Атмосфера және атмосфераны ластаушы көздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:53, реферат

Описание работы

Атмосфера — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.

Содержание работы

1. Кіріспе …………………………………………………………………………………3

2. Атмосфераның құрамы мен сапасына антропогендік әсер.……………………...…4-6

3. Атмосфералық ауаны ластаушы көздер………………………………………...……7

4. Атмосфераны ластағыштардың құрамы.………………………………..………...….8

5. Ауаның стационарлы көздерден шыққан заттармен ластануы.…………………… 9 -10

6. Ауаның қозғалмалы көздерден шыққан заттармен ластануы..…………………..…11

7. Ластанған ауаның зиянды әсері……………………………………………….............12-13

8.Қазақстан қалаларының атмосферасының ластануын зерттеу………………………13-19

9. Қазақстан қалаларының атмосферасының шаң бөлшектерімен ластануынан тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерін бағалау ................................................................................20-25

10. Қорытынды……………………………………………………………………………...20

11.Пайдаланған әдебиеттер. ……………………………………………………………….21

Файлы: 1 файл

атмосфера.doc

— 894.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Атмосфераны ластағыштардың құрамы.

 

  Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындының құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ-та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді, әр түрлі ұшпа көмір сутегілері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутегі, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.

 

Заттектер

Дүние жүзі бойынша

Қазақстан

Тұрақты көздер

Көлік

Тұрақты көздер

Көлік

Қатты бөлшектер 

57 

80 

6,4

3,7

Көміртек оксиді 

177

200 

7,6

10,1

Күкірт оксиді 

99

0,7

9,2

-

Азот оксиді 

68

20

3,0

1,1

Көмір сутектері 

4

50

0,2 

2,0


 

Бензинді мұнайды айдау арқылы алғанда да күкірттің біраз мөлшері ауаға тасталады. Мұнай мен көмірге қарағанда табиғи газда күкірт болмайды. Осы тұрғыдан қарағанда газ экологиялық таза отын болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Ауаның стационарлы көздерден шыққан заттармен ластануы.

 

  Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп, денсаулыққа зиянын тигізеді, ал улы заттар денені улайды. Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31,9 пайызы иісті газ, 27 пайызы күкіртті газ, 1,1 пайызы азот тотығы, 28,3 пайызы қалқып жүретін қатты түйіршіктер. Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу электростанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен мұнай – химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндіру кәсіпорындары жатады.

2- кесте

Өндірістің нешізгі салаларының ауаға шығаратын ластаушы заттардың үлес салмағы

Негізгі өндіріс салалары

Шаң-тозаң 

Күкіртті газ 

Көміртек тотығы

Азот тотығы

Көмірсутек 

Жалпы үлес салмағы

Жылу электр станциялары

 

39

 

38 

 

-

-

-

29,0

Құрылыс материалдарын өндіру

25 

 

-

-

-

-

8,1

Қара металлургия

10 

 

16

43

23

3

24,0

Түсті металлургия 

16 

 

22

-

-

-

10,5

Мұнай өңдеу, мұнай-химия өндірісі

 

3

13

-

82

15,5

Химия өнеркәсібі

 

-

-

12

-

1,3


 

Автопарктің облыс бойынша саны 2009 жылы 36214 бірліктен 2010 жылы 45278 бірлікке дейін өсті.

Автотранспорттан шыққан улы қалдықтар:

- 2009 жыл – 75,5%

- 2010жыл – 71,6%

- 2011 жыл – 60,8%

 

3-кесте

Қызылорда облысы бойынша стационарлы көздерден бөлінетін зиянды заттар туралы мәлімет.

Көрсеткіштер 

2009ж 

2010ж

1. Зерттелген мекемелер саны 

48

37

2. Ластаушы көздер 

 

1578

682

3. Зиянды заттар мөлшері мың.тонна 

182

153


 

 

4-кесте

Қызылорда қаласында атмосфераны ластайтын зиянды заттардың ингредиенттер бойынша мәліметтері

 

Зиянды заттардың құрамы 

2009ж 

2010ж 

Ауытқуы

 

+ -

Қатты заттар 

 

31,8

24,1

-7,1

Газ тәрізді сұйықтар 

32,1

31,3 

-0,8

Күкірт оксиді 

 

7,4

5,7

-1,7

Көміртек оксиді 

16,7

17,7

+1,0

Азот оксиді 

 

2,8

2,2

-0,6


 

 

Қызылорда қаласында атмосфераны ластайтын зиянды заттардың мәліметтері

  Мұнай өңдейтін және жасанды жібек шығаратын кәсіпорындар сутек қалдықтарын ауаға шығарады; химия кәсіпорындары азот тотығын бөледі; құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың шаңы мен тозаңында, газдарында кальций тотығы, топырақтағы алюминий тотығы, кремназем (кремнийдің оттекпен қосындысы), магний, темір, көмір, гипс, асбест, әк, тағы басқа заттардың қалдықтары бар. Құрылыс материалдарын шығару технологиясында шикізатта қазу, тасу, ұнтақтау, елеу, араластыру, нығыздау, кептіру, күйдіру сияқты жұмыстар кіреді. Осы жұмыстарды жүргізгенде сол маңайға шаң-тозаң, күл, бу, түтін т.б. ластаушы заттар бөлетіні белгілі.

