Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 22:51, реферат

Описание работы

ерттеу мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу.
Міндеттері:
1) 1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау
2) Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу
3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар
5) Зертханалық жұмыстар жасау
Қорытынды нәтижесі:
- Қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған.
- Негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білген.
- Ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған.

Содержание работы

Мазмұны
І Кіріспе ............................................................................................................................. 3 -4
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тазалық табалдырықтан басталады............................................................................
2. Өндірістік және шаруашылық қалдықтарды зиянсыздандыру проблемасы .......
3. Қоқысты қайта өңдеу арқылы мемлекет шығындарын азайту..........................
1.4.Қоқыс қалдықтарынан жасалған заттар ...............................................................
ІІІ.Қорытынды ....................................................................................................................
ІV. Пайдалаған әдебиеттер тізімі......................................................................................

Файлы: 1 файл

Қоқысты қайта өңдеу арқылы.docx

— 1.23 Мб (Скачать файл)

 

 

Мәселен, пластик қағаз. Оның қақпағы полипропиленнен жасалған. Заттаңбасы – полиэтилен. Ал бөтелке полистиролмен үрленген. Яғни, мұнда қақпағы мен заттаңбасы ғана қайта өңдеуге жарайды. Полистиролдан жасалған өнім – қатты материалдан жасалған – балқытып, қажетті жағдайға келтіруге болмайды. Сондықтан, әкелген қалдықтың бәрін жұмысшыларға өз қолдарымен реттеуіге тура келеді. Іріктеуден өтпегендерді қайтадан полигонға апарады. Сонымен қатар, пластмассамен әкелінетін металлдан жасалған өнімдер, мәселен, мынау сынып қалған велосипед.

 

 

 

 Пластикті таңдап алдық, енді қайта балқытуға дайындау қажет. Сондықтан барлық шикізат ұсақтау цехына жіберіледі. Мынау құрылғылар бір ауысымда 5 тоннаға дейін пластмассаны ұсақтайды алады. Осындай әрбір станоктың ішінде пластмассаны ұсақ үлпекке айналдырып жіберетін пышақтар бар. Сондықтан ұсақталғаннан кейін мынандай әдемі түрлі-түсті қоспа пайда болады. Және бір камаз қалдыққа 2 сағаттан артық уақыт кетпейді.  Пластмассаны ұсақтау – айталама шикізатты қайт аөңдегенде қажетті операция болып табылады. Процесстің басында жұмысшылар металл бөлшектер ұсақтағышқа кетіп қалмас үшін пластикті мұқият қарап қана қоймай, оны түсі бойынша сұрыптаудан өткізеді. Қара, сұр, қоңыр пластмасса бір контейнерге қайт аөңдеуге жіберіледі. Қызыл, сарғылт, арылары-басқасына кетеді. Ағы- үшіншісінде өңделеді. Технология бойынша пластмасса боялады, нақтырақ айтсақ, бояғыш затпен араластырылады. Қара түстерді бояу қиынырақ екені белгілі.

 

 

ПЛАСТИК БӨТЕЛКЕДЕН ЖАСАЛҒАН ҚАРЫНДАШ САЛҒЫШ

Қалам-қарындаш және басқа да кеңсе тауарларын салуға арналған тұғырықты ұсынамын.

Ол тым қарапайым көрінбес үшін ою-өрнегі бар пластик бөтелкеден жасалады.

Бөтелкенің жоғарғы шетін (кесу сызығын) резеңке қиындысымен немесе изотаспамен бүрмелеуге болады.

 

 

 

 

 

 

Пластикалық бөтелкеден лента салуға арналған құты. Екі бөтелкенің астыңғы бөліктерін біріктіріп, жанынан тілік істеп қойыңыз. Екі бөлікті біріктіру үшін түрлі-түсті резеңкелерді пайдаланыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоқысты шашатын кім? Азабын тартатын кім?

 

«Тазалық – денсаулық кепілі» дейміз. Алайда, осыны біле тұра, тазалық жайына мән бермегендерден немқұрайлы қарайтындар аз емес. Сірә, қаланың да, даланың да, ауылдың да пластик өнімдері мен түрлі қалдық-қоқыстардан ыбырсып жататыны, сондықтан.  
Өз төңірегіңнің, көшеңнің таза болғаны, өзің тұратын елді мекеннің тазалығы - өзің үшін жақсы, өзің үшін абырой. Осы мәселеге Ақжайық селосы әкімдігі тарапынан барынша көңіл бөлініп келеді. Село баяғы тау болып үйілген ескі күл-қоқыстан әжептәуір арылып қалды. Көшелер мен алаңдарды, тіпті, ауыл сыртындағы жолдар бойын шашылған целлофан, қағаз қалдықтары мен басқа да қоқыстардан арылтып тұруда биржа жанынан шығарылғандар тыным таппайды. Тіпті, олар темекі тұқылына дейін жинап жүргені. Нәтижесінде, бірер жыл турасында Ақжайық «Таза село» атағына да ие болды. 
Дейтұрғанмен, қоршаған ортаны тазартқаннан, біреулердің шашқан қоқысын біреу жинағаннан, тазара қоярма екен?! Бар гәп, әркімнің осыған мән бермейтіндігінде... 
Орыс халқында «Тазалық – жинастырған жерде емес, шашпаған жерде» деген мақалы бар. Өте орынды айтылған. Ал, көше тазартуға ешкім шықпады делік. Көшелерде қоқыс салатын контейнерлер екібастан жоқ, болған да емес. Мұндайда ұқыпсыз адамдардың тастай салған қалдық-қоқысынан аяқ алып жүрудің өзі мұң болар. 
Ақжайықта күл-қоқыс, қалдық нәрселерді төгуге арналған селодан тысқары жерде арнайы полигон бар. Оған апаруға мүмкіндігі болсын-болмасын қағаз, целлофан, пластик қалдықтарын отқа жағып жіберуге де болады ғой. Әйтсе де, қоршаған ортаны қоқыту тыйылар емес. Қайсыбір тұрғындар әлдеқашан жабылған, қалдық нәрселер мен күл-қоқыс төгуге тыйым салынған, селоның Жасталап сайы маңындағы бұрынғы полигонға қалдық заттар төгуді қоймай жүр. Сол жердегі жыраға, сайға тастай салынған қапшық-қапшық, дорба-дорба ескі-құсқы киімдердің қалдықтары мен целлофан, пластик, қағаз, құты атаулы желмен ұшып, иен далада жайрап жатыр. Тіпті, зер салған адамның сол қапшықтар мен дорбалардан шығып қалып жатқан СТН (РНН), ӘЖК (СИК) секілді құжаттардың ксерокөшірмелерінен кімнің төккен қоқысы, қалдық заттары екенін анық аңғаруына болады. Егер, мұндайларға айыппұл салып, басқа да шара қолданушы болса, айыпкерді осы арқылы-ақ оңай қолға түсірер еді. 
Шындығын айтқанда, өзі өмір сүретін ортаның тазалығы жайына келгенде көп адамда мәдениеттілік жоқ. Мәдениеттің бір бөлігі - ортақ тазалыққа үйрену де, үйрету де қажет. 
Осындайда, тазалық сақтау тәртібін орнататын заң керек. Салақтық заңмен жазаланғаны дұрыс болар еді. 
Мына бір жайды еске алыңыз. Астананың ластығына өз наразылығын білдірген Елбасы Н.Ә.Назарбаев қала басшысына қоқысты тиісті орындарға тастамайтындарға Сингапурдағыдай жаза қолдану қажеттігін айтқан болатын. Бұл елде көшеде кетіп бара жатып лақтырып кеткен темекі тұқылы немесе дәмі кеткен сағызын түкіре салатындарға 50 дүреге дейін соғылады екен, 1000 Сингапур доллары көлемінде айыппұл салынады. Бұл - бізше 120 мың теңге. Мұнан кейін көшеге қоқыс лақтыру екіталай болар. 
Заң бізде де жоқ емес. Қазақстанда салақ тұрғындарға он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл – шамамен 17 мың теңге. Немесе, он күнге дейін қамауға алынады. Әрине, осының өзі жеңіл жаза емес.  
Десек те, осы шараның салақтарға қолданылғанын әлі күнге естіген де емеспіз. Ал, пайдаланудан қалған целлофандарды кез келген жерге лақтырып, қоршаған ортаны ластап жүргендер сол целлофанды ауылдың малы жеп өлетінін, бөтелке сынықтары малдың да, балалардың да аяқтарын кесіп жататынымен ісі жоқ.  
Осы мәселені күн тәртібінен түсірмей, ластаушылар мен шындап күресу ауыл-село әкімдерінің, басқа да құзырлы орындардағылардың қолынан келерме екен?! Әлде, олардың өзін «тірілтетін» тәртіп болмай жатыр ма?

 

 

 

 2. Қоқыс  – ғасыр мәселесі

Диван, чемодан, саквояж, кәрзеңке, картина, картон, велосипед, теледидар, тоңазытқыш – бұл бір текті емес заттар бірнәрсені құрайды: уақыт өткен сайын олар тозады және қоқысқа айналады.

Біздің планетамыздың тұрғындарының әрбір 6 миллиардына жылына 1 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс сәйкес келеді. Бұл миллиондаған тозған және соғылған автомобильдер, сондай - ақ өнеркәсіптік қалдықтарды санамағанда. Егер бір жылда жиналған барлық қоқысты құртпай және өңдемей, үйіндіге айналдырса, Еуропаның ең биік тауының шыңы – Эльбрус тауының биіктігіндей (5642 м) – болар еді.

 

Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіп салаларының пайда болуына әкелді. Тіпті аудармасында қоқыстану дегенді білдіретін гарбология жаңа ғылыми бағыт пайда болды. Әлемнің гарбологтары адамзат өміріне енген қоқыс тұйығынан шығудың жолдарын іздеуде.

Ал қоқыс жыл өткен сайын көбею үстіне көбеюде. Неге?

 

 

Кіріспе

Экология: міндеттері мен келешегі

Білімнің барлық салалары сияқты, экология үздіксіз дамып келді, бірақ ол бірде тез, бірде баяу болып отырды. Гиппократтың, Аристотельдің, басқа да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы деректер бар. Сонымен бірге гректер «Экология» деген сөзді білмеген. Бұл салаға «Биологиялық қайта өрлеудің» (18 - 19 ғасыр) көптеген ұлы қайраткерлері де өз үлесін қосты. Мысалы, 18 ғасыр басындағы алғашқы микроскоппен зерттеушілердің бірі ретінде көбірек танымал болған Антон Ван Левенгук, сонымен қатар осы күнгі экологияның маңызды екі саласын – «Қоректік тізбектерді» және популяция санының динамикасын зерттеудің пионері болып табылады.

Кез келген ғылым саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі – таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталған

білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын – практикалық маңызы бар бірде бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз компоненттері арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.

 

 

 

2. Қоқыс – ғасыр мәселесі

Диван, чемодан, саквояж, кәрзеңке, картина, картон, велосипед, теледидар, тоңазытқыш – бұл бір текті емес заттар бірнәрсені құрайды: уақыт өткен сайын олар тозады және қоқысқа айналады.

Біздің планетамыздың тұрғындарының әрбір 6 миллиардына жылына 1 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс сәйкес келеді. Бұл миллиондаған тозған және соғылған автомобильдер, сондай - ақ өнеркәсіптік қалдықтарды санамағанда. Егер бір жылда жиналған барлық қоқысты құртпай және өңдемей, үйіндіге айналдырса, Еуропаның ең биік тауының шыңы – Эльбрус тауының биіктігіндей (5642 м) – болар еді.

 

Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіп салаларының пайда болуына әкелді. Тіпті аудармасында қоқыстану дегенді білдіретін гарбология жаңа ғылыми бағыт пайда болды. Әлемнің гарбологтары адамзат өміріне енген қоқыс тұйығынан шығудың жолдарын іздеуде.

Ал қоқыс жыл өткен сайын көбею үстіне көбеюде. Неге?

 

 

 

 

 

 

Экологтар қоқыстың қоршаған ортаға тигізетін зиянын жоюдың оңтайлы жолдарын ұсынды

11.01.2010

Меруерт Бауыржанқызы

3.3 / 5 жулдыздар (барлығы 4)

 

Тұрмыстық қалдықтардың пайдасы мен зияны. Бүгін экологтар қоқыстың қоршаған ортаға тигізетін зияны жөнінде тағы бір мәрте ескертіп, проблеманы шешудің оңтайлы жолдарын ұсынды. Табиғат жанашырларының ойынша, қоқыстағы тұрмыс қалдықтарын іріктеу керек. Тілшіміз Меруерт Бауыржанқызы экологиялық мәселеге араласып көрді.

 

Эколог Мелс Елеусізов қоқыс мәселесін өзінше шешудің жолдарын ұсынып отыр. Ол 5 жылдан бері қаладағы қоқыс тастайтын орындардың бірін шағын кәсіпорынға айналдырған. Мұнда бар-жоғы екі қызметкер жұмыс істеп, тұрмыстық қалдықтарды қолмен іріктеп отырады. Қағазды, полиэтилен пакеттерді, пластмасса шөлмектерді қайта өңдейтін зауыттар сатып алады, ал қалған бөлігі іріктелген күйі қаладағы үлкен қоқысқа жіберіледі.

 

Мэлс Елеусізов, “Табиғат” Экологиялық одағының төрағасы:

 

- Көп қалдық шығады. Адамдар қазір көп дәрі пайдаланатын болды. Жарнама қатты жүріп жатыр. Әр үйден бір мөшектей дәрі-дәрмектер шығады. Соның бәрі уақыт өткеннен кейін осында кетеді. Проблема – кәсіпорындардың жоқтығы.

 

Табиғат жанашыры қаладағы қоқыстың бәрі осылай іріктелсе, оның қоршаған ортаға тигізер зияны азаяр еді дейді. Әзірше Алматыда жұмыс істеп тұрған жалғыз қоқысты қайта өңдеу зауытында қалдықтарды іріктейтін мүмкіндік жоқ. Ол зауыт қоқыстың 70 пайызын ғана қайта өңдеп шығарады.

 

Алматылықтар қоқысқа жыл сайын 470 мың тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық заттар тастайды. Оның 3 мың тоннасына жуығы полиэтилен пакеттер болса, 12 мың тоннасы пластмасса бөтелкелер. Алматының қайта өңдеу зауыты бұл қалдықтардан жүк буатын жіптер мен түтіктер жасап шығарады.

 

Қайта өңдеуге жарамайтын қалдықтар қаладағы қоқыс полигонына жөнелтіледі. Онда зиянды заттарды жерге көмеді. Бірақ экологтарды мазалайтын басқа мәселе. Адамдардың саналы түрде қалдықтарды табиғат аясына тастауы. Мысалы, пластикалық бөтелкенің шіруіне 100 жылдан астам уақыт керек. Бұл аралықта шөлмек әр түрлі улы заттарды сыртқа шығарады.

 

Гузел Құлжабаева, “Гүлстан” журналының бас редакторы:

 

- Балаларға кішкентай кезінен соны ешқайда тастамау керек екендігін үйретуіміз керек.

 

Бүгінде қалдық заттардың да кәдеге жарайтынын мектеп оқушылары жақсы ұққан. Оқушылар құрылыс материалдары ретінде күнделікті өмірде тұтынып жүрген заттарды пайдалануда. Енді бұл мектептің ауласында жатқан қоқыстың бәрі пайдалы. Табиғат жанашырлары оқушылардың бастамасын бүкіл елге үлгі етпек.

 

Қазақ даласы күл-қоқыс

 

Қазақ даласы күл-қоқыс

Жұма, 14 Қазан, 2011 *

 

Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. **

Жыл сайын әлемдегі әрбір қала тұрғыны 250-300 кг. қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) «өндіреді» екен. Жаһандану үрдісі белең алған бүгінгі шақта одан ауыл-село тұрғындары да кенде қалып жатқан жоқ. Енді осы цифрды жұмыр жерді мекендейтін 7 миллиард адамға көбейтіп көріңіз. Оған өндірістік, техногендік қоқысты қосып байқаңызшы. Жер бетінде жиналған ҚТҚ мен қоқыс көлемін ойлаудың өзі қорқынышты. Қайран жер қалай шыдас беріп тұр десеңізші!

