қызықты физика ойын сабақ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 15:50, статья

Описание работы

Баршаңыз да «Қызықты физика» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!
Біз бүгінгі кешімізді 9-шы сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Бұл ойынға әрбір сыныптан бір-бір командадан қатынасып отыр.Ендеше,ортаға ойыншыларымызды шақырамыз: «Күш» командасы, «Қуат» командасы, «Үдеу» командасы.Ойыншыларымызға қол соғып, қошамет көрсетіп қояйық.

Файлы: 1 файл

«-ызы-ты физика» атты ойын-сауы- кеші.doc

— 62.50 Кб (Скачать файл)

«Қызықты физика» атты ойын-сауық кеші

Мінеки  залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қостайық,

Кешіккендерді тоспайық

Ғылымдардың ғылымы,

Физикамыз жайында

Кешімізді бастайық.

 

Қайырлы күн құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.

Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

Өс,өркенде, қанат жайып кемелден.

 

  Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!

Баршаңыз да «Қызықты физика» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!

  Біз бүгінгі кешімізді 9-шы сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Бұл ойынға әрбір сыныптан бір-бір командадан қатынасып отыр.Ендеше,ортаға ойыншыларымызды шақырамыз: «Күш» командасы, «Қуат» командасы, «Үдеу» командасы.Ойыншыларымызға қол соғып, қошамет көрсетіп қояйық.

  Ал,қазір ойын шартымен таныстырып өтейік.Жалпы ойынымыз 7 турдан турады.

 

  1. Сәлемдесу рәсімі.
  2. Жорға.
  3. Тапқыр болсаң-тауып көр.
  4. Бәйге.
  5. Кім жылдам.
  6. Жұмбақтар әлемінде.
  7. Капитандар сайысы.

 

Армысыздар,қымбатты төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздерде әділ баға берерсіздер-

дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар              алқасымен танысып өтейік:

Жәмилә Сәрсенбайқызы,Абай Боранбайұлы, Роман Таберханұлы.

 

Кезек,келіп,өжеттеніп,сөз аппын,

Танысайық, ғажап ойын,ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та,байда емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші

1-тур Командалардың сәлемдесу рәсімі.

Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге

және қарсыластарына сәлем береді.Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға

берейік.

 Міне, біз ойыншыларымызбен таныстық.Осы сәлемдесу рәсімінің бағасын

беріңіздер. Ең жоғарғы ұпай - 5.Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

2-тур. «Жорға»

 Әр командаға сұрақтар оқылады,әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпайдан

беріледі.Сонымен команда капитандары шығып сұрақтарды таңдап алсын.

1 – сұрақтар  тобы

1.Энергияның дененің көбірек  қозған бөлігінен азырақ қозған  бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік

2.Заттың сұйық күйден қатты  күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.

3.Тұтас алғанда бүкіл атом заряды-Бейтарап

4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін  құрал-Амперметер

5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-Кернеу.

6.Қуат бірлігі-Ватт (Вт)

7.Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле

8.Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын  физикалық шамаларды басқаша  қандай шамалар деп атайды?-Векторлық

9.Материяның ажырамас қасиеті?-Қозғалыс

10.ХБЖ  жылдамдық бірлігі-(м/с)

11.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын  сипаттайтын физикалық векторлық шама  – Үдеу

12. Еркін түсу үдеу неге тең ?- 9,8м/с2

13.Период қандай әріппен белгіленеді ? – Т

14.Бұрыштық жылдамдықтың бірлігі ? – (рад/с)

15.Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық  жылдамдық арасындағы қандай  байланыс бар -

16.Цетрге тартқыш үдеу қалай  бағытталған ? – Центрге қарай

17. ненің графигі ? – Парабола

18.Материалық нүктенің айналу  центрінің маңында 1 с. ішінде жасайтын айналым саны -  Жиілік

19. Жылдамдық қандай әріппен  белгіленеді ? -

20.Жол қандай шама ? – Скаляр

 

2 – сұрақтар  тобы

1.Жұмыс істемей – ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі – Жылу берілу

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы – Балқу

3.Дененің электрленгенің анықтауға арналған прибор – Электроскоп

4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек – Электрон

5.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – Электр тогы

6.Кернеу бірлігі – Вольт (В)

7.Тоқ күші кернеуге тура кедергіге тура пропорционал.Бұл кімнің заңы ?- Ом заңы

8.Қарастырылып отырғын жағдайда өлшемі мен пішінің ескермеуге болатын дене ?- Материалық нүкте

9.Векторлардың проекциялары қандай шамалар болады ?-Скаляр

10.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр

11.ХБЖ үдеудің бірлігі ?- (м/с2)

12.Еркін түсу үдеуі қандай әріппен белгіленеді ? - g

13.Нүктенің шеңбер бойымен 1 айналым жасауға кеткен уақыты ?-Период

14.Шеңбердің 2 радиусының арасындағы центрлік бұрыш – Радиан

15.Орын ауыстыру қандай шама ? –Векторлық

16.Уақыт қандай әріппен белгіленеді ? – t

17.Шеңбер бойымен қозғалған дененің бұрыштық жылдамдығы қалай бағытталады? - Шеңбердің бір нүктесінен жүргізілген жанама бойымен  бағытталады.

18.Уақыт қандай прибормен өлшенеді ? – Сағат

19. қандай қозғалыстың теңдеуі ?- Бір қалыпты үдемелі

20.Өте аз орын ауыстырудың осы орын ауыстыруға кеткен өте өз уақытқа қатынасы не болып табылады – Лездік жылдамдық

 

3- сұрақтар тобы

1.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы – Жылу мөлшері

2.Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы – Кебу

3.Электр зарядының бірлігі – Кулон (Кл)

4.Ядродағы бейтарап бөлшек – Нейтрон

5.Кернеуді өлшейтін прибор – Вольтметр

6.Тоғы бар өткізгіштен бөлініп шығатын жылудың мөлшері тоқ күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісі және уақыттың көбейтіндісіне тең – Джоуль-Ленц заңы

7.Ішінде темір өзегі бар катушка – Электромагнит

8.Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен арақашықтығын не дейді ? – Жол

9.ХБЖ уақыттың бірлігі – (с)

10.Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытың сипаттайтың физикалық векторлық шама – Жылдамдық

11.Жиілік қандай әріппен белгіленеді? -

12.Дененің орнын қандай үш тәсілмен анықтайды ?- Векторлық, координатолық және траекториялық

13.Период пен жиілік бір- біріне қандай шамалар? – Кері

14. Үдеу қандай әріппен белгіленеді? – а

15.Физикалық шамаларды өлшеудің қандай түрін білесің –Тікелей және жанама өлшеулер

16.ХБЖ бұрыштық ығысу немен өлшенеді ? –Радиан

17. әрпімен қандай шама белгіленеді ?- Бұрыштық жылдамдық

18.Центрге тартқыш үдеуді басқаша қалай атайды? – Нормаль үдеу

19.Акселерометрмен қандай шама өлшенеді?-Үдеу

20. қандай қозғалыстың теңдеуі?-Бір қалыпты кемімелі.

 

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

 

 3-тур  «Тапқыр болсаң-тауып көр!»

Әр командаға ребус пен сөзжұмбақ беріледі.Оны да капитандары шығып

алады.Шешімдері қазылар алқасына береді.

4тур  «Бәйге»

 Әр команда берілген қағазға белгілі бір уақыт ішінде білетін барлық физикалық

шамаларын жазады. Жауаптары қазылар алқасына беріледі,әрбір физикалық

шама үшін бір ұпайдан беріледі.

5-тур  «Кім жылдам?»

Конверттегі берілген сөздердерден әр команда жарыса физикалық мағынасы бар мақал құрастырады.

1-мақал.

Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды.

2-мақал.

Аузы күйген үрлеп ішеді.

3-мақал.

 Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

 Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік,олар соңғы үш турдың бағасын айтады.

   6-тур «Жұмбақтар әлемінде»

 Барлық командаға  бірдей жұмбақтар оқылады, әр  команда жарыса жауап береді.Бір жұмбаққа бір ұпайдан беріледі.

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың.   (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?  (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?   (Жылдамдық)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді.   (Үдеу)

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.     (Күш)

6- жұмбақ.

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек.  (Тығыздық)

7- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады.      (Қысым)

8- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.        (Масса)

7-тур «Капитандар сайысы».

Әр команданың капитандары берілген есепті шығарулары керек.

1-есеп.

 Велосипедші еңіске  қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.

Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса, 0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?

2-есеп.

 Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?

 3-есеп.

 Велосипед дөңгелегінің  радиусы 40см. Егер дөңгелек 100 айн/мин  жасайтын болса, онда велосипедшінің жылдамдығы қандай?

 

 Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың жалпы қорытындысын әділ қазылар есептегенше кезекті әнге береміз. Мусина Шырынның орындауындағы «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

  Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 


Информация о работе қызықты физика ойын сабақ