Атырауский нефтеперерабатывающий завод

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2015 в 18:57, дипломная работа

Описание работы

Мұнай өңдеуде әртүрлі өнім шығарылуы - мұнай сапасына тәуелді. Сонымен бірге дұрыс техникалық процесті таңдау маңызды роль атқарады.
Шикі мұнайдан бір процесс арқылы соңғы немесе товарлық мұнай өнімдерін алуға мүмкін емес (газдан басқасы). Олар бірнеше тізбекті қондырылған құрылғылардан өнделіп алынады.Сол тізбектегі бірінші орын алып тұрған қондырғылардың біреуі – ЭЛТҚ АВҚ (электротұзсыздандырғыш қондырғы атмосфера вакуумдық құбырлық). Сондықтан берілген қондырғынан кейін тізбекте орналасатын қондырғылардың жұмысы осы қондырғының жұмыс істеу сапалығына тәуелді.

Содержание работы

Кіріспе
Атырау өндеу зауытының қайта құру
Мұнай сипаттамасы
2.1 Бензин фракцияларының сипаттамасы және оның қолдануы
2.2 Дизель фракцияларының сипаттамасы және оның қолдануы
2.3 Вакуум (май) дисилляттардың сипаттамасы және оның қолдануы
2.4 Қалдақтардың сипаттамасы және оның қолдануы
Технологиялық бөлім
3.1 Ректификация процесі.
3.2 Мұнайды біріншілік өңдеу қондырғының технологиялық схемасы (ЭЛТҚ АВҚ 3).
3.3 ЭЛТҚ блогі.
3.4 Колоналар блогі
3.4.1 Атмосфералық блогі
3.4.2 Тұрақтандыру және анық ректификация блогі
3.4.3 Вакуум блогі
3.4.4 Вакуумдық колонаны қайта құру
Материалдық балансты есептеу.
4.1 АВҚ қондырғысының материалдық балансы
4.2 Негізгі аппараттардың технологиялық есептеулері
Бақылау-өлшеу құралдары және АВҚ жұмысының автоматизациясы.
Еңбек қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы , өртке қарсы сақтық шаралар және қоршаған ортаны қорғау
6.1 Технологиялық процесті қауіпсіз басқарудың негізгі ережелері.
6.2 Қондырғыдағы өрт кауіпсіздік техникасы.
6.3 Қоршаған ортаны қорғау
Қортынды
Қысқартулар тізімі
Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

АНПЗ.doc

— 1.15 Мб (Скачать файл)

АҚ автоматикалық ішкі жүйе апатты жағдайды және процестің параметрлірдң ауытқуын көрсетеді.

АҚ мен ПТК арасындағы байланыс программалық болып келеді.  Зауыттың өндірістік обьектілері бақылау, өлшеу,басқару, жөнге салу және сигналдау қоұралдарымен жабдықталған. Қазіргі уақытта зауыттың АБЖ-сы 200-ден астам компьютерден құралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.    Еңбек  қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы , өртке қарсы сақтық шаралар және қоршаған ортаны қорғау.

 

Қазіргі уақыттағы техниканың дамуы өндірісте «қауіпзіздік техникадан қауісіз техникаға» принципі дамиды. Егер бұрын жұмысшылардың қауіпсіздігі әдейі сақтандырғыш қондырғылар мен жабдықтар қамтамасыз етсе, онды қазір өндірісте қауіпсіз процестер мен аппараттарды ойлап табуға тырысады. Замандас өндірісте энергоқанығу бірнеше есе өсті. Жылдан жылға технологияның дамуының интенсивтілігі кейбір параметрлердің: температура, қысым, қауіпті заттардың құрамының өсуіне және олардың критикалық нүктеге жақындауына әкелді. Аппараттардың бірлік қуаты өсіп, ішіндегі өнделетін заттардың саны жоғарлай береді. Замандас технологиясы бар ірі мұнай өндеу немесе мұнай химиялық зауыттардың шығару номенклатурасы мыңнан асып, кейбір өнделетін өнімдер жоғары токсикалық, қопарғыш және өртқауіпті болып келеді. Экологиялық проблемаларды  шешілуі рационалды проектілеуге тәуелді.

Қондырғыларды проектелгенде, оған қауіпсіздік жағынан қойылатын талаптар:

    • қауіпсіздіктің инженерлік талаптар, қондырғының сенімді, апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
    • гигеналық талаптар: температура мен дымқылдық деңгейі, электро өрістің қуаты, радиация, вибрация, шуыл, токсикалық заттардың бөлінуі;
    • антропометірлік талаптар;
    • психофизиологиялық талаптар.

Сонымен бірге проектілерге өртке қарсы шаралар енгізілуі керек:

    • өндірісте қолданатын өрт қауіпті заттарды төмендету;
    • технологиялық процестер мен жабдықтарды дамыту;
    • МЕСТ-қа сай келетін материалдарды қолдану;
    • жүйе мен қондырғыларды герметизациялау.

 

6.1  Технологиялық процесті қауіпсіз басқарудың негізгі ережелері.

 

1. Қондырғыны қосар алдына, бірнішіден қондырғының, құбырлардың, арматуралардың, бақылау-өлшеу құралдардың, блокировканың, канализацияның, вентиляцияның, жеке қорғаныс және өртсөндіргіш құралдарынның түзушілігін тексеру қажет.

2. Аппраттың, құбырлар мен қондырғылардың ішінде қалып қойған ауаны жалпызауыттың факелдік құбырына жіберуге рұқсат етілмейді.

 3. Ремонтқа берілген бүкіл аппараттарды, қосар алдында герметикаға тексерілу керек.

4. Қондырғының жұмыс жасау уақытында аппараттың қысым мен вакуум параметрлерін бақылау қажет. Оператордың қалқанында орнатылған бақылау және өлшеу құралдардың көрсетулерін қайталау құралдардың көрсетулерімен салыстыру керек.

5. Аппараттағы қысым мен температураның ауысуы жай және жатық жүргізілуі керек. Қысым мен температураның жылдамдығының аусуы, басты инженер қадалаған нұсқауымен жүргізіледі.

6.Қызған мұнайөнімнен сынауды таза және кептірілген металлдан жасалған ыдысқа алынады. Қорғау көзілдірік пен қолғапсыз сынау алуға рұқсат етілмейді және мұнайөнімнің әбден салқындауын сұралады.

7. Аппараттардың немесе құбырлардың корпусында жарылыстар пайда болса, онда ағылып бара жатқан мұнайөнім жануы болдырмас үшін сол жерге бу өткізіп, дефектті жоюдан шаралар қолдану керек.

8. Өрт сөндіргіш жүйе жасамағанда немесе жөнсіз болғанда қондырғыны қолдануға рұқсат етілмейді.

9. Конденсатор мен тоңазытқыштан алынған су құрамында мұнайөнімдер мен реагенттер болмауы керек.

10. Ыстық пеш насостардың жұмыс артынан тұрақты бақылау болу қажет. Қысым лақтыру жағдайында немесе бұл насосты қандыратын заттың деңгейі құлаған жағдайында жарықтық пен дауыстық сигналдар болуы міндетті.

11. Ыстық насостардың кейбір бөліктердің шамадан тыс қыздырылмас үшін салқындату жүйесі тұрақты жасау керек.

12.Қондырғыны қосар алдына, насостарды алдын ала қыздыру керек. Оны насостардың ішіне ыстық мұнай өнімін біртіндеп жібіергені арқылы жетуге болады.

13. Аппараттағы ыстық насосты канығатын мөнайөнімнің деңгейі төмен (апаттық) жағдайда жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.

14. Бүқіл өндірістік ғимараттарда бу мен газдың жиналу концентрациясын бақылау қажет.

15. Бүкіл жарылыс- және өртқауіпті жерлерде және қондырғы территориясында ескерту жазулары іліну керек: «Жарылыс қауіпті», «Өртқауіпті», «Шылым шегуге тиым салынады».

16. Бүкіл технологиялық аппараттар, агрегаттар және құбырлар айыратын таңбалары болу керек.

17. Қондырғыдағы жарықтандыратын арматура, электроқұралдар ждәне электроөткізгіштердің құрылымы «Электроқондырғыштардың құру ережелері» талаптары бойынша болу міндетті.

 

  6.2  Қондырғыдағы өрт кауіпсіздік техникасы. 

 

ЭЛТҚ АВҚ қондырғысындағы процессте өртқауіпті, жарылысқауіпті, қаіпті реагеннтер қатысады.

Өндірісте жоғары температура мен жоғары кернеулік токтың болу, өндіріс аса ерекше қауіпті болады.

Технологиялық процесс өткізгенде қондырғыдағы аса қауіпті жағдайлар:

    • Қондырғы мен құбырлардың бұзылу кесірінен көмірсутек газы, аммиак және мұнайөнімнің  жарылысқауіпті концентрациялардың пайда болуы.
    • Қызметкерлердің улануына әкелетін мұнайбулар мен басқа газдардың ауадаға концентрациясының өсуі.
    • Аппараттар мен құбырлардың жоғары қысым әсерінен жарылысы.
    • Мұнайөнімнің лақтырылуы мен ағып кетуі, пештің жыландықтардың жанып кетуі.
    • Электр тогымен жарақаттану.
    • Қыс периодында мұз, сүмелек пен тайғақ әсерінен жарақаттану.

ЭЛТҚ АВҚ қондырғысындағы ең қауіпті жерлері:

      1. Электродегидраторлардың қызмет істелетін жоғарғы алаңы;
      2. Пештің қасындағы қызмет істеу
      3.   Салқын және ыстық насостар территориясы;
      4.   Вакуум жүйесінің территориясы;
      5.   Котел-утилизаторлардың қызмет істеу;
      6.   Колоналар блогінің территориясы.

 

 

6.3  Қоршаған ортаны қорғау

 

Ауаның ластануы да негізігі экологиялық проблемаға жатады. Ауаның ластануы қауіпті заттардың лақтырудың биіктігіне тәуелді. Егер ауаның қозғалысы ғимаратқа қарай қозғалса, онда ғимараттың төбесінде және артында төменгі қысым облысы пайда болады (аэродинамикалық көлеңке аймақ). Бұл жергілікті аймақтың ішінде ауа церкуляциясы пайда болады, соның себебінен зонаға шаң мен улы газдар енеді. Сондықтан жасалатын бүкіл лақтырулар сол зонадан биік болу қажет. Мұндай шаралар қауіпті заттардың жерге жақын концентрациясын 6 есе кемітеді.

 

Кесте 5.1 Атмосфераға лақтыру

 

Заттың атауы

Концентрация, мг/м3

Кісі тұратын аймақта

Санитарлы-қорғау аймақтың шекарасында

Азот диоксиді

0,2906

0,3069

Күйе

0,0217

0,0313

Күкірт диоксиді

0,5153

0,5656

Көміртек оксиді

0,0243

0,0243

Көмірсутектің қоспасы С6-С11

0,1078

0,1019


 

 

 

 

 

 

 

Кесте 5.2 соңғы өнімнің өртқауіптілік және токсикалық көрсеткіштері

 

Атауы

Токсикалық көрсеткіштер

Дара қорғану құралдары

Өздігінен жану

температурасы, С°

Қауіпті класы

Жұмыс аймағындағы концентрациясы, мг/м3

Бензин

4

300

противогаз

415

ДО

4

300

противогаз

240310

Керосин

4

300

противогаз

300-350

Мазут

4

100

противогаз

350

Майлы газ

4

300

противогаз

430-448

мұнай

4

300

противогаз

500-ден жоғары


 

МӨЗ-да лас су үш түрге бөлінеді:

    • өндірістік, технологиялық қондырғыдан шығатын;
    • тұрмыстық;
    • атмосфералық, жаңбыр немесе қар түрінде.

Өндірісте лас судың тазалаудың үш түрі бар: механикалық, физико-химикалық және биологиялық.

Механикалық тазалау тұрмыстағы суды тазалауға ұқсас, көбінесе тұндырғыштар қолданады.

Физика-химиялық тазалаудың бірнеше түрі бар. Мысалы лас суларға кейбір реагенттерді қосады, олар зианды қосылыстармен реакцияға түсіп, тазалауға әкеледі. Реагенттер эмульсияларды бұзады және қышқыл мен сілтілерді бейтараптанады.

Лас суды тазалау ең оңай және эффективті тәсілі – флотация болып табылады. Суға уақдисперсті ауа көбіктер қосады, нәтижесінде мұнай бөліктері сол көбіктерге жабысып, су бетіне шығады.

Биологиялық тазалау  лас судың құрамындағы органикалық заттарды биохимиялық тотығуы болып табылады. Биологиялық тазалау аэрофильтрларда жүргізіледі.

Таза судың қолдануын максималды түрде төмендету мақсатында, осындай негізгі техникалық шешімге келді:

    • Технологиялық аппараттарда мұнайөнімдерді салқындату үшін ауа қолдану (сумен салқындату орнына);
    • Айналым суларды максималды қайта пайдалану;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРТЫНДЫ

 

Берілген дипломдық жұмыста Атырау МӨЗ-ның өнімділігі 3 млн. тонна жылына ЭЛТҚ АВҚ қондырғысының Манғыстау мен Мартыши мұнай қоспасының отындық вариантымен өндеу, яғни ЭЛТҚ, АҚ мен ВҚ бөлек блоктарының жұмыс принциптерін және АВҚ қондырғының вакуум колонаны қайта құруы қарастырылды.

Қайта құру жүзінде қондырғының ішкі құрылымын ауыстырылды, яғни наулық тарелкалар орнына жаңа клапандық тарелкалар қондырылды. Клапандық тарелкаларды қолдану, фракциялардың анық бөлінуін, өнімнің сапасын және ашық мұнайөнімдерін алынуын үлкейтеді. Сонымен бірге қондырғының  вакуум жасау жүйесін жетілдіріп, жұмыс құбырлары, пештер мен жылуалмастырғыштар ауыстырылды.

Дипломдық жұмыста мұнай мен дайын өнімнің характеристикасы, технологиялық режимнің бақылауы мен нормалары берілген, қондырғының қайта құруға дейінгі және кейінгі материалдық баланс есептелген және қондырғының технологиялық автоматизациясы қарастырылған. Вакуум колонаның есептеуі жасалынған, яғни колонаның биіктігі, төменгі мен жоғары жақтардың диаметрі табылды.

Қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техника бөлімінде қондырғының қоршаған ортаны ластауы және процестің өрт- пен жарылыс қауіптілігі қарастырылды, және АВҚ қондырғының  қауіпсіз жұмыс жасау мен өндірісте жеке қорғану ережелері көрсетілген.

Сонымен АВҚ блогінің К-6 вакуум колонасының қайта құруы нәтижесінде төменсапалық гудрон шығымы азайып, дизельдік отынның  өнделуі кеңейді. Колона берілеген режимге жылдам қосылып, тұрақты жұмыс жасайды және фракциялардың анық бөлінуін мен өнім сапалығының жоғарлауын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

 

  1. ЭЛТҚ АВҚ – электротұзсыздандырғыш қондырғы атмосферо-вакуумдық құбырлық;
  2. МӨЗ – мұнайөндеу зауыты;
  3. АВҚ – атмосферо-вакуумдық құбырлық;
  4. ПГМГ∙Н2О – полигексаметиленгуанидигидрат сулы ертіндісі;
  5. АМӨЗ – Атырау мұнайөндеу зауыты;
  6. ЭЛТҚ АҚ – электротұзсыздандырғыш қондырғы атмосфералық құбырлық;
  7. ДО – дизельдік отын;
  8. КМФ – кең мұнайлы фракция;
  9. ТПАБЖ – технологиялық процесстерді автоматикалық бақылау жүйесі;
  10. ЭЕМ – электрондаесептегіш машина;
  11. АБЖ – автоматикалық бақылау жүйесі;
  12. ПТК – программалық-технологиялық комплекс;
  13. ПЛБ – программалық-логикалық бақылау;
  14. АҚ – апаттан қарғау автоматикалық ішкі жүйе;
  15. МЕСТ – Мемлекеттік стандарт;

Информация о работе Атырауский нефтеперерабатывающий завод