қалқанша без аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 11:31, реферат

Описание работы

Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без (glandula thyroidea) – біршама ірі без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 тр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) – 1,5-2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі сөлініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 м км болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин. Олар белокпен қосылып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол зат фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бөлініп қанға өтеді. Эпителийлі беткей тіндерінде протоеаздардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, белсенді гормондар босатылады. Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал нысаналарда бұл комплекстер ыдырап, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бұл гормондардың жасалуына аминқышқылдар, тирозин және йод қажет.

Файлы: 1 файл

калканша без аурулары.docx

— 398.53 Кб (Скачать файл)

Бұғақ ауруы деген потология  қабыну процестеріне немесе ісіктерге жатпайды. Бұл аурудың дамуы, себептері, тканьдердің потологиялық өзгерістері мүлде басқаша.

 

 

 

 

 

 

Мұнда қалқанша бездің эпитемалды патенхималық тканьдерінің өсіп, өнуі (итерплазия) ғана байқалады. Мұндай гиперплазия  ісікке, қабыну процесіне жатпайды. Бұл процесте тканьдердің потологиялық өзгерістері мүлде басқаша, ал аурудың  этиологиясы мен потогенезі және клиникасы да ерекше, ісіктер мен  қабынулар патологияларына ұқсамайды.  Бұл  аурудың  клиникалық көріністері  бездің  эндрокриндік атқаратын  қызметінің өзгерістерімен байланысты болады.

Сонымен струма (бұғақ) ауруы  дегеніміз қалғанша бездің эпителиінің  қалың өсіп өнуімен бірге организімде  әртүрлі функциялық бұзылыстардың  пайда болуы, бірақ бұл өзгерістер қабыну процестерімен, қан құйылуымен, қатерлі ісіктердің дамуымен байланысты емес.

Қалқанша безінің пішінінің, көлемінің, қызметінің өзгерулеріне қарай  оның аурулары төмендегідей жіктеледі. (сурет 5)

1. Туа біткен аномалиялар  (кемістіктер); А) аплазия  Б) иптоплазия  В) эктопия.   2 Эндомиялық (жергілікті) бұғақ ауруы;

а) Қалқаншабездің ұлғаюына қарай бес дәрежеге бөлінеді

(0, 1, 2, 3, 4, 5).

0 — бездің ұлғайғанына  білінбейді,

1 - көзге ұлғайғаны көрінбейді, бірақ пальпацияда бездің мөлшері  білінеді. 2 — жұтынғанда білінеді.  3 — көзге жақсы байқалып тұрады; 4 - мойынның формасын бұзып тұрады. 5 — мөлшерлері тым үлкен болады.

Б) формасына қара (диффузды, арасал, түйінді)

В) функциясының өзгеруіне  қарай (эутиреоз, гипотиреоз).

Гипертиреоидті түйінді  бұғақ токсикалық аденома деп  аталады.    

 

 

3 Спорадикалық (ілуде бір  кездесетін кездейсоқ) бұғақ (эндемиялық  бұғақ сияқты бұл да ұлғаюына, түрінің және функциясының өзгерулеріне қарай бөлінеді).

4. Диффуздық, токсикалық (уландыратын) бұғақ яки Базедов  ауруы (жеңіл, орташа, ауыр түрлеріне  бөлінеді).

5.Гипотериоз (женіл, орташа, ауыр түрлері) Ауыр гипотериоз  миксидема деп аталады.

6 Бездің қабынды аурулары;

а) жедел, қатал басталатын тиреиодит (струмит);

б) қаталдығы, жеделдігі бәсендеу (подострый) басталып, дамитын тиреоидит  де Кервен-Крайльдың ауруы)

г) басқалары (құрт ауруы, мерез, актиномикоз, эхинококкоз т. с. с.)

7. Травмалар жабық және  ашық түрлері.

