Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 23:50, курсовая работа

Описание работы

Айыпты сипатта болады. Бұл белгінің мәні сонда, құқықбұзушыда оның жасаған әрекеттеріне байланысты жаңа заңды міндеттер пайда болады (құқықбұзғанға дейін болмаған). Құқықбұзушылық заңды факт, ерекше – қорғаушылық құқықтық қатынастардың тууына әсер етеді (құқықбұзушымен мемлекеттің арасындағы), сол қалыпта осы міндеттер пайда болады.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................................3
1.Құқық Бұзушылық түсінігі және түрлері
1.1 Құқық бұзушылық:түсінігі, оның заңдық құрамы.........................................................5
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері…………………………………………………….........7
2. Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
2.1 Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері………………….....................................9
2.2 Заң жауапкершілігінің қағидалары……………………………...................................15
2.3 Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықты алдын алу шаралары……………………………………………………................................................24
Қорытынды………………………………………………………………….......................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………....................................29

Файлы: 1 файл

курсовой Айымгүл.docx

— 58.84 Кб (Скачать файл)

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Занды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құкық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтык, нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.

Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі — тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Tap мағынада — мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.

Заңды жауапкершілік — тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіруден тұрады.

Занды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік қашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.

Шарттың міндетін бұзған азамат немесе көсіпорын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлым анық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Занды жауапкершілік — тек ғана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық — іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.

1.  Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге асады.

2.  Кінәліні белгілі  бір шектеуге міндеттейді.

3.  Тек қана жасалған  құқық бұзушылықтың негізінде  пайда болады.

Занды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:

Кінәлі әрекет үшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана занды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзін басқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды.

Заңдылық қағидасы. Бұл қағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталына отырып бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік занды болып табылады.

 

Әділеттілік кэғидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды:

— теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды;

— адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді;

— жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды;

— бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады;

— жауапкершіліктің деңгейі жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс;

— жауапкершілік бұзылған құқық пен келтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс.

Мақсатқа сәйкестілік қағидасы. Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуін талап етеді:

- Құқық бұзушылыктың ауырлығына  байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;

— Егер жазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;

—  Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса, завды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру.

 

Жауаптылық қағидасы:

—  Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;

— Құқық бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;

—  Құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы;

 

Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды.

 

Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизімінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудырып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушы мен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмүны оның қатысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет құқық бұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы. Бірақ, жасалған әрекетті қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық деп бағалайтын құқық нормасының санкциясы бойынша жүзеге асады. Құқық бұзушы ресми түрде кінәлі деп табылса, жасалған әрекеті үшін құзыретті органның тағайындаған жазасын орындайды және ол жазаның тиісті құқық нормасының шегінен шығып кетпеуін талап етуге құқылы.

 

Мемлекет қоғамдық өмірде тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның шегінде және заңның негізінде әрекет етеді. Завдылык, режимі құқық тәртібін қалыптастырады, олай болса, құқықтық жауапкершілік адамдардың өрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.

Сонымен занды жауапкершіліктің функциялары:

1. Жазалау — құқық бұзушыға, қоғамның басқа да мүшелеріне, келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді.

2.Бұзылған құқықты қалпына  келтіру — азаматтық құқық  пен реттелетін қоғамдық қатынастарға сәйкес, бұзылған құкықты қалпына келтіреді.

 

З.Тәрбиелік азаматтық занды сақтап, өзгелердің құқықтары мен занды мүдделерін құрметтеуге баулаиды.

Заңды жауакершіліктің жасалу сипатына байланысты тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық деп бөледі. Жауапкершіліктің әрқайсысына өзіндік жазалау шарасы мен ерекше қолдану тәртібі тән болады.

1). Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі:

— ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;

—  бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс;

— темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.

 

2). Қылмыстық және өкімшілік  құқықтық жауапкершілік заң нормаларында  көрсетілген құқық бұзушылықтар  үшін қолданылады. Қылмыстық және  әкімшілік жауапкершілікке тартушы  субъект болып табылады. Қылмыстық  жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.

 

3). Азаматтық құқықтық  жауапкершілік құқық бұзушының  өзге тұлғаның мүддесіне байланысты  келтірілген шығынды өтеу үшін занда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты — тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.

 

Жауапкершіліктің қай түрі болмасын құқық тәртібін қорғау, азаматтарды құқық нормаларын өз еріктері мен орындауға тәрбиелеу, олардың құқыққа сай тәртіптің қажеттігін түсінуге баулуға негізделген. Мемлекетте заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің бірден-бір әдісі — азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде сендіре білу болып табылады.

 

Занды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты — құқық бұзушыны қоғам, ұжым болып жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғары деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.

 

Занды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібі, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік тұрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік — соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық — тек соттық тәртіпте іске асады.

 

Сонымен, құқық бұзушылықты — құқық нормаларын, оның қағидаларын, ол жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау және оған жол берген адам міндетті түрде занды жауапкершілікке тартылады. Тура жауаптан босататын мән — жайлардың да орын алатынын ескерген жөн.

 

1. Қажетті қорғану. Әркімнің  жеке өміріне өзінің және от басының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар намысын қорғауына құқығы бар ( ҚР Конституциясы 10-6). Қажетті қорғану деп заң қорғайтын мүддені қылмыскердің қол сүғуына оған зиян келтіру арқылы қорғануды айтамыз. Қажетті қорғану қылмыскердің озбырлығына қарсы қолданылатын әрекет. Осындай әрекеттің нәтижесінде қылмыскердің денесіне жарақат түсуі мүмкін. Ол тіпті өлуі де мүмкін. Адам қылмыскердің зорлығынан қашып күгылуы мүмкін. Алайда, қылмыстың объектісі болған адам, қылмыскерден қашпай, оған бар күшімен қарсылық көрсетсе, бұл қажетті қорғану болып табылады. Ол занды болуы үшін заң қорғайтын мүддеге төнген қауіпті әрекетке тойтарыс беруге бағытталуы керек. Қажетті қорғану арқылы азамат өзінің жеке басын, өмірін, денсаулығын, мүлкін, саяси әлеуметтік басқа да құқықтарын қорғай алады. Қажеттік қорғану арқылы қылмыстық жауапқа тарту жасына толмаған баланың да әрекетінен қорғануға жол беріледі.

 

Занды қызмет міндеттерін атқарып жүрген лауазым иесі өз өміріне қауіп төнсе ғана қорғануды қолданады, басқа жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Егерде лауазым иесінің әрекеті заңсыз болып көрінсе, (қамап қою, ұстап тұру, т.с.с.) азамат оған қарсыласпай, заңсыз деген әрекетке шағым бере алады. Лауазым иесінің заң қорғайтын мүддеге көрінеу қылмыстық қол сұғуына ғана қарсыласуға болады, мәселен, милиция қызметкері мас күйінде бұзақылық жасап, біреудің өміріне, денсаулығына қауіп төнген жағдайда қажетті қорғану мүмкіндігі пайда болады (милиционер қажетсіз жағдайда құралын пайдаланса, кісілерді қорқытса т.с.с). Қажетті қорғану болуы үшін қылмыс басталуы (тонай бастау, ұра бастау) немесе қылмыс қаупі тікелей төну керек. Егер қылмыс жасалып болса, қылмыс қаупі өтіп кетсе, қажетті қорғануды қолдануға болмайды.

 

Қорғану қылмыстың түріне және қауіптілігіне сәйкес келсе ғана заңды деп танылады. Қорғану тәсілінің қылмыстық әрекетке сәйкестігі туралы мәселені сот қарап, шешеді. Жәбірленуші қорғану әрекетін қолданғанда оның шегінен шығып кетуі мүмкін. Әрине, қажетті қорғанудың шегі өте жұқа әрі уақыты байқала бермейді. Әсіресе, қылмыс қаупі төнгенде оны ойлап, білу қиын. Өйткені шабуылға тап болған адам сасқалақтайды, үрейленеді. Осының салдарынан ол қылмыскердің әрекетіне сәйкес емес тәсілдер қолданып, оның қылмысына лайықсыз зиян келтіруі мүмкін. Кейбір жағдайда қажетті қорғаныстың шегінен шығуға жол беріледі (абыройына қол сүққан қылмыскерді әйелдің өлтіруі, тонаушыға қарсы қару қолдану т.с.с). Болған жағдайлардың барлығын жан-жақты тергеп мәселені шешетін сот.

 

2. Мәжбүрлі қажеттілік  күйінде жасалған өрекет завды және қоғамға қауіпті емес деп табылады. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында заң қорғайтын екі мүдде бірімен-бірі айқасады. Осы айқасудың нәтижесінде тек біреуінің сақталуы мүмкін болғандықтан, екіншісі құрбан болады. Заң қорғайтын мүддеге қауіп адамның әрекетінен, сәтсіз жағдайдан (көшеде тайып құлап, аяқ қолын мертіктіру), табиғи апаттан (жер сілкіну, су тасу, өрт, т.с.с.) болуы мүмкін. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында қауіп нағыз анық болуы керек. Мәселен, сүзеген сиыр адамға тура ұмтылғанда, оны атып өлтірді делік. Бұл адамды жануарды өлтіріп, зиян келтіргені үшін мүліктік жауапқа тартуға болмайды. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайда келтірілген зиян занды деп танылады:

—  Егер төнген қауіптен сол сәтте қорғайтын мүддеге зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса.

—  Егер келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлде қайда кем болса (үлкен үйді, өрттен сақтап қалу үшін жанып жатқан төбесін қирату, жараланған адамды жедел емханаға жеткізу үшін біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кету т.с.с).

Әдетте жасалған құқық бұзушылыққа байланысты жауапкершілікті тағайындау барысында істелген әрекеттің түрі, ауырлығы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Сонымен, құқық бұзушылық жайында қандай ой қорытуға болады?

Құқық бұзушылықты болдырмаудың бірден-бір шарты құқықтық және қоғамдық тәртібінің сақталуына келіп тірелмек. Қоғам құқықтық тәртібіне негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады деген сөз. Өйткені қоғамдағы толып жатқан қарым-қатынастың басым көпшілігі құқық арқылы басқарылып, құқыктық іс-әрекет арқылы реттеліп отырады. Яғни, әрбір азамат өз мүддесін, мақсатын, тәртіпке сәйкес дамытады. Сол арқылы іске асыруға тырысады. Осы шарт орындалғанда ғана қоғамда құқықтық тәртіп қалыптасып, нығаяды. Толығымен құқықтық тәртіп орнайды:

Информация о работе Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық