Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 22:51, реферат

Описание работы

ерттеу мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу.
Міндеттері:
1) 1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау
2) Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу
3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар
5) Зертханалық жұмыстар жасау
Қорытынды нәтижесі:
- Қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған.
- Негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білген.
- Ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған.

Содержание работы

Мазмұны
І Кіріспе ............................................................................................................................. 3 -4
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тазалық табалдырықтан басталады............................................................................
2. Өндірістік және шаруашылық қалдықтарды зиянсыздандыру проблемасы .......
3. Қоқысты қайта өңдеу арқылы мемлекет шығындарын азайту..........................
1.4.Қоқыс қалдықтарынан жасалған заттар ...............................................................
ІІІ.Қорытынды ....................................................................................................................
ІV. Пайдалаған әдебиеттер тізімі......................................................................................

Файлы: 1 файл

Қоқысты қайта өңдеу арқылы.docx

— 1.23 Мб (Скачать файл)

 

Қазір республикамызда 6325 елді мекеннің 4525-інде ғана ҚТҚ мен күл-қоқыс төгілетін арнаулы бөлінген полигондар бар. Оның тек қана 6,8 пайызы немесе 307-сі ғана заңдастырылған. Қалған күл-қоқыс полигондары кез-келген жерде, қалай болса солай қалыптасқан. Ол ол ма, республикамыздағы 6325 елді мекеннің 25 пайызында немесе 1558 елді мекенде ғана ҚТҚ мен күл-қоқысты арнаулы полигондарға таситын кәсіпорындар бар. Ал қалған 75 пайызы немесе 4767 елді мекенде күл-қоқыс үй іргесінде немесе елді мекен маңында шашылып жатыр.

 

Ауруын жасырған өледі. Ақиқатын айтсақ, қасиетті қазақ даласының алып күл-қоқыс алаңына айналып бара жатқандығы ащы шындық. 40 жыл бойы көкірегін қарс айырған атом бомбасының 500-ден астам ядролық сынақтарынан сызат алған, жарты ғасырдан бері Байқоңырдан үздіксіз ұшырылатын ғарыштық зымырандар зіркілінен зәрезап болған, айдыны тартылып, топырағы эрозияға ұшыраған ұлы дала енді тұрмыстық, химиялық, техногендік, ядролық қалдықтар қоймасына айналу қасіретін көтере алмайды. Ендеше, шұғыл түрде қасиетті жерімізді ҚТҚ мен күл-қоқыстан тазарту шараларын қолға алу керек. Найқалатын уақыт жоқ. Дала тұншығып, жер жарасы жарылғалы тұр.

 

Парламент Мәжілісінің мәліметі бойынша, елімізде экологиялық шараларға бюджет қаржысының бар болғаны 0,2 пайызы ғана жұмсалады екен. Бюджет қаржысының жетімсіздігін түрлі дәрежедегі экологиялық төлемдер есебінен толтыру шарасы көзделінген. Өкінішке орай, бұл мәселе де жауапсыз, бақылаусыз жіберілген. Мәселен, 2008 жылы еліміздегі әртүрлі экологиялық төлемдер көлемі 74,7 миллиард теңгені, оның ішінде, қоршаған ортаны ластауға салынған айыппұл мөлшері 8,5 миллиард теңгені құраған. Ал осы қаржының табиғатты қорғау шараларына бар болғаны 22,3 миллиард теңгесі немесе 29,9 пайызы ғана жұмсалған. Қоршаған ортаны ластайтын өндіріс ошақтары ең көп орналасқан Шығыс Қазақстан облысында табиғат қорғау шараларына облыс бюджетіне түсетін экологиялық төлемдердің бар болғаны 3,7 пайызы ғана жұмсалады. 2009 жылы барлық өңір әкімдіктерінің еліміздегі табиғатты қорғау шараларына жұмсаған қаржысы 13,5 миллиард теңге немесе бюджетке түскен барлық экологиялық төлемдердің 17,7 пайызынан аспаған.

