Ұн және жарма технологиялық процесстері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 14:54, реферат

Описание работы

Ұн және жарма өндірудің арнайы операциялары логикалық бірізділікпен біріккен күрделі технологиялық процестер- сұлбалар. Осы операциялардың жиынтығы және орны өнделетін дақылға, даяр өнімдердің түріне байланысты, ал ұн және жарма өндірістерінің технологиялық процестерін ұйымдастырып жүргізуге дәннің анатомиялық құрамы көбірек әсерін тигізеді.
Дәндерден жарма жасау келесі операциялардан тұрады:
- сепарация
- гидротермикалық өңдеу (ГТӨ)
- қауыздау

Содержание работы

Кіріспе
1 Технологиялық процесс туралы түсінік және оның тиімділігі
Ұн зауытының процестерінің жалпы сұлбасы
Жарма зауытының роцестерінің жалпы сұлбасы
Астықты қоспалардан тазалау
Сепараторды тазалау тиімділігін бағалау
Сепараторлардың конструкциялары
Астықты қоспалардан тазарту процестерін ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Жұлдыз апай.docx

— 562.41 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

Алматы Технологиялық Университеті.

Тағам өнімдерінің факультеті.

 

 

 

 

Реферат

Ұн және жарма технологиялық процесстері.

 

 

 

 

Орындаған: Бакытжанова А.Н.

ТЗ-13-11

                                                                                    Тексерген: Нургожина Ж.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2015

Жоспар

Кіріспе

1 Технологиялық процесс  туралы түсінік және оның тиімділігі

    1. Ұн зауытының процестерінің жалпы сұлбасы
    2. Жарма зауытының роцестерінің жалпы сұлбасы
  1. Астықты қоспалардан тазалау
    1. Сепараторды тазалау тиімділігін бағалау
    2. Сепараторлардың конструкциялары
    3. Астықты қоспалардан тазарту процестерін ұйымдастыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Ұн және жарма өндірудің арнайы операциялары логикалық бірізділікпен біріккен күрделі технологиялық процестер- сұлбалар. Осы операциялардың жиынтығы және орны өнделетін дақылға, даяр өнімдердің түріне байланысты, ал ұн және жарма өндірістерінің технологиялық процестерін ұйымдастырып жүргізуге дәннің анатомиялық құрамы көбірек әсерін тигізеді.

Дәндерден жарма жасау келесі операциялардан тұрады:

- сепарация 

- гидротермикалық өңдеу (ГТӨ)

- қауыздау 

- алынған өңімдерді сорттау 

- шлифование және полировка 

- соңғы сорттау (ірілігі  бойынша бөлу)

Барлық қауызау машиналар қауыздауды қозғалу деформация әсерімен (вальцедоковые станки, обоечные машины) қауыздаудан алынған өнімдерден рессев, триерлер арқылы лузга және мучканы айырады, тұтас және жарылған ядроны соңғы өңдеуге, ал қауыздалмаған өнімдерді – қайта қауздауға жібереді

     Дәндерді ұнтақтау (помол) екі бөлек операциялардан тұрады: дәнді жармалау және ұнтақтау өнімдерді илеу (просеивание). Ұнтақтау бір реттік және қайталамды түрлеріне бөлінеді.

     Бір реттік ұнтақтауда дәндерді балғалы жарғыштардан бір рет өткізіп, қажет болғанда олардан илеу арқылы кебектерді бөледі. Алынған ұнның сапасы төмен, түсі күнгірт және бөлшектері біркелкі емес болады.

     Қайталамды ұнтақтауда дәндерді бірнеше рет ұсату машиналардан өткізіп, әр ұнтақтаудан соң өнімдерді илеуіш машиналарда сорттайды. Негізгі ұстау машиналар – вальцовый стакоктар.

   

 

 

 

 

1 Технологиялық  процесс туралы түсінік және  оның тиімділігі

    Технологиялық процесс- ғылыми тұрғыда дәлелденген және практикада тексеріліп, шикізаттан жоғары сапалы өнімдер алатын амал.

    Технологиялық  процестердегі жеке операцияларды, бір технологиялық операцияны  бірлесіп орындау үшін, жеке немесе  бір типті машиналар қолданады. Ұн және жарма технологиясы, әр  өндірістің өзіндік ерекшелігіне  сай, өзара қисынды жүйелік қатарға  бөлінген, этаптарға жіктелген.

   Технологиялық процестің  тиімділігі алдына қойылған мақсаттың  жүзеге асыру дәрежесіне байланысты. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері- даяр өнімдердің шағымы, сапасы  және меншікті эксплуатациялық  шығыны.

 Өндіріс процесінің  соңғы нәтижесін анықтайтын негізгі 3 фактор: шикізаттың қасиеттері, техноогиялық  процесті ұйымдастыру мен жүргізу, операцияларды орындайтын жабдықтардың  ерекшеліктері.

   Қазіргі өндірістердің барлық процестері және екі группаға бөлінеді: шикізатты дайындау және даяр өнімдерді өндіру.

 

    1. Ұн зауытының процестерінің жалпы сұлбасы

   Ұн тартуда ұн тек ұнтақталған эндоспермнен топталуы керек. Кебекті қабықтар, алейрон қабат және ұрық құрайды, кейбір жағдайда ұрықты жеке қндіреді.

  Ұн зауыты 3 бөлімнен  тұрады: дайындау, ұнтақтау, қаптау.

   Дайындау бөлімінің  негізгі мақсаты астықты ұн  тартуға дайындау, ол 3 этаптан тұрады:

  • астықты қоспалардан тазарту және дәннің бетін өңдеу;
  • гидротермиялық өңдеу;
  • астықты ақырғы рет тазалау.

      Бірінші  этапта қоспалардан тазалау үшін  сепараторлар, триерлер, тас бөлгіштер, дәннің бетін өңдеу үшін обойкалы  машиналар қолданады.

      Астық массасынан  басқа қоспаларды тазалау үшін  сепараторлардан өткізеді. Қоспалардың  алғашқы мөлшерлері шектелген: шөп- шалаң-2,0 % (көп емес), басқа астық қоспасы-5%. Сепараторларда тазаланғаннан кейін, ұнтақтауға жіберер алдында, шөп- шалаң 0,4%, ал басқа астық қоспасы 4% көп болмауы қажет.

     Сепараторларда (елек және ауа арқылы) ені, қалыңдығы  және аэроинамикаық ерекшеліктері  бойынша қоспалар бөлінеді.

     Дәннің беті біркелкі жылтыр болмағандықтан ластануы мүмкін. Сондықтан оның бетін тазалау үшін арнайы операциялар қолданады, а кейбір жағдайда бетін қауыздап, қабығын және ұрығын алады, кесекті майдалайды.

     Дәннің алғашқы структура- механикалық және техникалық қасиеттерінің қажетті бағытқа өзгерту үшін гидртермиялық өңдеу  (ГТӨ) қолданады. Астықтың қасиеттерін тұрақтандырумен қатар ұзақ уақыт шынылығы, сағызының мөлшері және басқа көрсеткіштері тұрақты болу үшін тарту партиясын құрайды.

     Дайындау бөлімінің  операциялары астықты 1 жармалау  жүйесі алдында дәннің қабығын  ылғалдаумен бітеді. Бұл дәннің  қабығының ұнтақтауға төзімділігін  арттырып, сорттауда ұннан тез  бөлінетін ірі кебектерді топтпуға  жағдай жасайды.

     Диірменнің  ұнтақтау бөлімінде дәнді ұнтақтау  және ұнтақтау өнімдерін ірілігі  және сапалығы бойынша сорттау  операциялары жүзеге асырылады. Крахмалды эндоспермді жіктеп, ұнтақтау  талабына сай жоғарыда аталған  операциялар бірнеше рет қайталанады. Рассевтерде, електі желді машиналарда  ірілігі және сапалылығы біркелкі  заттарды топтап әр жүйеде  ұнтақтау процесінің тиімділігін  арттыруға болады.

     Егер ұнның  бірнеше сортын алу қажет болса, онда ұнды сапасы бойынша топтайды, жеке технологиялық жүйелерден  алынған ұн ағымын қосып, араластырып  ұн сортын жасайды.

 

    1. Жарма зауытының процестерінің жалпы сұлбалары

     Өнделетін  дақылға және өндірілетін даяр  өнімдер түріне байланысты жарма  зауытының процестерінің ұйымдастырылып  жүргізудің елеулі айырмашылықтары  болады, олар дақылдардың анатомиялық  құрылымының, структура- механикалық  және физика- химиялық қасиеттерінің  ерекшеліктеріне бейімделген.

     Дайындау бөлімінде  дақылдар массасынан басқа қоспаларды  тазарту үшін сепараторлау қолданады. Гидротермиялық өңдеу маңызды  орын алады, бірақ барлық дақыл  үшін қолданбайды, тек қарақұмық, сұлы, арпа, ас бұршағы, бидай өңделеді. Күріш дәні үшін ГТ өңдеу  ядроны қатайту үшін өте тиімді, бірақ дән сарғайып, кейде қоңыр  түске айналады. Орталық Азия  және Шығыс елдерінде мұндай  түс үйреншікті, сондықтан ГТ  өңдеу қолданады.

     Қарақұмықты  және кейбір дақылдарды 2-3 және  одан көп фракцияларға бөліп, технологиялық процестің тиімділігін  арттырады: сұлы зауыттарында фракциялау  керек. Арпа зауыттарының дайындау  бөлімінде дәндә алдын- ала қауыздайды.

    Жарма зауытының  қауыздау бөлімінде барлық қауызды  дақылдарды қауыздайды, қауыздау  өнімдерін- бүтін ядро, сынған ядро, ұнтақ және қауызды жеке бөліп  алу үшін сортайды. Ядроны қабықтарынан (ұрықтық және тұқымдық) және алейрондық қабаттан ажырату үшін ажарлайды, ал күріш жармасын қосымша жылтыратып тауарлық түрін жақсартады.

     Қарақұмықты  ірілігі бойынша 5-6 фракцияға бөліп  қауыдайды, одан кейін бүтін жарманы (ядроца) және сынған ядроны (продел) бөліп алады: жарманы ажарлайды.

    Арпаның ірі (перловка) және майда (ячнелі), жүгері және  бидай жармаларын алу үшін  дәнді ірі бөлшектерге майдалап  өлшемдері бойынша сорттайды.

    Қауыздау өнімдерін  рассевтерде, триерлерде, жарма сорттағыштарда, кейбір жағдайларда пневмо сорттаушы  столдарда сорттайды.

 

  1. Астықты қоспалардан тазалау (сепаратордан өткізу)

      Қоспаны  құрайтын белгісі бойынша біркелкі компоненттерге бөлу сепараторлау (сепаратордан өткізу) процесіне жатады. Осыған байланысты қоспаны бір немесе бірнеше белгілері бойынша бөлетін машинаны сепаратор деп атайды.

     Ұн және  жарма зауыттарында сепаратордан  өткізу жалпы процеске жатады.

     Алғашқы қоспаны  берілген тиімділікпен компоненттерге  бөлу мүмкіндігі тандап алған  белгісімен анықталады. Қоспаның  бөліну бағалылығы және инженерлік сепараторлау вариантын таңдау үшін таңдалған белгінің варияциясын статистикалық талдау керек. Қоспадағы компоненттердің варияциялық графиктерін салыстыру негізінде немесе белгінің варияциялық бөліну қатарын талдап, процестің нақты вариантын таңдайды.

    Күріш ядросының, қауызының және ұнтақтың қалқу  жылдамдықтарының варияциялық түзулерінің  орналасыу 1- суретте көрсетілген.

Сурет-1. Қалқу жылдамдығының варияциялық сызығы:

  1. күріш ядросы; 2- қауыз; 3- ұнтақ

 

      Осы  өнімдерді  жайғастыру үшін ауа ағымын  орындайтын аспираттар қолданған. Ауа жылдамдығын 4,5...5,5 м/с жеткізу  ядроны, қауызды жіне ұнтақты  түгел бөлуге болады, ал қауызды  және ұнтақты осы әдіспен бөлуге  болмайды, себебі олардың варияциялық  сызықтары қиылысады. Оларды бөлу  үшін басқа амал керек, мысалы, бөлшектердің ірілігін ескеру  онды болады.

     Сонымен егер  варияциялық сызықтар қиылыспаса, онда осы белгі бойынша қоспаларды  тиімді бөлуге болады. Егер сызықтар  бір кесіндіде қиылысса, онда  осы белгі бойынша компоненттерді  толық бөлуге болмайды.

 

 

 

2.1 Сепараторда  тазалау тиімділігін бағалау

 

      Сепараторды  тазалау бөлу процесінің типті  өкілі.

      Қазіргі  жағдайда сепаратордың тазалау  тиімділігін есептейтін формула:

Е = X1-X2/X1    (100-m),

мұндағы X1 және X2 - астықтағы алғашқы және тазалаудан кейінгі қоспалар;

m- қалдықтардағы жарамды астықтың мөлшері, %.

 

2.2 Сепараторлардың  конструкциялары

       Ұн және жарма зауыттарында астықты қоспалардан тазалау үшін қолданатын сепараторлардың конструктивтік сұлбалары.

       Ұн зауыттарында  астық массасынан қоспаларды  бөліп алу үшін аспираторлар, пневмосепараторлар, желді- елек сепараторлар, тас бөлгіштер, триерлер, концентратор, магнитты сепаратор қолданады.

       Жарма  зауытарында – желді- елек сепараторлар, аспираторлар, триерлер, магнит сепараторлары  және рассевтер қолданады.

      Астықтан  аэродинамикалық ерекшеліктері  бар қоспаларды бөлуге арналған  аспираторлардың 3 түрі көрсетілген.

Сурет 2. Аспиратордың технологиялық сұлбасы: 1- дірілдеткіш; 2- табаны; 3- қабылдау; 4- канал шешімі; 5,6- реттеу бұрандасы; 7- қозғалмалы қабырғасы; 8- қақпақ; А- реттеу бұрандасы; В- тазаланған астық; С- ұшындылар; Д- ауа ағымы.

Сурет 3. Дуоаспираттордың технологиялық сұлбасы: 1- дірілдеткіш; 2- қабылдау; 3- қабылдағыш шөміш; 4- ауа каналының қабырғасы; 5,6,7-тұндырма камера; 8- жұмсақ алғашқы астық; А- алғашқы астық; В- тазаланған астық; С- ұшындылар; Д- ауа ағымы.

      Жоғарыдан  төмен түсетін астықты ауа  ағымы қарсы алатын қарапайым  аспирациялық каналы бар конструкциялық сұлба сурет 2 көрсетілген. Ауа ағымының жылдамдығы әсерінен жеңіл қоспалар бөлінеді. Жылдамдықты өзгертіп қажетті тиімділікке жетуге болады.

      Дуоаспираторда  астықты екі рет ауамен желдетуде  қоспаларды бөлу тиімділігі өседі: ауыр заттар машина камерасында  қалады (ол шнек арқылы сыртқа  шығады), ал- жеңілі – қосымша  ауа тазалағыш- циклонда бөлінеді.

      Пневмоаспиратордың  сұлбасы көрсетілген. Ол пневмотасымалы  бар диірмендерінің дайындау  бөлімінде қолданады, оның жұмыс  принципі келтірілген.

      Сурет 4. Пневмоаспиратордың технологиялық сұлбасы: 1- түсетін астық; 2- ауа ағымы; 3- ұшындылар; 4- тазаланған астық.

 

      Құрастырылған  әдіспен бірнеше қоспаларды астық  массасынан бөліп алу желді- елек  сепаратор сұлбасы көрсетілген.

     Астық массасы  машинаға түсерде және шығарда  екі рет қарама-қарсы үрленген  ауа ағымы жеңіл қоспаларды  ұшырып кетеді. Бұл машиналар  ауа ағымын реттеуге ыңғайлы  конструкциялармен жабдықталған, соның  нәтижесінде қоспаларды тазалау  тиімділігін бақылауға болады. Сепаратор  електермен жабдықталған; електердің  саңылауларын таңдап өлшемдері  бойынша қоспаларды бөліп алуға  болады. Електердің саңылауын таңдап  жоғарғы електен сырғыма ретінде  ірі, ал төменгісінен- майда қоспаларды бөледі, ал осы електің сырғымасы тазаланған астықты құрайды.

      Сонымен  осы машинада ірі, майда және  аэродинамикалық ерекшеліктерді  бар қоспалар бөлінеді. Бұл машиналардың  електерінен қалыңдығы және ені  бойынша қоспалар бөлінеді, ал  ұзындығы бойынша тек триерлер  жарайды. Триерлердің сұлбалары  көрсетілген.

      Триерлердің  жұмыс органы цилиндр немесе  дискілер; цилиндрлердің ішкі беттерінде, ал дискілердің екі бетінде  ұяшықтары бар. Осы ұяшықтарға заттар орналасып, цилиндр немесе дискілермен жоғары көтеріледі. Экранды- ұстағышты қажетті биіктікке орналастырып, ұзындық белгісі бойынша бөліп алуға болады.

Информация о работе Ұн және жарма технологиялық процесстері