Құқық қорғау қызметкерлерінің өзіндік бағалауларының кәсіби іс-әрекетіне әсерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 01:37, дипломная работа

Описание работы

Қазір біз құқықтық мемлекет құру үстіндеміз. Бұл жұмыс бүкіл әділет жүйесін, оның ішінде сол салада қызмет ететін жеке тұлғаларды: соттарды, барлық құқық қорғау органдарының кәсіби іс-әрекеті ғана емес, олардың қазіргі заман талабына сай білімі мен біліктілігі, психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынас мәдениеті, кәсіби этикасы т.с.с. реформалауды қажет ететіні сөзсіз. Ал, қазіргі кездегі психологиялық тәжірибеде тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктер мәселесіне ерекше көңіл бөлуінде. Психологияның қай саласын алсақта тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне ерекше мән береді.

Файлы: 1 файл

мазмұны.docx

— 154.96 Кб (Скачать файл)

          Себебі,  қоғамдағы құқықты дамыту  үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң  сақтау үшін құқықтық сана  – сезімнің маңызы өте зор.  Ал ол үшін сол салада қызмет  ететін қызметкерлердің тұлғалық  және психикалық ерекшелігін  зерттеу бүгінгі күн талабынан  туындап отырған үлкен мәселе.

        Қоғамда өмір сүруші әрбір  тұлға сол қоғамның іс-әрекеті,  межелер, мәдени дәстүрлерінің  құрсауында болады. Ол мұны сезіне  ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен  тыс жүреді. Қоршаған ортаның  өмір талаптарынан қоғамның еш  жерінде жасырынып қалуға болмайды.

         Өкінішке орай, күнделікті күйбең  тіршіліктің құрығына түсіп, өз  ар-ожданын, ұятын, намысын бір  сәттік дүниенің жалған қызығына  айырбастап, сатып жүргендер де  аз емес. Осының өзі қоғамның  алдына жас ұрпақтың шынайы  құқықтық тәрбиесіне мән беруді  зор міндет етіп қойып отыр.

          Құқықтық қоғам – демократиялық  принциптерге сүйене отырып, әр  адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын  толық және еркін жүзеге асыру  мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Демократияны  жетілдіру мемлекеттің және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам  өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі  төмендегідей маңызды шараларды  жүзеге асыруды қажет етеді:

  • заңдарды үздіксіз жетілдіру;
  • заңның орындалуын қадағалау;
  • қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру;
  • заң қызметкерлерінің сөзі бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз таза болуы.

Бұдан, заңдылық пен құқықтық тәртіптің  бекітілуіне қамқорлық тікелей  мемлекеттік басқару мен қадағалауда  болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне баға беру көп жағдайда адамның жеке тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады.

         Тұлғаның жалпы мәдениеті мен  оның құқықтық мәдениетінің арасында  тығыз байланыс бар. Құқықтық  мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық  рухани мәдениет мазмұнына енеді,  бірақ, өзіндік ерекшеліктерін  сақтайды.  Сондықтан да құқықтық  тәрбиені адамгершілік сезімдері   жоғары дамыған тұлға тәрбиелеу  теориясының құрамды бір бөлігі  ретінде педагогика ғылымында  қарастырылады[7].

          Қазір біз құқықтық мемлекет  құрып жатырмыз. Құқықтық мемлекеттің  саналық белгісі - адам және  азамат құқығы мен бостандығына  халықаралық өлшем деңгейінде  кепілдік беру, заң құқықтарының  бекітілуі, мемлекеттік биліктің  тұтастығы мен «тежемелік және  тепе-теңдік» жүйені пайдалану  арқылы оның тармақтарға бөлінуі,  сот билігінің тәуелсіздігі, мемлекет  пен азаматтың өзара жауапкершілігі  болып табылады. Осы тұрғыдан  алып қарағанда құқық саласында  қызмет ететін жеке тұлғалардың  психикалық еркшеліктерін зерттеп,  тәжірибеде қолдана білудің маңыздылығы  практикалық психология саласында  артып отыр.

        Жаңа ғасырда көпшіліктің назарын  адаммен байланысты ғылымдар  қызықтыруда. Ғалымдар адамның  ішкі психикалық әлемі және  рухани дамуы жайлы ғылым –  психологияның ерекше рөл ойнайтынын  болжауда.

          Біздің күрделі, әртекті өміріміз  адамның алдында бір-бірімен өзара  ұштасып жататын кәсіби әрі  жеке проблемалардың туындауына  ықпал етуде. Оларды байқау  және қателесу жолымен шешуге  болатыны сөзсіз.  Алайда, адамның  өзінің және өзгенің мінез-құлқын  талдау, өз қылықтарының салдарын, басқа адамдармен қатынастарын, өз эмоциялары мен қарым-қатынастарын  басқару іскерліктерінің қалыптасуын  алдын ала болжау жолын таңдағаны  абзал.

           Біз адамның кәсіби әрекетіндегі  психологиялық мәдениеттің, психологиялық  біліктіліктің, еңбек нарығында  өзін таныту іскерлігінің қалыптасуы  сияқты негізгі ерекшеліктерді  бөліп көрсетеміз.

          Психология теориялық ғылым ретінде  дами отыра, тәжірибеге де жақындай  түсті. Сол себептен нақты адамдардың  өмірлік маңызды проблемаларын  шешу үшін психологияның әрқилы  салаларынан білімдердің жинақталуына  деген қажеттілік туындауда. Ол  психологиялық ғылымда жаңа бағыт  – практикалық психологияның  қалыптасуына ықпал етуде. Көптеген  ғалымдар теориялық және ғылыми  – практикалық психологияның  ерекшелігі ең алдымен зерттеу  пәні мен объектісінде екендігін  айтады. Ғылыми-практикалық психология әрдайым жеке-дара құрылымы, психикалық күйі бар шынайы объектімен бірлікте болуда[4].

         Практикалық психологияның қызметінде  шынайы объектінің табиғаты жайлы  түсінік психологиялық ғылымдағы  нақты заттық түсінікке ғана  емес, сонымен бірге сол объектіні,  яғни адамды қамтыған ақиқатқа  сүйенуі тиіс.        Демек, практикалық психология  барлық ерекшеліктерімен, тіршілік  әрекеттің барлық аумағына еніп, әрқилы қуантатын, кейде қинайтын  өмірлік қиындықтарына толы шынайы  тірі адамға шоғырлануы тиіс.

          Психология мен психологтардың  міндеті адамға күрделі проблемаларында  көмектесіп, қалыптасқан жағдайдың  барынша жүйке-психикалық қысымсыз  орынды шешімін табуға көмектесуде[4].

        Практикалық психологтың қызмет  ететін аумағы бүкіл әлемді  құрайды. Өйткені адамдар тіршілік  ететін барлық жерлерде психологиялық  қиындықтар туындамай қоймайды. Бұл сфераның шекарасы тұтастай  адамдар қоғамын қамтығанда жеке-дара  алынған тұлғадан түрлі типтегі  және көлемдегі топтарға дейін  ұласады. 

          Отбасынан бастап мектепке дейін  және мелекетаралық, ұлтаралық  қатынастарда қоғамның әлеуметтік  ұйымдасуының барлық деңгейлерінде  психологтың қызметіне деген  объективті қажеттіліктер туындайды.  Психологиялық қиындықтардың тереңдігіне  қарай, психологияның қайсібір  елдегі даму деңгейіне байланысты, ұлттық дәстүрлерге және басқа  да факторлаға қатысты практикалық  психологияның нақты салалары  психологтармен барынша толыққанды  қамтамасыз етілуде. Психологтар  мемлекеттік басқару органдарында, коммерциялық құрылымдарда, жеке  бизнесте, дәрігерлік мекемелерде,  білім беру жүйесінде, қарулы  күштерде, ішкі істер Министрлігінде, түзету-тәрбие мекемелерінде қызмет  етеді[4].

          Заңгерлік тәжірибедегі психологиялық  ақпарат тергеу қызметінде, адвокаттық  іс-әрекетте және сот өндірісінде  қолданылады. Заңгерлік іс-әрекеттің  қайсібір түріне қатысқан психологтың  міндеті, қоғамдық өмірдің әділет  органдарындағы айрықша психологиялық  проблемаларды шешуде оларға  көмек көрсетуде. Оның басты  қызметі кінәлілардың, куалардың  және жәбірленушілердің тұлғасы  мен мінез-құлқының жеке-даралық  ерекшеліктерін нақты да объективті  бағалау үшін сәйкес деректердің  зерттеу әдістері мен арнайы  психологиялық білімдерді қолдануда.  Көптеген басым жағдайда сарапшы  – психолог ғылыми біліктілігінің  арқасында анықталған деректердің  кәсіби бағасын беруі тиіс[4].

          Тергеуші сияқты, адвокат та адамдар  мінез-құлықтарының мотивтерін, олардың  қабілеттерін, өзара қатынастарын  және басқа да психикалық және  әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды  және қылмысты мінез-құлықтың  ерекшеліктерін сынауда, кінәнің  дәрежесін, қайсібір қылықтардың  орындалу мүмкіндіктерін бағалауда  маңызды болуы мүмкін ғылыми - психологиялық көзқарастарын алға  тартады.

          Заң мамандықтарының өкілдері  психологқа сұраныстарын жасауда,  адам мінез-құлқының жалпыланған  үлгісіне, өзінің психологиялық  факторлардың қылмыстық және заңға бағынатын мінез-құлықтағы рөлі жайындағы түсінігіне бағдарланады.

         Құқықтық, мінез-құлық мәселесі заңгерлік  тәжірибе өкілдерінің, оған қызығушылық  білдірген адамдардың және психологтың  өзара әрекеттестіктерінің пәні  болып табылады. Психологтың осы  мәселені шешудегі рөлі құқықтық  іс-әрекетте елемеуге болмайтын  психологиялық ақпаратты ұсынуда,  психологиялық деректер мен заңдылықтарды  нұсқауда.

          Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің  іс-әрекетінде ең негізі - бұл  адамдардмен бірге  қызметі.  Бұл қызметке өзара байланысты  аспектілер кіреді: адамдарды зерттеу  және бағалау, олармен психологиялық  қарым-қатынас құру және дамыту, оларға әсер ету, оқыту, тәрбиелеу  және т.б. 

   Сондықтан да психологиялық білімдерді  меңгеру кез-келген заңгер еңбегі  қызметкерлері үшін аса қажетті  болып келеді.

    Осы көрсетілген аспектілерді  терең зерттеу тұлға дамуына  және құқықтық қызметке психологиялық  талдауды қажет етеді.

     Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің  психологиялық білім негіздерін  білуі олардың кәсіби қызметінің  нәтижелігін арттыра түседі.

     Қазіргі кезде кез-келген мамандық  иесіне қойылатын талап өзгеше. Әр кәсіптің өзіндік талаптары,  кәсіби деңгейі және ерекшелігі  бар. Бұл жайт қоғамның дамуы  жағдайымен анықталады.

     Қазақстан Республикасының конституциялық  заңдарын жүзеге асыру, мемлекттік  қызметтің негіздерін күшейту,  ішкі істер органдары қызметкерлерінің  тұлғалық ерекшеліктері мен адамгершілік  бітістерін қалыптастыру мен  кәсіби біліктілігінің деңгейін  жоғарлату т.с.с. маңызды міндеттердің  шешілуі - құқық қорғау органдарындағы  заңгерлердің кәсіби және тұлғалық  ерекшеліктерінің сапасымен өлшенеді.

     Қазақстан Республикасының құқық  қорғау органдарының жаңаша реформаларына  байланысты – құқық қорғау  органдары қызметкерлерінің бойындағы  кәсіби – тұлғалық ерекшеліктерді  қалыптастыру мен жандандыру  өзекті мәселелерінің бірі болып  табылады.

     Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің  кәсіби және тұлғалық ерекшеліктерін  зерттеу жеке тұлға дамуының 3 сферасымен (когнитивті, әрекеттік-жүріс-тұрыстық, қажеттілік-мотивациялық) шартталынуымен  байланысты. Себебі, оның психологиялық  сапасы мен кәсіби әрекетте  көріну сипаты өте күрделеленген.

     Мұндағы жеке тұлға дамуының  алғашқы сферасы - құқық қорғау  органдары қызметкерлерінің дүниетанымын, оның біліктілігімен сипатталынса, екіншісі - маманның қоғамдық және  кәсіби белсенділігін анықтайды,  үшіншісі - маманнның бағыттылығы  мен кәсіби мотивациясын есепке  алады.

