Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 22:51, реферат

Описание работы

ерттеу мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу.
Міндеттері:
1) 1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау
2) Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу
3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар
5) Зертханалық жұмыстар жасау
Қорытынды нәтижесі:
- Қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған.
- Негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білген.
- Ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған.

Содержание работы

Мазмұны
І Кіріспе ............................................................................................................................. 3 -4
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тазалық табалдырықтан басталады............................................................................
2. Өндірістік және шаруашылық қалдықтарды зиянсыздандыру проблемасы .......
3. Қоқысты қайта өңдеу арқылы мемлекет шығындарын азайту..........................
1.4.Қоқыс қалдықтарынан жасалған заттар ...............................................................
ІІІ.Қорытынды ....................................................................................................................
ІV. Пайдалаған әдебиеттер тізімі......................................................................................

Файлы: 1 файл

Қоқысты қайта өңдеу арқылы.docx

— 1.23 Мб (Скачать файл)

 

Қалалық ортаны құруда әлеуметтік, экономикалық және

экологиялық факторларды біріктіру;

 

Сапалы өмір сүру ортасы жоғары дәрежеде болу үшін

қаланы және оның маңайын жоғары сапалы экологиялық инфрақүрылыммен қамтамасыз ету;

 

Энергетиканы, өнеркәсіп орындарын, транспортты, суды

пайдалануды, қалдықтарды және т.б. экологияландыру;

 

Тұрғындар қажеттіліктерін экологияландыру және осы

қалалық ортаны құруға қатысы бар барлық адамдар санасында экологиялық этика негізін құру.

 

Қазірдің өзінде бірқатар елдерде қалалар алып жатқан территориялардың үлесі көп. Мысалы, Бельгияда - 28%, Англияда - 12%, Данияда - 11% ел территориясы қалалардың үлесіне тиеді. Мұндай үлкен урбанизацияланған аумақтарда қалалар мен табиғат арасындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес. Әлеуметтік-экономикалық дамуы нашар басқарылатын қалалардың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерлері көбейе түсті.

 

Урбанизация қазіргі кезде негізгі әлемдік тенденция болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында қала халқы шамамен 0,2-ден 2,9 млрд адамға көбейді. Ал осы уақыт ішінде халық саны 1 миллионная асатын қалалар 17-ден 388-ге дейін көбейді. Қалалар Құрылықтың аз ғана бөлігін алып жатыр, алайда мұнда бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып жатыр.

Урбанизация процесінің дамуына байланысты қалалық ортаның көптеген проблемалары (урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық, технологиялық, әлеуметтік, экологиялық) пайда болды. Оның ішінде қала саны мен көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының, транспорттың, тұрғындар санының артуы да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне байланысты ауыл мен қала тұрғындарының саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының саны және қалалар саны мен көлемдері де өсуде. Қала халқының сандық пайызы әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай. Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған елдері - Солтүстік Америка мен Европаның үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы жүздеген километрге жететін урбанизацияланған ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис «Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді. Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды «жұтып қойды».

 

Қалалардың демографиялык, және экономикалық тұрғыдан өсуі әсерінен экожүйеге техногенді әсердің артуы тек қала маңында ғана емес, олардан біршама қашықтықтарда да біліне бастады. Осыған байланысты қаланың экологиялық жағдайы көптеген өнеркәсіпті қалаларда нашарлап кетті. Қалалар планетамыздың азғана бөлігін алып жатуына байланысты, қалған табиғаттың бөлігін аман сақтап қалуға мүмкіндік бар. Қалалар - адамзаттың болашағы. Аристотель айтқандай - «Біз қалаларды тұрғызамыз, алқалалар бізді қалыптастырады». Урбанизацияның экожүйелер үшін жағымсыз болуы міндетті түрде емес, ал оны экологияландыру жағымды құбылыс. Қала және қалалық орта сонда өмір сүретін халықтың Қажеттіліктерін өтеуге, денсаулығына, өмір сапасына қатты әсер етеді. Сондықтан қазіргі таңда қалалық ортаны экологияландыру адамзат үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ұрмыстық қатты қалдықтарды жою [21 бет]

Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жою және қалалық аймақтардың ластануы әсіресе саны 1 млн.-нан астам тұрғыны бар ірі қалаларда (мегаполистерде) бірден-бір мәселе болып отыр. ТҚҚ «өндірісінің» бір адамға орта нормасы 1м3/жыл (көлем бойынша) немесе 200 кг/жыл- масса бойынша. Көптеген тұрмыстық, өнеркәсіптік, радиоактивті қалдықтар, сонымен қатар құрылыс материалдарымен және пайдалы қазбалар өндірумен байланысты қалдықтар оларды пайдаланудың ерекше схемасын жасап шығаруға әсер етті - ТҚҚ сақтау полигондарын жасау. Фазалық жағдайы бойынша қалдықтар қатты, сұйық немесе газ тәрізді фазалардың қоспасы болып бөлінеді. Тұрмыстық қатты қалдықтар құрамы бойынша әр-түрлі (10.1 кесте): тағам қалдықтары, қағаз, металл сынықтары, резина, шыны, ағаш, мата, синтетикалық заттар. 
ТҚҚ талдауының көрсетуінше олардың негізгі массасы органикалық компоненттерден тұрады (80%-ға дейін). Тағам қалдықтары құстарды, кеміргіштерді, жануарларды жинайды. Ал олардың өліктері ауру микроағзалардың көзі болып табылады. Атмосфералық тұнбалар, күн жылуы, қоқсықтардың жылынуы және өрт салдарынан пайда болатын жылу (сонымен қатар жерасты) ТҚҚ полигондарында физико-химиялық және биохимиялық үрдістердің жүруіне әсер тигізеді. Олардың өнімі - сұйық, қатты және газ тәрізді көптеген улы химиялық қосылыстар. Сақтау үрдісінде қалдықтар басқа физико-химиялық және улы қасиеттері бар заттарға айналуға икемді. Бұл қалдықтар сақтау полигондарында жаңа экологоиялық қауіпті заттардың пайда болуына әсерін тигізеді. Бұл биосфераға және адамзат өміріне үлкен қауіп төндіреді. ТҚҚ-дың ОС-ға биогендік әсерінің нәтижесінде жәндіктердің, құстардың, кеміргіштердің, сүтқоректенушілердің, микроағзалардың көбеюіне қажетті жағдай туғызады. Бұл бактериялар мен вирустардың үлкен қашықтықтарға таралуына әсер етеді.  
Сұйық өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар аса үлкен қауіп төндіреді. Олар топырақ және өсімдік қабатына зиян тигізе отырып жерасты суларына және гидрографиялық желіге енетін түрлі улы заттар және қосылыстардың жоғары концентрацияларымен сипатталады. 
Бүгінгі таңда радиоактивті қалдықтарды пайдалану күрделі мәселеге айналуда. Бұл оларды кең пайдаланумен және тірі ағзаға зиянды және жабық әсерімен байланысты. 
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша ТҚҚ полигондарының айналасында жерасты және жерүсті суларының поликомпонентті ластануының, қоқсық астынан шығатын жоғары температуралы (шамамен 40-500С) улы фильтраты бар басқа табиғи орталардың динамикалық ореолдар аймақтары қалыптасуда. Фильтраттың жоғары температурасы қалдықтарда жүріп жататын экзотермиялық химиялық реакциялармен анықталады. Сондықтан бұл лас ағымдарды түрлі геохимиялық тосқауылдармен (қышқылдандырып қалпына келтіретін, сорбциялық, глеевые), гидродинамикалық қақпанмен (ағынсыз су қоймалары, көлдер, жайылмалар, батпақтар). Бірақ бұл қондырғылар бұл аудандағы жерасты суларын іріктеумен байланысты депрессиялық воронканың болмауын ескеріп, жер суларының ластанбауын қамтамасыз ету керек. Жерасты гидросферасы ластануының аса жайылған «тілдері» терең эрозиялық ойымы бар жоғарғы суағарлар бойында байқалады.Мысалы, Донбасс опырылымдарынан жаңбыр суларымен селен, кобальт, мыс алынатыны анықталған.  
Қатты және қауіпті қалдықтардың атмосфераның жерге жақын қабаттарына әсері жылы мерзімдерде қызу нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабатынан булану кезінде немесе химиялық реакциялар нәтижесінде қоқсықтарда пайда болатын газ тәрізді қосылыстар, элементтер қалдықтарының құрамына кіретін өрт кезінде (сынап, мышьяк, ұшқыш металлдар) пайда болады. Жану кезінде диоксин, фуран, хлорланған дибензодиозон бөлініп шығады. Сондықтан Еуропаның көптеген елдерінде қалдықтарды жағуға тыйым салынған. 
Бұрын қоқсық болған жерде тұрғын аудандар құрылысы кезінде қалдықтарды көмген кезде пайда болатын метан немесе басқа да көмірсутектермен ластанған жайлар мен жер қабат мәселелерімен адамдар кездеседі. Соңында бұл иіс және көмірқышқыл газының көтерілген концентрациясының пайда болуына әсер етеді. Ал бұл адамдардың улануына немесе өлімге әкеледі. ТҚҚ полигондарының ... 

Категориясы: Реферат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалдықтар туралы жалпы түсінік.   
 
Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.   
 
Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 
1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және  
т. б.); 
2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, 
суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі); 
3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы.  
Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады. 
Екінші реттік энергетикалық ресурстарды жүзеге асыру жылу мен энергияны үнемдеумен қатар, атмосфераға бөлінетін жылу мөлшерін азайтып, қоршаған ортаны қорғауға себебін тигізеді. 
Череповец мсталлургиялық комбинатына карасты зауыттың жылу электр орталығында барлық казандықтар екінші реттік ресурстарды пайдалану арқылы жұмыс істеуде. 
Құс фабрикаларында қалдық болып шығып отырған кұс жүндері жоғары сапалы мал жемін - күрамында 85%-ке дейін белогі бар ұн алуға арзан шикізат ретінде қолдануын тауып жатыр. Мұндай өндіріс Германияда жаксы жолға қойылған, 3 т қалдықтан 1,2 т ұн алынады. 
Қалдықтар проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір көргенде, мысалы, күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын іс сияқты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның миллионында ~ 10 кг. Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін кұрамында вольфрамы бар минераддар — вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес көлемі өңделеді, сонымсн қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады. Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін, бұрынғы Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі бойынша вольфрам рудасыньң 25 мьң тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет вольфрам қосылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл аударудың қажеттілігін көрсетіп отыр. 
Румынияның аяқ-киім өнеркәсіп институтында тері қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы жоқ материал шығаруға бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг қалдыктан 0,9 кг материал алынады. 
Ерекше назар аударуға және кідіртпей оңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда " 33,5%-і, Францияда — 6%-і, Ресейде — 10%-і, Ұлыбританияда - 3%-і, Италия меи Жапонияда - 0,3%-і. Жылына Москва қаласынан шығатын тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м3 , Алматыдан — 3 млн. м3 үстінде. Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық мөлшсрі 80-90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250 кг дәнді жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45 кг-ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз. 
Қала қалдықтарында әртүрлі компоненттерге келетін мөлшер массалық %-пен алғандай: қағаз (30-40), азық-түлік қалдықтары (30-40), металдар (2-4), ағаш (1,5-3), кездемелер (2-4), шыны (3-6), тастар (1-2), тері, резина (1-2), пластмасса (1-1,5). Қала сыпырындысын жинайтын негізгі жер қоқыстар үйіндісі, шамалы мөлшері қайтадан өнделеді немесе арнайы ұйымдастырылған зауыттарда жағылады. 
  Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі мақсатын орындаумен бірге, зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді — жылу, металл, шлактарды да шығарады. Мысалы, Мәскеудің N1 қоқыс жағатын зауытынан шыққан шлакты зерттеу арқылы алынған мәліметтерге (Г.И. Сидоренко, 1990 ж.) сүйенсек, жылына тұрмыстық қалдық, жинайтын жерге тек Мәскеудің өзінен мынадай көлемде металдар тасталады екен: Мо - 8,3 т, Со - 11,4 т, V - 12,4 т, Аg - 27,6 т, Иі - 75 т, 5Ь - 115 т, 5п - 244 т, F - 353 т, Сг - 689 т, РЬ - 1573 т, Сu - 2180 т, Zn - 6762 т. Бұл мөлшер жыл бойына үлкен кең орындарынан алынатын мөлшерге эквивалентті. 
Санкт-Петербург маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жыддан бастап тұрмыстық қокысты өндсйтін зауыт қызмет етуде, оның ең негізгі шығаратын өнімі компост (тыңайткыш), бірақ-та қоқыстың 30%-і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш, металдан тұратын бөлігі өнделінбейді. 
Жылдық өнімділігі 110 мың тонна төңірегінлегі зауыт 1975 жылдап бастап Ташкентте іске қосылған. Жыл сайын тұрмыстык қоқыстан 400 т кара және 5 т түсті металдар, 20 мың т компост алынады. Компост деп микроорганизмдермен ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан шыкқан органикалық тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға көң, көң бөкпесі және құстар саңғырығы, шьмтезек, қала сыпырындысы, ағаштардың түскен жапырақтары, сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар колданылады. Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадагы өсімдіктер сіңіруге қолайлы қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мөлшері жоғарылайды, патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері азаяды, сонымен катар тыңайткыш топырақка еңгізуге қолайлы сусымалы түрде алынады. Өте тапшы органикалық тыңайткыштардың (көң, шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануға жатады. 
Тұрмыстық қалдықтардың барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен жүретін биохимилык процесс. Бұл микробтардан өте көп мөлшерде жылу бөлініп шыккандықтан қоқыс 70 0С-ге дейін қызады. Бұл жағдайда ауру қоздыратын микробтар жойылып, шикізат қызып, тұрмыстық тынайтқышқа айналады. Табиғи жағдайда бұл процесс айлап жүрсе, зауыт жағдайыңда аэрадия аркылы 2-3 күнде аякталады. Ал қалдықтарда азық-түлікке жағатын компоненттер аз болса процестін жүру жылдамдығы күрт төмендейді. 
Тұрмыстық қоқысты қайта өндеу үшін магниттік сепарация әдісі де қолданылып келеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КҮЛ-ҚОҚЫС, ҚАЛДЫҚТАН ҚАЙТІП ҚҰТЫЛАМЫЗ?!

18 Сәуір 2013, 15:27 Қарап шығу: 683 Түсiнiктер: 0

Қазақстандағы қай қаланың шынайы кескін-келбетін көргіңіз келсе, алдымен қала маңында орналасқан күл-қоқыс төгетін полигонын аралап көріңіз. Мұнда сол қаланың әлеуметтік жағдайы тұнып тұр. Мәселен қоқыс арасынан нәпақа тауып жүргендердің қарасы молдау болып, олар тағам қалдықтарын ысырып қойып, темір мен мыс, құрылыс қалдықтарын іздеп жүрсе қала халқының бақуат тұратындығын көрсетеді. Білетіндердің айтуынша, осылайша күл-қоқыстан пайда тауып, бизнес көзіне айналдырып отырғандар жетіп артылады. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Нақты әңгіме – бұл бизнестен бүгінге дейін Үкімет те кәсіпкерлер де шет қалып келеді. 
 

Мәліметке сүйенсек, елімізде жинақталған өндірістік-тұрмыстық қалдықтардың үлесі әр тұрғынға 1,4 тоннадан келеді екен. Яғни жыл сайын бес миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады. Оның тек бес пайызы ғана жойылады екен. Қалғандары қоршаған орта мен адам денсаулығына орасан зор нұқсан келтіріп жатыр. Сондықтан болар бүгінде қоқыс қалдықтарын өңдеу және жою, оларды іріктеу жүйесін енгізу қоғамдағы қордаланған мәселеге айналып отыр. Әлемнің барлық қалаларында қоқысты іріктеу мен өңдеудің тұйық айналымы ретінде қалдықтарды басқару жүйесі әбден жетілген. Мәселен, Швеция қоқыс қалдықтарын электр қуаты ретінде пайдаланса, Германия, Жапония секілді елдер миллиондаған пайда табуда. Әлемнің ең таза қалаларының бірі Сингапурде қоқыс қалдықтарының тоқсан пайызы қайта өңделеді. Ал біздегі жағдай қалай?  
Маңғыстауда да бұл мәселе күйіп тұр. Біз қоқыс өңдемек түгілі күнделікті шығып жатқан қалдықтарды қайда төгерімізді білмей қауқарсыз күйде отырғанымыз шындық. Өйткені қала шетіндегі полигон аузы-мұрнына дейін толып болды, оның үстіне қоқыс төгетін орынға жақын жерлерден күн сайын тұрғын үйлер салынып жатыр.

Өткен аптада өлке басшысы Алик Айдарбаевтың басшылығымен өткен облыс әкімі жанындағы экологиялық кеңесте аталмыш мәселені жедел шешу керектігі алға тартылды.  
– 2013 жылғы 1 қаңтарда облыс халқы 545700 адам болды. Қазіргі есеп бойынша әр адам жылына 1,53 куб м. тұрмыстық қалдық шығарады деп есептеледі. Олай болса, жеке сектордағы құрылыс қалдықтарын есептемегенде, жылына облыс бойынша 160 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығады екен. Оның ішінде облыстағы екі қала мен аудан орталықтарында және Жетібай селосында қалдық тұрмыстық қатты қалдықты сақтау полигонына жиналады да, полигоны жоқ елді мекендерде тұратын 61 мың адам жылына 30-40 мың тоннадай қалдықты көшеге және селолардың айналасына төгіп отырады. Оның үстіне барлық селоға табиғи газ келген соң ел мал қиын жағуды тоқтатқанын ескергенде, селодағы жеке қожалықтағы мал қиын және құрылыс қалдықтарын қосқанда бұл көрсеткіш еселеп артады,-дейді Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Орынбасар Тоқжанов. Қазір полигоны жоқ селолық елді мекендердің саны 20-дан асады екен. Елді мекендердің кейбірінің пайда болғанына жетпіс-сексен жыл болғанын ескерсек, көптеген селолардың маңы күл-қоқысқа әбден толып болды.  
Тек соңғы жылдары ғана елді мекендер айналасынан бей-берекет тасталған қоқыстарды шығарып тазалауға қыруар күш жұмсалған. Атап айтқанда 2010 жылы елді мекендер маңынан – 29391 тонна, 2011 жылы 33702 тонна, 2012 жылы 35496 тонна қоқыс шығарылды. Алайда бей-берекет тасталған қоқыс жыл сайын көбейе түсуде.

 

Әсіресе Ақшұқыр және Сайын селосы тұстарындағы теңіз жағалауының күйі кез-келген адамды ойландырады. Сондықтан да ірі елді мекендерден бастап жоспарлы түрде қалдықтарды сақтайтын, өңдейтін полигондар, заводтар немесе технологиялық линиялар салу қажет деп есептейміз,- дейді баяндамашы. 
Жасыратыны жоқ, өлкеде күл-қоқыс қалдықтарын төгіп, өңдеу мәселесі тым баяу жүріп жатыр. Мәселен Жаңаөзен қаласында қатты қалдықтарды өңдеу комбинатының құрылысы облыс бюджеті есебінен үшінші жыл жалғасып келеді. 2011 жылы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр, Таушық, Бейнеу ауданындағы Ақжігіт селоларындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері жасақталып бітті. Алайда бұл жұмыстар әлі жеткіліксіз болып отыр.  
Ал Европалық даму және қайта құру банкімен бірге Ақтау қаласында қатты қалдықтарды өңдеу зауытын салу мәселесі әлі пысықталуда. Бұл жұмыстарды билік тездетпесе, Ақтау мен Мұнайлы ауданы қоқыс қалдықтарының қоршауында қалары сөзсіз. Өйткені қоқыстың табиғатта бұзылу мерзімі өте ұзақ уақытты алады. Мәселен, күнделікті өмірде қолданып жүрген бір реттік қағаз ыдыс бес жыл, қаңылтыр қалбыр жүз жыл, ал қарапайым пластик шөлмек бес жүз жылдан кейін құрыса, шыны шөлмек ешқашан бұзылмайтын көрінеді. Әр адам жылына орта есеппен үш жүз келідей тұрмыстық қалдық тастаса, қоршаған ортаның қалыптылығы қаншалықты бұзылатынын бағамдау қиын емес. Не десек те, Ақтауға қоқыс өңдейтін зауыт ауадай қажет боп тұр.  
Басқосуда көтерілген тағы бір мәселе-емдеу сауықтыру мекемелерінен шығатын медициналық қалдықтар. Оның көлемі жылдан жылға артып отыр. 
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қомитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің директоры Марал Қадырдың айтуынша, Маңғыстау облысы бойынша халыққа қызмет көрсететін 204 емдеу-сауықтыру мекемелері бар. Жаңа технологиялардың енуіне, медициналық мақсатта бір ретті қолданатын құралдардың өсуіне байланысты халық денсаулығы мен сыртқы қоршаған ортаға әсері жоғарлауда. 
– Медициналық қалдықтарды тасымалдау науқастарды тасымалдауға арналған автокөлікпен жүзеге асырылады. Жаңаөзен қаласы бойынша медициналық қалдықтарды тасымалдауға арналған автокөліктің санитарлық рұқсат құжаты жоқ. Облыс бойынша 7 инсенераторлық құрылғы бар. Қарақия мен Маңғыстау аудандарында инсенератор орнатылмаған. Қарақия ауданында экология мекемесінен рұқсат құжаты болмағандықтан іске қосылмай отыр, ал Маңғыстау ауданында мүлдем жоқ. Ақтау қаласының ЕПМ – ЖШС «Батес» мекемесімен, Бейнеу ауданы, «ЖК Иманғалиевамен» келісім шартқа отырса, басқа аудандардың барлығы қаладағы «ЖК Еділбаевамен» келісім–шартқа отырған. Бұл шет орналасқан ауылдық жерлердің медициналық қалдықтарын сақтауы мен тасымалдануында санитарлық ережелердің сақталмайтындығын көрсетеді, - дейді өлкенің бас санитары Марал Қадыр.

Информация о работе Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті