Тұрақт тоқ машинасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 13:47, монография

Описание работы

Жоғары несеп жолдары аномалиялары топтастырылуын жасау маңызды және өте қиын міндет екені күмәнсіз, өйткені таптастырудың қай түрі болса да клиницистерді, патоморфологтарды, физиологтарды және басқа мамандарды бірдей дәрежеде қанағаттандыра алмайды. Өкінішке орай, отандық және шетелдік баспасөзде жоғары несеп жолдарының аномалиялары бүйректердің кейбір аномалияларына жатқызылатын және бүйрек аномалиялары керісінше пайымдалатын хабарлар жарияланып келді және әлі де жариялануда.

Файлы: 1 файл

Бүйрек аномалиясы.doc

— 19.14 Кб (Скачать файл)

Несеп-жыныс жүйелерінің аномалиялары

Бүйректер мен несеп жолдары дамуы аномалияларының көптеген синонимдері бар, мұның өзі процестің түрі мен стадиясының сипаттамасын, мақсатқа сай емдеу нұсқауларын белгілеуді және қол жеткен нәтижелерді бағалауды шатастыраы.

  Жоғары несеп жолдары аномалиялары топтастырылуын жасау маңызды және өте қиын міндет екені күмәнсіз, өйткені таптастырудың қай түрі болса да клиницистерді, патоморфологтарды, физиологтарды және басқа мамандарды бірдей дәрежеде қанағаттандыра алмайды. Өкінішке орай, отандық және шетелдік баспасөзде жоғары несеп жолдарының аномалиялары бүйректердің кейбір аномалияларына жатқызылатын және бүйрек аномалиялары керісінше пайымдалатын хабарлар жарияланып келді және әлі де жариялануда.

  Осыған орай, анатомиялық тұрғыдан ненің бүйрекке, ненің жоғарғы несеп жолдарына жататынын тиянақтау дұрыс болып көрінеді.

 

Бүйрек аномалиялары

Бүйректердің аномалиялары 5 топқа бөлінеді:

  1. бүйректер санының аномалиялары
  2. бүйрек шама-көлемінің аномалиялары
  3. бүйректердің орналасуының аномалиялары
  4. бүйректердің өзара қатынасының аномалиялары
  5. бүйректер құрылымының  аномалиялары

 

Сан аномалиялары. Бүйректің сагенезиясы мен аплазиясы органның туа болмауымен немесе дамуының тоқтауымен сипатталады. Әдетте, бұл патология несепағар мен оның сағасы болмауымен қабаттасады.

  Бүйрек аплазиясының диагностикасы қазіргі уақытта цитоскопия, экскреторлық урография, ультрадыбыстық сканирлеу, компьютердік томография және бүйрек ангиографиясы негізінде жүзеге асырылады. Бұл патология кезінде детте конрлатеральдық бүйректің викарлық гипертрофиясы байқалады.

Туа біткен екі жақты бүйрек аплазиясы өмірімен үйлеспейді, сондықтан өте-мөте сирек ұшырасады.

  Бүйректің қосарлануы неғұрлым жиі кездесетін сан аномалиясы болып табылады. Бұл патология кезінде бір-бірімен қатынаспайтын бөлек екі шүмекше, екі несепағар, екі тамыр бумасы және паренхиманың екі бөлек үлесі болады. Қосарланған бүйрек ұзындығы  бойынша қалыпты бүйректен үлкен, жоғарғы және төменгі бүйректердің арасында ажыратпа жүлге болады.

   Бүйректердің толық емес қосарлануы кездеседі, мұндайда шүмекшенің қосарлануы болмайды.

  Клиникалық көрініс әдетте болмайды.

Бүйректердің қосарлануының диагностикасы негізінен экскреторлық урография мен ангиографияның негізінде жүргізіледі.

  Бұ аномалия хирургиялық коррекция жүргізуді талап етпейді.

  Қанмен бөлек жабдықталатын және қуыққа өзалдына немесе негізгі несепағарлардың біріне барып құятын бөлек несепағары бар қосымша бүйрек өте-мөте сирек кездеседі. Қосымша бүйрек әдетте мықын асты өңірінде немесежамбаста байқалады.

  Диагностика ультрадыбыстық сканирлеу, экскреторлық урография, ангиография және цитоскопия негізінде жүзеге асырылады.

  Оны хирургиялық жолмен алып тастау қажеттілігі онда қайсыбір патологиялық процесс болған кезде туындайды.


Информация о работе Тұрақт тоқ машинасы