Экологиялық менеджмент жүйесі және сапа менеджмент жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 13:55, реферат

Описание работы

Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресустарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі - айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де Қазақстан Республикасының құқықты актілерімен реттеледі.

Содержание работы

Кіріспе .................................................................................................................3

І ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ............................5
Экологиялық менеджмент стандарты.............................................................5
Экологиялық аспектілер...................................................................................8
Экологиялық саясат.........................................................................................10
Экологиялық аудит..........................................................................................16

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ...................20
2.1 Қазақстанның экологиялық жағдайы...........................................................20
2.2 Экологиялық зардапты қалпына келтіру.......................................................22

Қорытынды....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................27

Файлы: 1 файл

кайп.docx

— 62.85 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ

2.1 Қазақстанның экологиялық жағдайы

 

Соңғы он екі жылдықта Қазақстан  экономикалық және экологиялық кеңістік жағынан   қатты даму үстінде, оның  нәтижесі  көзге  көрінерліктей. Экологиялық  менеджмент  және аудит   сызбасы  сияқты  жаңа әдіс -тәсілдер қолданылуда. Қазіргі таңда  Қазақстанда  қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша халықаралық стандарттарда  көрінетін экологиялық басқару  жүйесі қалыптасуда және  дамуда. Осы және  басқа да түйткілді мәселелерді шешу   үшін табиғатты пайдалану  және қоршаған табиғи  ортаны қорғау  жұмыстары бойынша Үкіметтік комиссия құрылған. Бұл атқарушы үкіметі мен атқарушы өкімет органдарының   іс - әрекетін үйлеструді  қамтамасыз   ету мақстында  құрылған болатын.

Бірнеше ондаған жылдар бойы біздің мемлекетіміз «Мемлекет – қоғам – жеке  адам»  принципі  бойынша өмір сүріп келді. Қазақстан Республикасы  Конституциясы 1995 жылы «жеке адам қоғам мемлекет»  деген    басқа  принципті нығайту  үшін  барлық  Қазақстандық азаматтарға  біраз уақыт керек. Н.Б.Мухитдинов  дұрыс атап өткендей  «Әлеуметтік  экономикалық даму процесінде   қоршаған  табиғи ортаны  сақтау және сол күйінде  ұстап тұру үшін  мемлекеттік органдардың қызметін  қайта құру мен  экологиялық  талаптарға сай өмір сүруден  басқа мүмкіндіктері жоқ»! алайда бұл стратегиялық міндет  іс – тәжірибе  жүзінде іске асырылып   жатқан жоқ.

М.М. Бринчук экологиялық  заңнамалардың  дамуын  келесі  принциптерге   қағидаттауға  негізделуі  мүмкін  деп  өз пікірін  қарастырады.

1. Конституциялық 

2. Экологиялық заңнамаларды: «құқықтар – міндеттер – жауапкершілік  – жүзеге асыру  процесі   кепілдік»  жүйесі  бойынша  орналастыру.

3. Экологиялық    заңнамаларға  құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру, идеологиялық  механизмдерді    жүзеге асыратын құқықтық нормаларды  жасау және  енгізу;

4. Ғылымшылық;

5. Қабылдау практикасын  есепке ала отырып мерзім –  мерзіммен жаңартып отыру.

Қазіргі  экологиялық  жағдай қабылданатын  заңдардың  тиімділігіне, сапасына  және барлық заңнамалар  жүйесіне  ерекше  талаппен қарауды  қажет етеді.

Табиғатты қорғау  жұмыстарында заңнамаларды реттеу қажеттігі  экологиялық саясатты жүзеге асыру  жұмыстары бойынша іс – шаралар кешенінің маңызды элементтерінің  бірі болып   табылады.

Қоршаған орта туралы заңнамаларды қалыптастыру барысында аталған саладағы жаңашыл идеяларды ескеріп отырған жөн. Олардың ішіндегі  негізгілері  экологиялық  қауіпсіздікпен тұрақты даму   болып табылады.

Тұрақты даму проблемалары  сондай – ақ әлемдік деңгейдегі  талдау көзі  болып табылады. Мәселен, 1997 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының  арнайы сессиясы бойынша тұрақты даму жұмыстарындағы іс – шаралардың  жүзеге асырылу  қажеттігін  қолдайтындығын білдірді. БҰҰ Ассамблеясының Бас хатшысының  есебінде  қоршаған ортамен оның дамуы бойынша  үкімет  тұрақты даму  жұмыстары бойынша ұлттық  комиссияларды құру  жұмыстарын күшейтуді жалғастыру  керектігі айтылады  және БҰҰ  жүйесіндегі ұйымдар тұрақты  даму стратегиясында тұрақты дамуды қолдап  отырулары тиіс. 

Қазіргі таңда қоршаған орта  жөніндегі заңнамаларды  қалыптастыруды тұрақты  дамыту  мынадай  бағыттарда  жүзеге асырылуы қажеттігі  артып отыр.

табиғатты пайдалануды  тиімді түрде  қамтамасыз ету;

экологиялық талаптардың орындалуын  қамтамасыз ететін механизмдерді  құру;

Біздің көзқарасымызша, экологиялық  саясат келесі бағыттар бойынша  жүзеге асырылуға тиіс;

- азаматтардың конституциялық  экологиялық құқықтарын   жүзеге  асыру, сақтау  және қорғау;

-  қоршаған ортаны қорғау  жұмыстары  бойынша  табиғатты  пайдалану  және   қаржылай  қамтамасыз етудің экологиялық  механизмдерін  жетілдіру;

-  табиғи  ресурстарды  өндіру және  қоршаған  ортаны  қорғау механизмдерін  жетілдіру;

-  қоршаған  ортаны  қорғау саласындағы экологиялық  білім, тәрбие мен ғылыми  зерттеулерді  дамыту;

-  технологиялық  процестер  мен өндірілетін өнімдердің халықаралық  стандарттар жүйесін   өндіру  және дамыту.

Бұл бағытттар тізбесін кеңейте   және толықтыра  беруге  болады, алайда  қоғамдық  қабылдауларда экологиялық   өзгерістер енгізбей тұрып оң нәтиже күтуге   болмайды.

Бүгінгі таңда едәуір  зиян шегіп  отырған   қоршаған  ортада лайықты өмірге  деген құқықты  және басқа да негізгі  құқықтарды  жүзеге  асыру қиын, кей жағдайда  тіпті мүмкін емес. Қоршаған  ортаны қорғау – адамзаттың  қазіргі келешектегі жақсы өмір сүруінің кепілі.

Жоғарыда  айтылғандай  қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың адамзат  дамуының  қазіргі кезеңінде  ерекше мәні  бар екендігін  көрсетеді. Оның жүзеге  асырылуы   қоғамның  саяси, экономикалық, әлеуметтік,  мәдени салаларын түгел  қамтиды.

Қорытындылай келе, адамның  өмірге деген құқығы ғана емес,  қоршаған қолайлы ортаға  деген  құқығы да негізгі құқықтың бірі болып танылуы тиіс. Азаматтардың  экологиялық құқығын  адам  құқықтарының негізгі құқықтарының  бірі ретінде бағалау   қажеттігі пісіп – жетілді,  онсыз басқа құқықтардың  болуы да мүмкін емес. Бұл құқықтарды жүйе құрушы   құқық деп  атауға  болады,  олар  басқа құқықтарды  анықтауға  себепші  болып отырады.

   

 

2.2 Экологиялық зардапты қалпына келтіру

 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  экологиялық құқығы бұзылып, адамның денсаулығына немесе мүлкіне зиян келген жағдайда  оны қайта қалпына келтіру құқығын қарастырған. Осындай құқық  Экология кодексінде қарастырылған.

Адамның және азаматтың жеке және заңды тұлғалар арқылы экологиялық құқығының бұзылуының белгілі бір құқықтық салдары бар. Егер адамның және азаматтың денсаулығы мен мүлкіне зардабы тиген болса, ондай зардап белгіленген заң бойынша қалпына келтірілуі тиіс.

Зардапты қалпына келтіру тәртібі Қазақстан  Республикасының Экология кодексімен   реттеледі (86-90-баптар).

Алайда Азаматтық кодексте қоршаған ортаға жайсыз әсер етуші қатынастарды құқықтық жағынан реттеудің жалпы формалары қамтылмаған. Ол тек қоршаған ортаға жайсыз әсер ету нәтижесінде денсаулыққа немесе мүлікке зардабы тиген жекелеген оқиғаларды ғана ретке келтіреді. Экологиялық құқық бұзушылық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік құқық бұзушыға артылады, ол тиісінше жәбірленушіге заттай немесе моральдық зиян өтемін өтеуге тиіс.

Қолданыстағы  Экологиялық кодексте «экологиялық зардап» ұғымына анықтама берілмеген. Осы ақтаңдақтың орнын толтыру мақсатында заң туралы еңбектерде біраз мәселелер айтылды. Мысалы, Қ.Таукеннің пікірінше, экологиялық зардап дегеніміз – бұл экологиялық қолайсыз жағдайда ластанған табиғи ресурстарды (су, ауа), химиялық заттар араласқан азық-түлік өнімдерін пайдаланған және зиянды физикалық әсері бар (шу, радиация, электромагниттік өріс) жерде тұрумен байланысты келеңсіз генетикалық әсері бар, денсаулықты бұзып, ауруға әкеп соқтыратын зардап.[]

Біздің көзқарасымызша анықтамасы нақтырақ және дұрысырақ болып табылады. Экологиялық зардап дегеніміз – құқықтық экологиялық талаптардың бұзылу салдарынан болған және сол себепті материалдық және материалдық емес игіліктердің, оның ішінде заңмен қорғалатын адам өмірі мен денсаулығына, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүліктеріне де нұқсан келетін қоршаған орта жай-күйінің нашарлауы.

-  Қоршаған табиғи ортаның  қолайсыз әсерінен адам өмірі  мен денсаулығына келетін зардап  оның ағзасының өміршеңдік, биологиялық  қызметтерінің толық немесе жартылай  жойылуына әкеп соқтырады. Зардап  түрі адам өмірі мен денсаулығына  нұқсан келтіретін антропологиялық  түріне жатады. Зардап салдары  адамның денсаулығын жоғалтумен  байланысты болады.

1998 жылғы 5 шілдедегі «экологиялық  құқық бұзу жауапкершілігі туралы  заңнаманың сотта қолданылу практикасы  туралы» Қазақстан Республикасының  Жоғары Соты Пленумының қаулысына  сәйкес адам өміріне тигізетін  зардабы оның денсаулығын, еңбекке  деген қабілетін жоғалтумен, бір  немесе бірнеше адамның ауыр, орташа  немесе жеңіл жарақат  алумен сипатталады.

Бұл жерде келеңсіз салдар көзі В.Т.Абрамов атап өткендей: «Бұл экологиялық құқық бұзылған жағдайда оның адам денсаулығына немесе мүлкіне тигізетін зардабымен түсіндіріледі».

Экологиялық құқық бұзылып, оның адам өміріне немесе мүлкіне тигізетін әсеріне деген конституциялық құқықты азаматтардың экологиялық құқығын жүзеге асырудың маңызды заңды кепілдігі ретінде қарастыруға болады.

Зардапты қалпына келтіру сот және соттан тыс тәртіп бойынша іске асырылады. Оның амалдары әртүрлі болуы мүмкін:

Ауырған жағдайда, оның ішінде қоршаған ортаның ластануына байланысты жұмыскерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде парағын беру;

Қоршаған қолайсыз ортаның адам денсаулығына әсер етуіне байланысты мүгедектікке шығару;

Қоршаған қолайсыз ортаның келеңсіз әсерінен жәбірленушіні әлеуметтік-экологиялық қорғау шараларына, жеңілдіктер мен өтемақыларға ұсыну;

Қоршаған ортаның ластануынан азаматтың денсаулығы мен мүлкіне тигізген зардап орнын қамсыздандыру;

Сот шешіміне бойынша азаматтың денсаулығы мен мүлкіне тиген зардапты қалпына келтіру;

Зардапты қалпына толтыру принциптері Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің  баптарында көрініс тапқан.

Олар: - тигізген  зардапты   толық көлемде  қалпына келтіру

заңда немесе келісім шартта қаралғандай жәбірленушіге зардап шығынын өтемақы түрінде  өтеу;

зардап шектіруші өзінің кінәсі  жоқ екендігін  дәлелдеген жағдайда зардап орнын  толтырудан  босату;

зардап шектіруші болмаған күнде де зардап орнын толтыру жағы қаралуы мүмкін;

егер заңда қаралған болса, құқықтық  әрекеттер  арқылы келтірілген  зардап шығынының орынын толтыруға тура келеді;

келешекте зардаптың қауіп  төндіру мүмкіндігі іс әрекетті тоқтату  жөніндегі арыз шағым  жазуға негіз болады,  ондай қауіп  төнген жағдайда сот жауап берушіні  тек шығын орынын толтыруға ғана емес,  кәсіпорын жұмысын тоқтатуға міндеттеуге құқылы.

Заңды тұлға  немесе жеке тұлға және  оның жұмысшысы  еңбек ету барысында  зиян  шеккен болса, зардап шығынын  көтереді;

Жұмыс кезінде айналасындағыларға қауіп төндіретіндей болса, заңды тұлғалар  мен  азаматтар шығын орнын  толтыруға міндетті.

- Қоршаған ортаны ластауға, ядролық энергияны пайдалануға  байланысты  іс-әрекеттер, вирация, магниттік өріс  әсері  қауіптілігі  жоғары  белгілерге сәйкес  келеді. Сондықтан болар қауіптілігі  жоғары деп  есептеліп,  шығын  өтемі талап етіледі. Қолда бар  деректерге қарағанда, тұрғындардың 20-30 пайызының ауруы, қоршаған ортаның  ластану  әрекетімен  тікелей  байланысты. Бұл деректер  экологиялық  құқығы  бұзылып, адам  денсаулығына   немесе мүлкіне  зардабы тигені  үшін оның конституциялық  құқығын   қорғау  проблемасының  өткір  және  өзекті  екендігін  көрсетеді.

Келтірілген шығын  орынын толтыру  қоршаған табиғи ортаның үнемі, үздіксіз  әсер етуіне (яғни  экологиялық  жайсыз  аймақта  тұру),  немесе бір  рет не бірнеше рет қайталанған  жағдайларға да (ластанған табиғи  ресурстар: су, ауа, табиғи азық-түлік  өнімдері, сондай – ақ физикалық зиянды әсерлер: шуыл, радиация  электромагниттік өріс және т.б) байланысты  болады.

Бірінші жағдайда келген шығын орынын толтыру талассыз  жүргізіледі (экологиялық  жағынан ластанған аймақта  тұрудың  өзі  заңды фактіге  негіз   болып  табылады.),  мұнда экологиялық жәрдем ақы төленіп,  нақты жеңілдіктер  т.б. жасалады.  Ал екінші жағдай  сот тәртібі бойынша шешіледі.

Қоршаған  ортаның ластану нәтижесінде азаматтың денсаулығына тиген зардапты қалпына  келтіру   үшін және де уақытша жұмысқа  жарамсыздығы үшін  төленетін  өтемақы  қалыпты  болып есептеледі.  Жәбірленушіге   шеккен  зардабын  қалпына келтіру үшін   бұл жағдайда  медициналық мекеме  көмегіне  жүгінуге  тура келеді, онда  уақытша   жұмысқа жарамсыздығы   туралы  қағаз алады немесе дәрігерлік еңбек сараптама комиссиясының  қорытындысы бойынша медициналық және әлеуметтік қамсыздандыру, басқа да материалдық  көмек есебінен жәрдемақы қамтамасыз етіледі.

Азаматтың денсаулығына тиген шығын орынын толтырудың тағы бір түрі - ол жәбірленушінің  өзіне төлеген жәрдемақыға немесе зейнетақыға қанағаттанбауы. Мұндай жағдайда ол өзіне зардап келтіруші адамнан шеккен шығын орынын толық өтеуді талап етеді, мәселен, емделуге және талап  денсаулығын қалпына келтіруге кеткен шығындар, ауруды күтуге кеткен шығындар, тұрғылықты жерін, мамандығын ауыстыруға байланысты кеткен шығындар, сондай-ақ моральдық шығындар. Жәбірленуші бұл жағдайда зардап орынын қалпына келтіруге деген өзінің құқығын қорғау үшін өз талаптарын негіздеуге мәжбүр бола отырып, денсаулығына келген зиянды, қоршаған табиғи ортаның ластануынан денсаулығына келген зиянды, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануы мен ластандырушы өнеркәсіп, өндіріс орындары, ұйымдар мен азаматтардың арасындағы себептік байланысты дәлелдеп көрсете алуы тиіс.

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты қорғаумен байланысты мәселелерді шешуде зардапты қалпына келтіру механизмі мен оның алдын алу маңызды болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Əр түрлі ұйымдар өзінің экологиялық саясаты мен экологиялық мақсаттарын  есепке  ала  отырып  қоршаған  ортаға  қызметінің, өнімінің жəне қызмет көрсетуінің нəтижелерінің əсер етуін бақылау арқылы экологиялық тиімділікке қол жеткізуге жəне оны көрсетуге барынша  мүдделі  бола  бастады.  Бұл  заңнаманы  қатаңдандыру, экономикалық  саясат  пен  қоршаған  ортаны  қорғауға  бағытталған басқа да шараларды дамыту, сондай-ақ қоршаған орта мəселелеріне мүдделі тараптардың назарының көтеріңкі болу жəне тұрақты даму шарттарымен жүзеге асырылады. Көптеген ұйымдар экологиялық тиімділігін бағалау үшін экологиялық талдау»  немесе «аудиттер»  жүргізеді.  Дегенмен  өздігінен  оталдаулар»  мен «аудиттер»  ұйымның  өзінің  экологиялық  тиімділігі  қарастырылған  талаптар  мен  экологиялық  саясатына  жауап беріп  қана  қоймай,  болашақта  оларға  сəйкес  келетініне  сенімділікпен қамтамасыз  ету  үшін  жеткіліксіз.  Тиімділігін  қамтамасыз  ету  үшін талдаулар» мен «аудиттер» менеджмент жүйесі аясында жүргізілуі жəне ұйымның жалпы əкімшілік қызметімен біртұтас бірігуі тиіс. 

Информация о работе Экологиялық менеджмент жүйесі және сапа менеджмент жүйесі