Қазақтың ұлттық ойындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2012 в 12:43, реферат

Описание работы

Ат спорты.Қазақ халқының тарихи өмірі, оның ішінде спортпен шұғылдануы жылқы малымен тікелей байланысты.
Қазіргі заманда көптеген елдерде ат спорты кеңінен тараған.Ат спортымен шұғылдану адамнан батылдылықты, күш-қайратты, сонымен бірге жылқы малына деген шынайы сүйіспеншілікті қажет етеді.

Файлы: 1 файл

Қазақтың ұлттық ойындар1.doc

— 25.00 Кб (Скачать файл)


           Қазақтың ұлттық ойындары.

 

   Ат спорты.Қазақ халқының тарихи өмірі, оның ішінде спортпен шұғылдануы жылқы малымен тікелей байланысты.

   Қазіргі заманда көптеген елдерде ат спорты кеңінен тараған.Ат спортымен шұғылдану адамнан батылдылықты, күш-қайратты, сонымен бірге жылқы малына деген шынайы сүйіспеншілікті қажет етеді.

   Қазақта бәйге жарысы мен қыз қуу өте кең тараған.

   Қазақтың ұлттық ат спортының түрлері:

1)     Бәйге - әрқандай қашықтықтарға атпен жарысу.

2)     Қыз қуу – атқа мініп қашқан қызды қуып жету.

3)     Көкпар – бауыздалған ешкіні тартысу.

4)     Аударыспақ – атқа мінген екі адамның бірін-бірі аттан аударып жерге түсіруі.

5)     Жамбы ату – атпен тоқтамай шауып келе жатып найзаны жоғарыда ілулі тұрған нысанаға көздей лақтырып шаншу.

 

                               Атқаума.

 

   Ойынды алты бала үш-үштен бөлініп ойнайды.Бір бала ол қолымен өзінің оң білегінен ұстайды.Қарама-қарсы бала да сөйтеді.Содан кейін бос қалған қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды.

   Үшінші бала көзін шүберекпен байлап екі баланың айқасқан қолына отырады.Қол ұстасып тұрған балалар: «Атқаума, Атқаума» - деп, мөлшерлі жерге дейін жүгіріп барады.

 

                                Айгөлек.

 

   Ойын жазық жерде өткізіледі.Ойын тәртібі: жиналған балалардың ішінен екеуі шығып, басқаларды екіге бөледі де, әрқайсысы өз тобын басқарады.

   Басқарушылар екі топты бір-біріне қарама-қарсы 40-50 метр қашықтыққа қаз-қатар тұрғызады.Сонан соң екі басқарушы ойын бастйтын топты белгілеу үшін жеребе тастайды да, қайта өз топтарының қасына барып тұрады.Ойын бастаушы топ екінші топтың ішінен (басқарушыдан басқа) бір баланы тақпақ айтып шақырады: - Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізге батыр ұл керек, бізге батыр қыз керек, сонау тұрған Талғаттың өзі керек, - деп дауыстаған уақытта шақырылған бала тұрған топтан қолын босатып, жүгірген бетімен бірінші тотың қол ұстасып тұрған балаларының арасын кеудесімен үзіп кетуге тырысады.Егерде жүгіріп келуші бала күшті болса, үзіп кетеді. әлсіз болса, үзе алмай, ұсталып қалады.

   Шақырылған бала қатарды үзіп өтсе, өткен жеріндегі екі баланың бірін өз тобына алып кетеді.Егер үзіп өте алмаса, сол топта қалады.Осыдан кейін ойынды екінші топ жалғастырады.

   Ойын осы тәртіппен бір жағы таусылғанша жалғаса береді.Таусылған жағы жеңілген, қосып алған жағы жеңген болып есептеледі.

   «Айгөлек» ойыны жастардың денесін щынықтыруға, ұстамдылыққа, күштілікке тәрбиелейді.



Информация о работе Қазақтың ұлттық ойындары