 

Басқасын қайдам, ҚТҚ мен қоқыс «өндіруден» Қазақстан дүние жүзіндегі ең дамыған елдерден қағыс қалып тұрған жоқ. Қазір қазақ даласында 22 миллиард тонна қалдықтар мен қоқыс жиналыпты. Оның 16 миллиард тоннасы техногендік-минералдық қалдықтар болса, 6 миллиард тоннасы адам ағзасына аса қауіпті химиялық қалдықтар екен.

 

Сарапшылар дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді. Осы зиянды қоқыс шығаруда Қарағандының тау-кен және кен байыту кешендері (29,4 пайыз) бірінші орынды иеленсе, Шығыс Қазақстан облысы (25,7 пайыз) екінші орынды, ал тиісінше 17,0 пайыз және 14,0 пайыз қоқыс «өндіретін» Қостанай мен Павлодар облыстары үшінші орынды бөліседі.

 

Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл-қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. ҚТҚ мен күл-қоқыс «өндіруден» Павлодар облысы мен Алматы қаласы алда келеді. Тиісінше, олар жылына 1,7 миллион тонна және 0,5 миллион тонна күл-қоқыс шығарады. Қазақстанның әрбір тұрғынына шаққанда жылына 1381 тонна ҚТҚ мен күл-қоқыс «өндіріледі». Салыстыру үшін айта кететін болсақ, Германияда әрбір тұрғынға шаққанда бұл көрсеткіш 0,4 тоннадан айналады, оның өзі тиісті зауыттарда қайтадан өңделеді.

 

2011 жылғы 1 қаңтардағы дерек  бойынша, Астана қаласының арнайы  бөлінген ресми күл-қоқыс полигонында 20 миллион тонна ҚТҚ мен күл-қоқыс қалдықтары жинақталған. Қалада коммуналдық қалдықтарды жинаумен және оны күл-қоқыс полигондарына тасумен 30 мекеме айналысады. Оның 90 пайызынан астамы жекеменшік кәсіпорындар. Ресми деректер бойынша, тек 2010 жылдың өзінде қаланың ресми жұмыс істейтін күл-қоқыс полигондарына 1 238,7 мың тонна ҚТҚ мен күл-қоқыс қалдықтары тасталған.

 

Жоғарыда данагөй қазақтың «ат аунаған жерде түк қалады» деген қанатты қағидасын да айттық. Бұл аттың түгі де, қойдың қиы да, қысқасы, адамнан басқа сан мың тіршілік иесінің табиғатқа қалдыратын қалдықтары зиянсыз, қайта топырақ құнарын арттыратын тыңайтқыш деген сөз. Ал адам баласының табиғатқа тастайтын ҚТҚ-лары Жер-ананың денесіне жабысқан мерездей, жылдар бойы табиғатқа жазылмас жара салатын дертпен тең.

 

Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі палиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады.

 

Осыдан біраз жыл бұрын үлкен крейсерлік кеме капитаны Чарльз Мур Тынық мұхитында көшіп жүрген үлкен күл-қоқыс «аралын» көреді. Кейін ғалымдардың зерттеуі бойынша, бұл шын мәнінде суға батпайтын әртүрлі пластмасса құтылары мен ҚТҚ қалдықтарынан құралған қоқыс үйіндісі болып шыққан. Бұл Тынық мұхитындағы күл-қоқыс «аралының» көлемін дәл анықтау мүмкін емес. Кемеден қарағанда оның шегі мен шеті көрінбейді. Ал ұшақтан оны анықтау тағы қиын. Ғалымдар пікірінше, үнемі көшіп жүретін бұл күл-қоқыс «континентінің» жалпы көлемі 700 мың шаршы шақырымнан 15 миллион шаршы шақырымға дейінгі аумақты алып жатқан көрінеді. Яғни бұл мұхиттағы күл-қоқыс «аралында» 100 миллион тоннадан астам әртүрлі ҚТҚ мен қоқыс жинақталған. Чарльз Мурдың есебінше, күл-қоқыс «аралының» 80 пайызы құрлықтарда тасталған күл-қоқыстан, 20 пайызы кемелер палубасынан мұхитқа лақтырылған әртүрлі қоқыс қалдықтарынан құралған. Міне, адамзаттың табиғатқа жасаған қиянаты құрлықты қойып, алып мұхиттарды да улап жатыр.

Информация о работе Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті