Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақтардың биологиялық ерекшеліктері және оларды ауыл шаруашылығы практикасында қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2013 в 12:54, автореферат

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қарастырылып отырған жұмыс Қазақстанның әртүрлі типті топырақтарында таралған Trichoderma туысына жататын сапрофитті микромицеттердің биологиясы мен оларды астық дақылдарының өсіру технологиясында қолдану мақсаттарына арналған.

Файлы: 1 файл

АВТОРЕФЕРАТ [Бекишев Н.Ш].doc

— 537.50 Кб (Скачать файл)

Саңырауқұлақ штамдарының  сүтті коагуляциялауы, желатинаны сұйылтуы, крахмалды қантсыздандыруы және целлюлазалық белсенділігі  мен патогендік қабілеттіліктері анықталды [Теппер Е.З. және т.б., 2005].

Саңырауқұлақтардың түрлі  азот және көміртегі көздерін сіңіру қасиеттері  зерттелді [В.Лилли және Г.Барнет, 1953].

Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақтардың негізгі ауру қоздырғыштарға антагонистік қасиеті Чапек-Докс қарама-қарсы өсіру әдісімен 24˚С  температурада зерттелді. Өсу және қарым-қатынас сипаты өсірудің 3, 5, 7 - тәуліктері қадағаланып отырды [Рудаков О.Л., 1981]. Триходерма штамдарының гиперпаразиттік белсенділігін сандық бағалау шкала бойынша, яғни гиперпаразит иеленген аудан пайыздық мөлшерде көрсетілді [Великанов Л.Л. және т.б., 1994].

Зертханалық жағдайда  антагонист-саңырауқұлақтардың культуралды  фильтраттарының (КФ) астық дақылдары  сорттары тұқымдарының өскін беру қабілеті және өсуі мен дамуына әсері зерттелді [О. А. Берестецкий, 1978]. Триходерма штамдарының суспензиялық культурулары сұйық Чапек қоректік  ортасында шейкерлерде  өсірілді. Өсу барысында температура, рН және Бертран бойынша қант мөлшері қадағаланып отырылды. Триходерма штамдары 14 тәулік бойы, 220 айн/мин айналыммен шайқағыштарда өсірілді. Сұйылту тәсілі бойынша себу жолымен препараттардың титры анықталды.

Барлық астық дақылдарының вегетациялық кезеңдері бойынша  фенологиялық бақылаулар, микологиялық және фитопатологиялық талдаулар өткізілді. Дәннің технологиялық қасиеттері ҚР СТ 1046-2001 бойынша анықталды. Зертханалық биопрепарат үлгілері танаптық сынақтардан өткеннен соң олардың шаруашылық және биологиялық тиімділігі анықталды [Чулкина В.А., 1979]

Тәжірибе нәтижелері математикалық өңдеуден [Б.А.Доспехов, 1973] өткізілді.

 

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1 Trichoderma туысы саңырақұлақтарының өсімдіктердің тамыр   

аймағында таралуы 

          Карбонатты оңтүстік карбонатты қара топырақта   Trichoderma туыстары саңырауқұлақтарының таралуы басқа микроорганизм топтарымен салыстырғанда сирек кездесетіні анықталды. Trichoderma туысы саңырауқұлақтарының топырақта кең таралуына сидерат ретінде түйежоңышқаны өсіру жағымды ықпал етеді. Бидай тамыр аймағының топырағында олар микромицеттердің жалпы пайыздық мөлшерінің 88,2 %-ын құрады. Сонымен қатар алдыңғы дақыл ретінде сұлы өсірілген 4 танаптық егістікте арпа тамыр жүйесі аймағында да (33,0%) триходермальдық саңырауқұлақтар үшін қолайлы жағдай жасалатыны байқалды.

Жүргізілген микологиялық талдау нәтижесінде, Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақтардың таза культуралары бөлініп алынды. Бөліп алынған штамдардың басым көпшілігі Trichoderma lignorum түріне (80%)  және 20% - ға жуығы Trichoderma album түріне жататыны анықталды.

 

3.2 Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақ штамдарының   түрлі қоректік орталардағы культуралды-морфологиялық белгілері

         Trichoderma туысы штамдарының культуралды-морфологиялық белгілерін зерттеу үшін алты түрлі қоректік орта: қорексіз агар, күріш, бидай, арпа, сабан қайнатпалары, топырақ сүзіндісі алынды. Аталған қоректік орталарда саңырауқұлақтардың ауа және субстратты мицелийлерінің түсі, колонияларының шеті және спора түзу ерекшеліктері зерттелді.

         Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақтарға тән культуралды-морфологиялық белгілер сабан қайнатпасында байқалды. Trichoderma штамдарының колонияларының мицелийлері киіз тәрізді, күшті дамыған. Конидиалдық газон алғашқы уақыттағы ашық жасыл түстен, уақыт өте келе күңгірт жасыл түске дейін боялды. Сабан қайнатпасы ауа және субстратты мицелийлердің қарқынды дамуына жағдай жасай отырып, мол спора түзу үрдісіне де септігін тигізді.

      

3.3 Trichoderma туысы саңырауқұлақтарының морфогенезі

Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақтардың Tr. lignorum түрінің №124, №134  және Tr. album түрінің №115, №340, №350 штамдарының морфогенезі слайд культураларда зерттелді. Саңырауқұлақтар морфогенезін зерттеуге қорексіз агар, Чапек-Докс қоректік орталары және дистилденген су алынды. Зерттеу барысында спораның өнуінен бастап, мицелийдің өсуі және бұтақтануы, конидийлердің пайда болуы сияқты морфогенез үрдістері арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген Биомед-4 микроскопы арқылы  тәулік сайын  суретке түсіріліп отырылды (сурет 1).

 

 

 

 

 

 

 

 

     а)                         б)

Сурет 1 – Өсірудің 4 тәулігіндегі саңырауқұлақ мицелийі мен конидий

             түзілу үрдісі көріністері (Х1600). а) -қорексіз агардағы Т.134

              штамы; б) – Чапек  -Докс ортасындағы Т.134 штамының конидий

               жастықшасы

 

3.4 Trichoderma саңырауқұлақтарының ферментативтік  белсенділігі

 

Триходермальдық саңырауқұлақ штамдары сүзгі қағазды 5 тәулікте ыдыратуға  қабілетті. Зерттеуге алынған Trichoderma штамдарының барлығы жоғары целлюлазалық қабілет танытты. Т.124, Т.340, Т.420, Т.386 штамдарының сүзгі қағазды ыдыратуы процесі өте жоғары қарқынмен өтті

(1 кесте). 

Штамдардың пектиназалық қасиеті 3-ші тәулікте байқалды. Әсіресе  Т.124, Т.134 штамдары үшін жоғары пектиназалық белсенділік тән. Trichoderma туысы штамдарының ішінде тек Т.34, Т.124, Т.386  5  тәулікте ғана сүтті коагуляциялай алады. Желатинаны триходермалық саңырауқұлақ штамдарының ешқайсысы сұйылта алмады.

 

1 кесте - Trichoderma туысы саңырауқұлақтары штамдарының

                ферментативтік белсенділігі

 

Штамм

Сүтті ұйытуы

Желатинаны 

сұйылтуы

целлюлаза

лецитиназа

пектиназа

Tr. lignorum

Т.34

+++

---

++-

---

++-

Т.124

+++

---

+++

---

+++

Т134

---

---

++-

---

+++

Т.386

+++

---

+++

---

++-

Т.420

---

---

+++

---

++-

Tr. album

Т.115

---

---

++-

---

++-

Т.340

---

---

+++

---

++-

Ескерту: +++  - өте жоғары; ++-  - орташа; +--  - әлсіз;  ---  - өте әлсіз


 

Trichoderma штамдарын сарыуызды тұзды агарда өсіргенде қоректік ортаның түсінің күңгірт тартуы байқалған жоқ, бұл аталған саңырауқұлақтарда лецитиназаның жоқтығын, олардың жануарлар үшін патогенді емес екендігін айқындайды. Біздің тәжірибелеріміз көрсеткендей, жекелеген штамдар амилазалық қасиетке ие. Крахмал қосылған  Чапек-Докс қоректік ортасында өсуіне қарамастан, бірқатар штамдар мысалға, Т.115, Т.420, Т. 340 крахмалды сахарозаға дейін ыдырата алмайтыны байқалды.

Жүргізілген зерттеу  нәтижелерінен карбонатты оңтүстік қара топырақтарда астық дақылдарының тамыр аймағында тіршілік ететін  Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақ штамдарының жоғары целлюлазалық және пектиназалық қасиеттері анықталды. Бұл қасиеттер аталған штамдардың топырақтағы өсімдік қалдықтарын белсенді ыдыратуға, соның нәтижесінде өсімдіктерді қоректік элементтердің сіңімді формаларымен қамтамасыз етуге қосатын үлесінің зор екенін дәлелдейді.

 

3.5 Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақтардың қорек

қажеттілігі

3.5.1 Азот көздерін  сіңіру қабілеті

Күкірт қышқылды аммоний, хлорлы аммоний орталарында өсірілген Tr. album Т.340 штамында ақ түсті ауа мицелийінің үстінде сары түсті шеңберлер қалыптасты. Молибден қышқылды аммоний ортасы Т.350 штамының антибиотик түзу қабілетін арттырады, осы ортада   ақшыл-сары, жасыл түсті түйіршіктер аралас шеңбер түзеді.

Біздің мәліметтеріміз бойынша триходерма саңырауқұлақтары штамдарының өсуіне ең оңтайлы қорек көзі болып азот қышқылды натрий, азот қышқылды барий, азот қышқылды калий, азот қышқылды магний саналды. Триходерма саңырауқұлақтарының азот қышқылды кобальт және көмірқышқылды аммоний қосылған орталарда толық мәнді колониялары түзілмеді.

Жалпы триходерма туысының штамдары азот қосылыстарына аса  талғамсыз, көптеген азот көздерін қорек  ете алатыны анықталды.

