мысалы, 2 жылдан 5 жылға дейін бас  бостандығынан айыру, немесе 3 жылға  дейін. Салыстырмалы-кесімді санкция Қазақстан Республикасының барлық кодекстерінде жиі кездеседі және бұл жаза судьяға жазаны даралауға, әркімнің істеген әрекетіне оның қауіптілігіне қарап жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

    Альтернативтік санкция  судьяларға құқық нормада көрсетілген бірнеше жазадан субъектінің жасаған құқықтық бұзушылығының ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты тандауға мүмкіндік береді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 105-бабы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін субъект «елу айлық есептік көрсеткіштен жүз елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады»

    Көлемі  бойынша санкция  жай және күрделі болып бөлінеді. Жай санкцияда әрекет үшін  бір ғана жаза көзделеді. Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодекстің 159-бабының 5-тармағында есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәмле жарамсыз болатыны нақтылы көрсетілген.

 

 

 

3.Құқық нормасы мен  нормативтік құқықтық акт бабының  арақатыстылығы:

Нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Заң актілері мен  өзге де нормативтік құқықтық актілерді  әзірлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың деңгейіне сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады , бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды.

Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының Заңы  заңдарға сәйкес қабылданған, бірақ Нормативтiк құқықтық актiлер туралы  Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 11- тармақшасында келтірілген талаптарға сай келмейтін және құқықты іске асыру және құқық қолданушылық мәні бар нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда:

1) мемлекеттік  емес ұйымдардың, оның ішінде  қоғамдық бірлестіктер  мен жергілікті  өзін-өзі басқару  органдарының  нормативтік актілерін;

2) уәкілетті орган болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдардың нормативтік актілерін;

3) техникалық және технологиялық  нормалар қамтылған нормативтік  актілерді әзірлеу, табыс ету, қабылдау, күшіне енгізу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын  тоқтату тәртібі белгіленбейді.

Егер  нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылады.

Қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді.

Егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

Нормативтік құқықтық актілердің түрлері

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.

 

Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) Конституция,  конституциялық  заңдар, кодекстер,  заңдар;

2) Қазақстан  Республикасы Президентінің  Конституциялық  Заң күші бар  Жарлықтары; Қазақстан  Республикасы Президентінің Заң  күші бар Жарлықтары; Қазақстан  Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан  Республикасы Парламенті  мен  оның палаталарының нормативтік  қаулылары;

4) Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  нормативтік  қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық  Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан  Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;

6) Қазақстан  Республикасының министрлері  мен  өзге де орталық мемлекеттік  органдар басшыларының нормативтік  құқықтық бұйрықтары;

7) орталық  мемлекеттік органдардың нормативтік  құқықтық қаулылары;

8) мәслихаттардың  нормативтік  құқықтық шешімдері,  әкімдіктердің  нормативтік құқықтық  қаулылары, әкімдердің нормативтік  құқықтық  шешімдері.

Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

1) регламент - қандай да бір мемлекеттік  орган мен оның құрылымдық  бөлімшелері қызметінің ішкі  тәртібін реттейтін нормативтік  құқықтық акт;

2) ереже - қандай да бір мемлекеттік  органның мәртебесі мен өкілеттігін  белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

3) қағида - қандай да бір қызмет  түрін ұйымдастыру және жүзеге  асыру тәртібін белгілейтін нормативтік  құқықтық акт;

4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық  қатынастардың қандай да бір  саласында қолданылуын егжей-тегжейлі  көрсететін нормативтік құқықтық акт.

Қазақстан Республикасының заңда рын да туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.

Туынды  түрлердегі нормативтік құқықтық актілер  негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады.

Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.

Информация о работе Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері