Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 23:50, курсовая работа

Описание работы

Айыпты сипатта болады. Бұл белгінің мәні сонда, құқықбұзушыда оның жасаған әрекеттеріне байланысты жаңа заңды міндеттер пайда болады (құқықбұзғанға дейін болмаған). Құқықбұзушылық заңды факт, ерекше – қорғаушылық құқықтық қатынастардың тууына әсер етеді (құқықбұзушымен мемлекеттің арасындағы), сол қалыпта осы міндеттер пайда болады.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................................3
1.Құқық Бұзушылық түсінігі және түрлері
1.1 Құқық бұзушылық:түсінігі, оның заңдық құрамы.........................................................5
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері…………………………………………………….........7
2. Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
2.1 Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері………………….....................................9
2.2 Заң жауапкершілігінің қағидалары……………………………...................................15
2.3 Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықты алдын алу шаралары……………………………………………………................................................24
Қорытынды………………………………………………………………….......................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………....................................29

Файлы: 1 файл

курсовой Айымгүл.docx

— 58.84 Кб (Скачать файл)

2. Объект — құқық нормалары  қорғайтын бұзылған мүліктік  немесе мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.

Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көп түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықгың объектілері де бірнеше болуы мүмкін.

3. Құқық бұзушылықтың  субъективтік жағын адамның құқық  бұзушылықты жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын, элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан қарағанда құқық бұзушылық — құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол берген кінәлі әрекет болып табылады.

Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды нәтижесін алдын ала болжағандығы немесе болжамағандығына қатысты анықталады және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді. Қасақаналықта адам өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал абайсыздықта адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін білмеу, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді немесе қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін болжай алмайды. Яғни, кінә (қасақаналық немесе абайсыздық) адамның еркімен байланысты болатын, ішкі психологиялық жай-күй болып табылмақ.

 

Дегенмен, мұнда құқық бұзушылыққа жол берген психологиялық факторлар да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет-әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы ниет деп отырғанымыз — құқық бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз, ал мақсат — құқық бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы элементтерін тани білу әрекет-әрекетсіздіктің барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу және құқықпен қорғалатын қоғамның, мемлекеттің және азаматтардың мүдделеріне зиян келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға мүмкіндік береді.

 

Субъект — әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толу керек. Айталық, қылмыстың жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтык жауапкершілік 15 жастан есептеледі.

 

Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория мен практикада біркелкі шешілмеген. Құқық бұзушылық субъектісінің түсінігіне келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады.

 

Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі сәйкес келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке тек құқық бұзушылыққа жол берген субъект қана тартылып қоймайды, құқық бұзушы субъект ретінде адамдардың ұжымын тану мәселесі де күрделі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша бұл сұрақ бір жолмен шешіледі — жауапкершілікке жеке тұлға тартылады. Қылмыс топ болып жасалса да, оның әрбір қатысушысы өзінің істеген жеке әрекеті үшін жауап береді. Өзге құқық салаларында, бұл тұрғыда мамандардың пікірі өр түрлі. Олардың бір тобы адамдардың тобын құқық бұзушылық субъектісі деп таныса, екіншілері бұлай санамайды.

Сонымен, құқық бұзушылық — әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің занды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және кінөлі әрекет-әрекетсіздігі.

Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1) Қылмыс. 2) Теріс қылық.

Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмүны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады.

Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады.

Кылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың занды сипаты — оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандык белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.

 

Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.

 

Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.

 

1. Әкімшілік құқық бұзушылық  — мемлекеттік басқару саласындағы  қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін  әкімшілік, қаржылық, жер және басқа  құқық салаларының нормаларымен  реттелетін, әлеуметтік қауіпті  әрекет-әрекетсіздік.

 

Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары мен занды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

 

Әкімшілік құқық бұзушылықгар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшелінеді. Мәселен, ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.

 

2. Тәртіптік құқық бұзушылық  қызметтік қатынас саласында  бағынушылық тәртібін бұзуға  бағытталатын, әлеуметтік қауіпті  әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында түрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару және т.б.

 

3. Азаматтық құқық бұзушылық  — азаматтық құқық нормаларымен  реттелетін мүліктік және онымен  байланысты жекелеген қатынастарға  зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті  әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты — азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз — азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.

 

Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы, олардың занда тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмлені езгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді.

Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ, адамдардың құқықтық нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқаймыз.

Әлеуметтік жағдайлар — отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уайымсыз, тоқтықта өскендер де занды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. «Жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір ауыз сөзге алғысыз» деген мақал айғағы болса керек.

Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп, өскен балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі болатыны белгілі. Біреуі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине балалардың жаратылысынан әр түрлі болуы, бұзақылық, адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық түқым қуаламайды, бірақ, адамның жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге тап болса, адам әдепсіздік заң бұзушылық қылықтан тайынбайды.

Маңызды мәселенің бірі заңдар туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы да олардың талаптарын орындамауға себебін тигізетіні сөзсіз. Шынында да мемлекетімізде жүздеген заңцар қабылданған. Оларда азаматтарға сан алуан құқықтар беріліп, көптеген міндеттер жүктелген. Азаматтар ол заңдардың бәрін біле бермейді. Әрине, занды білмей бұзғанмен, біле тұрып қасақана немесе абайсызда бұзғанның салдары арасында өте үлкен айырмашылық бар. Конституция бойынша қандай да болмасын қабылданған занды құжаттар баспасөз бетінде жариялануы қажет. Егер жарияланбаса, оның күші болмайды. Ондай құжаттың талаптарын орындамаған адам жауапқа тартылмайды (ҚР216 Конституциясы, 39-6).

Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі — бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық сананьщ төмен деңгейлігі.

Ал объективтік себебі — өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы кайшылықтар. Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік жағдайға — оның субъективтік және объективтік себептерінің орнын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады.

 

Құқық бұзушылық қашан да жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз.

К.Маркс былай деген болатын: қоғам тек адамдардан ғана тұрмайды, олардың ара байланысы мен қарым-қатынасын бейнелейді ( К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығ. жинағы, 3-т, З-б.). Сондықтан да құқық бұзушылықтың себебін жекелеген құқыққа қайшы әрекеттер арқылы түсіну мүмкін емес.

Ғылыми зерттеу нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктерімен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылықга деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағдайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде: өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, түтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайда бұлар бір-бірімен сәйкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды.

Жеке адамның әлеуметтік мәртебелерінің бір-біріне сәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси-экономикалық үстемдікке әлеуметтік саладағы жағдай сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекеттерге барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатылмалы жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттігін өтемесе, қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады.

Жоғарыда айтып өткен құқық бұзушылықтың негізгі себептерін түжырымдай келе байқайтынымыз — заңды мінез-құлық, құқықтық сана, құқықтық мәдениеттің бұл тұрғыда алатын орны ерекше.

Занды мінез-құлық құқық нормаларының нүсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Ол арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құқықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.

Азаматтар құқық нормаларының талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:

1)   Белсенді заңды  мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген занды әрекеттері оның түрлері сан алуан.

2)  Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Әңине мұндай мінез-құлық, құқық нормаларына қайшы келмесе де адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештеме ұтпайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады. Мұндайда енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын, немқұрайлыган пайдаланып, теріс ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет органының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасауы мүмкін.

Міне осындай енжарлықты белсенділікке айналдыру қажет. Оның негізгі шарты — еңбекке баулу. Құқық нормаларын адал, ақ ниетпен іс жүзіне асырған азаматтарға көтермелеу шараларын белгілесе, ол нормалар белсенділікке негіз болары сөзсіз.

3. Занды жауапкершіліктің  түсінігі, оның түрлері

Занды жауапкершілік — жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Информация о работе Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық