Атмосфера және атмосфераны ластаушы көздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 00:53, реферат

Описание работы

Атмосфера — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.

Содержание работы

1. Кіріспе …………………………………………………………………………………3

2. Атмосфераның құрамы мен сапасына антропогендік әсер.……………………...…4-6

3. Атмосфералық ауаны ластаушы көздер………………………………………...……7

4. Атмосфераны ластағыштардың құрамы.………………………………..………...….8

5. Ауаның стационарлы көздерден шыққан заттармен ластануы.…………………… 9 -10

6. Ауаның қозғалмалы көздерден шыққан заттармен ластануы..…………………..…11

7. Ластанған ауаның зиянды әсері……………………………………………….............12-13

8.Қазақстан қалаларының атмосферасының ластануын зерттеу………………………13-19

9. Қазақстан қалаларының атмосферасының шаң бөлшектерімен ластануынан тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерін бағалау ................................................................................20-25

10. Қорытынды……………………………………………………………………………...20

11.Пайдаланған әдебиеттер. ……………………………………………………………….21

Файлы: 1 файл

атмосфера.doc

— 894.00 Кб (Скачать файл)

HQ=Cфакт/RfC,

Бұндағы, С – ауадағы заттың фактілі концентрациясы;

Rf C – референтті концентрация 

  Бұл кезде егер, HQ 1,0 тең немесе одан аз болса, онда зиянды әсердің қаупінің шегі «аз» деп қарастырылады. Ал HQ коэфициентінің жоғарылауы зиянды әсерлердің де қауіпінің даму мүмкіншілігі жоғарылайды, яғни, HQ>1,0 адам денсаулығы үшін «потенциалды қауіп» деп қарастырылады.

  2-нші кесте – 2008-2010 жж аралығында ҚР қалаларында шаңның ұсақ дисперсті фракцияларының созылмалы инголяциялық жол арқылы әсер етуі кезінде канцерогенді емес әсерлерінің қауіп қатерін бағалау

 

ҚР қалалары

Бақылау жылдары

2008

2009

2010

Коэффициент опасности пылевых фракций қауіпті шаң фракцияларының HQ қауіптілік коэфициенттері

 

НQ10 

НQ 2.5

НQ10

НQ2,5

НQ10

НQ2.5

Алматы

4,0 

8,7

2,9

6,3

2,5

5,5

Астана 

7,0

15,2

4,8

10,4

5,7

12,5

Шымкент 

2,4

5,2

1,9

4,2

2,4

5,3

Жезқазған

3,1

6,8

3,7

8,0

4,6

10,1

Тараз  

1,3

2,9

1,5

3,2

1,7

3,6

Павлодар 

1,5

3,4

1,5

3,3

1,7

3,6

Өскемен 

1,9

4,2

1,8

4,0

1,5

3,4

Семей  

2,3 

5,0 

1,6

3,6

1,1

2,4

Қызылорда 

1,7

3,8

1,1

2,4

0,4

1,0

Атырау 

3,7

8,0

6,9

15,0

3,7

8,2

Теміртау 

2,2

4,7

2,6

5,7

2,4

5,3

Ақтау  

3,1

6,7

2,3

5,1

2,4

5,3

Регламент 

HQ ≤ 1,0


 

2-нші кестеде келтірілген мәліметтерден шаң фракцияларының қауіптілік коэфициенттері ҚР барлық, атап айтқанда Алматы, Астана, Шымкент, Жезқазған және Атырау қалаларында бірліктен жоғары екендігін көруге болады. Бұл ҚР қалаларының атмосфералық ауасының ұсақ дисперсті шаң бөлшектерімен ластануынан туатын тұрғындар денсаулығы үшін зиянды бейспецификалық әсерлердің даму мүмкіншілігінің қаупі жоғары екендігін көрсетеді.

 

Осылайша, жүргізілген жұмыстардың негізінде мынадай қорытындыға келуге болады:

-ҚР зерттелінген қалаларының басым бөлігінде қалқыған бөлшектердің жиынтық мөлшерлерінің деңгейі бойынша жалпы жағдай атмосфераның ластану индексіне байланысты қолайсыз деп есептеледі.

-Алматы, Астана, Жезқазған және  Атырау қалаларының ауа бассейіндерінің  ұсақ дисперсті шаң фракцияларымен ластану деңгейі жоғары екендігі анықталды.

- Осы нұсқалған қалалардағы  анықталған аэрогенді жүктемелер  шаң фракцияларының қауіптілік  коэфициенттерінің есептелген көрсеткіштерімен  дәлелденген, тұрғындар денсаулығы  үшін канцерогенді емес әсерлердің  қаупі жоғары екендігін көрсетеді.

-Қауіп-қатерді бағалау нәтижелері, тұрғындардың денсаулығындағы қолайсыз  өзгерістерді болжамдау үшін  жаңа мүмкіндіктерді ашады және  қауіп-қатерді басқару бойынша  шаралар мен ұсыныстарды дайындау  үшін сілтеме бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

  Ауаның ластануын болдырмау және оның зиянды зардаптарын жою мынадай негізгі бағыттарда жүргізілуі қажет:

-зиянды, ластаушы заттарды ауаға шығармау;

-ластаушы заттар әсерлерінен қорғану;

-ластаушы заттардың зиянды әсерін, зардабын жою;

-зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау;

  Атмосфераны қорғау шараларын төрт топқа бөлуге болады:

1. Техникалық тазалық шаралары: түтін мұржаларын биік салу, түтін, газ тазартқыштарын орнату, жабық газ шығармайтын технологиялық және тасымал машиналары, қондырғылар

2. Технологиялық шаралар: толық немесе жартылай тұйықталған технология құру; шикізатты қалдықсыз өңдеу; шикізаттың, отынның зиянсыз түрлерін қолдану; өндірісті автоматтандыру.

3. Өндірісті ұйымдастыру шаралары: өндірістік жасыл алаңдар, санитарлық алқаптар құру; өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті қаладан тысқары жерге орналастыру; қалалар, елді-мекендерді көгалдандыру және тиімді орналастыру;

4. Тыйым салу, бақылау шаралары: ластаушы заттардың шығарылуын нормалау, шектерін белгілеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, оларды уақыт, территория және зерзаттар бойынша шектеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, олардың орындалуын қадағалау. Жекелеген өте зиянды заттар шығаруды тоқтату, өндірісте қолдануға тыйым салу, т.б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 1. Ә.Бейсенбаева, А.Самақова, Т.Есболов, Ж.Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану».

2. Ғ.Сағымбаев. «Экология негіздері».

3. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозматаева «Экология».

4. Петров В.В Экологическое право Россия// Москва Изд. ВЕК 1996

5. Химиялық экология

6. Интернет желісі

 


 



Информация о работе Атмосфера және атмосфераны ластаушы көздер