Құқық қорғау қызметкерлерінің өзіндік бағалауларының кәсіби іс-әрекетіне әсерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 01:37, дипломная работа

Описание работы

Қазір біз құқықтық мемлекет құру үстіндеміз. Бұл жұмыс бүкіл әділет жүйесін, оның ішінде сол салада қызмет ететін жеке тұлғаларды: соттарды, барлық құқық қорғау органдарының кәсіби іс-әрекеті ғана емес, олардың қазіргі заман талабына сай білімі мен біліктілігі, психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынас мәдениеті, кәсіби этикасы т.с.с. реформалауды қажет ететіні сөзсіз. Ал, қазіргі кездегі психологиялық тәжірибеде тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктер мәселесіне ерекше көңіл бөлуінде. Психологияның қай саласын алсақта тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне ерекше мән береді.

Файлы: 1 файл

мазмұны.docx

— 154.96 Кб (Скачать файл)

«Билік  ұғымының қазақи санада бірнеше астары болды... кең мағынада қамқорлықпен (үлкеннің, әлдінің), парасаттылықпен, көрегенділікпен, әділдікпен байланыстырылатын  бағыт-бағдар беру, жол көрсету ретінде  түсіндіріледі. Зорлық пен күш көрсетіп, қиянат пен өктемдік жасау – билікке  жат құбылыс деп саналды. Екіншіден, билік ұғымы билік айту, билік  құру мағынасында қолданылды, яғни биліктің бұл мағынасы – ақыл беру, кеңес беру, бірлесіп ортақ шешімге келу жағдайларын қамтитын. Сонымен бірге, бұл мағына сот жағдайларын да қамтитын....сот билігінің (қызметінің) дербестену, даралану болмысының көрінісі еді. Үшіншіден, ол билік орнату мағынасында қолданылды. Бұлай ел басқару мүмкіндігіне ие болуы халыққа басшылық жасау, ел басқару жағдайларына сай келеді. Төртіншіден, биліктің (билеу), (билеп-жаншу), (билеп-төстеу) мағынасы болды. Бұл оның жағымсыз қатпары болатын. Күш (зорлық-зомбылық) көрсету, өктемдік білдіру оқиғалары осы аталған мағыналарға сай болатын. Қазақи сана биліктің кең (бірінші) мағынасына жоғары баға берді» [12].

       Ел басқарып, жұрт билеуде адам  мен биліктің ара салмағы назар  аударарлық дүние. Себебі, адам  баласы биліктің басты қайнар  көзі болғандықтан, билікті қолына  алушы да сол, билік бағытталатын  объекті де - өзі.

     Қазақ дүниетанымында адамға  баратын билік, оның соқпағын  салатын – халық деген көзқарас  қалыптасқан. А.И. Демидовтың еңбегінде  билік пен адамның қатынасын  түсіндіруде – екеуін біртұтас, ажырамас элементтер екенін ескере  отырып, екі типке бөледі. Біріншісіне,  адам баласы билікті әлеуметтік, рухани, діни мәселелерді шешу  үшін пайдаланылатын құрал деп  қабылдайтындарды жатқызады.Екіншісінде  адам билікке жетуді мақсат, құндылық  деп көз қалыптастырғандарды  көрсетеді[13].

     Заң психологиясындағы тұлға  және құқықтық сана арақатынасы  мәселесі ерекше орынға ие.заң  психологиясында жеке адам мәселесі  негізгі мәселелердің бірі болып  табылады.

     Қазіргі уақытта құқық реформалармен  қамтамасыз ететін кадрлық саясатты  іске асыру қарқынды жүргізілуде.Осы  орайда айта кететін жәйт, халықтың  құқықтық мәдениетін, заң жөніндегі  сауатын жетілдірудің тиімді  жолдарын қарастырып, ең болмағанда  күнделікті жиі қолданыста болатын  заңдармен кеңінен таныстырып  отыруды қолға алу керек сияқты. Заңгерлер ғана емес, заңға әрбір  азамат жетік болғанда ғана  қазіргі кезде қоғамда құқық  органдарында қызмет ететін жеке  тұлғалар жөніндегі алып қашпа  сөздер азаймақ. Жалпы, қоғамда  құқық сақшыларының қызметі туралы, алар орны, әсіресе бүгінгі таңда  айрықша екенін мойындауымыз  қажет. Құқық органы қызметкерлерінің  атқарып отырған сан-салалы ауқымды  істерге, әсіресе психологиялық  қызметті пайдалану қажеттігін, құқықтық іс-әрекеттерде сөзсіз  психолог маманның көмегінің  олардың қызметінде маңызды екені  қуантарлық жағдай. 

       Адам - құқық жүйесінде жеке тұлға  әлеуметтік қарым-қатынасқа түсетін,  сана соның ішінде құқықтық  сана, қоғамдық тіршілік иесі  ретінде көрінеді. Осыған байланысты  заң психологиясында  жеке  тұлғаның ерекшеліктері маңызды  екі аспектіде қарастырылады.

     - қылмыскердің жеке тұлғалық  құрылымын зерттеу және оған  жағымды әсер ету;

     - құқық қорғау,сот-тергеу ұйымдары  жұмысына кандидаттардың тұлғалық  кәсіби жарамдылығын анықтау  және оларды мамандыққа психологиялық  дайындау.

        Жеке тұлға - бұл сана иесі  ретінде нақты адам. Жеке тұлға  өз қоғамның, тобының,құқықтық, эстетикалық,  адамгершілік нормаларының иесі. Ол осы норманы орындап, ол  үшін күреседі немесе керісінше  бұл құқықты норманы бұзады  және сол үішн жауапкершілікке  тартылады.

           Жеке  тұлғаның   мәнді қатынастарына  материалдық жағдайларға, қоғамға,  адамға, заң нормалары мен ережелеріне  өз міндеттерімен құқықтарына  саналы қатынасы жатады.

     Осыған орай, жеке тұлғаның психологиялық  құрылымын бірнеше бөліктерге  бөлуге болады.

      - құрылымның бірінші бөлігі жеке  тұлғаның бағыттылығын немесе  адамның болмыс қатынасын сипаттайды.

      Бағыттылық әр алуан қасиеттерден, өзара байланысты қажеттіліктер  мен мүдделер,  идеялық құқықпен  тәжірибелік әрекеттер жүйесінен  құралады.

   Соның өзінде бағыттылық компоненттерінің  бірі дараланып шығады және  жекешілік мәнге ие болады, ал  қалғаны көмекші рөл атқарады. Дараланып шыққан бағыттылық  жеке тұлғаның бүкіл психологиялық  іс-әрекетін анықтайды;

     -  құрылымның екінші бөлігі  жеке тұлғаның мүмкіншілігін  анықтайды және іс-әрекетінің  табысты  болуын қамтамасыз  ететін қабілеттілік жүйесін  қамтиды;

     - жеке тұлғаның құрылымдағы үшінші  бөлігі мінез немесе  адамның  әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын  қамтиды.

     - төртіншісі, басқару жүйесі болып  табылады, оның әдетте «Мен» сөзімен  белгілейді.

          Жеке тұлға құрылымының біртұтастығын  - оның бағыттылығы анықтайды.  Жеке адамның бағыттылығы оның  өмірі мен іс-әрекеттің әртүрлі  сферасында көрінуі мүмкін.

         Алайда,бағыттылықтың тереңдетілген  мазмұны кәсіби  бағыттылықпен  сипатталады.

         Құқық –мемлекет белгілеген баршаға  міндетті әлеуметтік нормалар  жүйесі.

          Адам құқығы – азаматтың мемлекет  бекіткен, мемлекет қорғайтын, мелекет  кепілдік ететін құқықтық қатынастары  мен негізгі құқықтары. 

Құқықтық  мемлекет – саяси – заңды теория бойынша, қоғамдық өмірдің барлық саласында  заңның бәрінен биік, қожайындық орында тұруы; мемлекет пен оның органдарының заңмен бйланысып – байланғандығы; азаматтардың құқықтарының сот жолымен  қорғалуы, мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы қамтамасыз етілген  мемлекет – құқықтық мемлекет  болып  табылады.

           Құқықтық - әлеуметтік нормалар мен  ережелер жиынтығы. Құқықтық реттелу  жеке тұлға құқығымен қоғам  міндеттері мен ара-қатынасына  негізделеді.Құқық және міндеттер  жеке тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік  қажеттіліктерін жүзеге асырудың формасымен кәсіби білім мен біліктілігі ретінде көрінеді.

        Сондықтан бізге қазіргі заманға  жоғары дайярлықтан өткен, білікті,  егемендік мүддемізді қорғай  алатын заңгер мамандар қажет.

Әрине, мемлкеттік органда қызмет ететін тұлғалар тарапынан кетіп жататын кемшіліктер  азаматтардың оларға деген сенімсіздіктерін туығызады. Мысалы, істің қарау мерзімін созып, на атүсті қарап, қаралған істің  хаттамасының дайын болмауы, үкімнің  көшірмесін уақытылы бермеу, алдына арыз-шағыммен келген кісілерге көңіл бөлмеу, дұрыс  қабылдамай, тіпті кейде қабылдамай қою, дөрекі мінез көрсету және т.б. толып жатқан мемлекет қазметшісіне жат қылықтар туындап, құқық органдарыны  қызметшілерінің өзі құқық бұзушылыққа  баратынын ашық айту керек.

        Құқық бұзушылық дегеніміз –  ақыл-есі дұрыс, заңмен белгіленген  жасқа жеткен адамның құқық  ережелеріне қайшы келетін кінәлі  әрекеттер жасауы.

        Осы саладағы өзекті мәселелер  заңгерлік білім беру негізі, заңгерлік тәжірбиесі жоғары  оқу орындары базасын қолға  алып дамыту, психологиялық тұрғыда  дайындалған заңгер мамандарды  даярлау қажет.

        Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңдарын жүзеге асыру Мемлекеттік  қызметтің негіздерін күшейту,  заңгердерлің тұлғалвқ ерекшеліктері  мен адамгершілік бітістерін  қалыптастыру мен кәсіби біліктігін  жоғарылату т.с.с маңызды міндеттердің  шешілуі құқық қорғау органдарындағы  заңгерлердің кәсіби және тұлғалық  ерекшеліктерінің сапасымен өлшенеді.

        Қазақстан Республикасының құық  қорғау органдарының жаңаша реформаларына  байланысты заңгерлердің бойындағы  кәсібилік, тұлғалық ерекшеліктерді  қалыптастыру мен жандандыру  өзекті мәселелердің бірі болып  табылады.

        Қазіргі заңгер - бойынан жеке  тұлғалар мен заңды тұлғалардың  заңда көзделген және заңмен  жол берілген құқықтары мен  міндеттерін алып жүре алуға,  құқықтық тәртіпті бұзуға жол  бермей, осы жолда өзінің ерік-жігері  мен тұлғалық, психикалық ерекшіліктерін  көрсете білуге қабілетті маман.

       Құқық қорғау органы қызметкерлерінің  кәсіби және тұлғалық ерекшеліктерін  зерттеу жеке тұлға дамуының  үш сферасымен (танымдық, әрекеттік,  жүріс-тұрыстық, қажеттілік-мотивациялық) шартталуымен байланысты, себебі  оның психологиялық сапалық кәсіби  әркетте көріну сипаты өте  күрделі.

          Мұндағы жеке тұлға дамуының  алғашқы сферасы заңгердің дүниетанымын, оның кәсіби біліктілігін сипаттаса,  екіншісі маманның  қоғамдық және  кәсіби белсенділігін анықтайды,  үшіншісі маманның бағыттылығы  мен  кәсіби мотивациясын есепке  алады.

           Жеке тұлға құқықтық реттеу  жүйесінде оның мінез -  құлқының  бағыттылығын анықтайтын мақсат, қызығушылық мотивтер жиынтығын  игерген белсенді субъекті ретінде  орын алады.

       Құқық бостандығының  толық  жүзеге асуы, көбінесе жеке тұлға  өзіне оның әлеуметтік бағдары  құндылық бейнесі және психологиялық  сапалары мен тәсілдеріне тәуелді  болады.

      Әлеуметтік құқықтық белсенділік,  жеке тұлға өз-өзін жүзеге асыруы,оның  ішкі әлеуметтік саяси және  адагершілік потенциялы жүзеге  асырудың тәсілі ретінде көрінеді.

        Заң психологиясы  құқық нормаларымен  байланысты, ол заңгерден аса  жауапкершілікті, шыдамдылықты, біліктілікті  талап етеді.

   Заңгердің кәсіби іс әрекетін  психологиялық талдаулар  көрсеткендей  белгілі бір ақиқатты шындықты  орнату үшін бірқатар кезеңдерден  өтеді.

