Тұрақты тоқ Машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 17:34, реферат

Описание работы

Тұрақты ток машинасы - айналыс механикалық энергияны тұрақты токтың энергиясына (генератор ретінде) және керісінше тұрақты токтың энергиясын механикалық энергияға (қозғалтқыш ретінде) түрлендіретін электр машинасы. Тұрақты ток машинасы қайтымды, яғни әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде жұмыс істей алады. Мысалы, электрлендірілген жылжымалы құраманың (электровоздардың) тартым қозғалтқыштары және қуатты тұрақты ток электр жетектерінің электрлік қозғалтқыштары осы негізде жұмыс істейді. Тұрақты ток машинасы негізгі магнит өрісі параллель, тізбектеле және аралас қоздырылатын, сондай-ақ тұрақты магниттері бар түрлерге ажыратылады. Ол айналу жиілігін біртіндеп, үнемі әрі кең алқапта реттей алады. Тұрақты ток машинасы өнеркәсіптің электрқозғалтқышының айналыс жиілігін қатаң сақтау және кең аралықта өзгерту қажет болатын саласында кеңінен қолданылады. Оның жұмыс істеу принципі магнит өрісінде зәкірді айналдырғанда оның орамасында ЭҚК-нің индукциялануына негізделген. Тұрақты ток генераторы коллекторлы және коллекторсыз түрге ажыратылады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................5
1.1 Тұрақты тоқ........................................................................................................7
1.2 Айнымалы тоқ..................................................................................................10
1.3 Тұрақты ток машинасы ..................................................................................15
1.4 Аккумулятор....................................................................................................17
Қортынды...............................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер...........................

Файлы: 1 файл

Бека.docx

— 296.04 Кб (Скачать файл)

Сыртқы тізбектегі ток өзінің бағытын  өзгертпейді, бірақ оның шамасы периодты түрде нөлден максимумға дейін өзгеріп  отырады. Мұны тура лүпілдеуші (пулъсациялық) ток деп атайды. Осыған сәйкес генератордың қысқыштарындағы кернеу де лүпілдеп өзгеріп отырады (2.23-сурет). Кернеудің мұндай өзгерістерін жаймалау үшін генератордың якорін бір-бірінен белгілі бір бұрышқа ығысып орналасқан бірнеше бөлімнен құрастырып жасайды. Соған сәйкес коллекторды да якорьмен ортақ осьтен айналатын цилиндрдің бетіне бекіткен бірнеше пластинадан жасайды. Якорьдің әрбір бөлімінің ұштарын әрбір пластина жұптарымен дәнекерлейді. Генератор якорінде туатын ЭҚК әрбір бөлімдегі ЭҚК-тің қосындысынан тұрады және фаза бойынша бір-бірінен ығысқан, сондықтан олар қосылған кезде лүпілдің (пульсация) жаймасы алынады.

Тұрақты ток генераторы, керісінше, электрқозғалтқыш ретінде де жұмыс  істей алады. Ол үшін генератор қысқыштарына қандай да бір сыртқы ток көзін  қосу керек. Егер генератордың якорі  мен индукторы арқылы ток өткізсе, якорь айнала бастайды. Якорьдің өзегін станокпен қосып, оны қозғалыска келтіруге болады. Бұл жағдайда генератор  электр энергиясын механикалық энергияға  айналдырып, электрқозғалтқыш ретінде  жұмыс істейді. Магнит өрісінде тогы бар рамаға айналдырушы момент әсер ететіні бізге белгілі. Рама магнит өрісінің бағытына параллель жазықтықта жатқанда айналдырушы моменттің мәні максимал болады, ал рама магнит өрісіне перпендикуляр орналаскан кезде айналдырушы момент нөлге тең. Рама бұдан әрі айналғанда айналдырушы моменттің таңбасы өзгереді. Сондықтан, егер коллектор болмаса, әрбір жарты айналым сайын айналдырушы моменттің таңбасы өзгеріп отырар еді де, нәтижесінде якорь айналысқа түсе алмас еді. Ал, бірақ коллектор якорь орамындағы токтың бағытын ол өріске перпендикуляр тұрған мезетте өзгертеді, сондықтан айналдырушы моменттің таңбасы өзгермей қалады, сөйтіп, қозғалтқыш жұмыс істейді. Сонымен, кез келген тұрақты токтың генераторын кері қайыруға болады: егер якорьді сыртқы күшпен айналдырса, машина генератор ретінде жұмыс істейді. Ал, егер якорь арқылы ток өткізсе, машина электркозғалтқыш ретінде жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3   Тұрақты ток машинасы

Тұрақты ток машинасы - айналыс механикалық энергияны тұрақты токтың энергиясына (генератор ретінде) және керісінше тұрақты токтың энергиясын механикалық энергияға (қозғалтқыш ретінде) түрлендіретін электр машинасы. Тұрақты ток машинасы қайтымды, яғни әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде жұмыс істей алады. Мысалы, электрлендірілген жылжымалы құраманың (электровоздардың) тартым қозғалтқыштары және қуатты тұрақты ток электр жетектерінің электрлік қозғалтқыштары осы негізде жұмыс істейді.

Тұрақты ток машинасы


Тұрақты ток машинасы негізгі  магнит өрісі    параллель, тізбектеле  және аралас қоздырылатын,сондай-ақ тұрақты магниттері бар түрлерге ажыратылады. Ол айналу жиілігін біртіндеп, үнемі әрі кең алқапта реттей алады. Тұрақты ток машинасы өнеркәсіптің электрқозғалтқышының айналыс жиілігін қатаң сақтау және кең аралықта өзгерту қажет болатын саласында кеңінен қолданылады.

 

Тұрақты ток генераторы

Оның жұмыс істеу принципі магнит өрісінде зәкірді айналдырғанда оның орамасында ЭҚК-нің индукциялануына негізделген. Тұрақты ток генераторы коллекторлы және коллекторсыз түрге ажыратылады. Прокат стандарының, аэродинам. құбырлардың желдету қондырғыларын, ірі экскаваторлардың реттелінетін электр жетектерін,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4 Аккумуляторлар латынша «жинақ» деген сөз. Сонымен аккумулятор – жинақтауыш екен.ірақ ол ақша жинақтамай, электр энергиясын жинайды. Ең қарапайым аккумулятор күкірт қышқылы құйылған банкаға батырылған екі қорғасын пластинкадан тұрады. Электр энергиясын жинақтау үшін аккумуляторды «зарядтайды», яғни одан электр тогын өткізеді. Осының нәтижесінде қорғасын пластинкалардың сыртқы қабаты басқа затқа, яғни қорғасын тотығына айналады. Осыдан соң аккумуляторға электр шамын немесе электр моторын қосуға болады. Бұл кезде қорғасын тотығы қайтадан қорғасынға айналады да, аккумулятор жинақталған энергияны бере бастайды – электр шамы жанады, электр моторы шыркөбелек айналады. Аккумулятор бар қорын сарқып берген соң – оны қайта зарядтайды, осыдан кейін электр тогын жинақтауыш қайтадан жұмыс істейді. 
Түрлері 
Аккумулятор – энергия жинауға арналған құрылғы. Ол жиналатын энергеия түріне сәйкес электор аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді. 
Электр аккумуляторы – электр энергиясын жинап (химиялық энергияға айналдыру арқылы), қажет болғанда сыртқы тізбекке бере алатын химиялық ток көзі. Ол ішінде электролит (қышқыл не сілті) және электродтары бар оқшаулағыш материалдан (эбонит, шыны, пластмасса) жасалған ыдыстан тұрады. Электр аккумуляторы тұрғылықты және тасымалды болып бөлінеді. Тұрғылықты аккумулятор электр, радио, телефон және телеграф стансаларында тұрақты ток көзі ретінде, тасымал аккумулятор көшпелі қондырғыларда (көшпелі радиоаппаратураларда, автомобильдерде, ұшақтарда, электркарларда, т.б.) қолданылады. 
Гидравликалық аккумулятор гидравликалық қондырғылардағы сұйық заттың шығыны мен қысымын реттеп отыруға арналады. Құрылымы цилиндр мен плунжерден тұрады. Ол сорғылардан (компрессорлардан) келетін артық сұйық затты (газды) өз қысымымен жинап, шығын көбейгенде оны жұмыс машиналарына беріп отырады. Мұндай аккумулятор гидравликалық және пневматикалық қондырғылардағы сұйық заттың қысымы мен шығынын реттепотыруғапайдаланылады.Пневматикалық аккумулятор пневматикалық қондырғылардағы ауа шығыны мен қысымын реттеу мақсатында сығылған ауа энергиясын жинауға арналады. Ол ауа құбырына жалғанған резервуардан тұрады. Артық ауа резервуарда жиналады да, шығын көбейгенде ауа тартқыш жүйеге беріліп отырылады. Пневматикалық аккумулятор ірі пневматикалық желілерде, жел электрстансаларында,т.б.қолданылады. 
Бу аккумуляторымен көбінесе пайдаланылған буды жинау үшін қуаты аз бу қозғалтқыштары жабдықталады. Одан бу әртүрлі технологиялық мақсаттарға (мысалы, кептіру камералары), сондай-ақ сантехникалық қондырғылар қажетінежұмсалады.Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларында жылу жинауға арналған. Олар айнымалы қысымды және тұрақты қысымды болып бөлінеді. Көбінесе бу-сулы аккумулятор деп аталатын айнымалы қысымды жылу аккумуляторы қолданылады. Онымен бу шығыны тұтынуға байланысты күрт өзгеріп отыратын кішігірім және орташа қуатты  жылу электр стансалары жабдықталады. Тұтыну кеміген кезде бу қазанынан жылу аккумуляторына жіберілген артық бу ондағы суға өзінің жылуын береді. Бу шығыны көбейгенде, жылу жүйесіндегі бу қысымының төмендеуі салдарынан қызған су буға айналады. Соның негізінде тұтынушылар буды жалғыз бу қазанынан емес,жылуккумуляторынандаалады.Инерциялық аккумулятор қызметін айналып тұратын маховик атқарады. Маховик салмағы мен оның айналу жылдамдығы неғұрлым көп болса, онда жиналатын энергия мөлшері де соғұрлым мол келеді. Инерциялық аккумулятор жел электр стансаларында генератордың, сондай-ақ штамптау станогы, механикалық балға, поршеньді сорғы, т.б. жұмыс қалпын тұрақтандырумақсатындақолданылады.ҚолданылуыАккумуляторлар электр тоғын сыммен жеткізу мүмкін болмайтын жерлерде пайдаланылады. Завод ауласында не вокзал платформасында жүретін электр арбасы – электрокардың двигателі аккумулятордың тоғымен жұмыс істейді. Автомобильдің моторын жұмыс істету үшін, оның білігін ең алдымен айналдырып жіберу керек. Осыны электрлік двигатель – стартер іске асырады, ал стартер аккумулятордағы жинақталған электр энергиясымен қоректенеді. Сүңгіуір қайықтардың ескек винттерін электр моторлары айналдырады, оларға энергияны биіктігі адамның бойындай үлкен аккумуляторлар береді. Космос корабльдерінде де аккумуляторсыз ештеңе істеугеболмайды. 
Аккумулятордан алынатын электр тоғы өте қымбатқа түседі, олай болмағанда аккумуляторлар тіптен де жиі қолданылған болар еді. 
Қазіргі кезде ғалымдар жеңіл және қуатты аккумуляторлар жасауға көңіл бөлуде. 
Қазақстанда 1970 жылдан Талдықорған қаласында сілтілі және қорғасынды аккумулятор шығарылып келеді. 1975-85ж. Талдықорған аккумулятор зауыты қайта жабдықталды. Бүгінде аккумуляторлар зауытта жартылай автоматты желімен құрастырылады. дербес тұрақты топ тораптарын қоректендіруге арналған қорек көзі ретінде, сондай-ақ автоматты реттеу жүйелерінде (мысалы, тахогенераторларда) қолданылады.

Аккумулятор латынша  «жинақ» деген сөз. Сонымен аккумулятор  –

жинақтауыш  екен.  Мында өту: шарлау, іздеу

Ұялы телефон аккумуляторы.

Nokia ұялы телефонының батарейкасы.

Energizer AA size 2500 mA·h (1.2 V, 3.0  W·h, NiMH) Аккумулятор.

Аккумулятор (лат. accumulator — жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап; ол электр және су энергиясын гальвани батареяларының көмегімен жинайды. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді. [1]

ТүрлеріЭлектр аккумуляторы — электр энергиясын жинап (химиялық энергияға айналдыру арқылы), қажет болғанда сыртқы тізбекке бере алатын химиялық ток көзі. Ол ішінде электролит (қышқыл не сілті) және электродтары бар оқшаулағыш материалдан (эбонит, шыны, пластмасса) жасалған ыдыстан тұрады. Электр аккумуляторы тұрғылықты және тасымалды болып бөлінеді. Тұрғылықты аккумулятор электр, радио, телефон және телеграф стансасында тұрақты ток көзі ретінде, тасымал аккумулятор көшпелі қондырғыларда (көшпелі радиоаппаратураларда, автомобильдерде, ұшақтарда, электркарларда т.б.) қолданылады.

Газды аккумулятор - қысымдағы газ энергияны сіңіріп сақтайтынаккумулятор.Инерциялы аккумулятор - энергиясы айналымдагы серппеде сіңіріп сақталатын механикалық аккумулятор.Қышқылды аккумулятор - қышқыл электролит құйылған аккумулятор.Механикалық аккумулятор - энергияны механикалық тұрмен (мысалы, көтерілген жүк, қысылған серіппе, aйнaлымдағы серпер) сіңіріп сақтайтын қондырғы.[2]Гидравликалық аккумулятор гидравликалық қондырғылардағы сұйық заттың шығыны мен қысымын реттеп отыруға арналады. Құрылымы цилиндр мен плунжерден тұрады. Ол сорғылардан (компрессорлардан) келетін артық сұйық затты (газды) өз қысымымен жинап, шығын көбейгенде оны жұмыс машиналарына беріп отырады. Мұндай аккумулятор гидравликалық және пневматикалық қондырғылардағы сұйық заттың қысымы мен шығынын реттеп отыруға пайдаланылады.Пневматикалық аккумулятор пневматикалық қондырғылардағы ауа шығыны мен қысымын реттеу мақсатында сығылған ауа энергиясынжинауға арналады. Ол ауа құбырына жалғанған резервуардан тұрады. Артық ауа резервуарда жиналады да, шығын көбейгенде ауа таратқыш жүйеге беріліп отырылады. Пневматикалық аккумулятор ірі пневматикалық желілерде, жел электр станцияларында т.б. қолданылады.

Бу аккумуляторымен көбінесе пайдаланылған буды жинау үшін қуаты аз бу қозғалтқыштары жабдықталады. Одан бу әр түрлі технологиялық мақсаттарға (мысалы: кептіру камералары), сондай-ақ сантехника қондырғылар қажетіне жұмсалады.Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларында жылу жинауға арналған. Олар айнымалы қысымды және тұрақты қысымды болып бөлінеді. Көбінесе бу-сулы аккумулятор деп аталатын айнымалы қысымды жылу аккумуляторы қолданылады. Онымен бу шығыны тұтынуға байланысты күрт өзгеріп отыратын кішігірім және орташа қуатты жылу электр станциялары жабдықталады. Тұтыну кеміген кезде бу қазанынан жылу аккумуляторына жіберілген артық бу ондағы суға өзінің жылуын береді. Бу шығыны көбейгенде, жылу жүйесіндегі бу қысымының төмендеуі салдарынан қызған су буға айналады. Соның негізінде тұтынушылар буды жалғыз бу қазанынан емес, жылу аккумуляторынан да алады. Тұрақты қысымды жылу аккумуляторы резервуарындағы суды тікелей бу қазанының өзінде де және артылған бумен де қыздыра алады. Жылу аккумуляторы қазандағы бу қысымынан төмен қысымды бумен де жұмыс істей береді. Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларының пайдалы әсер коэффициентін көбейтеді, өндіріс цехтарын бумен үзіліссіз бірқалыпты қамтамасыз етеді, ондағы еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.Инерциялық аккумулятор қызметін айналып тұратын маховик атқарады Маховик салмағы мен оның айналу жылдамдығы неғұрлым көп болса, онда жиналатын энергия мөлшері де соғұрлым мол келеді. Инерциялық аккумулятор жел электр станцияларында генератордың, сондай-ақштамптау станогы, механикалық балға, поршеньді сорғы тағы басқа жұмыс қалпын тұрақтандыру мақсатында қолданылады.Қорғасынды аккумулятор — қорғасын қалақшаларынан тұратын аккумулятор, арасы қорғасын оксидімен таятырылады. [1]Сілтілік аккумулятор - электролит ретінде сілті ерітіндісі қолданылатын аккумулятор.[1]

Қазақстанда 1970 жылдан Талдықорған қаласында сілтілі және қорғасынды аккумулятор шығарылып келеді. 1975-1985 жылдары Талдықорған аккумулятор зауыты қайта жабдықталды. Бүгінде аккумуляторлар зауытта жартылай автоматты желімен құрастырылады. Аккумуляторды зарядтауАккумуляторды зарядтау - аккумулятор арқылы жұмысшы тоққа қарсы бағытта тоқ жібергенде аккумулятор электродтарындағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты регенерациялау (бастапқы қалпына келтіру) процесі.[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Тұрақты Ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы.Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді. Тұрақты токтың негізгі заңдарына ток күші мен кернеудің байланысын сипаттайтын Ом заңы, өткізгішпен ток жүрген кезде бөлініп шығатын жылуды анықтайтынДжоуль-Ленц заңы және тармақталған тізбек үшін жазылатын Киргхоф ережелері жатады. Тұрақты ток көздеріне электр машиналарының генераторы, гальвани элементтері,термоэлементтер, батареяларға топтастырылған фотоэлементтер, күн көзінің батареялары, алдын ала зарядталған аккумуляторлар және — пайдалы әсер коэффициентіжоғары магниттік гидродинамика генераторлары жатады. Тұрақты токты жартылай өткізгіштердің және басқа түзеткіштердің көмегімен, айнымалы токты түзету арқылы өндіруге болады.

Айнымалы ток — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсіндіріледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.

Ток күші (және кернеу) өзгерісі (тербеліс) қайталанатын уақыттың (секундтпен берілген) ең қысқа аралығы период (Т) деп аталады (3-сурет). Айнымалы токтың тағы бір маңызды сипаттамасы — жиілік (ƒ). Уақыт бірлігінде жасалған периодтар саны жиілік деп аталады. Айнымалы ток жоғарғы жиілікте өткізгіш сыртына ығыстырылады, бұл скин-эффект құбылысы деп аталады.

 

Қолдынылған әдебиеттер

1.Электроника және схематехника негіздері (Китаев)

2.Google.ru 

3.Kaz.Wikipedia.kz

4.Yandex.ru

5.Kaztorka.org

 


Информация о работе Тұрақты тоқ Машиналары