8. Қатерлі ісіктер (рак,  саркома тағы басқалар). Зарттеу әдістері. Аурудың анамнезін жиыстырғанда бұғақ ауруының жергілікті (эндемиялық) ошағын анықтау қажет. Бірсыпыра жағдайларда бет әлпетіне, терісінің қүйіне, саусақтардың дірілімен тамырдың соғуына ерекше назар аудару қажет. Объективті зерттегенде жергілікті (локальді) мәліметтер аса бағалы болып есептеледі. Науқас адамның алқымын артқы жағына түрегеліп тұрып, сондай ақ науқастың жауырының астында жастық қойып, басын жастықтан төмен түсіріп жатқызып, пальпациямен қарағанда бездің ұлғайғанына жақсы анықталады. Төстің аржағындағы бұғаққа күдіктенгенде көмекейді мұның орнынан ығысқандығын анықтау үшін ренгенография мен томография арқылы зерттеу қажет. Бездің шамасын, оның гиперфункциясы мен гипофункциясын, бездің немесе оның бөлігінің бұрынғы орнынан ауытқуын, ісіктің, кейде метостаздың бар екендігін анықтауға мүмкіндік беретін сканография мен сцинтиграфия болып табылады. Сау адамда радиоактивті йодтың сіңуі 24-72 сағаттан кейін, ал тиреотоксикоз кезінде 6-24 сағаттан кейін байқалады. Қалқанша без қызметінің қүйін белокты байланыстыратын йод (ББИ) дәрежесі бойынша да анықтауға болады. Ол нормасында 3,5-7,5 мкг-ға тең. Бір сыпыра жғдайларда пункция, ларингоскопия және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) бағалы диагноздық мәліметтер береді.

Гипертериоз. Қалқанша бездің гипертериоздық функциясы гормонды канға жеткіліксіз бөлуі кезінде  байқалады.

Организімде йод жетіспеген жағдайда без шырышты сектетті көп  бөліп, фолликулалар қабырғалары керіліп  кетеді де бездің көлемі өседі, бірақ  секреторлық клеткалар қызметі  нашарлап, гормондар түзелуі бұзылады. Бұл — йодтың жетіспеушілігіне байланысты организімде қалыптасатын компенсаторлық бейімдеушілік процесс. Бұл ауруды жем сау (зоб) деп атайды. Кретинизм (бұл дерт бала кезінен дамыса) және микседема (операциядан кейінгі гипотиреозды айқын көрсетеді. Кретинизм кезінде ақыл-ой және дененің дамуы құрт төмендеп, психикалық реакциялар баяулайды. Ауру балалардың бойы өспей, тілі ұзарып, ісік қаптап, терісі құрғап кетеді.

Егер без қызметі бір  жола тоқтап қалса микседема ауруы  байқалады. Ауру балалардың өсуі тоқтап, сүйектің өсіп-жетілуі тежеледі, жүрек  қызметі сиреп, зат алмасу процесі  нашарлайды, дене температурасы төмендейді. Осының салдарынан организмнің суыққа сезімталдығы жоғарылап, әлсіздік, тез шаршаулық пен психиканың бұзылуы пайда болады. Ондай балалардың бойы өспей, жарымес болып қалады. Бұл көбіне йод жетіспейтін таулы аймақтарда байқалады.

Адамға тәуліктік йодттың  мөлшері 0,15-20 мг. Қажетті йодтың мөлшері  үнемі жетіспесе тиреоидты гормондар  секрециясы бұзылады. Йод мөлшері жетіспейтін аймақтарда эндемикалық зобтан сақтандыру мақсатында тамаққа иодталған ас тұзы қолданылады (100 кг. тұзға 2,5 г. йодты калий қосады).

Қалқанша бездің фолликулаларының сыртында ерекше клеткалар тобы —  парафолликулярлық клеткалар орналасқан. Бұл клеткалар тобы кальцитонин  гормонын түзеді. Кальцитонин 32 аминқышқылдарынан  тұратын пептид. Бұл гормон фолликуладан тыс, бірден қанға түседі және молекулалық  құрамында йод болмайды. Кальцитонин  организмде кальций сақтайтын гормон ретінде белгілі. Аталмыш гормон сүйек тканін бұзатын клеткалар - остеокластардың қызметін тежеп, сүйек  тканьдерінің қалыптасуына қатысатын  клеткалар — осреобластардың қызметін активтендіреді. Демек, кальцитонин сүйектің органикалық негізі болып есептелетелетін коллагендік тканьді ыдыраудан сақтап, оның түзілуін стимулдайды. Кльцитонин қандағы форфордың мөлшерін азайтады. Кальцитонин мен паратгормонның бөліну қарқыны олардың қандағы денгейімен өздігінен реттеліп отырады. Мысалы, кальцитониннің әсерінен қандағы кальций денгейінің төмендеуі өз кезегінде, паратгормонның бөлінуін күшейтіп, сүектен кальцийдің қанға шығарылуын тездетеді. Сонымен қатар, кальцитонин бүйрек арқылы  фосфордың бөлінуін қамтамасыз етіп, қандағы кальций мен фосфор иондарының ара қатынасын реттейді. Кальцитонин қалқан серік безінің гормоны паратгормонға кері әсер етеді.