  Сусымалы және ұнтақталған заттармен жұмыс істегенде шаң-тозаңды басу өте қиынға түседі. Мысалы, цемент шығаратын зауыттар, әсіресе күйдіру және ұнтақтау цехтары, әк пен цемент шығаратын зауыттар, әсіресе күйдіру және ұнтақтау цехтары, әк пен цемент тозаңын көп шығаратын, сол маңайдағы өсімдіктерді күйдіріп жібереді. Зауыттан 2 км қашықтықта 1 куб метр ауада 20 мг тозаң болады, ал санитарлық норма бойынша ол 0,15 мг аспауы керек. Асфальт шығаратын зауыттардың шаң мен түтіні көп болғандықтан оларды қаладан тыс жерлерге салу көзделген.

 

 

 

 

 

 

5. Ауаның қозғалмалы көздерден шыққан заттармен ластануы.

 

  Ауаны ластаушылардың ішінде автомашиналардың алатын орны ерекше. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдар құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары бар. Олардың ішінде зиянсыздары – азот, оттек, сутек, судың булары, зияндылары – көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а) пирен, күйе, күкіртті түтін т,б,

  Автомашиналардан бөлінген қалдық газдардың 75 пайызы көміртек тотығынан, 15 пайызы көмірсутектен, 7 пайызы азот тотығынан тұрады. Автомашина қозғағышы 1 тонна бензинді жаққанда 12,3кг, 1 тонна дизель отынын жаққанда – 24,5 азот тотығы бөлінеді. Құрылыс жұмыстарын жүргізгенде де ауа көп ластанады. Ірге тас қалау, су қоймаларын салу үшін топырақтың үстіңгі қыртысын алғанда, құрылыс салу, бояу, сылақ жұмыстарында айнала шаң-тозаң, иіс болып, қалдықтар үйіліп жатады. Құрылыста қолданылатын полимерлі материалдар мен шайырлардың ішінде уыттылары да бар. Сондықтан да ауаға формальдегид, фенол, шайыр бөлетін фенолформальдегидтер мен шайырларды пайдалануға тыйым салынған.

 Коммуналды – тұрмыстық қызмет орындары да от жаққанда, пәтер үйлерде пеш жағып жылытқанда ауаны ластайды. Қалдықтарды мезгілінде жинап, тасып, белгілі бір орынға дұрыстап үймей қоршаған ортаны да ластап жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Ластанған ауаның зиянды әсері

 

  Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3км биіктікке дейінгі аралықта жиналады. Төменгі қабаттағы ауаның жылынып жоғары көтерілуіне байланысты мөлшері 4-10 мкм аралығындағы шаң-тозаң мен газдар 1км-ге көтеріліп жан-жаққа жүздеген км қашықтыққа тарайды. Онан ірілері 300-500 метрге көтеріліп, ешқайда жылжымай, ауа салқындаған кезде қайта түседі. Мысалы, Лондонда 1 квадрат км жерге жылына 390 тонна, Нью-Иоркте 300, Париж бен Чикагода-260, Алматыда125 тонна шаң-тозаң түседі. /

  Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20 пайызға жуық халқы түрлі аллергиялық (тұмаудан бастап тыныс демікпесіне дейін) аурулармен сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты көрінеді. Ауадағы шаң тозаңның көп болуы өкпе ауруына себепші болады.

  Ауаны негігі ластаушылар қатарында көміртек тотығы, көмірсутек, күкүртті газ, азот тотығы, шаң-тозаң, күйе мен күл айтылған болатын. Қоршаған ортаға аса қауіпті автомашиналардан ауаға қосылатын көміртек тотығы, халық оны иісті газ деп те атайды. Бұл газ адамдардың және жылы қанды жануарлардың қанындағы гемоглабинмен (қанның ішіндегі бояушы қызыл зат) қосылып, дененің оттекті пайдалануына кедергі жасап оттек тапшылығына, дененің әлсіреуіне түрлі ауруларға төтеп бере алмайтын халге, оттекпен нитрит топырақтан ауаға қосылған адамдар өкпе ауруына шалдығып, витамин алмасуы бұзылады. Нитрит емшек сүтімен балаға өтсе, олардың тынысы тарылып, ұйқысы бұзылып, денесі көгеріп кетеді.

  Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауа көмір қышқыл газы өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100 жылда ауадағы көмір қышқыл газы 11-13 пайызға өсті. Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен демалу жылдамдап, бас ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де танып қалады.

  Ластанған ауаның өсімдіктер мен жануарларға да зияны көп. Мысалы, ауада фтор көп болса жануарлардың тістері тез қажалып, бал аралары өліп қалады. Мышьяк көбейсе құлындардың аяғы ісіп, сал ауруына шалдығады.

  Хлорлы сутек немесе Т73 қышқылы – металды өңдегенде қолданылады. Дымқыл ауада тұман пайда болып, жоғарғы дем алыс жолдарына әсер етеді.

  Уран – радиоактивті элемент, атом электр станцияларында, шыны және фосфор өндірістерінде қолданылады. Сәулелену ауруына ұшыратады, бүйрекке зиянды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Қазақстан қалаларының атмосферасының ластануын зерттеу.

 

   Жұмыстың эксперименттік бөлігі газоанализаторда жүргізіледі. Универсалды газоанализатор МЕГАКОН 10К 300-ден астам улы газдар мен олардың буын анықтауға арналған. Бұл приборда 10 компонентке дейін анықтауға болады. Соның ішінде СО, СО2(О2), NО, NО2, SО2, СS, N2Н4, көмірсутектерді, спирттерді, күрделі эфирлерді, альдегидтерді т.б. заттарды анықтауға болады. Конструкциясында универсалды фотоакустикалық датчик және оптикалық тарамдар орналасқан Әсер ету принципі газды кампоненттің оптикалық сүзгінің инфрақызыл спектрін таңдамалы сіңіруге негізделген.

Информация о работе Атмосфера және атмосфераны ластаушы көздер