Химиялық өндірісті жобалаудың кезеңдері және ұйымдастыру
Реферат, 26 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Болашаққа жоспарлау халық шаруашылығы өнімінің белгілі бір түріне деген сұранысын оның іс-жүзінде өндірілуімен салыстыра отырып, мемлекет территориясында тиімді орналастыруға мүмкіндік береді. Болашағы бар жоспарлардың мәліметтері жаңа өндірістік кәсіпорынның құрылысын жүзеге асырудың жобалық құжаттарын жасақтау кезіндегі алғашқы құжат болып табылады.
Файлы: 1 файл
Химиялық өндірісті жобалаудың кезеңдері және ұйымдастыру.doc
— 671.50 Кб (Скачать файл)- Химиялық өндірісті жобалаудың кезеңдері және ұйымдастыру.
- Болашағы бар жоспар және техника-экономикалық негіздеме
Болашаққа жоспарлау халық шаруашылығы өнімінің белгілі бір түріне деген сұранысын оның іс-жүзінде өндірілуімен салыстыра отырып, мемлекет территориясында тиімді орналастыруға мүмкіндік береді. Болашағы бар жоспарлардың мәліметтері жаңа өндірістік кәсіпорынның құрылысын жүзеге асырудың жобалық құжаттарын жасақтау кезіндегі алғашқы құжат болып табылады.
Үкіметтің шешімінің негізінде экономикалық аудандардың және өнеркәсіптің жеке салаларының болашақта даму жоспарын ескере отырып, жобалық ұйымдар кәсіпорын құрылысының техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) баяндамалық хат және техника-экономикалық есептеулер (ТЭЕ) түрінде құрастырады. ТЭН және ТЭЕ өндірістің жаңа кәсіпорын салудың, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңартудың қажеттілігін экономикалық тұрғыдан дұрыс болатындығын негіздейтін алғашқы жоспарлық немес жоба алдылық құжат болып табылады.
Алаңды таңдау және оны
келісімдеу жобаны жасақтау кез
- Жобалауға тапсырма
Жобаланудағы өндірістің (кәсіпорынның) кез келгені саланың даму жоспары мен экономикалық ауданның мұқтаждығына сәйкес түзіледі. Өндіріс жобалауға тапсырманы түзуден басталады. Жобалау процесі инженер-жасақтаушылардың (зерттеушілер, технологтар, механиктер, экономистер, электриктер және т.б.) интеллектуалдық іс-әрекеттерінің творчестволық түрлерінің бірі болып табылады. Химиялық идея мәселесінің инженерлік-техникалық шешімдермен түйісуі жобалаудың шынайы мәні мен соңғы мақсаты болып табылады.
Өндірістік кәсіпорынның
- кәсіпорынның аты;
- жобалау үшін негіздеме, аудан, пункт және құрылыс алаңы;
- өнімнің номенклатурасы және оның негізгі түрлері бойынша толықтай дамуы мен бірінші кезеңдегі өндірістің қуаты (натуралдық және ақшалай қаражатқа шаққанда);
- кәсіпорынның жұмыс істеу режимі және меңзелінген мамандырылуы;
- кәсіпорынның құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде шикізатпен, сумен, жылумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз етудің негізгі көздері;
- тастанды суларды тазарту және оларды тастау шарттары;
- негізгі технологиялық процестер мен қондырғылар;
- кәсіпорынның болжам бойынша дамуы (кеңейуі);
- құрылыстың меңзелінген уақыты;
- қаржылық салымдардың меңзелінген мөлшері және кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері;
- тұрмыстық және мәдени-сауықтыру нысандарының құрылысын жобалауға мәліметтер және жобалаудың сатылары;
- бас жобалаушы ұйымның аты;
- бас мердігердің құрылыс мекемесінің аты.
Өндірістік кәсіпорынның жобасы дегеніміз – (ауқымды қарастырғанда) бұл принципиалды негіздемелері, есептеулері, сызбалары, жасауға, даярлауға немесе қайта жасақталынуға тиісті құрылымдардың, қондырғылар, машиналар, аппараттар және т.б. арналған макеттердің техникалық құжаттарының кешені.
Архитектуралық жоба адамның ғылыми-негіздемелі құрылымдық идеясын кеңістікте ұтымды ұйымдастыруын жүеге асыруы үшін болашақ ғимараттың, құрылымның немесе кешеннің негізі кез келген көркемдік әдіс арқылы (макет, сурет, сызба, фото) материалдық (құрылыстық-техникалық) және идеялы-көркемдік (эстетикалық) жүзеге асырылған құжат болып табылады.
Өндірістік кәсіпорынның
- халық шаруашылығының белгілі бір немесе аралас салаларында ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктеріне негізделінген өнімді даярлауға арналған қондырғылардың жүйесі секілді өндіріс технологиясы;
- тиімді технологиялық процесті оның үздіксіз дамуын, экономды инженерлік құрылыстық шешімдердің қарапайымдылығы мен әмбебаптығын, жұмысшы қызметкерлерге еңбектік және тұрмыстық ыңғайлылық пен жайлылықты, құрылымның кескінін көркемдік-идеялық сәнділігін және оның бөлек бөлшектерінің әдемілігін қамтамасыз ететін көлемдік-жоспарлық шешімдер;
- технологиялық процесті ұйымдастыруды ең жақсы шарттарымен және оның уақыт өте дамуын қамтамасыз етуді, құрылыстық өндірістің механизацияланған шарттарына сай келетін құрылымдар мен кешендердің көлемдік жоспарлық құрылыстарының үйлесімді негізі болатын тиімді құрылыстық құрылымдармен инженерлік қондырғылар.
Сонымен, өндірістік кәсіпорындарды архитектуралық жобалау – бұл ғылыми-техникалық, экономикалық, құрылыстық және эстетикалық, олардың ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс істеу, демалу, денсаулықтарына қатысты қамқорлықты ойластыруға байланысты сұрақтардың кешенді түрде шешімін табуға бағытталған творчествоның бір саласы.
- Алаңды таңдау реттілігі және техникалық ізденістер
Құрылыс алаңы кәсіпорындарды эксплуатациялауды ұйымдастыруда тиімді әрі үнемді болуды, атмосфераға шығарылатын тастанды қалдықтар бойынша санитарлық шектеулерді сақтауды қамтамасыз етуі және мүмкіндік болса елдімекенге, сумен қамтамасыз ету көзіне, энергиямен қамдауға, теміржолға, қалдық суларды тастауға арналған жерге жақын маңда орналасуы керек.
Құрылыс алаңы өндірістік
корпустардың едендерінің
Зауыттың алаңын дұрыс таңдауды жүзеге асыру территорияны орналастыру, жоспарлау, құрылыстық климатологияның талаптары секілді техника-экономикалық және инженерлік талаптардың кешендерін мұқият ескере отырып, жасалады.
Құрылыс ауданын таңдау
- ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын жүргізуге қолайлы жердің болуы;
- табиғи топографиялық, гидрогеологиялық, метеорологиялық шарттар;
- шикізаттың болуы;
- темір және автокөлік жолдарының болуы;
- зауыттың құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін жасалынатын құрылысқа жұмсалынатын шығындардың мөлшері;
- құрылыс ауданында жұмысшы күштер мен тұрмыстық қордың бар болуы;
- бұйымды өткізіп жіберу нарығының болуы;
- зауыттың энергетикалық ресурстары;
- кәсіпорынды сумен қамтамасыз ету мүмкіндігінің болуы;
- қаланың басқа да кәсіпорындарымен киілісе үйлесу мүмкіндігінің болуы.
Құрылыс ауданы таңдалынып
алынғаннан кейін келесі
- алаңның жеткілікті көлемі және оның кеңею мүмкіндігі;
- жер телімнің конфигурациясының ыңғайлылығы;
- жер телімнің және оған іргелес жерлердің алаңдарын ғимараттар мен көліктік жолдарға арнап осы жерлерде жерге қатысты жұмыстарға жұмсалынатын шығынның минималды болуына ықпалдайтын топографиялық шарттардың болуын;
- құны қымбатқа түсетін жасанды іргелер мен терең фундаменттерді қолданбай-ақ құрылысты жүргізуді қамтамасыз етеін қанағаттанарлық деңгейдегі геологиялық және гидрогеологиялық шарттар;
- магистральді байланыс жолдарына (теміржол, су және автокөлік) тиімді жанасу мүмкіндіктері;
- алаңның су көзіне, тастанды суларды лақтырып шығару жерлеріне, энергия көздеріне және халық қоныстанған жерлерге қатысты тиімді орналасуы.
Кәсіпорындарды жобалауда
2-сурет. Кәсіпорынның бас жоспары:
1 – зауыталдық зона, 2 - өндірістік зона, 3 – көмекші жайлар, 4 – қоймалық жайлар
Кәсіпорынның зауыталды зонасы кәсіпорында еңбек ететін адамдардың кәсіпорынға келу кездеріндегі негізгі кіреберіс жерлеріне орналастырылады. Зонаның жобалық шешімдері қаланы салу талаптары мен сәулеттіліктің сәні де мәнді тұрғысынан ұштастырылуы тиіс. Бұл зонада еңбек етушілерге қызмет көрсетуге арналған ғимараттардың тобы орналастырылады: зауыт басқармасы, зауыттың орталық зертханасы, аурухана, асхана, гараж және т.б. нысандар. Осы зонада кәсіпорынға кіруге арналған басты кіреберіс және көліктерге арналған ашық автобекеттік бас зауыталды алаңы орналастырылады.
Өндірістік зонаны ереже бойынша кәсіпорын алаңының орталық бөлігінде орналастырады. Осы зонада өнеркәсіптік өнімдердің әрбір түрін даярлап, өңдеп және жинақтап шығаратын негізгі өндірістердің ғимараттарын, көмекші өндірістердің (құрал-саймандық, қайта жөндеу, тәжірибелік цехтар және т.б.) ғимараттары орналастырылады.
Көмекші зоналарды өндірістік зоналарға жақын орналастырады. Бұл зонада қызмет көрсету өндірістері, яғни электростанция, компрессорныйлар, газгольдерлер, газогенераторлар, котельныйлар және т.с.с. орналасады.
Қоймалық зоналар кәсіпорынның жұмыс істеуіне қажетті шикізаттарды жеткізіп кіргізуге және даяр өнімдерді алып шығаруға теміржол желісін ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін ескере отырып, сыртқы шекаралық жерлерде орналастырылады.
1.4 Қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша жобалық құжаттарды жасақтау
1.4.1 Экологиялық болжау
Экологиялық болжау жобаланудағы нысанның құрылысы мен эксплуатациялануының, яғни меңзелуіндегі шаруашылық тіршіліктерінің қоршаған ортаның құрамдас бөліктерімен әсерлесуіне алдын ала болжамдар жасау мақсатында жасалынады.
Экологиялық болжау процесі
келесі реттілікпен жүзеге
- Қоршаған орта параметрлеріне сараптама жасау. Бұл табиғи шарттарды, жобаланудағы нысанның жұмыс істеу жағдайында орналасуды және қазіргі жағдайда өзге де шаруашылық тіршіліктердің нәтижесіндегі технологиялық жүктемелерді бағалауды қамтиды.
- Жобаланудағы нысанның меңзеліну мақсаты, эксплуатациялануына тән ерекшеліктерін, шығарылатын залалдаушы заттардың түрі мен олардың шығарылу жиілігін, құрылыс ауданында табиғи жағдайдағы шарттардың бұзылуының болжамды параметрлерін және т.с.с. қоршаған ортаға әсер ету сипатын анықтау.
- Нысанның әсеріне душар болатын экологиялық жүйенің параметрлері мен оның құрамдас бөліктерінің шекараларын анықтау (табиғи ортаның әрбір құрамдас бөлігіне ықпал ету жағдайын бағалау кезінде жасалынады).
- Жобаланудағы нысанмен әсерлесудегі табиғи құрамдас бөліктердің жеке-дара маңыздылығын анықтау.
- Жобаланудағы нысанның қоршаған ортамен әсерлесуінің болжамын жасақтау.
Құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде өнеркәсіптік нысандар ортаның әртүрлі құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Олардың қатарына:
а) құрылысқа жүргізуге бөлінген
жер теліміндегі топырақ
ә) жерді қазып ұңғымалар
және суды қажетті бағытқа
бұруға арналған бағыттағыштар
салу нәтижесінде
б) жер беткі және жер асты
суларын нысанды сумен