    Бұл іс -әрекеттің төмендейгідей  түрлерін бөіл шығаруға болады:

Танымдық, коммуникативті, ұйымдастырушылық, тәрбиелеу,

Заңгер  іс-әрекетінің негізгі екі тобын  бөлеміз, негізгі және қосымша.

  Негізгі іс әрекет - заңгердің  мақсат-міндеттеріне тікелей бағытталған.  Оларға танымдық, конструктивті,  тәрбиелеу жатады.

    Іс-әрекеттің қоымша түріне коммуникативтілік,  ұйымдастырушылық жатады.

   Бұл іс-әрекет түрі негізгі  іс-әрекеттің жүзеге  асуын қамтамасыз  етеді.

   Құқық қорғау органдарының кәсіби  іс-әрекеті мемлекеттік іс-әрекет. Мемлекет бұл органдар алдында  азаматтардың қылмыстық зиянкесті  әрекеттерінен қорғауға бағытталған,  белгілі бір мақсатпен міндеттеуді  қояды.

    Құқық қорғау қызметкері болу  үшін арнайы табиғи нышандардың  болуы қажет емес.Құқық қорғау  іс-әркеті үшін жүйке жүйесі, темпераменті  типтері, мінез-құлқы, эмоциясының  рөлі зор. Сондықтан осы мамандықта  оқитын мамандар психология негіздері  мен бірге заң психологиясын,  практика лық психология негіздерін  және т.б. жан-жақты меңгеруі  тиіс. Себебі, әрбір құқық қорғау  қызметкерінің іс-әрекетіне, адамдармен  қарым-қатынасына қарап біз мемлекет  қызметкерлеріне баға береміз.

          Кез-келген заң қызметкерінің  заңды жетік білуі – басты  шарт. Бірақ, білім бар да, біліктілік  бар емес пе. Біліктілік пен  көрегенділік, ар-иман тазалығы, ұят  пен намыс, қарапайымдылық пен  кішіпейіл кәсіп иесі өз беделін  арттыра түспесе, нұқсан келтірмейді.  Осы тұста айта кететін бір  нәрсе, осы салада қызмет ететін  жастардың көпшілігі тек мамндық  тың тар шеңберінде қалып қойған. Адамдықты айналып өтіп жатады. Заңға жетік болғанымен. Ойға  орашолақ, тілге шорқақ не сөз  білмейтін, не жөн білмейтін  жас маман ертең елге қандай  пайда келтіреді. 

        Ой анықтығынан барып анық  сөз шығады. Ойлау мәдениетінен  барып сөйлеу мәдениеті қалыптасады.  Әрбір құқық қызметкерінің ойлау  мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін  меңгеруі  - бүгінгі күн талабы. Жалпы заңгерлер дайындалатын  бөлімдерде психологиялық білімді  тереңдетіп оқытумен қатар, ой-өрісін  кеңейтетін, ар-ождан тазалығы мен  адалдық, қоғамға қалтықсыз қызмет  етумен қатар ұлт болашағына  да алаң болар азаматтық борышты  сезіну бағытында арнайы тәлімдік, тәрбиелік сабақтар қосымша жүргізілсе, бізідің Қазақстанда ертеңгі  ізбасар буын тәрбиесіне қосылған  үлес болар еді. Сонда ғана  қарапайым халық сеніміне ие  болады. Осы мәселені заңгерлер дайындайтын жоғарғы оқу орындарының басшылары мен педагогтары негізге алса деген ұсыныс бар.

     Ал, В.Ф.Кон құқық қорғау қорғау  қызметіндегілер адамгершілік негізде  қызмет ету керектігі жөнінде  айтқан.

      Біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз  жаңа, түбірлі өзгерісті, яғни  сапалы күйге көшуді жүзеге  асыруда және демократия, әрі  нарықтық қатынастар бәсекелестік  жағдайына икемделгіш, әрі белсенді, жан-жақты дамыған дамыған жастарымыздан  зор үміт күтілуде.

         Заң қызметін жоғары дәрежеде  меңгеріп, оны өзінің өмірлік  мақсаты, жеке тұлғалық позициясы  ретінде ұстанушы адам үшін, осы  мамандықты таңдаудың кәсіби  мотивациялық компоненттері мен  болашақ іс-әрекетке деген кәсіби  мотивациялық бағыттылығының маңызы  зор.

Информация о работе Құқық қорғау қызметкерлерінің өзіндік бағалауларының кәсіби іс-әрекетіне әсерін зерттеу