 

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақстандағы ҚТҚ мен күл-қоқыстың 97 пайызы далаға төгіледі. Тек 3 пайызы ғана өртеледі. Ал Германияда ҚТҚ мен күл-қоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 30 пайызы, АҚШ-та 27 пайызы, Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделеді. Яғни, бүкіл өркениетті әлем ҚТҚ мен күл-қоқысты қайта өңдеу немесе азайту мақсатында мүмкіндігінше жұмыс жасап жатыр. Соңғы жылдары Қазақстанда да күл-қоқыс өңдейтін зауыттар салу жөнінде бірнеше жобалар белгіленді. Өкінішке орай, әлі күнге дейін бұл жобалар іс жүзіне асырылған жоқ.

 

Иә, бүкіл өркениетті әлем қоршаған ортасын қорғап, қасіреті қалың Жер-ананы күл-қоқыс қоймасына айналдырып алмау жолында жанталаса қарекет жасап жатыр. Қазақстан болса, күл-қоқыс мәселесін күн тәртібіне шығаруға да салғыртсып, ұлы даланың ұландығының арқасында «жағасы жайлау, арқасын кеңге» салып келеді. Кейбір дамыған елдер ҚТҚ мен күл-қоқысты қайта өңдеу арқылы бірқатар пайдалы өнімдер алып, «екі жеп, биге шығып» жатыр. Ал біздің Үкімет жомарт даланың қойнауындағы қазынаны таратып, жерасты қыртысын қопартудан дивиденд жинап, аяқ астындағы күл-қоқысты көзге ілер емес. Егер сол тау-тау болып үйілген ҚТҚ мен күл-қоқысты инновациялық тәсілдермен керекке жаратса, қазба байлығынан тапқан табыстан бір де кем емес пайда табуға болады. Мемлекет басшысы еліміздегі ҮИИД бағдарламасына жолдама бере отырып, ендігі кезеңде экономикамыздың даму болашағы тек инновациямен байланысты болатындығын барынша айтып келеді.

 

Қазақстандықтардың инновациялық идеясы, өндіріске енгізер жаңа жобасы жоқ па? Бар. Тек «ауылдағының аузы сасық» қағидасын жаттап алған біздің министрліктер мен әкімдіктер ғана шетелдердің ескірген технологиясына таласып, «велосипед» ойлап тапқандай жайбарақат жүр. «Көрмес түйені де көрмес» дегендей, өз қандастарымыздың шетел технологиясын он орап алатын инновациялық жобалары шағын шеберханаларда шаң қауып жатыр.

 

Жақында осындай өнертапқыштық инновациялық жобаның авторы, техника ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің профессоры Төлеухан Ермеков ақсақалмен пікірлесудің сәті түсті. Ол жетекшілік ететін университеттегі ғалымдар тобы ҚТҚ мен күл-қоқысты химиялық қайта өңдеуден өткізетін инновациялық жаңа технология ойлап тауыпты. Өкінішке орай, министрліктерден де, әкімдіктерден де қолдау таппаған бұл технология әлі күнге дейін университеттің шағын шеберханасында тұншығып жатыр. Енді инновациялық жаңалық авторына сөз берейік.

 

– Қазіргі кезде, – дейді техника ғылымдарының докторы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеухан Ермеков, – ҚТҚ мен күл-қоқысты қайта өңдеуден өткізудің жаңа да тиімді жолы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұсынып отырған химиялық әдіс болып табылады. Бұл технологиялық әдіс Қазақстан Республикасында 20-дан астам инновациялық патенттерге ие болды. Осы жерде айта кететін бір мәселе, Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында ҚТҚ мен күл-қоқысты қайта өңдеу зауыттарын салу жөнінде технологияларын ұсынып жүрген «Имабеиберика» АҚ (Испания), asta Anlagen (Берлин), «Алтын алмас» АҚ (Испания-Қазақстан), «Ювента-ДВ» (Германия) сияқты шетел компаниялары ҚТҚ мен күл-қоқысты іріктеу және жағу жөніндегі өздерінің ескі технологияларын енгізуді мақсат етіп жүр. Ал біз ұсынып отырған жаңа технологияның басты артықшылығы сұйық өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үдерістерінің технологиясы (СӨҚТҚҚӨҮТ) ҚТҚ мен күл-қоқысты іріктеу және оларды арнаулы полигондарға тасу жұмыстарынан мүлде бас тартады.

 

СӨҚТҚҚӨҮТ қайта өңдеу технологиясын жүзеге асыратын жаңа зауытта барлық қайта өңдеу жұмыстары заманауи ақпараттық технологияларға сүйене отырып, автоматтандырылған әдіспен жүзеге асырылады. Біздің технологиямыз бойынша жұмыс істейтін сұйық және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін (СҚТҚҚӨ) зауыттың әлемдегі қазіргі қолданыстағы технологиялардан бірқатар артықшылықтары бар.

 

Біріншіден, химиялық өңдеуге негізделген бұл жаңа зауытта қол жұмысы мүлде болмайды. Қалдықтарды көметін орын да қажет емес. Себебі, СҚТҚҚӨ толық химиялық қайта өңдеу үдерістеріне түседі. Химиялық қайта өңдеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында пайда болған газ жылу энергиясын өндіруге пайдаланылады. Барлық сұйық күл-қоқыс қалдықтары (металл және темір-бетон қалдықтарынан басқа) импортты алмастыратын бұйымдар жасау үшін қайта өңделеді. Одан электр жабдықтары өнімдерін және ерлер мен балалардың аяқ киімдерінің ұлтандарын жасайтын бұйымдар алынады.

 

ҚТҚ мен күл-қоқысты химиялық жолмен өңдеу барысында пайда болған метан, пропан, бутан сияқты газдарды жылу энергиясын алуға және су ысыту қондырғыларын қыздыруға пайдалануға болады. Химиялық жолмен қайта өңделген барлық күл-қоқыс қалдықтарынан өндіріске пайдалы 40-тан астам әртүрлі заттар және қымбат импортты алмастыратын бұйымдар жасалады. ҚТҚ мен күл-қоқыстарды осылай өңдеу технологиясы барысында қала маңайындағы күл-қоқыс полигондарын тазарту жұмыстары тиімділікпен жүргізіледі. Бұл жаңа технологияға негізделген зауытта ҚТҚ мен күл-қоқыстарды қолмен іріктеу жұмыстары болмайды. Бәрі автоматтандырылған және қоршаған ортаға да қауіпсіз. Зауыт өндіретін тауарлар түгелдей дерлік экологиялық таза және оларды пайдалану мерзімі ондаған жылдарға созылады. Бұл жаңа зауыт химиялық өңдеу тәсілдерімен ҚТҚ мен күл-қоқыстан шығаратын сапалы бұйымдар қолданыстан шыққаннан кейін күл-қоқыс күйінде қоршаған ортаға тасталғанда өте зиянсыз болып саналады.

 

Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 6 миллион 800 мың доллар өнім өндіруге негізделген. Бұл зауытты салуға тартылған инвестициялық қаржы 1,5 жылдың ішінде игеріледі. Зауыт салуға жұмсалған инвестициялық қаржы 18 айдың ішінде өзін-өзі ақтап, толық қайтарылады. СҚТҚҚӨ зауытының алғашқы бір тәжірибелік цехын салуға сұраныс жасалып отырған қаржы көлемі қазір 100 миллион теңге мөлшерінде.

 

СҚТҚҚӨ зауыты қоршаған ортаны ластайтын көмір қышқыл газының көлемін азайтуға барынша ықпал етеді. Сонымен бірге бүгінде күл-қоқыс алаңдарына көптеп шығарылатын автокөлік доңғалақтары резеңкелерін, ақпараттық технологияның ескірген құрал-жабдықтарын осы зауыт цехында химиялық тәсілдермен 1-3 мм. дейін ұсақтап, экологиялық таза пайдалы бұйымдар алуға болады. Тағы бір айта кететін мәселе, бұл зауыт қоршаған ортаға ерекше зиян келтіретін мұнай шламдарын кешенді технологиялық әдіс бойынша қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Зертханаларда жасалған тәжірибелер көрсетіп отырғандай, қайта өңделген ҚТҚ мен күл-қоқыстың химиялық құрамдарынан және сұйық өнеркәсіптік қалдықтардан 20 текше метр түрлі газ өндіріп, цехта атқарылатын бір жұмыс ауысымында 100 мың киловатт электр энергиясын шығаруға болады. Қорыта айтқанда, бүгінде баламасы жоқ жаңа технологияға негізделген бұл зауыттың даламызды күл-қоқыстан тазартып, экономикамыздың дамуына барынша игі ықпал ететіні даусыз, – дейді профессор Төлеухан Ермеков.

 

Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы аршынды қадамдармен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасыратыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспортының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық.

 

Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы даламызды ғасыр тажалы атанған ядролық сынақтар 40 жыл қақыратса, қолдан жасалған қырсықтың кесірінен қос тамыры тартылып, ақ айдын Аралдың суалғанына да ширек ғасырдан асты. Баянауылдың басынан бағы тайды, тау мен тасы тесілген Қарқаралыны бұлт торлады, жер жәннаты Жетісудың бұлағы сарқылып, көк майсасы жұтаңданды. Көлі құрғап, көңілі ортайған көгілдір Көкшетаудың да әрбір күні күрсінумен өтіп жатыр. Байқоңырдан ғарыш кемесін ұшырып, ырысты да күрішті Сыр бойын тусыраттық. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Алмақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ.

 

Ұрпақ мүддесін, жер қадірін ойлайды-ау деген билік басындағылардан көңіл қалды. Жақында жаңадан тағайындалған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков теледидардан Алматы маңында болған алапат дауылдан құлап қалған ағаштарды жинап, тазартылған жерлерге қайтадан ағаш өскіндерін өсіру туралы бастамаға «Құлаған ағаштарды жинаудың қажеті жоқ. Қоршаған ортада қалыптасқан жағдай бойынша дауылдан құлаған ағаштар табиғи үдеріс бойынша сол жерде жылдар бойы жатып, өз-өзінен шіриді. Бұл сол жердің топырағын тыңайтуға ерекше қолайлы жағдай жасайды» деп салды. Ұлан-ғайыр даламыздың тағдыры тапсырылған министрдің пайымы осылай болса, басқаларға не жорық!

 

Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қала экологиясы

Урбанизация (адамның планета территориясын игеруі және өзіне қажетті обьектілерді салуы) табиғатқ а елеулі әсер етеді. Халықтың сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін оның жолдарын, құралдарын, әдістері мен шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен шешуді Урбоэкология (қала салудағы экология) саласы қарастырады. Қалалардағы адам мен табиғат үшін қолайлы ортаны сол жерде өмір сүретін тұрғындардың психологиялық, әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімді, орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық орта сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде және әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік және әлеуметтік-экономикалық кешенді факторлар болып табылады. Адамның қаладағы өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның, пәтерден тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт және т.б), мәдени ландшафтар ортасының (бақтар, саябақтар), табиғи ортаның, сондай-ақ әлеуметтік-психолоғиялық және әлеуметтік-экономикалық орталардың жиынтығы.

 

Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны планетадағы адамдардың 50%- нан асты. Болжамдар бойынша 2030 жылға қарай қалада тұратын адамдардың саны ауыл тұрғындарының санынан 2 еседей көп болады деп күтілуде. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады, олар:

 

көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардың

қоршаған орта мен адам организміне түсуі;

 

қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың

тығыз орналасуы, мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы;

 

табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасанды

ландшафтарға ауысуы;

 

адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіс

сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі;

 

адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектен

тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.).

 

Қалалық орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары және оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың (қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар, құрылысшылар, қала халқы) экологиялық білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге, бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты. Мұндағы басты міндеттер мыналар:

Информация о работе Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті