Сақтау шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 18:39, курсовая работа

Описание работы

Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....3
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........6
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................6
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....15
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................18
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..25
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..31
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................31
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................36
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..42
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................43
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................50

Файлы: 1 файл

Сактау шарты.docx

— 161.69 Кб (Скачать файл)

Құндылықтарды банкте сақтау шарты нақты шарт болып табылады, ол банктің жүк берушіге атаулы сақтау құжатын беруімен рәсімделеді. Оны ұсынып көрсету банктің жүк берушіге немесе оның өкіліне сақтаудағы құндылықтарды беруі үшін негіз болып табылады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк беруші кез келген уақытта сейфтен құндылықтарды алуға, оларды қайта коюға, сақтаулы жатқан құжаттармен жұмыс істеуге құқылы. Банк жүк берушінің құндылықтарды алғандығын және қайтарғандығын есепке алуға құқылы. Жүк беру ші сейфтегі құндылықтардың бір бөлігін алған жағдайлардың барлығында банк құндылықтардың қалған бөлігін сақтауға міндетті. Құндылықтарды банкте сақтаудың осындай шарты кезінде ол бөлек сейфті (сейф үяларын), үй-жайды бөлусіз де және бөлумен де бекітіле алады.

Құндылықтарды сақтау шартының түрлері бар. Ол өзіне мүлікті жалға алу және сақтау элементтерін қамтиды. Яғни, банк тарапынан құндылықтарды (олардың қозалысын) есепке алуды болдырмайтын сақтау ту-ралы сөз бол ып отыр. Кезінде Г.Ф.Шершеневич мұндай жағдайларда сактау шартының үлгісін пайдаланудың мүмкін еместігі туралы қорытындыға келген болатын.

Бұл шарт (құндылықтарды банкте сақтау) жүк берушіге бөлек сейфті (ұяшықты) үй-жайды пайдалану мүмкіндігін беруге бағытталган. Ол құндылықтарды сақтауға кабылдау жөніндегі банктік іс әрекеттерді жасау (осылайша банк құндылықтарды, оларды орналастыру сәтінде, жанама түрде бақылайды) және жүк берушіге сейфті ашу мен одан құндылықтарды алу қққығын куәландыратын өзге де белгі немесе құжатты беру жолымен бекітіле алады. Даулар нақты туындаған кезде қажетті дәлелдемелерді бекіту үшін, банк құндылықтардың қозғалысын емес, клиенттің бөлектенген сейфке немесе үй-жайға қол жеткізу жағдайларын бақылай алады.

Қазір бірқатар авторлар құндылықтарды банкте сақтаудың осындай шарты аралас шарт деген пікірге мойынсұнып отыр. Солай ойлауға банкте берілген сейфті, үй-жайды (жеке жалға алу элементі) күзету бойынша белгілі бір міндеттердің болуы мәжбүр етеді. Оларға кіру құқығын тек қана клиент иеленеді және қандай да бір техникалық операцияларды атқару үшін банктің өзі (оның кызметшілері) иеленуі мүмкін, бұл шартпен реттелуте тиіс. Басқа тұлғаларға онда кіруге жол берілмеуге тиіс, банк осы талапты сақтамағаны үшін жауапты болады. Клиенттің банкке негізсіз талаптар қоймайтындығының белгілі бір кепілі болып, банктің үшінші тұлғаларды сейфке жолатпау жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуға қатысты оның пайымдаулары оның өзімен дәлелденуге тиіс екендігінде табылады. Банк тарапынан болатын бассыздықтан негізгі кепіл болып оның іскерлік беделі табылады.

Құндылықтарды банк сейфінде сақтау ережелері банк өз сейфін (сейфтің ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) мүліктік жалдау талабымен басқа тұлғаға пайдалануға берген жағдайда қолданылмайды. Бұл норма жоғарыда айтылғанға қайшы келмейді. Мұнда біз белгілеп өткен жеке жалдау элементін болдырмайтын сейфтік операциялар туралы сөз болып отыр[15].

Қорытындылай келгенде, сірә, сақгаудың басқа да жекелеген түрлері сияқты, құндылықтарды банктерде сақтау шартын құқықгық реттеу әлі де өзінің жетілдірілуін талап етеді. Соның ішінде, банктерді өздеріне сақтауға өткізілетін құндылықтарды сақтандыруды міндеттеу қажет, сақтау құжатына қойылатын талаптарды толығырақ реттеу керек және т.б. Банк бағалы қағаздарды, қымбат металдарды, тастарды және өзге де құндылықтарды, сондай-ақ құжаттарды сақтауға қабылдай алады. Құндылықтарды банкте сақтау шарты банктiң жүк берушiге атаулы сақтау құжатын беруiмен ресiмделедi, оны көрсету банктiң жүк берушiге немесе оның өкiлiне сақтаудағы құндылықтарды беруi үшiн негiз болып табылады.  Жеке банк сейфiн (сейфтiң ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) пайдалану арқылы құндылықтарды сақтау шарты банктiң құндылықтарды сақтауға қабылдау жөнiнде iс-әрекет жасауы және жүк берушiге сейфтiң кiлтiн, жүк берушiнiң сәйкестендiрме карточкаларын, көрсетушiнiң сейфтi ашу мен одан құндылықтарды алу құқығын куәландыратын өзге де белгi немесе құжат беруi жолымен жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк берушi кез келген уақытта сейфтен құндылықтарды алуға, оларды қайта қоюға, сақтаулы жатқан құжаттармен жұмыс iстеуге құқылы. Банктiң бұл орайда жүк берушiнiң құндылықтарды алғандығын және қайтарғандығын есепке алуға құқығы бар. Жүк берушi сейфтегi құндылықтардың бiр бөлiгiн, оның ішінде уақытша алған жағдайда банк құндылықтардың қалған бөлігінің сақталуына жауапты болады. Азаматтық Кодексте белгiленген құндылықтарды банк сейфiнде сақтау ережелерi банк өз сейфін (сейфтің ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) мүліктік жалдау талабымен басқа тұлғаға пайдалануға берген жағдайда қолданылмайды.

 

 

 

2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері

Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау, ең алдымен. олардағы белгіленген тәртіпте сақтау қажеттілігімен тікелей байланысты болатындығын ескере отырып, осы сақтау жалпы ереже бойынша ақысыз сипатқа ие болады. Коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл оларға рұқсат етілген кәсіпкерлік негіз аясында немесе бір жолғы негізде мәселен, семинар конференция, съезд ие соған ұқсас басқа да іс-шаралар өткізілгенде, сақтау үшін төлем белгіленуі мүмкін. Киім ілгіште сақтаудың шығындары аталған іс шараларға катысу үшін белгіленген төлемге енгізілуі мүмкін. Мемлекеттік мекемелер, егер ақылы сақтау оларға белгіленген тәртіпте рұқсат етілген ақылы қызмет көрсету қатарына кіретін болса. сақтау үшін ақы белгілей алады.

Заңда осы шарттың жария  сипаттылығына қатысты нұсқау жоқ. Ол логикаға сүйенетін болсақ, керісінше, мақсатты сипатқа ие болуға және сол бір иемесе өзге ұйымиың келіпдік етушілерінің заттарын сақтау үшін арналуға тиіс.Шарт нысаны ауызша. Сақтаушы заттың киім ілгішке сақтауға қабылданғанын растап, жүк берушіге заттың сақтауға қабылданғандығын растайтын нөмірлі жетон немесе басқада таңба береді[16].

Осындай шарт бекітілетін өзіне  тән жағдайларды ескере отырып, заңнама жүк берушіге заттарды киім ілгіште сақтау шартын бекітудің атаулы растау белгісін емес, затты оны ұсынып көрсеткен кез келген тұлғамен алу құкығын куәландыратын белгіні беруді көздейді. Бұл ретте сақтаушы жетонды (басқа растайтын белгіні) ұсынып көрсетушінің затты алуға өкілеттігін гексеруге міндетті емес. Егер ұрлықшымен бөтеннің жетонын ұсынып көрсету жолымен затты ұрлау орын алса, онда заттың меншік иесі қылмыстық іс қозғау үшін (ұрлықшыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін) ұрлық туралы арыздана алады.

Сақтаушы жетонның оны ұсынып көрсеткен адамға тиесілі екендігіне күмән келтірсе, затты жетон беруші жетонды жоғалтып алғанда да киім ілгіштен затты беруге құқылы (тиісті), бірақ оның киім ілгішке зат өткізгендігі фактісі немесе оның жүк берушінікі екендігі күмән тудырмауы немесе жүк өткізуші оны дәлелдеуі керек.

Зат киім ілгіште қалдырылған және жүк беруші оны қайтып алуға оралмаған жағдайда затты мерзімінен артық сақгауға қатысты сақтау шарты туралы жалпы ережелер қолданылуға тиіс.

Қызмет көрсетудің тиісті кешенінде көрсету көзделетін қонақ үйлерде, яғни адамдардың уақытша тұруыиа арналған үй-жайларда сақтаудың ерекшелігі сақтау міндеттемесінің қонақ үйде тікелей заң нұсқауы бойынша туындайтындығында. Мұндай міндеттеменің болуын, әрине құрамдас бөлік ретінде сақтау бойынша міндеттеме кіретін, жоғары да қарастырылган күрделі шарт құрылымына сүйене отырып түсіндіруге болады, бірақ қонақ үйлік қызметтерді көрсету шартында қонақ үйдің сақтау бойынша міндеттері көрініс таппауы да мүмкін. Соның салдарынан уақытша тұрушылардың заттарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қонақ үйдің міндеттемесі сактау туралы жалпы нор-маларға сәйкес анықталатын болады.

Мұнда қонақ үйдің бөлмелеріиде орналасқан уақытша тұрушылардың жеке заттары туралы сөз болып отыр. Егер де бұл алдырмайтын күштің, заттың өз қасиетінен не тұрушының оның қасындағы тұлғалардың немесе оған келушілердің кінәсінен болмаса, олар заттың жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауап беретін болады.

Өз заттары жоғалған немесе бүлінген жағдайда тұрушы тұлғаға өз құқықтарын жүзеге асыру үшін хабарлауы қажет. Ол бұл туралы дереу қонақ үй экімшілігіне хабарлауға міндетті. Бұлай жасалмаған жағдайда қонақ үй заттың сақталмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

Аталған талапты сақтаған кезде қонақ үй барлық жағдайларда жауап береді. Қонақ үй заттардың жоғалуы немесе бүлінуі үшін өзіне жауапкершілік алмайтындығы туралы мәлімдесе де ол сонда тұрушылардың заттарын сақтау жөніндегі жауапкершіліктен босатылмайды.

Қонақ үй ақшаны, өзге де валюталық құндылықтар мен бағалы қағаздарды егер осыған орай жеке шарт бекітілген болса, ол аталған заттардың өздері қонақ үйдің сақтау камераларына орналастырылған болса, сақтау бойынша өзіне міндеттеме қабылдайды. Қонақ үйде сақтау туралы нормалар үй-жайлар тұлғаларға, мотельдерде, демалыс үйлерінде, шипажайларда, жатақханалар тәрізді ұйымдарда берілетін басқа да бірқатар жағдайларда қолданылады.

Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында  сақтау шарты жолаушыларға, алдағы уақытта тасымалдануға жататын өз заттарын, сақ-тауға   мүмкіндік бере отырып, көліктік қызмет көрсету шарттарын логикалық тұрғыдан толықтырады. Заңнама шартты аталған мақсатына сай қолдану талаптарын қамтымайды, яғни ол басқа мақсаттарда да қолданыла алады. Азаматтық кодекс, керісінше, көлік ұйымдарының карамағындағы сақтау камераларын жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын, олардың тасымалдау шарттарын бекітуіне (жол жүру құжаттарының болуына) қарамастан, сақтауға қабылдауға міндеттейді.

Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жоғарыда қарастырылған сақтау шарттары сияқты жария шарт болып табылады. Оны ерекше құкықтық реттеу ерекшелендіреді, көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтауды реттейтін актілердің иерархияда жоғарғы орынды әрине, Азаматгық кодекс нормалары соның ішінде 787-бап нормалары иеленеді. Арнайы көлік заңнамасы осы сақтаута қатысты болады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, оны оның мерзімділігі ерекшелендіретін болады (мерзім осы қосылу шартының мэнді жағдайы болып табылады). Бірақ бұл сақтау мерзімінің тараптардың келісімімен анықталатындығын білдірмейді. Сақтауға өткізіле алатын заттардың мөлшері (салмағы) бойынша арнайы шектеулер белгіленуі мүмкін. Жануарлар мен құстарды, атыс қаруын, сасық иісті, өртке қауіпті уландыратын тез тұтанатын жарылған немесе өзге де қауіпті заттарды, сондай-ақ басқа жолаушылардың заттарын және камераның өзін ластайтын немесе бүлдіретін заттарды сақтауға өткізуге болмайды. Арнайы (лицензиясы бар) сақтау камерасы болмаған кезде ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да құныдылықтарды, сондай-ақ құжаттарды сақтауға өткізуте рұқсат етілмейді.

Заттардың сақтау камерасына (автоматты камерадан басқа) қабылдануын растап жүк берушіге түбіртек немесе нөмірлі жетон беріледі. Түбіртек немесе жетон жоғалған жағдайда сақтау камерасына өткізілген заттар жүк берушіге бұл заттардың оған тиесілі екендігіне дәлелдер көрсетуі бойынша беріледі[16].

Сақтаудың басқа шарттарына қарағанда көлік ұйымдарының сақтау камераларында заттарды сақтау шарты жүк беруші үшін артықшылықтар көздейді. Сақтау камерасына өткізілген заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлінуінен жүк беруші шеккен залалдардың сомасы егер заттарды сактауға өткізу кезінде оған бағалау жүргізілген болса не егер тараптар өтелуге тиісті залалдардың сомасына қатысты келісімге келген болса, жүк берушіге тәуліктік мерзімде төленуге тиіс. Осы ережені енгізу негізінен жүк берушілер болып жолаушылар табылатындығымен және олар жол жүру барысында елеулі қиыншылықтар көрмеуге тиістігімен байланысты. Әйтпесе мүліктік емес залалды өтеу сомасын да қамти алатын елеулі талаптар үшін негіздер пайда болады.

Ломбардтарда сия қты, көлік ұйымдарының сақтау камераларына да талап етілмеген заттарды үш айлық мерзімге дейін сактау жүктеледі. Сақ-таушыға жүкберушінің орналасқан немесе тұрып жатқан орны белгілі болған жағдайларда, ол сақтау туралы жалпы талаптарға сәйкес ескертуге міндетті екені сөзсіз

Затты алып қойғаннан кейін алынған  соманы бөлу жалпы ережелер бойыншажүргізілетін болады. Көлiк ұйымдарының қарамағындағы сақтау камералары жол жүру құжаттарының болуына қарамастан жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын сақтауға қабылдауға мiндеттi. Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жария шарт деп танылады .

Заттардың сақтау камерасына (автоматты камерадан  басқа) қабылдануын растап жүк берушiге түбiртек немесе нөмiрлi жетон берiледi. Түбiртек немесе жетон жоғалған жағдайда сақтау камерасына өткiзiлген заттар жүк  берушiге бұл заттардың оған тиесiлi екендiгiне дәлелдер көрсетуi бойынша  берiледi. Сақтау камерасына өткiзiлген заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен жүк берушi шеккен залалдардың сомасы, егер заттарды сақтауға өткiзу кезiнде оған бағалау  жүргiзiлген болса не егер тараптар өтелуге тиiстi залалдардың сомасына қатысты келiсiмге келген болса, жүк  берушiге тәулiктiк мерзiмде төленедi. Заттар сақтау камерасына арнайы ережелерде немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген шектердегi мерзiмге өткiзiледi. Көрсетiлген мерзiмде талап етiлмеген заттарды сақтау камерасы тағы да үш ай бойына сақтауға мiндеттi. Бұл мерзiм өткен соң  талап етiлмеген заттар сатылуы, ал сатудан түскен сомалар Азаматтық Кодекстiң 181-бабына сәйкес бөлiнуi мүмкiн.

 Егер затты сақтауға өткiзу  кезiнде сақтағаны үшiн сыйақы  беру айтылмаған болса, ұйымдардың  киiмiлгiштерiнде сақтау тегiн болады  деп ұйғарылады. Сақтаушы заттың  киiмiлгiште сақтауға қабылданғанын  растап, жүк берушiге заттың сақтауға  қабылданғандығын растайтын нөмiрлi жетон немесе басқа да таңба  бередi. Киiмiлгiшке өткiзiлген зат жетонды көрсеткен адамға берiледi. Бұл ретте сақтаушы жетонды көрсетушiнiң затты алуға өкiлеттiгiн тексеруге мiндеттi емес. Алайда сақтаушы жетонның оны көрсеткен адамға тиесiлi екендiгiне күмән келтiрсе, затты жетон көрсетушiге қайтаруды тоқтата тұруға құқылы. Сақтаушы жүк берушi жетонды жоғалтып алғанда да киiмiлгiштен затты беруге құқылы, бiрақ оның киiмiлгiшке зат өткiзгендiгi фактiсi немесе оның жүк берушiнiкi екендiгi күмән тудырмауы немесе жүк өткiзушi оны дәлелдеуi керек.

Қонақүй сақтаушы ретiнде, онда тұратын  адамның қонақүйге енгізген ақшасын, өзге де валюталық құндылықтары мен  бағалы қағаздарын қоспағанда, жоғалу мен бүлiну дүлей күштiң, заттың өз ерекшелiктерi салдарынан не тұратын  адамның өзiнiң, оның қасында жүргендердiң  немесе оған келушiлердiң кiнәсiнен  болған жағдайлардан басқа кезде, бұл  туралы ерекше келiсiм жасамай-ақ, заттың жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап береді. Қонақүй ақшаның, өзге де валюталық құндылықтар мен бағалы қағаздардың жоғалғаны үшiн олар сақтауға қабылданған жағдайда ғана жауап бередi. Қонақүйде тұратын адам өз затының жоғалғанын немесе бүлiнгенiн байқаған бойда бұл туралы дереу қонақүй әкiмшiлiгiне мәлiмдеуге мiндеттi. Бұлай жасамаған жағдайда қонақүй заттың сақталмағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады[17].

Информация о работе Сақтау шарты