           Осы  бағытта жүргізілген заң  органдарының психологиясы мен  педагогикасы және құқық саласындағы  кәсіби іс-әрекеттегі психологиялық  қамтамасыз ету мәселелері (А.С.Батышев,  А.И.Китов, В.Н.Лапшин, Н.А.Минжанов, А.М.Столяренко, В.В.Костицкий); заңгер кәсібінің  рухани және  қызмет этикасы  сұрақтарын (С.Ф.Анисимов, А.Г.Бонкер, А.А.Гришин, А.В.Щеглов) және отандық психологтар Шалғынбаев Т.М., Болтаева А., Дусманбетов Ғ.А. т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан көруге болады.

    Мемлекеттің ішкі және сыртқы  саясатын жүйелі түрде басқару  мен дамыту мәселесі  белгілі  тәртіпті,  құқықтық жүйені және  тәрбиені талап етеді. Мұның  өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді  бірінші кезекке қояды.

           Басқару, билік жүргізу қалыптаспайынша,  қоғамда әртүрлі ретсіздік, жүйесіздік, тәртіпсіздік (хаос) орын алған болар  еді. Ал билік өзінің табиғаты  жағынан - әлеуметтік құбылыс.  Яғни биліктің астарында қоғаммен  тонның ішкі бауындай біте  қайнасқан адамның қарапайым  өмір сүру философиясы жатыр.  Билік осындай әлеуметтік байланыстардың  сөгілмеуіне септігін тигізеді. Мұндай қасиеттерге ие болу  арқылы биліктік механизм өзіне  деген сұранысты арттырады және  ол әртүрлі себептермен байланысып  жатады.

        Жалпы «билік» термині әртүрлі  нысанада көрініс табады. Ол әсер  ету бағытына, объектісіне, көрінісіне  қарай – мемлекеттік, саяси,  экономикалық, әлеуметтік, әскери билік,  сондай-ақ құдайдың немесе ата-ананың  билігі болуы мүмкін[8].

     Мемлекет билігінің түпкі мақсаты  – адамдарды билеп-төстеу және  оларды ұдайы қорқынышта ұстау  емес, тағдырдың тәлкегіне қалдыру  емес, керісінше, адам өзінің өмір  сүру құқын өз мүмкіндігіне  қарай пайдалануы үшін, оны сенімсіздіктен, қорқыныштан азат ету [9]

    Кез-келген мемлекеттің түпкі  мақсаты - өз азаматының бостандығын  көдеп, еркіндігіне кепіл болу.

        Биліктің барлық көріністерінің  жиынтығы – билікті қоғам мен  адам өмірінің ортақ бастауы  ретінде де, қоғамды барлық ынтымақты  және дау-жанжалды қарым-қатынастармен  ұйымдастыратын дербес қоғамдық  мазмұн ретінде де қарауға  мүмкіндік береді[10,90-91б].

       Биліктің қайнар көзі, негізі  және тірегі халық болғандықтан, жұрт өз арасынан сайлап, қалаулысына  билікті береді, ал, оны қас дұшпанына  дейін мойындап отырған. Бұған  Абай билігіне өз заманында-ақ  қарсыластары жүгініске келіп  отырғандығы дәлел. Бұл, әрине,  бір жағынан Абай билігінің  әділеттілігі болса, екінші жағынан  – халықтың билікті сыйлап-қадірлеуінде. Ол кезде сайланбалы парашыл  билердің өрбіп тұрған кезі  болатын, соған қарамастан, көпшіліктің  билікке деген дәстүрлі көзқарастан,  дүниетанымнан аттап кете алмаушылық  тән-ді. Аттап кете алмаушылықты  амалсыз шара деп түсініп қалмау  керек, бұл тұрғыда заң ғылымдарының  докторы, профессор З.Ж. Кенжалиевтің  еңбегінде былай делінген: «Билікті  және билік иелерін сылау керек,  оларға қорқа, үрке қарауға  болмайды деген ой-әуен тән  еді қазақ қоғамына. Себебі, билік  елге қызмет етеді, ал билік  иесі – ел қызметшісі. Сондықтан  оларды құрметтеп, мәпелеп ұстау  керек, қадірін біліп, қасиетінің  парқына жету керек деп түйіндейтін  дала тұрғындары» [11].

Информация о работе Құқық қорғау қызметкерлерінің өзіндік бағалауларының кәсіби іс-әрекетіне әсерін зерттеу