 

       Аурудың белгісі.

Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін  жетеді, сон-дыктан оны алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және болдырмау  үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г  йодты калий тұзы) қосады. Балабакша  мен мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір түйірінің  құрамында 1 мг йодты калий бар.

Аурудың негізгі белгісі  қалқанша бездің әр сатылы ұлғаюы. Алқымның алдыңғы бетінде орналасқан бұғақты  басқа ісіктерден ажыратуға болатын  белгі - ол ауру адамды жұтындырғызғанда бұғақ жоғары қарай жылжытылады. Бұғақтың барын анықтауда маңызды  көмек беретін тексеру тәсілі ол қалқанша безді пальпациялап (сипап) қарау. Қалқанша безді тексергенде  ауруды тік тұрғызып немесе отырғызып  қарағанда оның иегін аздап төмендеу түсірткізген дұрыс болады. Сонда  ғана қалқанша безді сипалап қарап  шығуға мүмкіндік туады. Бұғақтың консистенциясы әртүрлі болады; диффузды паренхиматозды бұғақта жұмсақ келеді, коллоидты  бұғақта-тығыздау. Түйінді пальпацмямен анықтау жеңіл, оңайырақ келеді. Қалқанша бездің жылжымалылығының шамалануы  қабыну процестерінде немесе қатерлі  ісікке айналғанында байқалады.

Тіпті ірі мөлшерлердегі  эутиреоидты эндемиялық бұғақтар әдетте жағымсыз сезімдер бермейді. Қалқанша бездің жеке учаскілері біркелкі ұлғаймағанда мойынның формасы едәуір бұзылуы  мүмкін. Ондайда алқымдағы (мойындағы) қантамырлардың, нервілердің және кеңірдектің  басылып қысылғандағы белгілері  кейде байқалады. Ондайда аурулардың тыныс алуы тарылады, дауысы өзгереді немесе қарлығады, дисфагия құбылыстары  пайда болады. Аурулар осындай  асқынулардың дамығанын егжей-тегжейлі сұрағанда шағым ретінде айтып  береді. Бұғақ төстің ішкі бетінде  орналасқанда тыныс жолдарының, жоғары қуыс венаның, өңештің қысылу белгілері  білінеді.

Диагностикасы. Бұғақтың диагнозын анықтауда қалқанша безді сканирлеудің маңызы аса зор. Бұл әдіс бездің мөлшерлерін, оның орналасуын, бездің ұлғайған, өскен, түйіндеген жерлерін анықтауға көмектеседі. Онымен қатар бұл әдіс кеуде қуысының ішінде орналасқан бұғақты және орталық көкірек қуысындағы ісіктерді ажыратуға көмегін тигізеді. Эутиреоидты бұғақта организмде негізгі зат алмасудың көрсеткіштері қалыпты цифрлардың мөлшерінде болады.

Емдеу. Эутериоидты диффузды бұғақ ауруын антиструминмен, йодтың микродозасымен, гипертиреозды формасын дийодтирозинмен, мерказолилмен, гипотиреозды түрін тиреоидинмен емдейді. Диффузды бұғақтар прогрессивті өскенде, түйінді және аралас бұғақтарға хирургиялық операциялар қолданылады.

Сақтандыру  шаралары. Йодталған тұз (1 тонна тұзға 25 грамм йод), бұғақ ауруы дамып келе жатыр деген күдікті адамдарға жетісіне 1 рет 1 таблетка антиструмин беріледі.

Кездейсоқ (спорадикалық) бұғақ  аурулары клиникалық тұрғысынан эндемиялық бұғақ ауруларынан ешбір айырмашылығы жоқ, бірақ олардың пайда болуы эндемиялық ошақтарсыз болады. Әйелдер мен еркектердің бұл аурудағы қатысы 2;1-ге тең. Емделуі қиынырақ.


Информация о работе қалқанша без аурулары