қалқанша без аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 11:31, реферат

Описание работы

Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без (glandula thyroidea) – біршама ірі без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 тр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) – 1,5-2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі сөлініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 м км болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин. Олар белокпен қосылып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол зат фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бөлініп қанға өтеді. Эпителийлі беткей тіндерінде протоеаздардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, белсенді гормондар босатылады. Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал нысаналарда бұл комплекстер ыдырап, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бұл гормондардың жасалуына аминқышқылдар, тирозин және йод қажет.

Файлы: 1 файл

калканша без аурулары.docx

— 398.53 Кб (Скачать файл)

Қалқанша без

    Адам мойнындағы қалқанша бездің орналасқан жерін көрсететін схема

 

 

Микроскоппен  қарағандағы қалқанша без ткані                  

Гистологический препарат щитовидной железы лошади.

  1. фолликулы,
  2. клетки фолликулярного эпителия,
  3. энедотелиальные клетки

                            

                                    Қалқанша без

    Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без (glandula thyroidea) – біршама ірі без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 тр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) – 1,5-2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі сөлініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 м км болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин. Олар белокпен қосылып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол зат фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бөлініп қанға өтеді. Эпителийлі беткей тіндерінде протоеаздардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, белсенді гормондар босатылады. Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал нысаналарда бұл комплекстер ыдырап, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бұл гормондардың жасалуына аминқышқылдар, тирозин және йод қажет.

   Адам организмінің сұйықтық ортасындағы гормондардың 75%-ға жуығы белоктармен байланысқан қалпында ағып жүреді. Бұл тиреоидты гормондардың бүйрек арқылы шығарылуына жол бермейді. Гормондар тек бос қалпында ғана әсер етеді. Трийодтирониннің белсенділігі тироксиннің белсенділігінен 6-10 есе жоғары.

     Гормондардың күйрелуі біршама ақырын жүреді (2-4 тәуліктен кейін). Артық гормондар бауырда ферменттік күйрелуге ұшырайды. Бездің дәнекер тінді стромасында «ақшыл» жасуша немесе С-жасушалар деп аталатын ерекше түрі табылды (ағыл. calctonin), кейде оны орысша атына байланысты К-жасуша деп те атайды. Бұлар кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатысатын, құрамында йод жоқ – тирокальцитонин және өте белсенді катакальцин гормондарын бөліп шығарады.

Қалқанша без қанмен өте  жақсы қамтамасыз етіледі. Мұндағы  қан ағысының минуттық мөлшері бездің өз көлемінен 3-7 есе көп. Қанның мөлшері  жағынан ол организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секрециялық қызметінің белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік жүйкелер арқылы жүзеге асырылады.

    Фолликула эпителий тіндерінде йод бар тиреоиодты гормондардың түзілуі организмге бейорганикалық йодтың келуімен тығыз байланысты. Адам және жануарлар оны йодты калий және йодты натрий түрінде тамақ пен су арқылы алады. Тамақтанудың тәуліктік мәзірінде оның орташа мөлшері 100-200 мг болады. Организмде 30-50 мг йод бар, оның 15 мг қалқанша безінің құрамына енеді. Сөйтіп, адамның және жоғары сатыдағы омыртқалылардың қалқанша безі 4 түрлі гормон бөліп шығарады – тироксин (тетрайодтиронин), трийодтиронин және тирокальцитонин, катокальцин. Қалқанша безінің гормондары организм қызметтеріне кең түрде әсер етеді.

Тәжірибелік зерттеулер кезінде  де, ішкі сөлініс бездерінің қызметі  бұзылған ауруларды бақылағанда, гормондардың жеткіліксіз немесе шамадан тыс көп бөлінуі бұлардың қаншалықты ерекше әсер ететіндігін айқын көрсетеді. Тиреоидты гормондар әсерінің негізгі әсерлері бұлардың түрлі алмасу үрдістеріне, өсу және дамуға ықпал етуінен, сонымен қатар көптеген бейімделу әсерленістерге қатысуынан тұрады.

Тироксиннің және трийодтирониннің энергия алмасуына тигізетін  әсері, олардың «калоригендік» –  жылу өндіру ықпалынан өте жақсы  көрінеді. Тиреоидты гормондар жоқ кезде алмасу үрдістерінің жылдамдығы төмендейді, ал көп болғанда негізгі алмасу тыныштық қалпында да, қалыпты жағдайда да 2 есе жоғарылауы мүмкін. Жылу өндіру нәтижесі жоғары сатыдағы жануарлар мен адам организмінің барлық жасушаларында, әсіресе бауыр, бұлшықет және жүйке жүйесі жасушаларында айқын байқалады.

Гормондар зат алмасудың  түрлі жақтарына, барлық ферменттерді белсендіру жане тотығу үрдістерін күшейту  арқылы әсер етеді, әсіресе белоктың синтезделуін және майлар мен көмірсулардың  ыдырауын күшейтетін митохондриялық үрдістерді тездетеді Түрлі жануарлардың организмін зерттеу арқылы, оларда минерал алмасуды реттеудегі тиреоидты гормондардың мәні анық дәлелденген.

       Сөйтіп тироксин жасуша ішіндегі және сыртындағы орталардағы электролиттердің мөлшер айырмасының сақталып тұруына көмектеседі. Бұның биопотенциал генерациялану кезінде үлкен мәні бар. Т3 және Т4 әсері сонымен қатар тіндердің катехоламиндерге сезгіштігін жоғарылатуынан да тұрады; олар адреналин мен норадреналиннің гликогенолиздік және гипергликемиялық әсерін күшейтеді. Қалқанша безінің гормондары дененің өсуін реттейді, сондықтан олардың жетіспеушілігі өсудің баяулауына соқтырады. Тиреоидты гормондардың маңызы әсіресе төлдерден айқын көрінеді. Бұл гормондардың жетіспеушілігі салдарынан жүйке жүйесінің қалыпты жағдайы бұзылып, даму және өсу баяулайды. Жас кездегі өсу үрдісінде гипотиреоздан балалардың ақыл-ойы, санасының дамуы бұзылады. Эмбриондық кезінде осы гормондар жетіспесе, ақыл-ойдың мешеулігінің ауыр түрі (кретинизм) байқалады. Тиреоидты гормондар метаморфоз (өзгеріс) үрдістеріне әсер етеді, бұны қосмекенділерден айқын көруге болады. Итбалықтарды құрамында йод жоқ суға салғанда, өзгеріс болмады, яғни итбалық бақа күйіне ауыспайды, сол суға йод немесе қалқанша без гормондарың қосқанда, ол бірден бақаға айналып өзгеріс пайда болды, екінші сөзбен айтқанда жануарлардың есейген түріне өтуі іске асты. Қарастырылып жатқан гормондардың кейбір жануарлардың түк қабаты мен түлеуге әсері дәлелденді. Қазақтың тәжірибелі аңшылары өздерінің аңшы құстары тез түлеп, күш алуы, әрі құс көрікті болуы үшін жеміне қалқанша безінің кептірілген тінін қосқан. Қалқанша безінің гипоқызметы салдарынан жануарлардың түктері, құстардың қауырсындары көмескіленіп, түсіп қалады. Тері қатпарланып кетеді.

      Қалқанша без гормондары жүрек қызметін жылдамдатады. Олар орталық жүйке жүйесінің дамуына және қызметіне елеулі әсер етеді.

Иттердің безін алып тастағаннан  кейін, оларда шартты рефлекстердің  қалыптасуы өте киын болады. Қалыптасқан  шартты рефлекс келесі күні жойылып  кетеді де, оны жаңадан қалыптастыруға тура келеді. Ал без қызметінің жоғарылауынан орталық жүйке жүйесінде қозу тежелуден басым болады. Бұл – гипертиреоз кезінде аурулардың өте эмоциялы болуының себебі. Қалқанша без қызметінің бұзылуынан адам зейінінің бірқатар көрсеткіштері өзгереді.

      Қ алқанша безінің үшінші гормоны – тирокальцитонин. Бұл гормон бездің фолликула жанындағы жасушаларынан бірден қан мен лимфаға фолликулалардан өтпей-ақ келеді, ол тиреоидты коллоидтың құрамында да жоқ.

      Тирокальцитонинді денеде кальций сақтайтын гормон деп атайды. Ол қан плазмасында кальций және фосфор иондарының деңгейін төмендетеді. Бұл гормондар үшін бүйрек және сүйек тіндері жасуша нысана болады.

Сүйекте кальцитонин оның тіндерінен кальцийдің шығуын әлсіретіп, сүйек тінін бұзатын жасушалар – остеокластар қызметін тежеп, сүйек тінін түзетін жасушалар – остеобластар қызметін белсендіреді. Сол сияқты сүйек құрамындағы фосфор қышқылы тұздарының деңгейін төмендетеді. Тирокальцитонин несеп құрамымен кальций, натрий, фосфаттар шығарылуын күшейтеді. Бұл гормон фосфор-кальций алмасуына, қалқансерік безі гормоны – паратгормонға қарсы әсер етеді. Тирокальцитонинның бөлінуі қандағы кальций деңгейіне байланысты, аталған гормонның қанға түсуін гиперкальциемия (кальцийдің көп болуы) жоғарылатады, ал гипокальциемия (кальцийдің аз болуы) төмендетеді.

Қалқанша безі гормондарының  жасалуы және қанға шығарылуы сау организмде орталық жүйке жүйесінің көптеген бөліктерімен, гипоталамус-гипофизарлық жүйелерімен өте нәзік реттеледі. Гормональды гомеостаз ішкі сөлініс бездерінің басқа көптеген бездерінің арасындағы (әсіресе қалқанша, жыныс және қалқансерік т.б. бездер) өзара үйлесу тетіктері арқылы іске асады.

      Қалқанша безінің сөл бөлу қызметінің гипо- немесе гиперсөлініс жағдайларында түрлі бұзылулар салдарынан әртүрлі патологиялық жағдайлар және аурулар туады.

Гипертиреоз, әсіресе Базед  ауруы немесе табиғаты басқаша тиреотоксикоз  кезіндегі патологияның мынадай  өзіне тән белгілері байқалады. Без көлемінің ұлғаюы (зоб), тахикардия (жүрек соғуы жиіленуі), көздің шарасынан шығуы (экзофтальм), зат алмасудың елеулі жоғарылауы және осымен байланысты организмнің көптеген вегетативтік қызметтерінің бұзылуы. Организмнің жүдеуі байқалады. Кретинизм (бала кезінде дамыса) және микседема (көбінесе операциядан кейінгі гипотиреоз кезінде, ол кейде үлкен адамдарда қалқанша безінің тінін көп мөлшерде алып тастауынан болады) гипотиреозды айқын көрсетеді. Кретинизм кезінде ақыл-ой және дененің дамуы күрт төмендеп, психикалық әсерленіс баяулайды. Ауру балалардың бойы кішкентай, тілі ұлғайған, беті ісік, тәбеті төмен, терісі құрғақ болады. Оларда сүйек тінінің дамуы баяу, оның салдарынан еңбегі қатпайды және тістерінің шығуы уақытынан көп кешігеді.

Микседема кезінде, теріде жөне басқа тіндерде мукопротеидтер жиналуының салдарынан жалқыаяқ ісік дамиды. Шамадан көп емес гипотиреоз кезінде зат алмасу, жылу жасалу деңгейінің төмендеуі байқалып, соның салдарынан суыққа сезгіштік жоғарылап, жалпы көңілсіздік (апатия), әлсіздік, тез шаршаушылық, зейіні мен психиканың бұзылуы пайда болады. Жер шарының әртүрлі жергілікті топырағында, суында, тамақ құрамында йод аз болған жағдайда, сол жердің бірқатар тұрғындарының қалқанша безінің сөліністік қызметі бұзылып, сөл бөліну мөлшері өзгеріп (дисқызмет), онда өз гормонының гипер- немесе гипосекрециясы пайда болуы мүмкін. Қалқанша безінің бұл патологиялық өзгерісін эндемиялық зоб деп атайды. Көбінесе ол таулы аймақтардың тұрғындарында кездеседі.

     Швейцария және Норвегияның таулы аймақтарындағы мектеп жасындағы балалардың жартысынан көбі эндемиялық зобпен бұрыннан ауыратыны анықталды. Зоб Кавказ, Орал, Карпат, Орта Азия және Қазақстанда, соның ішінде Алматы облысында кездеседі.

     Адамға тәуліктік йодтың қажет мөлшері 0,15-20 мг. Организмге қажетті йодтың мөлшері үнемі жетпесе тиреоидтық гормондардың түзілуі бұзылады. Зоб дамуының алғашқы кезеңінде, әсіресе йодтың тапшылығы аз болған жағдайда, қалқанша без фолликулаларының өсуі организмге қажетті гормон жасауын уақытша қамтамасыз ете алады. Бірақ йод жетіспеуі елеулі болған жағдайда гипотиреоз әрі қарай, микседема мен кретинизмге жеткенге дейін дами береді.

      Топырағы мен суының құрамында йод мөлшері аз аймақтарда эндемиялық зобтан сақтандыру мақсатымен, тамаққа йодталған ас тұзын қолданады (100 кг тұзға 2,5 г йодты калийді қосады).

 

   Аурудың белгілері:

1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға  дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;

2) терінің астына су  жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;

3) дене температурасы төмендейді;

4) жүрек соғысы баяулайды;

5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.

 

     Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.

    Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам іспебұғақ (эндемиялык зоб) ауруымен ауырады (18, ә-сурет). Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек.

 

    Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысьшың жұмысы бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. «сrtinismе» - жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.

 

   Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің концентрациясы қалыпты деңгейде болтан кезде, гипофизден бөлінетін гормонный мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі.

Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады; тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады. Мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған.

   Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді

 

БАЗЕДОВ АУРУЫ

Этиологиясы және патогенезі

Эндемиялық бұғақ ауруларының  негізгі этиологиялық факторы болып  белгілі бір географиялық ауданда  йод жетіспеуі және сонымен байланысты организімде йод алмасуының бұзылуы  болып саналады. Мұнымен қатар  барлық эндемиялық ошақтарда, бұғақта  қай түрінде болмасын тұрмыстағы санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлауы  да негізгі себепкердің бірі. Ауасы  жеткілікті тазартылып отырмайтын, суық, ылғалды баспаналар, таза ауаның жетіспеуі, кірленген, былғанған ішетін сумен  қамтамасыз етілетін жерлер, сапасы нашар  тағамдар организміне зиянды әсер тигізеді. Солардың зардабынан адамның организімі йодтың жетіспеуне, инфекцияларға, бұғақ  ауруларының босқа да этнологиялық факторларына өте сезгіш-қабылдағыш болып келеді.

Қалқанша без қызметінің гипо -немесе гиперсекреция жағдайларында  түрлі ауытқулары салдарынан әртүрлі  потологиялық жағдайлар және аурулар  пайда болады. Гребс ауруы деп  аталатын синдром көптен және баршаға  белгілі. Аталған ауру көпшілік жағдайларда  психикалық жарақат негізінле пайда  болады. Ми қыртысынан келіп жататын  импульстар енді аденогипофизде түзелатін  тиреотропты гормондардың үздіксіз бөлінуін туғызады. Бұл процесс кері байланыс принципіне қарама-қарсы жүретіндіктен, қалқанша без гормондарының түзелуі  мен секрециясы күшейе түседі. Гипертиреоздың асқынған формасын тиреотоксикоз немесе Базедов ауруы деп атайды. Бұл аурудың өзіне тән белгілері болады. Без көлемі ұлғайып (зоб), тахикардия пайда болады, көз шарасынан шығып (экзофтальм), зат алмасу қарқыны жоғарылайды, дене қызуы көтеріліп, адамның жұмыс қабілеті төмендейді. ТТГ тоқтаусыз болінуі иммундық жүйеге де әсерін тигізіп, оның қалыпты қызметін өзгертеді. Организімнің жүдеуі байқалады. (сурет 4)

Жіктеу. Қалқанша без ауруларының  ішінде ең жиі кездесетін патология  — ол бұғақ ауруы.

Информация о работе қалқанша без аурулары