Сақтау шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 18:39, курсовая работа

Описание работы

Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....3
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........6
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................6
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....15
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................18
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..25
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..31
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................31
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................36
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..42
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................43
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................50

Файлы: 1 файл

Сактау шарты.docx

— 161.69 Кб (Скачать файл)

Егер тараптар сақтау шартында осы ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса, онда заңмен белгіленген норма қолданылады[9].

Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол сақтау шартының еркіндігіне сүйене отырып, тараптардың оның барлық ерекшеліктерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тараптар сақтау шартына кез-келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар қолданылады.

Қандай да бір ережені  сақтау шартының тараптарының өздері де, диспозитивтік нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Ондай, іскерлік айналым дағдысы бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа алынады.

Дегенмен, мүндай жағдайлар өте  сирек кездеседі және әрқашан да дау туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.

Сақтау шартының жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Сақтау шартының жарамды болу жағдайларына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдіруінің сәйкестігі, нысанын сақтау. Сақтау шарты шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс; яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған сақтау шарты жарамсыз болып табылады.

Сақтау шарты ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан сақтау шартын жасауға қабілетті деп саналады.

Сақтау шартының жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір бірімен сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік шартты жарамсыз етіп көрсетеді. Шарт оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған шартты нотариалдық куәландыру мен тіркеуді айтуға болады. Сонымен, шарттың жарамдылығын қамтамасыз ету үшін оның еріктілігіне, субъектісіне, объектісіие нысанына қойылатын талаптар сақталуы тиіс.

Азаматтар мен заңды  тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. Азаматтық Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылданған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

Сақтау шартының еркіндігі туралы норма азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережеге негізделген. Сақтау шартының еркіндігі Азаматтық Кодексте бекімін тапқан кәсіпкерлік кызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігі құқығымен үйлестікте болады[10].

Сақтау шартының еркіндігі принципі тараптардың зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады. Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген сақтау  шартының түрлеріне арналған.

Сақтау шартының еркіндігі азаматтық құқықтың аса маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Бұл кез келген адам өз қалауы бойынша және сырттан мәжбүрлеусіз мыналарды атқаруға құқылы екенін білдіреді:

  • сақтау шартын жасасуға немесе жасаспауға;
  • өзі сақтау шартын жасасуды қалайтын серіктесін тандауға;
  • сақтау шартының түрін тандауға:
  • сақтау шартының жағдайларын анықтауға.

Бұл арада шарттас серіктестің  де осындай құқықтары болатынын  ескеру керек. Сондықтан ерікті түрде және өзара қабылданған келісім ғана шынайы азаматтық – құқыктық сақтау шарты ретінде танылуы мүмкін. Сақтау шартын жасаса отырып, оған қатысушылар өздеріне қабыл алған шектеулерді шарттың еркіндігі принципімен шатастыруға болмайды. Өзіне - өзі қоятын мұндай шектеулер міндетті болып шығады және олардан біржақты бас тартуға болмайды. Шарттар орындалуға тиісті.

Сақтау шартының объектілері болып азаматтық айналымда еркін жүретін, егер арнайы мемлекеттік органның рұқсаты бар болса айналымы шектелген объектілер бола алады.

Сақтау шартының объектілерінің негізгілерінің бірі - мүлік.

Материалдық заттарда мүліктің немесе мүліктік игіліктің қасиеті -бұл оларға табиғаттан емес, қоғамдық қатынастардан берілген қоғамдық, заңдық қасиет. Құқықытық субъектінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын және азаматтық құқықты реттейтін қатынастар саласына тартылатын материалдық заттар мен өзге де құндылықтарды ғана мүлік деп түсіну керек. Табиғат ресурстары болып табылатын табиғат объектілері ғана, яғни адам әрекетінің объектілері болатындықтан , зандарда меншік объектілері ретінде танылатын себепті мүліктік игіліктерге жатады.

Шарттың объектілеріне  қатысты мүліктің мынандай түрлерін атап көрсетуге болады:

  1. Заттар.
  2. Ақша және бағалы қағаздар.
  3. Мүліктік кұқықтар.

Айналымда еркін жүретін  объектілер. Оны иеліктен шығару, белгіленген тәртіппен бір субъектіден екінші субъектіге тұрақты немесе уакытша пайдалануға ауысуы деп түсіндіріледі. Мүліктік объектілердің айналымы - бұл нарықтық экономиканың қажетті жағы ретіндегі тауарлардың экономикалық айналымының заңдылық нысаны.

Иеліктен еркін шығарылатын  немесе әмбебап құқық мирасқорлық  тәртібімен бір адамнан екінші адамға ауыса алатын мүліктер- азаматтық айналымда еркін жүретін объектілер деп аталады[10].

Азаматтық айналымы шектелген объектілер, біріншіден, айналымның белгілі бір мүшелеріне ғана тиесілі болады және екіншіден, оларды сатып алуға және иеліктен шығаруға құзыретті мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) ғана жол жол беріледі. Оларға мыналар жатады: қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құрамында радиоактивті заттар кездесетін өнімдер, аңшылық және спорттык ату қарулары тағы да басқалар.

Сонымен қорыта келгенде, азаматтық - құқықтық сақтау шарты неге байланысты пайда болып жасалса, сол Сақтау шартының объектісі болып табылады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, сақтау шарты жеке тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырушы бола алады. Бұл азаматтың ұзақ іссапарға кетуіне байланысты өз туысқанын (танысын) затты сақтауға қабылдауға өтінетін жағдайларда орын алады. Бұл сақтауға үй-жануарларын өсімдіктерді жәнет.б. беруге қатысты болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сол бір азаматтар қандай да бір объективті не субъективті себептер бойынша ломбард мекемелеріне (теле- радио жабдықтарын сақтау үшін) арнайы құрылған фирмаларға, асыл тастар мен металлдардан жасалған бұйымдарды, құжаттарды сақтау үшін банктерге жүгінетін болады.Сақтау жоғарыда аталғандай кәсіпкерлік айналым қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін сақтау шешуші маңызға ие. Егер тиісті түрде жабдықталған қоймалар пайдаланылмайтын болса, онда ауыл шаруашылық өнімін өндірудің өзі еш мағынаға ие болмайды, өйткені өнім бүлініп кетеді[11].

Сақтау шартының колданылу аяларын косымша сипаттау оның субъектілік қатарын айқындау мақсатында беріліп отыр.

Аса көп жағдайларда сақтаушылар ретінде де жүк берушілер ретінде де азаматтар шыға алады (тұрмыстық сақтау). Кейде шартты азаматтармен жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретіндегі ұйымдастырушылық құқықтық нысандағы кәсіпкерлер, ломбардтар, банктер бекітеді. Бұл сақтау шартының тұтынушылық сипатын қамтамасыз етеді. Заңмен көзделген жағдайларда, кәсіби сақтаушылар жекелеген заттарды сақтауға лицензия алуға тиіс,

Коммерциялық болып табылмайтын заңды түлғалар (мекемелер) сақтау қатынастарына тек сыртқы киімді, сөмкелерді, қол шатырларды, бас киімдерді және т.б. орналастыру үшін ғана түседі. Кейбір жағдайларда олар сақтауды (міндеттемені, сақтау шарты емес) іс жүргізушілік заңнама өзге де заңнама (мәселен табылған заттар орны (стол находок) нормаларының әрекет етуіне байланысты немесе өзінің арнайы құқық кабілеттілігін жүзеге асыру аясында жүзеге асырады. Коммерциял ық емес заңды тұлғалар өздерінің уақытша бос тұрған үй-жайларын сақтау қызметтеріне мұқтаж субъектілермен сақтау жасасудың белгіленген режимін сақтауға міндетті.

Сондай-ақ сақтау шартының екі жағынан да жеке кәсіпкерлікті де заңды тұлға түріндегі ұйымдастырушылық кәсіпкерлікті де жүзеге асыратын кәсіпкерлер шыға алады.

Сақтау шартының сол  бір немесе өзге түрлеріндегі нақты субъектілік құрамды кейінірек қарастырамыз.

Сақтау шартының субъектісі болып кез келген азаматтық -құқық субъектілері қатысады. Атап айтқанда:

1.Заңды тұлғалар - шартқа олардың әрекет және құқық қабілеттіліктері бар болса ғана қатысады.

Занды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі  ол мемлекеттік тіркеуден өткен  сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан заңды тұлға міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.

Әділет органдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге занды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын иеленуінің ресми дәлелі болады. Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің қызмет жүргізуіне, соның ішінде шарт жасауға қатысуына тыйым салынады.

Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік  саласындағы құқықтық қабілеттілігі белгілі бір қызмет түрін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асырудың міндетті шарты -лицензия, яғни құзыретті мемлекеттік органның арнайы рұқсатын алу- лицензиялауды қажет ететін әрекеттерді лицензиясыз жасау құқық бұзушылық болып табылады. Лицензия берілген мерзім аяқталса, лицензия мерзімінен бұрын қайтарып алынса, тұлғалардың қызметі доғарылса немесе жарамсыз деп танылса, мұндай занды тұлғалар азаматтық- құқықтық шарттың субъектісі бола алмайды.

«Жеке тұлға» жалпы ұғымы  Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 12 - бабында тұжырымдалған. Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын (шетелдіктерді) сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді.

Азаматтың азаматтық кұқықтар мен міндеттерді атқару қабілеті оның құқық қабілеттілігі болады. Азаматтың өз іс-әрекетімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп, оларды орындау қабілеті оның әрекет қабілеттілігі болады[10].

Кәмелетке толған есі дұрыс  адам сақтау шартына өзі қатысып, өздерінің іс-әрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.14 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады.

Сондықтан егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары сақтау шартына қатысады. Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін де солар жауап береді. Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жагынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот шектесе, оның атынан шартқа әрекет қабілеттілігі шектелген адамның қорғаншысы қатысады.

 

1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу

Затты сақтаудың  сақтау шартында көзделген жағдайларын  өзгерту қажет болған кезде сақтаушы бұл туралы жүк берушiге дереу  хабарлауға және оның жауабын күтуге мiндеттi. Заттың жоғалу және бүлiну қаупi туған жағдайда сақтаушы жүк берушiнiң  жауабын күтпестен, сақтаудың шартта көзделген әдiсi мен орнын өзгертуге мiндеттi. Егер зат сақталу кезiнде бүлiнуге ұшыраса немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн және жүк беруші тарапынан шаралар қолдануды күтуге болмайтын басқа жағдайлар туындағанда, сақтаушы сақтау және сату бойынша өз шығындарын өтей отырып, затты немесе оның бiр бөлiгiн сатуға құқылы.Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмеген болса, сақтаушының жүк берушiнiң келiсiмiнсiз, егер бұл орайда жүк берушiнiң мүдделерiндегi қажеттiлiк тумаса және сақтаушы оның келiсуiн алу мүмкiндiгiнен айырылса, затты үшiншi тұлғаға беруге құқығы жоқ. Заттың үшiншi тұлғаға берiлгендiгi туралы сақтаушы дереу жүк берушiге хабарлауға мiндеттi. Сақтаушы затты сақтауға берген үшiншi тұлғаның iс-әрекетi үшiн жауап бередi. Сақтаушы сақтауға алған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi. Егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе бүлiнуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдесе, жауаптылықтан босатылады. Сақтауды өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне орай жүзеге асыратын тұлға, тек заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлiнуi дүлей күштiң салдарынан не заттың өзiне тән ерекшелiгiнен, не жүк берушiнiң қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан болған жағдайларда ғана заттың сақталмағаны үшiн жауаптылықтан босатылады.  Егер шартта көзделген сақтау мерзiмi немесе Азаматтық Кодекстiң 773-бабында белгiленген тәртiппен сақтаушы көрсеткен мерзiм өткен соң жүк берушi затты қайтарып алмаған болса, оның тарапынан қасақана пиғыл немесе өрескел абайсыздық болғанда ғана сақтаушы бұл заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.

Заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен жүк берушiге келтiрiлген шығындарды, егер заң актiлерiнде  немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық Кодекстiң 350-бабына сәйкес сақтаушы өтейдi.  Егер шартта немесе сақтаушы берген өзге де жазбаша құжатта көрсетiлгендей сақтауға өткiзу кезiнде затқа баға беру жүргiзiлген болса, сақтаушының жауаптылығы баға сомасының негiзiнде айқындалады. Тегiн сақтау кезiнде жүк берушiге заттың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен келтiрiлген залалдар:

Информация о работе Сақтау шарты