Тілді сақтап қалу мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2012 в 00:29, реферат

Описание работы

Ғаламдастыру үрдісі:тілді сақтап қалу мәселесі жайында жазылған. Материалдар ғаламтордан және басқа да кітап-журналдардан алынған.

Файлы: 1 файл

реферат .doc

— 166.00 Кб (Скачать файл)

М. Өтемісұлы  атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

 

 

Реферат

Тақырыбы: «Ғаламдастыру  үрдісі (глобализация): тілді сақтап қалу мәселесі».

 

Орындаған: 02101-тобының

1- курс студенті Абдубали  А.О.

Тексерген: тіл біліміне кіріспе

пәнінің оқытушысы Алдашева Қ.С.

 

 

 

 

 

Орал  2012 жыл

 

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпы адамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпы адамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықараралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;

2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі.

3) аумақтық жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;

4) ақпараттық-коммуникациялық жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;

5) этникалық жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Рыноктар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10—12%-ке түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.

ЖаҺандану айбаттары

Дамушы елдер үшін жаһандану процесі тудыратын  мәселелер мен қауіп-қатерлер. Жаһандану  процестері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейіндегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер ашып, жағдай жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік-экономикалық қүрылымын түбегейлі өзгертіп, бар күшжігерін салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз-бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру құралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфра-құрылымдық іргетасына негізделген.

Жаһандық демократия

Жаһандық, әділетті, әлемдік  тәртіптің талаптарына жауап  беретін демократия түрі. Қазіргі  әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек. Демократизация өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны, әдетте, ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс жүзінде бірнеше миллиард адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық ғаламдық мемлекеттің төндіретін қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті әлемдік тәртіп орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі бытыраңқы бөлу талап етіледі. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін бақылайтын, әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бір-бірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы орналасуы ықтимал әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ көптеген аймақтық, ғаламдық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, азық- түліктің жетіспеушілігін және ашаршылық, індеттерді бақылау, мәдени әркелкілік, әйелдердің құқын аяққа таптау, қылмыс, кедейлік, адам құқының бұзылуы және әлемдік экономиканы реттеу мәселелерін қарастыратын тар өкілеттігі бар билік құрылымдарының қызметі бағытталуы тиіс. Ғаламдық әділетсіздік мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп, демократизациялау қажет. Демократия келісім арқылы басқару құралдарының жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, басқару органдары өзі өміріне ықпал ететін халыққа осы органның қабылдаған шешімдері арқылы ортақ саясат жасауға қаншалықты ерік беретіндігін оның демократиялылығы бойынша анықтауға болады. жаһандық азаматтық қоғам - бірқатар батыстық жаһандану тұжырымдамаларында бүкіл адамзат мәселелерін шешу мақсатында және ортақ құндылықтар негізінде бір типті әлеуметтік-саяси қатынастардағы әлеуметтік қауымдастықтарды біріктіретін аса үлкен саясаттан тыс адамдар қауымдастығын атауда қолданылатын ұғым. Э.Гидденстің пікірінше, бүқаралық символикалық интеракцияның және ортақ ақпараттық мәдениеттің негізінде ғаламдық қоғамдық жүйе қалыптасады. Бұрындары үстемдік еткен ұлттық мемлекет келмеске кетіп барады. Билік алдыңғы орынға ықпалды әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық бірлестіктерді шығаратын шағын, аймақтық орталықтар негізінде жүзеге асырылуда. Кеңістік шектеу және ұлттық-мемлекеттік шеңберден шығу соңғы он жылдықта әлеуметтік ғылымда И.Канттың "бүкіләлемдік азаматтық қалып" жөніндегі идеясының жаңғыртылуымен түсіндіріледі. Оның жақтастары (И. Валлерстайн, X. Булл, Дж. Розенау және т.б.) саяси субъектілердің ықпалынан еркін ғаламдық байланыс желісін орнату қажеттігін дәлелдеуге тырысады. Жаһандық азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы қоршаған ортаны, бейбітшілікті, адам қүқын және түпкілікті тұрғынның төл мәдени ерекшелігін қорғауға атсалысушы әртүрлі қозғалыстар мен ұйымдар болып табылады. Мемлекеттік жүйелерге қарағанда, олардың едәуір деңгейде өздерінің тұрған жері, азаматтығы бойынша бөлінген адамдарды біртұтас әлеуметтік желіге біріктіретін жаңа саяси және мәдени қүрылымдар құру мүмкіндіктері бар.

Жаһандық ақпараттық кеңістік

Ғаламдық ақпараттық қоғамның қалыптасу ортасы және негізі. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түп қазық болып  табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі Интернеттің қүрылуы аса маңызды кезең болды. Интернет желісі - бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі. Интернетті қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын, радио, теледидар, электронды пошта, электрондық коммерция, телеконференциялар, хабарландырулар тақтасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды және т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады. [1]

Енді біз осы ғаламдастыру үрдісінде тілді сақтап қалу мәселесіне келер болсақ. Тіл үнемі дамып,жаңарып  отыратын құбылыс. Ол тек дамып қана қоймай,қолданыстан бірте-бірте шығып,өлі тілге айналуы да мүмкін. Жер бетінде қолданыстағы тірі Тілдер саны 3000-нан 7000-ға дейін жетеді. (Тілдер санындағы мұндай ауытқушылық көптеген тілдердін есепке алынбауына және бірқатар тілдер мен диалектілердін ара жігі толық ашылмауына байланысты). 
Адамзат тілінің көптігін кездейсоқ құбылыс деуге болмайды. Тілдін шығуы туралы мәселеден басқа оның үнемі өзгеріп отыру тенденциясы да түсіндіруді қажет етеді. Тіл кұрылымынын барлық саласы үздіксіз өзгеріске түсіп отыруынын нақты себептері әлі толық анықталған жоқ. Оның себептері тілдін өзінің құрылымдық принциптерінде және оны қолданудың функционалдық механизмінде жатқаны күмәнсіз. Көптеген тілдер ғылыми-техникалық революция дәуірінде біртұтас тілдін болуын қажет ететін әлеуметтік талаптарға қарсы әзірше өздерінін дербестігін сақтап, ойдағыдай күресіп келеді.

Тіл — адамзат қоғамының белгілі бір кезенінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Онын ең басты қызметі ақпарат хабарлардың жасалу, сақталуымен және оларды таратумен байланысты. Тіл адамды коршаған шындык өмір туралы білімді сактаумен бірге, жаңа білімді кабылдайтын, сөйтіп, адамның ойлау процесін жетілдіріп қамтамасыз ететін қоғамдык сипаты бар құбылыс. Тіл адамзат қоғамының негізгі қатысым (коммуникативтік) құралы. Тілдің дыбыстық табиғаты оның заттық көрінісі (материалы) болып табылады.

"Тіл" терминінін  өзара байланысты екі мағынасы  бар:

  1. таңбалар жүйесінің белгілі тобынан тұратын жалпы тіл, бұл мағынасында тіл нақты тілдерге тәң жалпы заңдылықтарды қамтитын біртұтас адамзат тілі деген дерексіз ұғымды білдіреді;
  2. белгілі бір әлеуметтік ортада, белгілі уақыт пен кеңістікте таңбалық жүйе ретінде қолданылатын, адамдар сөйлейтін нақты этникалық немесе ұлттық тілдер.

Тіл білімі, лингвистика – әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Адамзаттың сөйлеу тілі Тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал – тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған. Адамның сөйлеу тілі Тіл білімінің ғана үлесі емес, ол – психология, физиология, логопедия, т.б. ғылымдардың қарастыратын саласы. Тіл білімі жалпы және жеке болып бөлінеді, оны осылайша бөлу, зерттеудің мақсаты мен нәтижесінен туындайды. Нақты бір тілдің (мысалы: қазақ) немесе туыстас тілдердің (мысалы: алтай, түркі тілдері) мәселелерін зерттеу жеке Тіл білімінің үлесіне тиеді, ал жалпы адам баласының тілі, тіл элементтерінің өзара қатысы, тілдің даму себептері мен бағыттары, т.б. жайттар жалпы Тіл білімінің зерттеу нысаны болып табылады. Фундаменталды (іргелі) Тіл білімінің тілдің қазіргі жай-күйін, бұрынғы өткен тарихын зерттейді, негізгі мақсаты – тілге ғыл. талдау жасау емес, тілдің бүгінгі, кешегі күйін зерттеп, тәжірибе жүзінде бақылау. Нормативті Тіл білімі фундаменталды Тіл білімі жинақтаған зерттеулер негізінде жасалып, тілдің қоғамдық қызметі, стиль тармақтарының қолданылуы, тілдік нормалардың қалыптасуы мен өзгеруі, тілдің біркелкі қалыптасқан нормаларын қолдану шарты, т.б. мәселелерді қарастырады. Қолданбалы Тіл білімі тіл нормалары толық қалыптасқан жағдайда ғана жүзеге асады, ол тілдік нормаларды таратып қана қоймай, оны жетілдіре түседі, тұрақтандырады. Тіл білімі мен басқа да ғылымдардың тоғысуы нәтижесінде лингвистиканың жаңа салалары дүниеге келді. Тіл білімі мен әдебиеттанудың байланысы негізінде стилистика ғылымының негізі қаланды. [3]

Тіл- адамдардың қарым-қатынасының аса маңызды құралы;тілдің бірлігі мен кедергісіз дамуы – осы заманға сай келетін нағыз еркін және кең сауда айналымының,халықтың барлық жеке таптарға еркін әрі кең түрде жіктелуінің аса маңызды шарттарының бірі. Дүние жүзінде ешбір жерде ана тілінде оқытуды бекерге шығарған емес. [4]

Тіл кез келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын құбылыс. АҚШ Конгресінің Кітапханасы  халықаралық ISO-639 стандарты бойынша  дәл қазіргі уақытта дүние  жүзінде 7048 тіл барын анықтаған. Зерттеушілердің пайымдауынша, әрбір екі апта сайын жер бетінде бір тіл жойылып отырады екен. Дэвид Хариссонның «Тілдер қалай өледі?» атты кітабында жер бетіндегі өсімдіктердің 8 пайызы, сүт қоректілердің 18 пайызы, ал тілдердің 40 пайызы жойылу қаупінде екендігін атап көрсеткен.  
Тіл құбылысын зерттеуші ғалымдардың пікірінше, енді небәрі алдағы жүз жыл ішінде қазіргі тілдердің 3000-нан астамы біржолата келмеске кетеді екен.  
 
   Тілмен бірге оны дүниеге әкелген ұлт та бүкіл ұлттық болмысынан айрылып, біртіндеп тарих сахнасынан орын босатады. Ендеше тіл, біз үшін барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілі – қазақ тілі руханиятымыздың, ұлттық болмысымыздың, мемлекеттілігіміздің, тәуелсіздігіміздің басты тірегі болып табылады. Бүгінгі Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған мемлекеттік бағдарлама жобасы ең алдымен мемлекеттік тілді алдағы он жыл ішінде дамытудың негізгі бағыт-бағдарын айқындауға арналған.  
 
  Бүгін назарларыңызға ұсынылып отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің тіл саясатын құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді.  
 
   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының 12-сессиясында атап көрсеткендей, «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек... Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдерінің ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыруымыз қажет».  
 
   Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың өткен он жылдық кезеңінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізіліп, олар бұдан кейінгі тіл саясатының негізін қалады:  
 
- мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы елеулі түрде кеңейді. Еліміз тәуелсіздік алар қарсаңында 1989-1990 оқу жылы Қазақстандағы барлық қазақ мектептерінде 910 мың оқушы оқыған екен, ал биылғы жылы бұл көрсеткіш бір жарым миллионнан асып түсті. Тәуелсіздік жылдары мыңға жуық қазақ мектебі ашылды.  
 
- іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге аудару процесі белсенді түрде іске асуда (мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы шамамен 67%-ды құрайды);  
 
- мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасы әзірлену үстінде (көп деңгейлі оқу-әдістемелік кешендер, жалпы таралымы миллион данаға жуық сөздіктер, жалпы таралымы 260 мың дана екі және үш тілді 8 салалық сөздік шығарылды);  
 
- мемлекеттік тілді меңгеру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында интернет-портал құрылып, олар тұрақты түрде жаңартылып отырады (20-дан астам сервис түрі, әлемнің 50 елінен белсенді пайдаланушылар аудиториясы);  
 
- мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда (мемлекеттік БАҚ контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі 70%-дан астам, 2750 БАҚ басылымдарының 68%-ы толық немесе ішінара қазақ тілінде шығады);  
 
   Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды (жалпы білім беретін 7576 мектептің 1598-і орыс тілінде,(қазір қазақ тіліндегі мектептер саны 3811-ге дейін жетті) 62-сі өзбек тілінде, 14-і ұйғыр тілінде, 2-уі тәжік тілінде оқытады, 2089-ы - аралас мектептер; 2003 мектепке дейінгі мекеменің 260-ы орыс тілінде, 2-уі өзбек тілінде оқытады, 801 балалар оқу орындары - аралас; этномәдени бірлестіктердің 190 жексенбілік мектептерінде 30 этникалық топтың ана тілі оқытылады; қазақстандық 50 театрдың 9-ы аралас, 15-і орыс тілінде, 1-еуі – кәріс, 1-еуі – неміс, 1-еуі – өзбек және 1-еуі – ұйғыр тілінде жұмыс істейді);  
 
- шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.  
 
    Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.

Информация о работе Тілді сақтап қалу мәселесі