         3.5.2 Көміртегі көздерін пайдалану қабілеті

Тәжірибелік тұрғыдан саңырауқұлақтардың өзгергіштігі өсімдікті қорғауда қолданылатын биопрепараттар жасау үшін және сұрыптауда пайдаланылатын штамдардың өнімділігін арттыруда маңызы өте зор. Кез-келген ағзаның морфологиялық өзгерісінің негізінде физиологиялық және биохимиялық реакциялар жататынын ескере отырып, біз антагонист-саңырауқұлақтардың көміртегі көздерін қажет етуіне байланысты физиолого-морфологиялық өзгергіштігінің даму ерекшеліктерін зерттеуді алға қойдық.

5 түрлі көміртегі көздерінің  ішінде Tr. lignorum штамдарының глюкоза мен мальтоза қосылған орталарда қарқынды өсуінің куәсі болдық. Маннит қосылған орталарда өсу қарқыны салыстырмалы түрде төменірек болғанымен, спора түзу қарқындылығы жоғары (сурет 2).

Tr. album Т.350, Т.340 штамдары алынған көміртегі көздерінің барлық түрін жақсы сіңіретінін байқатса, Т.115 штамы тек мальтоза, лактоза, глюкозаны жақсы пайдаланды. Алайда, Т. 115 штамына қарқынды спора түзу тән.

       

  

а)                                          б)

Сурет 2 – Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақтардың әртүрлі

                 көміртегі көздері қосылған Чапек қоректік ортасында өсуі:

                а) – маннитпен - 38 – шт. Т.82; б) - лактозамен -  46 – шт. Т.82

               

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, көміртегі көздері Trichoderma album     штамдарының культуралды-морфологиялық белгілерінің өзгеруіне әсер етпейтіні байқалды. (2 кесте).

Субстраттық мицелий  қорек көздерінің  түріне қарамастан ашық жасыл түсті болды, ал ауа  мицелийі ақ түстен күңгірт-жасыл түске  дейін боялды. Т.350 штамы галактоза мен рафиноза қосылған Чапек қоректік ортасында колония түзбеді.

Tr. album саңырауқұлағының штамдары қанттың көптеген түрлерін пайдалана алады. Олардың өсу қарқындығы арабиноза мен рамноза қосылған қоректік орталарда жоғары, колония диаметрлері 70-90 мм дейін жетті.

 

2 кесте - Көміртегі көздері қосылған қоректік орталардағы Tr. album 

                      штамдарының культуралды-морфологиялық белгілері

 

Көміртегі көзі

Мөлшер, мм.

Ауа мице-лийінің түсі

Субстратты мицелийдің түсі

Колония шеті

Ескерту

Шт. Т. 115

Арабиноза

90±4,5

ақ, күңгірт-жасыл

ашық жасыл

түкті

қарқынды өсу

Рамноза

73±3,7

жасыл

ашық жасыл

түкті

түйіршіктердің түзілуі

Галактоза

75±3,8

күңгірт- жасыл

ашық жасыл

түкті

түйіршіктердің түзілуі

Шт. Т. 340

Арабиноза

90±4,5

күңгірт-жасыл

ашық-жасыл

түкті

қарқынды өсуі

Рамноза

78±3,9

күңгірт-жасыл

ашық-жасыл

түкті

түйіршіктердің түзілуі

Галактоза

90±4,5

күңгірт-жасыл

ашық-жасыл

түкті

түйіршіктердің түзілуі

Рафиноза

75±3,8

күңгірт-жасыл

ашық-жасыл

түкті

түйіршіктердің түзілуі


 

Көміртегі көздеріне байланысты Tr.lignorum штамдарының культуралды-морфологиялық белгілерінің өзгеруі шамалы. Түрлі көміртегі көздері қосылған қоректік орталарда саңырауқұлақтың ауа мицелийі жақсы жетілген ақ немесе күңгірт-жасыл түсті, стромасы ақ, ашық-жасыл түсті болды. Колония шеттері тегіс емес, түкті.

Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей зерттеуге алынған штамдардың культуралды-морфологиялық  белгілері көміртегі көзіне байланысты өзгеріп отырды. Tr. lignorum және Tr.album штамдары қантты кең ауқымда қолдана алатыны көрінді. Спора түзу барлық орталарда жақсы жүрді.

Жалпы алғанда, біз анықтағандай әртүрлі  триходерма туысы штамдарына азот және көміртегі көздерінің жарамдылығы  біркелкі емес, олар азоттың бейорганикалық формаларын: аммиак селитрасы, аммоний  тұздарын (лимон қышқылды, молибден қышқылды) сіңіруге қабілетті. Trichoderma туысы штамдарының әртүрлі көміртегі көздерінің сіңімділігі бойынша алғашқы қатарларда глюкоза, лактоза, маннит болса, сахароза және мальтоза қосылған орталарда сәл төменірек.

Информация о работе Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақтардың биологиялық ерекшеліктері және оларды ауыл шаруашылығы практикасында қолдану