Ақпаратты енгізу және бейнелеу элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 22:30, лекция

Описание работы

Мәтіндік ақпаратты енгізу және бейнелеу үшін Label (таңба) және TextBox (мәтіндік терезе) типті элементтері қолданылады. Label элементі формадағы кейбір мәтіндерді бейнелейді, ал мәтіндік терезе қосымшаның орындалу режимінде кейбір мәтіндерді енгізу ісін атқарады.
Мәтінді бейнелеу үшін Label элементінің қолданылуы
Label элементі қолданушы қосымшаны өзгерте алмаған жағдайда мәтінді бейнелейді. Бұл элементтер басқа өзінің жеке қасиеттері жоқ Caption басқару элементтерін теңестіру үшін өте қолайлы, мысалы мәтіндік терезе және ListBox (тізім терезесі) типті терезе.

Файлы: 1 файл

№5.doc

— 27.50 Кб (Скачать файл)

Лекция 5

 

Ақпаратты  енгізу  және  бейнелеу  элементтері

Мәтіндік  ақпаратты  енгізу  және  бейнелеу  үшін Label (таңба) және  TextBox (мәтіндік  терезе)  типті элементтері қолданылады. Label  элементі  формадағы кейбір  мәтіндерді  бейнелейді, ал  мәтіндік  терезе  қосымшаның  орындалу  режимінде  кейбір  мәтіндерді  енгізу  ісін  атқарады.

        Мәтінді  бейнелеу  үшін  Label  элементінің  қолданылуы

Label  элементі  қолданушы қосымшаны өзгерте алмаған жағдайда  мәтінді бейнелейді. Бұл элементтер  басқа  өзінің  жеке қасиеттері  жоқ  Caption басқару элементтерін  теңестіру үшін  өте қолайлы, мысалы  мәтіндік  терезе  және   ListBox  (тізім терезесі)  типті терезе.

Caption қасиеті – Label  элементін бейнелейтін жалғыз  қасиет  емес. Бұл  элементтің  BorderStyle қасиеті бар, ол   таңбалар  түрін анықтайды.

Мәтіндік  терезелер  (text  boxes) – қосымшамен  жұмыс істеу кезінде ақпараттарды  енгзу үшін  және  бейнелеу  үшін  қолданылатын  көп функционалды  басқару элементтері. Бұл элементтерді  ақпараттарды  шығару  үшін  қолдануға болмайды.

Мәтін  таңбаға  қарағанда  Text  қасиетінде  сақталады, ал  Сaption  қасиетінің  мәтіндік  терезесі  мүлдем  жоқ.

 Көпжолды  мәтіндік  терезе  және  сөздерді  тасымалдау.Үнсіз  келісім  бойынша  мәтіндік  терезе  біржолды  мәтінді  бейнелейді. Егер  мәтін  ұзын  болса  онда  оның  бәрі  терезеге  сыймайды. Көпжолды  мәтіндік  терезені  құру  үшін  (multiple-line  text)  MultiLine және  ScrollBars қасиеттері  тағайындалған. MultiLine   қасиетін  True  орнату  қосымша жұмыс істеу режимінде бейнелеу  және  енгізілетін мәтінді қабылдауға  мүмкіндік береді.

Курсор  қосымшасы  мен  мәтіндік  терезедегі  ерекшеленген  кейбір  мәтінді  SelStart, SelLenght  және  SelText қасиеттерінің көмегімен басқаруға болады. Бұл қасиеттер тек қана  қосымша жұмыс істеп тұрғанда  ғана   орындалады.

SelStart  және  SelLenght қасиеттері  орнына  қою курсорының  бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Егер   SelStart  қасиетіне  мәтіндік  терезенің жолдар  ұзындығын көтеру  үшін  мән беретін болсақ, онда  орнына  қою курсоры жолдың  ең  соңғы символынан  кейін орналасады. Мұның қалай жұмыс істейтінін  көру  үшін, формаға мәтіндік  терезе  қосып, осы терезенің Тext қасиетін  жолдарға  өзгерту қажет,мысалы, «1234567890», CmdOK_Click  процедурасын  листинг кодымен бірге   жазу  қажет. 

Оқиғаны  өңдеу  процедурасы:

 

1  Private  Sub  CmdOK_Click ()

2  `оқиғаны   өңдеу  процедурасы – 

3  `ОК  батырмасын  шерту

4

5 ` SelStart  мәтіндік  терезесінің қасиетін  өзгерту

6 Text 1. SelStart = 2

7

8  End  Sub

 

Мұндағы Private (өзіндік жабық) процедураны тек форма ішінде пайдаланатындай етіп  жариялау. Sub  (Subroutine) – программаны процедура түрінде жариялау  түйінді  сөзі. Бұл  процедураны  жазып  болғаннан  кейін  Run  мәзірінен  Start  командасын  орындау керек.Содан кейін ОК  батырмасын  басу  қажет. Сонымен қатар SelStart  қасиеті 2  мәнді қабылдайды, бірақ сұхбат  терезесінде ештеңе  өзгермейді.

SelLenght қасиетінде  сандар  көрсетіледі, яғни  ол  ерекшеленген  символдар санын мәтіндік  терезеде  береді. SelLenght қасиетін  тестілеу  үшін  Form_Load   процедурасын  қолданамыз.

Форманы  толтыру  процедурасының  коды:

 

1  Private  Sub Form_Load ()

2  `форманы  толтыру   процедурасы 

4   `мәтіндік  терезенің қасиетін  өзгерту

5   Text 1. SelStart = 2        ` орнына  қою курсорының  бастапқы  жері 

6 Text 1. SelLenght = 4     `ерекшеленген  символдар саны

7

8  End  Sub


Информация о работе Ақпаратты енгізу және бейнелеу элементтері